Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 20.9.2017
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Іс жүргізу

Лауазымдық нұсқаулық - үлгі
Загрузка...
ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ-ҮЛГІ

________________________
(Ұйымның атауы)
БЕКIТЕМIН
Бас директор
______________________
______________200___ж.

ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ

_________________200___
№___________________
бас директордың
хатшы-референтiне

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Хатшы-референттер кәсiпорын мамандарының санатына жатады, оларды жұмысқа директор қабылдайды және шығарады.
1.2. Хатшы-референттердiң негiзгi мiндеттерi басқару қызметiн ұйымдық және құжаттамалық қамтамасыз ету болып табылады.
1.3. Хатшы-референт тiкелей кәсiпорынның директорына бағынады.
1.4. Өз қызметiнде хатшы-референт мына құжаттарды басшылыққа алады:
- Қазақстан Республикасының заң актiлерi;
- кәсiпорынның жарғысы;
- «Қызметкерлер туралы» ереже;
- кәсiпорын басшысының бұйрықтары (өкiмдерi);
- iс қағаздарын жүргiзудi ұйымдастыру жөнiндегi нормативтiк-әдістемелік материалдар;
- осы лауазымдық нұсқаулық.
1.5. Хатшы-референт лауазымына жоғары немесе арнаулы орта бiлiмi бар және 1 жыл еңбек стажы бар немесе стажы жоқ, бiрақ хатшы-референттердiң курсынан өткен тұлғалар тағайындалады.
1.6. Хатшы-референт төмендегi мәселелердi бiлуi керек:
- құжаттармен жұмыс, құжаттамаларды жинақтап-құрастыру;
- басқару жұмысын ұйымдастыру;
- есептеу және ұйымдастыру техникаларын қолдана бiлу;
- қызметтiк құжаттамаларды коммерциялық әрiптестердiң тiлiне аудару;
- еңбек мәдениетi және қызмет этикасы;
- еңбектi қорғау, қауiпсiздiк техникасы және өртке қарсы қорғаныстар.

2. ҚЫЗМЕТТЕРI
Хатшы-референттерге мынадай қызметтер жүктеледi:
2.1. Кәсiпорынның құжаттары бойынша ақпараттықанықтамалық қызмет көрсету.
2.2. Кәсiпорынның құрылымдық бөлiмшелерi мен филиалдарындағы iс жүргiзудi ұйымдастыруға әдiстемелiк басшылық және бақылау.
2.3. Кәсiпорынның кеңесшi органдарының қызметiн құжаттау.
2.4. Басшылықты жедел-ұйымдастыру қызметiмен қамтамасыз ету.
2.5. Кадр құжаттарын жүргiзу және ресiмдеу, есепке алу (қызметкерлер жөнiндегi инспектор болмаған жағдайда).

3. ҚЫЗМЕТТІК МIНДЕТТЕРI
Хатшы-референттiң мiндеттерi:
3.1. Кәсiпорынның қаржы-шаруашылық қызметiн қамтамасыз ететiн қажеттi құжаттарды дайындауды жүзеге асыру.
3.2. Құжаттарды қабылдау, тiркеу, есепке алу, орындалуын қадағалау, ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету және құжаттық ақпараттарды сақтау.
3.3. Кәсiпорынның басшысына қол қоюға апарылатын құжаттардың дайындалуының, дұрыс жасалуының, келiсiлуiнiң, бекiтiлуiнiң сапасын қадағалайды.
3.4. Басшылардың құжаттары мен тапсырмаларының орындалуына бақылау жасайды, сапалы түрде тез жасалуға жiберiлген тапсырмалардың жедел орындалуы үшiн шаралар қолданады.
3.5. Дайындықты ұйымдастыру, шешiм қабылдау және оны орындау үшiн тиiстi адамдарға жеткiзудi жүзеге асырады. Басшыға берiлетiн анықтамалар мен баяндамаларға талдау жасайды, олар бойынша құзіретті тұжырым ұсынады.
3.6. Кәсiпорынның ағымдағы қызметiне байланысты ұйымдармен (коммерциялық және мемлекеттiк) және жекелеген азаматтармен жедел байланысты жүзеге асырады (телефон, факс).
3.7. Келушiлердi қабылдайды.
3.8. Кәсiпорынның кадр қызметi құжаттамаларын қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды орындайды:
- жеке құрам бойынша бұйрықтарды ресiмдеу;
- жеке карточкалар немесе жеке парақтардың нысандарын ресiмдеу;
- еңбек кiтапшаларын толтыру;
- еңбек шарттарын (келiсiм-шарттарын) жүргiзу және ресiмдеу;
- icсапар құжаттарын ресiмдеу;
- еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы құжаттарды ресiмдеу;
- жұмыс уақытын есептейтiн табельдi жүргiзу;
- еңбек стажы және жалақы туралы анықтамалар беру.
3.9. Машинкаға басылған және көшiрiп-көбейту жұмыстарының орындалуын қамтамасыз етедi.
3.10. ПЭВМ-дi кәсiпорынның құжаттамалық қағаздармен қамтамасыз етудегi автоматты құрал ретiнде пайдалану.
3.11. Жыл сайын құжаттарды мұрағатқа өткiзу немесе жою.
3.12. Кәсiпорынның қаржы-шаруашылық саласы бойынша басшының жекелеген тапсырмаларын орындау.

4. ҚҰҚЫҚТАРЫ
Хатшы-референттiң құқығы:
4.1. Қызметкерлер мен мамандардан қажеттi материалдарды талап етедi, сонымен бiрге басшының тапсырмасын кешiктiрiп орындағандардан түсiнiктеме алады.
4.2. Құжаттарды қарап, оларды орындау үшiн басшыларға және кәсiпорынның мамандарына жiбередi.
4.3. «Iс қағаздарын жүргiзу туралы» нұсқаулықты, құжаттарды ресiмдеудегi халықаралық ережелердi бұзып дайындалған құжаттарды орындаушыларға өндеуге жiберiп, дұрыс орындауын талап етедi.
4.4. Өзiнiң құзiретi шегiнде басқару қызметiнiң құжаттарына белгi соғады.
4.5. Кәсiпорын қызметiн құжаттамалық қамтамасыз ету жұмысын жақсарту жөнiнде және электрондық техниканы қолдану негiзiнде басқару жұмысының әдістері мен нысандарын одан әрi жетiлдiру жөнiнде басшылықтың қарауына ұсыныстар енгiзедi.
4.6. Кәсiпорын басшыларынан қызметтiк мiндеттерiн орындау үшiн және кәсiпорын қызметi барысында жинақталған барлық құжаттарды сақтау үшiн қажеттi жағдай жасауын талап етедi.
4.7. «КҚ» немесе «Өте құпия», «ҚПҮ» (қызметте пайдалану үшiн) деген белгiлерi бар құжаттармен жұмыс iстейдi.
4.8. Өз құзiретi шегiнде шешiмдер қабылдайды.
4.9. Құжаттардың орындалуын тексеру мәселелерi бойынша және басшылыққа қажет ақпараттарды ұсынуға байланысты кәсiпорынның барлық қызметтерiмен (қызметкерлерiмен) өзара байланысты ұйымдастырады.

5. ЖАУАПКЕРШIЛIГI
Хатшы-референт мына жұмыстарға жауапты болады:
5.1. Кәсiпорынның басшысына қол қоюға апарылатын құжаттардың сапасына;
5.2. Құжаттарды тiркеудегi және жүргiзудегi салақтық пен ұқыпсыздыққа;
5.3. Құжаттардың сақталуына, «КҚ», «Өте құпия», «ҚПҮ» деген белгiсi бар мәлiметтердi жария етпеуге;
5.4. Осы нұсқаулықта көзделген лауазымдық мiндеттердi орындамаған немесе уақытында орындамаған жағдайларға жауапты болады.

Бас директор __________ ______________
(қолы) (аты-жөнi)

Заң кеңесшiсi __________ _____________
(қолы) (аты-жөнi)
______________
күнi

Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



39.5Kb
Категория: Іс жүргізу | Добавил: Admin
Просмотров: 6776 | Загрузок: 251 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Қазақстан Республикасы, топырағы, өсімдіктері, жануарлары
ЖИТС-21 ғасыр дерті
Шылым шегудің алдын алу
Германия
Байтұрсынұлы Ахмет
Тоқтар Әубәкіров
Зейнолла Шыраев
Мағжан - ақынның ақыны
Шоқан және музыка
Қылқобыздың қос қыраны
Шоқай Мұстафа
Мұстафа Шоқай
Міржақып Дулатов
70-80 жылдардағы қоғамның саяси даму ерекшеліктері
Ыбырай Жақаев