Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Информатика

Техникалық-экономикалық негіздеме
Загрузка...
Жаңа бағдарламалық қамсыздандыруды енгізу үшін экономикалық тиімділікті дұрыс және қатесіз анықтау өте маңызды және көптеген нұсқалардың ішінен кәсіпорынға енгізуге экономикалық түрде тиімдісін таңдап алу қажет.
Практика жүзінде жаңа техниканы, программаларды енгізудің экономикалық тиімділігінің жүйелік көрсеткіштері қолданылады. Маңызды көрсеткіштерге капиталдық салымдар, өнімнің өзіндік құны, ақтау мерзімі, экономикалық тиімділік коэффициенті жатады. Осы бағдарламалық қамсыздандыруда экономикалық тиімділіктің ең басты көрсеткіші уақыт үнемдеу және мәліметтер енгізу кезіндегі қателіктердің болуын азайту болып табылады.
Бұл бағдарламалық қамсыздандыру Шәкәрім атындағы СМУ-нің оқытушылардың жұмысын жеңілдетуге арналған. Сондықтан да бағдарламаны енгізуінен болатын жылдық үнемдеу істелетін жұмыстың еңбек сыйымдылығының азаюынан алынады. Электронды сабақ журналы бағдарламасы қазіргі кезде өте актуалды болып келеді. Себебі қазір көптеген жоғарғы оқу орындары ақпараттық технологияға көшіп жатыр. Бұл бағдарламаның артықшылықтарына келетін болсақ, олар:
1. Бағдарламалық өнімді орнату және қолдану қарапайымдылығы;
2. Мәліметтер көп жылдар сақталуы;
3. Бағдарлама жеңіл модернизацияланады;
4. Бір компьютерге орнатылады да, басқа компьютерде бұл бағдарламамен жұмыс істеу браузермен ғана іске асады.
5. Мәліметтерді енгізу сапасы бағдарламаға қойылатын шарттар арқылы жоғарылайды;
Электронды сабақ журналын енгізгеннен кейін қағаз журналдарды баспаға шығару қажеттілігі болмайды. Қағаз журналды қолданбағаннан жылына 57 000 тг үнемделеді.
Оқытушының электрондық журнал атты автоматтандырылған жүйесін құру мен ендіру қажеттілігі оқытушының және офис регистратордың жұмысын жеңілдетуге, студенттерге күнделікті бағасын қою кезінде еңбек ресурстарын және уақытты үнемдеуге негізделген.
Электронды сабақ журналын қолданған кезде :
• Оқытушы кез келген интернет бар жерден студенттің бағаларын көре алады. Және де журналдың жоғалуы, бұзылу қаупі болмайды.
• Мәліметтер мен құжаттарды бекіту үдірісі мөлдір болады және шынайы уақыттың режимінде болады.
• бөлімшелер арасында құжатты жіберу уақыт жұмсамайды, құжаттарды шынайы уақыттың режимде рұқсаттары бар барлық адамдар көре алады.
• Студенттің үлгерімі туралы, топтың үлгерімі туралы, студенттер тізімі туралы отчеттер бір батырманы басу арқылы тез жасалады
• Керекті қызметкердің іссапарға кетуіне байланысты университетте құжаттармен жұмысты тоқтатпайды –себебі бұл жүйе құжаттармен алыстан- жұмыс істеу мүмкіндігі арқылы web –браузерді қолданады.
Жүйені күту қарапайымдылығын және иеленушіліктің төмен құны, жүйе WEB технологияны қолданғандығына байланысты, ол тек орталық серверға ғана орналастырылады. Қолданушы жақта жүйені орнату қажеті жоқ.
Жүйені орнатқаннан кейін өзін-өзі ақтау мерзімі көпке созылмайды, 10 айдан аспайды.
Ақпараттық тасқынның үдеуі және мәліметтермен жұмыс істегенде қателер санының азайюы құжаттармен жұмыстың сенімділігінің көтермелеуіне келтіреді.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Информатика | Добавил: Admin
Просмотров: 1582 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Жасуша теориясы
Жамбыл - әлем түркілері поэзиясының алыбы
Ғұмар Қараш
Қазақстан мен Германия арасындағы қатынастар
Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы Абай дәстүрі
Майлин Бейімбет
Бекболат батыр
Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қазірг...
Құнанбайұлы Абай
Адам болам десеңіз (білім сайысы)
Дәрілік өсімдіктермен емдеу
Қазанғап күйші
Алғашқы қазақ газеттерінің тарихы
Шылым шегудің алдын алу
Қазақ музыка өнері