Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Информатика

РНР WEB бағдарламалау тілі, жалпы түсінік
Загрузка...
РНР-бұл Web –серверге жіберілетін скриптердің көмегімен Web-беттерінің динамикалық генерациясына қажетті бағдарламалау тілі. Сіз бетті РНР және HTML-дің көмегімен ашасыз. Сайтты пайдаланушы бетті ашқанда, сервер html-код қосылған РНР операторларын орындайды және нәтижені пайдаланушының браузеріне жібереді. Бұл әрекет дәл осылай ASP және Cold Fusion-ның көмегімен жасалады. Дегенмен ASP және Cold Fusionға қарағанда, РНР ашық бастапқы кодты өнім болып табылады және платформалы тәуелсіз. РНР Windows NT және Unix-тің көптеген версияларында жұмыс жасайды. Ол Аpache –дегі модуль ретінде жіберіле береді. Егер жіберілу Apache модулі түрінде болса РНР оңай және жылдам жұмыс жасайды. Бұл кезде процессті жасауға байланысты туындайтын қосымша шығындар болмайды. Сондықтан нәтижесі тез шығады және сервердегі сақтаудағы шығынды азайтатын mod _perl-ді орнатудың қажеттілігі болмайды.
Сіздің құжат бетіңіздегі әртүрлі операциялардан басқа сіз РНР көмегімен НТТР-тақырыптарды қалыптастырып HTTP орната аласыз. Сонымен қатар аутенфификацияны басқарып пайдаланушыны басқа бетке бағыттай аласыз. РНР берілгендер қорына енуге үлкен мүмкіндіктер ашады. Бұл сізге PDF құжаттарды инерациялаудан, ХМL-дегі грамматикалық талдауды жасауға мүмкіндік береді.
РНР операторлары сіздің бетіңізге Web-беттерді қойып береді, сондықтан арнайы ортада жүзеге асырудың қажеттілігі туындамайды. Сіз РНР-кодының блогын <?php тегінен бастап, оны ?> тегімен аяқтайсыз. Бұл тегтердің арасындағылардың барлығы РНР код ретінде интерпритацияланады.
РНР тілінің синтаксисі Си және Рerl синтаксисіне ұқсас келеді сіз ауспалыларды оларды пайдаланудан бұрын жарияламауыңыз керек. Массивтермен Хэмтер оңай жүзеге асырылады.
Дегенмен РНР Apache құрылған жағдайда бәрінен жылдам жұмыс жасайды. РНР Web – сайтында оны Microsoft ІІS және Netscape Enterprise Server орналастырудың реті бар. Егер сізде РНР ді орнатуға бағдарламалық қамтамасыз етудің көшірмесі жоқ болса, оны сізге ресми Web –сайттан ала аласыз. Ол жерден сіз РНР дің барлық ерекшелігі мен қызмет бейнеленген түсіндірілген жетекшілікті таба аласыз.
Соңғы он бес жылдары интернеттiң қиял-ғажайып дамуы және адамдардың арасындағы қарым-қатынастың жаңа әдiстерiн белгiледi. Бұл құбылыстың алдыңғы өлкелерiне (WWW ) World Wide Webде болады.
Рнр тарихы 1995 жылдан тәуелсiз бағдарламашы (Rasmus Lerdorf ) Расмус Лердорф сайтта оның онлайндық резюмесін оқып шыққан келушiлердің саның есептеуге арналған Perl/CGI нiң сценариын жазудан басталады. Оның сценариы екi есептi шештi : келушiнiң деректерінің тiркелуі және келушiлердiң санын - web бетке шығару. WWW дамыту әлi тек қана басталды, бұл есептердi шешуге арналған ешқандай да арнайы құралдар болмады, сондықтан авторға көп сұрақтар лап берді. Лердорф (Рнр ) Personal Home Page немесе (гипермәтiн процессоры ) Hypertext Processor аталған өз құрал-сайманын тарата бастады.
Лердорфаның Рнр құрал-сайманының шулы жетiстiгi Рнрдың кеңейтулерiн өңдеуге әкеп соқты. Кеңейтулердің бірі HTML формада енгiзiлген мәлiметтердi символдық айнымалыларға түрлендiрдi, осыдан оларды басқа жүйелерге шығаруға мүмкiндiк берген. Қойылған мақсатқа қол жеткiзу үшiн Лердорф өңдеулерді жасауды ендiгәрi Perl ден С-ге өтуге шештi. Сол кездегі Рнрдың құрал-сайманының кеңейтуi 2.0-шi Рнр пайда болуына, немесе (Personal Home Page Form Interpretator ) PHP-FIнi келтiрдi. Дүние жүзiнен бағдарламашылар 2.0 версияны жетiлдiруге қатысты.
Жаңа РНР версиясы ерекше мәлiмдiлiкпен пайдаланды, және өңдеушiлердiң негiзгi командасы жақында іріктелді. Олар HTML-ға программалық кодтың енгiзуiнің бастапқы тұжырымдамасын тiкелей сақтады және Рнр-дiң 3.0-шi версиясының пайда болуына келтiрген лексикалық талдаудың механизмін қайтадан жазды.
РНР 4 бұл қозғалыста жұмыс жасаушы ретінде 2000 жылы жарыққа шықты. Өндірісті жоғарылатуда қосымша ретінде РНР 4 тің мүмкіндіктері зор еді. РНР 4-тің шығуымен ол интернет доменінің 20 пайыздан көбінде қолданыла бастады.
2000-2004 жылдар арасында 4 версияны жұмсарту үшін белсенді жұмыстар жалғасты. Шамамен сол кезден бастап ақ РНР Group жаңа версияның мүмкіндігін ойластыруға кірісті. Бірінші кезекте тілдің объектілік мүмкіндіктерін күшейту шешілді. Бұл оның жүзеге асыру үшін ірі жобаларды пайдалануға мүмкіндік берді. 5-ші версияны жарыққа шығару үшін қосымша уақыт бөлінді. Оған көптеген мамандар қатысты олардың ішінен Стерлинг Хьюза және Маркус Бергерді атап өткен жөн болар.
Ақыры 2004 жылдың шілдесінде РНР 5 ресми түрде жарыққа шығады. Бірінші кезекте жоспарланғандай өңдеуде объектілермен жұмысты барлық механизм жұмылдырылды. Егер алдыңғы версияларда РНР –дегі объектілік-жобалаушылық бағдарламалау минимальды деңгейде мүмкін болатын болса, ал РНР 5 объектілік бағдарламалауды жүзеге асыруда көптеген потенциалдарға ие. Онымен қоса РНР ХМL мен жұмыс жасауда бағалы кеңейтулермен, берілгендердің әртүрлі қайнар көзіне байыды.
РНР 4-дегі ХМL мен жұмыс жасауға арналған барлық негізгі кітапқаналар күрделі өңдеуге ұшырады. Мынадай танымал кеңйтілер SAX, DOM, және XSLT қазір libxml2-нің құрал-сайманын пайдаланады. Сонымен қатар тағы да жаңа екі кеңейтулер қосылды-SimpleXML және SOAP.
Somple XML XML- берілгендермен жұмысты айтарлықтай оңайлатады. Бұдан алдын РНР-да ХМL мен жұмыс бұншалықты қарапайым болмаған еді.
SOAP -тың кеңеюі РНР да ХМL –хабарламаның көмегімен басқа қосымшалармен ақпарат ауысатын сценарий құруға мүмкіндік береді. Мысалы НТТР. РНР қосымшалы қазіргі таңдағы танымал веб-сервистермен интеграциялауға мүмкіндік туындайды.
РНР 5 My SQL (My SQL Improved) жаңа кеңeйтулер Му SQL – сервер версиясымен 4.1.2 және жоғарылармен жұмыс жасауға арналған. Му SQL - ға тек қана процедуралық емес сонымен қатар объекті жобалаушылық интерфейс жүзеге асады. Бұл модульдің қосымша мүмкіндіктері SSL-ді, транзакцияны бақылауды қосады.
SQLite–тің кеңейтілуі мәліметтерді кәдімгі файлдарда сақтайтын қоcымшаны құрастыруға мүмкіндік береді. Ол SQL интерфейсін пайдалануға мүмкінік тудырады. SQLite – нің маңызды ыңғайлылығы – пайдаланылу қарапайымдылығы. SQLite процедуралықпен қатар мәлiметтермен жұмыс жаcау үшін мықты объектілік - жобалаушылық мүмкіндіктері бар. SQLite-нің басқа ерекшеліктері –жоғары жылдамдық, басқарудағы күрделі механизмдердің жоқ болуы және оңай тізгіштік. Көптеген эксперттер РНР -нің бұл кеңейюінің үлкен танымалдылыққа ие болатындығын жоспарлап отыр.
РНР 5-тің басқа кеңейтілуі өзіне төмендегілерді қосады:
• Tidy –HTML-құжаттарды сараптау және түзету үшін.
• Perl - Perl сценарийлерді пайдалану.
• SPL – кластармен интерфейстердің стандарты жиынтығын анықтайтын ZE2 –нің кеңеюі.
• -РDО -PHP-нің мәліметтеріне әмбебап интерфейс ұсынады.
• -PІMP-GD модульінің орнына келген, графикамен жұмыс жасауға арналған жаңа кітапхана.
• Бұдан басқа РНР 5-те есте сақтаудың әлдеқайда жылдам диспетчері пайдаланылады.
• РНР 5 REAR құрылымын нақты жүзеге асыруға керекті қасиеттермен толықтырылған.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Информатика | Добавил: Admin
Просмотров: 1839 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Отбасы түрлері
Шәңгерей Бөкеев
Ғарифолла Құрманғалиев
Черногория мемлекеті
Бекболат батыр
Әлеуметтік қорғаудың түсінігі, құрылымы
Жамбылдың ұстазы еді Майкөт ақын
Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясы бойынша оқушыларды кескін картам...
Махмұд Қашқари
Валеология бойынша бағдарламаны енгізу
Бетховен. Фортепианолык сонаталар
Сарыбаев Болат (1927-1984) – қазақтың ұлы өнертанушысы
Жасуша теориясының негізгі қағидалары
Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің құрылымы мен жүйесі
Жұмабаев Мағжан Бекенұлы