Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 20.9.2017
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Іс жүргізу

БҰЙРЫҚТАР
Загрузка...
БҰЙРЫҚТАР

Бұйрық кәсіпорынның басқару құжаттарының ішіндегі ең маңызды әрі көп тараған түрі болып табылады. Бұйрық – қандай да бір міндетті (өндірістік немесе кәсіпорын қызметкерлеріне байланысты) шешу үшін кәсіпорын басшысы шығаратын нормативтік құжат.
Бұйрық мекеменің немесе оның құрылымдық бөлімшелерінің құрылу, таратылу, қайта ұйымдастырылу; оларға өзгеріс енгізу мақсатында ережелерді, нұсқаулықтарды, қағидаларды бекіту; кәсіпорынның жұмысын ұйымдастыру, қаржыландыру, жоспарлау, есеп беру, жабдықтау, өнімдерді сату және басқа да өндірістік мәселелер, сондай-ақ кадр мәселелері бойынша жұмысқа қабылдау, ауыстыру, босату және т.б. мәселелер бойынша шығарылады. Бұйрық шығару арқылы басшы қызметкерлердің алдына негізгі міндеттерді қояды, түбегейлі мәселелерді шешу жолдарын көрсетеді. Бұйрық осы кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті.

Тағайындау туралы

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 12-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. _Есетов Досжан_ (аты-жөні) аудандық әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы 2005 жылғы 8 қарашадан бастап ауыстыру тәртібімен штаттық кестемен келісілген лауазымдық жалақымен кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының заң және кадр жұмыстары бөлімінің бас маманы қызметіне тағайындалсын.
Негіздеме: 2005 жылғы 28 қарашадағы _Есетов Досжаннын_ (аты-жөні) өтініші, 2005 жылғы 2 қарашадағы ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің _Астана_ қаласы бойынша басқармасының № 06.02/1924 хаты.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

Директордың міндетін
атқарушы ___Мусин ___ Мусин Б.М.
(қолы) (аты-жөні)

Іссапарға жіберу туралы

Қазақстан Республикасы «Әділет органдары туралы» Заңының 13-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. 26.04.05-29.04.05 аралығында «Мемлекеттік мекемелердің қаржы және бухгалтерлік есеп» тақырыбында біліктілігін арттыру курстарынан өту үшін бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімінің бас маманы __Есетов Досжан__ (аты-жөні) 25.04.2005 жылы мен 30.04.2005 жыл аралығында 6 күндік мерзіммен _Атырау_ қаласына жіберілсін.
2. Бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімі іссапарлық шығын төлесін.
Негіздеме: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2005 жылғы 18 сәуірдегі7 № 9-2/427 хаты.

Директор __Мусин__ _________Мусин Б. И.____________
(қолы) (аты-жөні)

Еңбек демалысы туралы

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 22-бабының 1-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. _Астана_ қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының _Сарыарка_ ауданы бойынша өнеркәсіп бөлімінің бастығы _Досжан Ережеп_ (аты-жөні) 2004 жылғы 3 қаңтар мен 2005 жылғы 3 қаңтар аралығындағы жұмыс кезеңі үшін 2005 жылғы 5 қазан мен 4 қараша аралығынад жылдық демалысы беріліп, денсаулығын қалпына келтіру үшін еңбекақы қорынан екі лауазымдық жалақысы мөлшерінде жәрдемақы төленсін.
Негіздеме: __Досжан Ережептiн _ (аты-жөні) 2005 жылғы 16 қыркүйектегі7 өтініші.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау директордың орынбасарына жүктелсін.

Директордың міндетін
атқарушы _Мусин__ _________Мусин Б. И.____________
(қолы) (аты-жөні)

Жұмыс жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу агенттігінің
Астана қаласы бойынша
Басқарма Алқасының 2010 жылға
арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Астана қаласы бойынша басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) бастығының 2005 жылғы 28 наурыздағы № 34-НҚ бұйрығымен бекітілген, Басқарма бастығы тұсындағы Алқа туралы ереженің 2-тармағы, 3-тармақшасына сәйкес және Агенттіктің 03.03.05 ж. № 66-НҚ бұйрығымен бекітілген ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Астана қаласы бойынша Басқарма Алқасы туралы ереженің 5-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Ұсынылған Басқарма Алқасының 2008 жылға арналған жұмыс жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Басқарманың құрылымдық бөлімше бастықтары жоспар тармақтарының уақытылы орындалуын және отырысқа дейін төрт жұмыс күні ішінде Алқа хатшылығына мағлұматтарды беруді қамтамасыз етсін.
3. Құқықтық және ұйымдастыру жұмыстары бөлімі осы бұйрық туралы Басқарманың құрылымдық бөлімшелерін хабарландырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Басқарма директорының орынбасары
__ Аренов Ермекке ____ (аты-жөні) жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Басқарма бастығы __Мусин__ ____Мусин Б.М.____
(қолы) (аты-жөні)

Есептік құжаттарды пайдалануға рұқсат беру туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының есептік құжаттарын, сондай-ақ қызмет барысында пайда болып және уақытша сақтауда тұрып, оның құрамына кірмей қалған құжаттарды ұйымдастыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Мұрағат сақтау орындарындағы құжаттарды есепке алып, сақтау және пайдалану үшін жауап беретін тұлғаларды тағайындау:
__Мусин О.Л.__ (аты-жөні), қызметі, № 3 (көрсету керек) мұрағат сақтау орны;
__Досжан Е.Е. _ (аты-жөні), қызметі, № 4 (көрсету керек) мұрағат сақтау орны;
2. Әр мұрағат сақтау орнының құжаттары жеке есепке алынсын.
3. Мұрағат сақталатын орындағы барлық құжаттардың, сонымен бірге тізімге енбеген істерінің, салалық емес, аса құнды құжаттардың қосымша көшірмелерінің, пайдалану қорындағы көшірмелердің есебін жүргізу.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау құжаттау қызметіне жүктелсін.

Директор (Бастық) ___Аренов___ _______Аренов Р.Ж._________
(қолы) (аты-жөні)

Еңбек демалысынан шақыру туралы

Өндірістік қажеттілікке байланысты, ұйымдастыру-кадрлық жұмыстар бөлімінің бастығы __Аренов У. Н.__ (аты-жөні) 2005 жылғы 13 маусымнан еңбек демалысынан шақырылып, басқа уақытта демалу құқығы берілсін.

Директор ___Мусин___ ________Мусин Е.Г._______
(қолы) (аты-жөні)

Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



45.0Kb
Категория: Іс жүргізу | Добавил: Admin
Просмотров: 4135 | Загрузок: 220 | Рейтинг: 3.0/2

Это может Вас заинтересовать:
Жамбыл - жырау
Шығайұлы Дәулеткерей
Ақыт қажының Жиһаншаһ дастанындағы Шаһзада бейнесі
Жүрсін Ерман
Аймауытов Жүсіпбек
Ұлытау мұражай қорығы
Тастанбекқызы Сара
Жасуша теориясының негізгі қағидалары
Қастек Баянбаев
Шәңгерей Бөкеев
Мемлекеттік аппараттың түсінігі және оның нысандары
Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары
Кіші өзендердің энергетикалық мүмкіндігін пайдалану
Құтылығұлы Күлтегін
Дулатов Міржақып