Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 16.12.2017
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Іс жүргізу

ЕҢБЕК ШАРТЫ
Загрузка...
ЕҢБЕК ШАРТЫ

Еңбек шарты 15.05.2007 ж. Қазақстан Республикасының №251-ІІІ Еңбек кодексіне сәйкес 01.07.2007 ж. бастап жұмыс берушілер мен қызметкерлердің арасындағы еңбек қатынастарын реттейтін ресми құжат және Еңбек кодексінің 28-бабы мен ісқағаздарын жүргізудің жалпы қабылданған ережелеріне сәйкес рәсімделеді.

Еңбек шартының үлгісі

ЕҢБЕК ШАРТЫ

_________ қаласы 200__ жылғы «___» ________

Осы Жеке еңбек шарты (ары қарай – «Шарт»), бір жақтан, Жұмыс беруші ___________ ауданы әкімі аппараты, орналасқан мекенжайы ________________, _____________ ауданының әкімі ____________ _____________ (аты-жөні) атынан және, екінші жақтан, қызметкер _____________ (аты-жөні), жеке куәлік № ______, __________ ж. ҚР ІІМ берген, ЖӘК _______________________, СТН ________________________, мекенжайы: ______________________________________, арасында жасалды.

1. Шарттың мәні
1.1. Жұмыс беруші штаттық кестеге сәйкес және осы Шартта белгіленген жағдайларға байланысты _________ қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің арнайы тексеруі кезеңінде ________ _______ ауданы әкімі аппараты көріктендіру және құрылыс бөлімінде бас маман қызметінің міндетін атқарушы лауазымдық қызметін орындауды тапсырады, ал қызметкер оны орындауға келіседі.
1.2. Осы Шарт бойынша бұл жұмыс қызметкердің негізгі еңбек қызмет орны болып табылады.
1.3. Қызметкер өзінің негізгі қызметінен (педагогикалық, ғылыми т.б.) босамай-ақ, басқа қызметтерді қоса атқаруға және қосымша қызмет атқаруға құқылы.
1.4. Қызметкердің міндеттері бөлім (құрылымдық бөлімше) туралы Ережеге, лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес белгіленеді.

2. Шарттың әрекет ету мерзімі
2.1. Осы Еңбек шарты 200___жылғы «___» _________ бастап күшіне енеді және _________ қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің арнайы тексеру кезеңінде әрекет етеді.
2.2. Қызметкердің ұйымдастыру қабілеті мен біліктілігін тексеру мақсатында 3 айға сынақ мерзімі белгіленеді. Осы мерзім бойы қызметкер Еңбек шартындағы міндеттемелерді толық орындайды.
2.3. Егер Жұмыс берушіні сынақ нәтижесі қанағаттандырмаса, ол өз шешімін дәлелдемей-ақ, бірақ Еңбек шартының сынақ мерзімінің бітуіне 10 күн қалғанда жазбаша мәлімдеме арқылы бұзуға құқылы.
2.4. Егер Жұмыс беруші Шартты бұзу құқығын пайдаланбаса, онда қызметкер сынақтан өткен болып есептеледі және Шарт бойынша жұмысын жалғастырады.

3. Қызметкердің құқықтары мен міндеттері
3.1. ________ қаласы ___________ ауданы көріктендіру және құрылыс бөлімі туралы Ережеге сәйкес атқаратын лауазымы бойынша Қызметкердің төмендегідей құқықтары мен міндеттемелері болады:
3.2 Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамаларын сақтауға міндетті.
3.3. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығын, еркіндігін және заңды мүдделерін сақтауға және қорғауға, азаматтардың өтініштерін заңнамада белгіленген тәртіпте және мерзімде қарап, олар жөнінде қажетті шаралар қабылдауға міндетті.

3.4. Құзіретін өзіне берілген құқықтың шегінде және лауазымдық міндеттемелеріне сәйкес жүзеге асыруға міндетті.
3.5. Қызметкер еңбек туралы заңнамада бекітілген тәртіпте осы Еңбек шартын өзгертуге және бұзуға құқылы.
3.6. Істеген бірдей еңбегі үшін тең құқығынан ешқандай айырусыз тең жалақы алуға құқылы.
3.7. Гигиена және қауіпсіздік талабына жауап беретін еңбек жағдайында жұмыс істеуге құқылы.
3.8. Еңбек міндеттемелерін орындауға байланысты денсаулығы мен жеке мүлкіне келтірілген зиянды өтеп алуға құқылы.
3.9. Еңбек дауларын екі жақтың келісімімен немесе сот тәртібінде шешуге құқылы.
3.10. Қызметкер атқаратын лауазымдық қызметіне немесе орындайтын жұмыстарына байланысты Жұмыс беруші тапсырған құнды заттарды қорғау, сақтау, сату, тасымалдау немесе қолдануға байланысты мүліктің сақталуын қамтамасыз ету үшін толық материалдық жауапкершілік туралы шартқа қол қоюға міндетті (№1 қосымша).
3.11. Қызметкер мемлекеттік құпияны және заңмен қорғалатын құпияларды жұмыс істеген уақыттары да, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен кеткеннен кейін де жария етпеуге міндетті.
3.12. Қызметтік міндеттемелерін тиімді орындау үшін Қызметкер кәсіби деңгейін және кәсіптік біліктілігін көтеруге құқылы.
3.13. Мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға міндетті.
3.14. Басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдардың және лауазымды тұлғалардың шешімдері мен нұсқауларын орындауға міндетті.
3.15. Қызметкер өрт қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелерінің талаптарын орындауға міндетті.
3.16. Қызметкер мүлікке ұқыпты қарап, оның сақталуын қадағалауға, жұмыс барысында оған материалдық зиян келтірілуіне жол бермеуге, материалдық базаны нығайтуда атсалысуға міндетті.
3.17. Қызметкер ауруына немесе басқа себептерге байланысты жұмысқа келуінің, өзінің лауазымдық міндеттемелерін атқарудың мүмкін еместігін Жұмыс берушіге уақытында хабарлауға міндетті.
3.18. Қызметкер ҚР Еңбек кодексінің 160-бабының 1-3-тармақшаларында бекітілген жағдайларда Жұмыс берушіге келтірген зияны үшін толық мөлшерде материалдық жағынан жауап береді.

4. Жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері
4.1. Жұмыс беруші еңбек туралы заңнамада белгіленген тәртіпте осы Шартты бұзуға және өзгертуге құқылы.
4.2. Еңбек туралы заңнамада белгіленген тәртіпте Қызметкерді көтермелеуге, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тартуға құқылы.
4.3. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 316-бабындағы және ішкі қолданыс үшін шығарылған жарғылар және актілердің талаптары шегінде құқықтары мен міндеттері болады.
4.4. Жеке еңбек шарты жасалған кезде Қызметкерді бөлім туралы ережемен, қызметтік міндеттемемен, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен, оның ішінде Қызметкерге қатысты мәліметтер тізімімен таныстыруға міндетті.
4.5. Жұмыс беруші Қызметкердің еңбек қызметін, еңбекақысын, кепілділік, өтемақысын және т.б. растайтын, Шарт мерзімі біткеннен немесе бұзылғаннан кейін еңбек қызметін жалғастыруға, сонымен қатар Қазақстан Республикасы тұрғындарын еңбекпен қамту қызметіне есепке алуға қажетті барлық құжаттарының ресімделуін және сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
4.6. Жұмыс беруші Қызметкер өтініш бергеннен кейін бес күн ішінде төмендегідей құжаттарды беруге міндетті:
– Еңбек кітапшасы және оны ауыстыратын құжат;
– Өкімнің көшірмесі (қабылдау, ауыстыру, босату, марапаттау, айыптау туралы және т.б.);
– Еңбекақы, жұмыс уақыты, лауазымы және т.б. туралы анықтама;
– Ұсыным хат5.

4.7. Жұмыс беруші Қызметкерден оның лауазымдық міндеттемелерін уақытында және сапалы орындауын, Қызметкердің жұмысына қатысты істердің жүру барысы туралы толық ақпаратты, оған сеніп тапсырылған мүліктің және ақшалай қаражаттың сақталуын, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау талаптарын сақтауды талап етуге құқылы.
4.8. Жұмыс беруші Қызметкердің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және осы Шартта қарастырылған лауазымдық міндеттемелерін анықтап, нақтылайтын ережені бекітуге, сондай-ақ өз құдіреті шегінде ішкі актілер шығаруға құқылы.
4.9. Қызметкерге еңбектің зиянды, қауіпті жағдайлары туралы ескертуге және егер жұмысты жалғастыру Қызметкердің өмірі немесе денсаулығына қауіп төндіретін болса, оны тоқтатуға міндетті.
4.10. Жұмыс беруші Қызметкер өз лауазымдық міндеттемелерін орындау үшін қажетті жағдайлар жасауға, оның ішінде жұмыс орнын бөліп беру және оны жабдықтау, құрал-саймандармен және қол құралдарымен қамтамасыз етуге міндетті.
4.11. Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды және оны зейнетақымен қамтамасыз етуге аударылған ақша туралы мәліметтерді мұрағатқа өткізуге міндетті.

5. Қызметкердің еңбек жағдайы
5.1. Жұмыс және демалыс уақыты:
а) Қызметкерге төмендегідей жұмыс және демалыс уақыты бел-
гіленеді:
– қырық сағаттық жұмыс аптасы және екі демалыс күні – сенбі және жексенбі күндері белгіленеді;
– сегіз сағаттық жұмыс күні – сағат 09.00-ден сағат 18.00-ге дейін;
– демалыс және тамақтану уақыты – сағат 13.00-ден сағат 14.00-ге дейін 1 сағат.
б) Қызметкер лауазымдық қызметтеріне байланысты қызметтік тапсырмаларды орындау үшін Қазақстан Республикасы шегіне, сондай-ақ шетелге іссапарға жіберілуі мүмкін;
в) Қызметкерге еңбек шартына сәйкес орташа жалақысын және лауазымын сақтай отырып, ұзақтығы 30 күнтізбелік күн еңбек демалысы беріледі. Демалыс құқығы осы Шартқа қол қойылғаннан кейін 12 айдан соң беріледі. Демалыс екі жақтың келісімімен «үзілуі» мүмкін;
г) Дәлелді себебі болған жағдайда Қызметкерге айлық жалақысы сақталмай, ақысыз демалыс берілуі мүмкін.
5.2. Еңбекақы және сыйақы:
а) Қызметкерге штаттық кестеге сәйкес лауазымдық айлық жалақы белгіленеді.
б) Айлық жалақы ай сайын келесі айдың 25-інен кешіктірілмей төленеді.
в) Жұмыс беруші бекітілген Ережелерге сәйкес Қызметкер жасаған жұмыс үшін сыйақы төлеуі мүмкін.
г) Шарт кез келген себеппен бұзылған жағдайда немесе мерзімі біткенде Қызметкерге тиесілі ең соңғы жұмыс күніне дейінгі барлық сома төленеді.

6. Кепілдіктер мен өтемақылар
6.1. Егер Жұмыс беруші Қызметкерді мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттемелерін орындау кезінде жұмыстан босататын болса, онда Жұмыс беруші Қызметкердің лауазымдық қызметін сақтап, оның болмаған уақытына орташа айлық жалақыға пропорционал түрде төлеуге міндетті.
6.2. Қызметкердің дәрігерлік тексеруден немесе басқа да міндетті комиссиялардан өтуі кезінде оның орташа айлық жалақысы және жұмыс орны (лауазымы) сақталады.
6.3. Қызметтік іссапарға байланысты кепілдіктер мен өтемақылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес белгіленіп, төленеді. Қызметкердің іссапарға Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген нормадан артық шығарған шығындарына төленетін өтемақылар оны растайтын құжат болғанда Жұмыс беруші есебінен және оның келісімімен төленеді.
6.4. Қызметкер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген әлеуметтік жәрдемақылардың барлық түрлерімен қамтамасыз етіледі.

7. Жақтардың жауапкершілігі және дауларды шешу
7.1. Осы Шартта көрсетілген міндеттердің орындалмағаны немесе тиісті дәрежеде орындалмағаны үшін келісуші екі жақ Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауап береді.
7.2. Осы Еңбек шартын орындау барысында екі Жақ бір-біріне материалдық шығын келтірген жағдайда олар бір-бірінің алдында толық материалдық жауапкершілік туралы шартқа және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауап береді.
8. Еңбек шартын тоқтату және бұзу
8.1. Осы Еңбек шарты төмендегідей жағдайларда тоқтатылады:
а) Шарт әрекеті мерзімінің бітуіне байланысты;
б) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 53-бабына сәйкес екі Жаққа тәуелсіз жағдайларда.
8.2. Осы Шарт мына жағдайларда бұзылуы мүмкін:
а) екі Жақтың келісімі болғанда екі Жақтың жазбаша келісімі бо-
йынша (Еңбек кодексінің 52-бабының 1-тармағы);
б) бір Жақ екінші Жақты осы Шарттың бұзылуына дейін кем дегенде бір айдан кешіктірмей жазбаша түрде ескертсе, бір Жақтың бастамасы бойынша (Еңбек кодексінің 54-бабы);
в) белгілі бір мерзімге жасалған шарттың әрекет ету мерзімінің бітуіне дейін ҚР Еңбек кодексінің 54-бабында қарастырылған жағдайларда алдын ала жазбаша ескертпе жасамай-ақ, Жұмыс берушінің бастамасы бойынша.

9. Қорытынды ережелер
9.1. Осы Шартта қарастырылмаған жағдайлар бойынша Жақтар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
9.2. ҚР Еңбек Кодексі Қызметкердің Шарт талаптарына қатысты еңбек жағдайларын жақсартуға қарай өзгерген жағдайда соңғысы (Шарт) түзетілуі тиіс, ал қатаңдандырған жағдайда Шарт өзгеріссіз әрекет етеді.
9.3. Осы Шарт 2 (екі) данада, әрқайсысы мемлекеттік және орыс тілінде жасалған, заңдылық күштері бірдей, рәсімделуден кейін олардың біреуі – Қызметкерде, екіншісі Жұмыс берушіде болады.

Қосымша:
1. Толық жеке материалдық-жауапкершілік туралы шарт.
2. Мәліметтерді жария етпеу, мемлекеттік құпияны және Заңмен қорғалатын басқа да құпияларды сақтау туралы міндеттеме.
Осы Шартқа қол қоярда ______________ ауданы әкімі аппараты қызметкерлерінің қызметін реттейтін төмендегі құжаттармен таныстым:
– ________________ ауданы әкімі аппаратының жұмыс регламенті;
– Көріктендіру және құрылыс бөлімінің бас маманының қызметтік міндеттемелері:
________________ ________________________
(қолы) (аты-жөні)
200__ жылғы «___» ___________
9.4. Осы Шарт қол қойылған күннен бастап өз күшіне енеді және осы Шартта көрсетілген біту мерзіміне дейін әрекет етеді.
Жұмыс беруші:
Қазақстан Республикасы
___________ қаласы, _______________ көшесі, ______________.
__________ ауданының әкімі ___________ __________________
(қолы) (аты-жөні)
Қызметкер: ___________________________________________
____________________________________________________________
Жеке куәлік (төлқұжат) № ________________________________
СТН ________________ЖӘК ____________________________

Мекенжайы: ___________ қаласы, __________________ көшесі,
______ үй, ________________
пәтер, телефон № ____________________________.

7. Жақтардың жауапкершілігі және дауларды шешу
7.1. Осы Шартта көрсетілген міндеттердің орындалмағаны немесе тиісті дәрежеде орындалмағаны үшін келісуші екі жақ Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауап береді.
7.2. Осы Еңбек шартын орындау барысында екі Жақ бір-біріне материалдық шығын келтірген жағдайда олар бір-бірінің алдында толық материалдық жауапкершілік туралы шартқа және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауап береді.
8. Еңбек шартын тоқтату және бұзу
8.1. Осы Еңбек шарты төмендегідей жағдайларда тоқтатылады:
а) Шарт әрекеті мерзімінің бітуіне байланысты;
б) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 53-бабына сәйкес екі Жаққа тәуелсіз жағдайларда.
8.2. Осы Шарт мына жағдайларда бұзылуы мүмкін:
а) екі Жақтың келісімі болғанда екі Жақтың жазбаша келісімі бойынша (Еңбек кодексінің 52-бабының 1-тармағы);
б) бір Жақ екінші Жақты осы Шарттың бұзылуына дейін кем дегенде бір айдан кешіктірмей жазбаша түрде ескертсе, бір Жақтың бастамасы бойынша (Еңбек кодексінің 54-бабы);
в) белгілі бір мерзімге жасалған шарттың әрекет ету мерзімінің бітуіне дейін ҚР Еңбек кодексінің 54-бабында қарастырылған жағдайларда алдын ала жазбаша ескертпе жасамай-ақ, Жұмыс берушінің бастамасы бойынша.

9. Қорытынды ережелер
9.1. Осы Шартта қарастырылмаған жағдайлар бойынша Жақтар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
9.2. ҚР Еңбек Кодексі Қызметкердің Шарт талаптарына қатысты еңбек жағдайларын жақсартуға қарай өзгерген жағдайда соңғысы (Шарт) түзетілуі тиіс, ал қатаңдандырған жағдайда Шарт өзгеріссіз әрекет етеді.
9.3. Осы Шарт 2 (екі) данада, әрқайсысы мемлекеттік және орыс тілінде жасалған, заңдылық күштері бірдей, рәсімделуден кейін олардың біреуі – Қызметкерде, екіншісі Жұмыс берушіде болады.

Қосымша:
1. Толық жеке материалдық-жауапкершілік туралы шарт.
2. Мәліметтерді жария етпеу, мемлекеттік құпияны және Заңмен қорғалатын басқа да құпияларды сақтау туралы міндеттеме.
Осы Шартқа қол қоярда ______________ ауданы әкімі аппараты қызметкерлерінің қызметін реттейтін төмендегі құжаттармен таныстым:
– ________________ ауданы әкімі аппаратының жұмыс регламенті;
– Көріктендіру және құрылыс бөлімінің бас маманының қызметтік міндеттемелері:
________________ ____________________________________________________
(қолы) (аты-жөні)
200__ жылғы «___» ___________
9.4. Осы Шарт қол қойылған күннен бастап өз күшіне енеді және осы Шартта көрсетілген біту мерзіміне дейін әрекет етеді.
Жұмыс беруші:
Қазақстан Республикасы
___________ қаласы, _______________ көшесі, ______________.
__________ ауданының әкімі ___________ __________________
(қолы) (аты-жөні)
Қызметкер: ___________________________________________________
______________________________________________________________
Жеке куәлік (төлқұжат) № _______________________________________
СТН _________________________ЖӘК ____________________________

Мекенжайы: ___________ қаласы, __________________ көшесі,
______ үй, ________________ пәтер, телефон № _____________________.

Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



77.5Kb
Категория: Іс жүргізу | Добавил: Admin
Просмотров: 4416 | Загрузок: 235 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Германия
Аймауытов Жүсіпбек
Аңыз әңгімелер
Ар жақта дүмбірлеген Арынғазы...
Жұмабаев Мағжан
Батыр жырау - Қожаберген
Ақпараттық процестер және оның моделдері
Қазақстан Республикасы мен Нидерланды Корольдігі арасындағы қатынастар
Сарыұлы Ақтамберді
Құранды түсіну
Валеология бойынша бағдарламаны енгізу
Қазақ халық көне аспаптарының тарихи даму кезеңдері
Тастанбекқызы Сара
Ақыт қажының Жиһаншаһ дастанындағы Шаһзада бейнесі
Қазақ музыка өнері