Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 20.6.2018
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Информатика

Internet- пен қатынас құру
Загрузка...
Internet- пен қатынас құру.

Бізге кенеттен бір файл керек болып қалды делік және оның қай жерде екені белгілі болсын. Ол файл тегін берілетін программа, жұмысқа керекті ақпарат (құжат), аурет немесе кітап та болуы мүмкін. Енді сол файылды өз компьютерімізге қалай әкелу жолын қарастырайық.
Мұндай мақсат үшін файлды жеткізу хаттамасы деп аталатын жүйе қолданылады (File Transfer Protocol –FTP) Практикада ҒТР немесе ftp термені жиі ұшырасады. Каталогтар немесе почталық хабарда «файылды алу үшін компьютерге ftp жеткізу» деген сөздер кездесуі мүмкін. Ол осы файылды алу үшін ҒТР жүйесі қолданылатыны білдіреді. ҒТР арқылы қызымет ететін арнаулы программа бар желіге қосылған компьютер ҒТР-сервер деп аталады. Көптеген ҒТР-серверлер барлық адамдар үшін ашық болады, кез келген адам одан администратор рұқсатымен әр түрлі мәлметтер ала алады. Бұл тәсіл анонимдік ftp деп аталады, өйткені мәлімет алу үшін ешкім өз атын айтпайды белгісіз (аноним) болып қала береді. Көбінесе пароль ретінде әркім өз пояталық адресін енгізеді. Ал кей кезде мәлметті пайдалану үшін (кіру үшін) кіру атауын (Nameid) және немесе паролін (password) білу қажет болады.
ҒТР- серверінің мәлметтерімен қатынас құру үшін әркім стандартты кіру сұхбатын орындауы керек. Оның бір мысалы мынадай болуы ықтимал:
Open ftp.relecom.su nameid password -FTP- серверге кірердегі сұраныс тізбегі, мұндағы:
Open ҒТР-сервермен қатынас құру сұранысы;
ftp.relecom.su -ҒТР –серверінің қажетті информатциямен толықтырылған аты;
nameid- пайдаланушының кіру аты немесе anonimus;
password- сұраушы адамның паролі немесе оның почталық адресі;
Паролді немесе өз атын енгізбегенде, ҒТР- сервер тек шектеуге командалар жиынын орындай алады, атап айтқанда;
Help – сервер командалары бойынша анықтама беру;
Quit – сеансты аяқтау.
Пароль мен атау дұрыс болс, қатынас құру құқығына байланысты командалар орындауға болады. Олардың құрамына мыналар кіреді:
Cd католог аты – катологты ауыстыру:
Cd.. жоғары деңгейден катологқа қайту;
Get файл аты ҒТР – серверден файл алу;
Binary – екілік файлдарды жіберу алу режиміне ауысу (типтері exe, com, arj), rar. tar, zip және т.б.)
Dir – ағымдағы католог файлдары тізімін беру.
ҒТР – сервермен байланысу сеанысында пайдалануға болатын камондалар жиынтығын Help командасы арқылы алуға болады.
ҒТР – серверден файлдар алу кезіндегі әдеттегі командалар жиынтығынан мысал келтірейік.
Cd pub – барлық ҒТР – серверін пайдаланушыларға ашық РАВ катологын (директорын) пайдалану:
Dir – сол католог файлдар тізімін беру:
Get 03ndex txt – ҒТР – серверден аты көрсетілген мәтіндік файлды алу:
Binary – екілік файлдарды өңдеуге өту:
Get far 140. zip ҒТР – серверден екілік файл алу:
Quit ҒТР – серверден ажырау (байланысты үзу).
Осы мысалдан командалық интерфеистің қолайсыз екені көрініп тұр. Ал егер әр түрлі катологтардан файлдар алу керек болса және олар ішкі деңгейлерде орналасса, олардың аттары да ұзақ 256 символға дейін созылса, бір сеанстағы жұмыс өнімділігін онша болмайтынына көз жеткіземіз.
Netscape Navigator және Internet Explorer тәрізді ыңғайды графикалық интерфеисі бар браузерлердің шығуына «тышқан» тетігінің батырмасын басуға ғана тірелгенін айтуға болады.
Браузерді іске қосу үшін жұмыс столынан немесе есептер тақтасының Internet Explorer пиктограммасын табу қажет. Соған курсорды алып барып, тышқанның негізгі батырмасын екі рет шерту керек.
Internet Explorer - ді Іске қосар алдында желімен алыстан қатынас құру программасы іске кіріседі, ол пробайдер серверімен сіздің компьютеріңізді байланыстырады.
Мұндайда үш терезеге мәліметтер енгізілуі тиіс. Сіздің желідегі аты – жөніңіз және пароль (Бұлар сізге провайдер-компания арқылы интернетке қвосылып тізімге тіркелген кезде бекітіледі), оған қоса провайдер серверімен байланыстыратын олардың телефон номері. Сіздің сеанс алдындағы ең соңғы әрекетіңіз «байланыс орнату» (установить связь) батырмасын басу болып табылады. Осы сәттерде сіздің экраныңызға алыстағы компьютермен қатынас құрған программаның бірнеше терезелері шығады. Сеанс кезінде кез-келген сәтте «Болдырмау» (Отмена) батырмасын басу арқылы байланысты үзуге болады.
Егер барлық әрекеттер дұрыс орныдалса, экранға Internet Explorer терезесі шығады. Одан әрі жұмыс істеу барысында сізге аспаптар тақтасында бірнеше батырмалар мен меню жолдарын пайдалану керек болды. Оларды қарастырып өтейік. Батырмалар астындағы жазулар олардың қызметін көрсетеді, бірақ қай кезде оларды басу керектігі онша түсінікті бола бермейді. Ал сеанс кезінде орнатылған сәттен бастап, ол біткенше уақытқа ақы төленеді.
Алдымен «адрес» өрісін қарастырайық, бұл өрісте ҒТР адресі былай теріледі: ftp://ftp.relecom.su
Адрес терілген соң, «Enter» пернесі басылады. Осы сәттен бастап сеанс соңына дейін пернелер қажет болмайды, өйткені барлық әрекеттер тышқанмен орындалады.
Адрес енгізілген сәттен бастап, Internet терезесінің жоғарыға оң жақ бұрышындағы жер шарының бейнесі көрсетілген сурет қозғалып айнала бастайды. Қозғалып тұрған сурет бейнесінің Internet Explorer эмблемасына айналуы ҒТР серверіне байланыстың толық орнатылып тікелей қатынас басталғанын мәлімдейді.
Құрал-саймандар тақтасындағы «Тоқта» (стоп) батырмасын кез-келген кезде басып қалып, ҒТР-сервермен өз компьютеріңіздің байланысын тоқтатуға болады. Егер сеанс кезінде бірінші парақмәтін алған болсаңыз, «Алға» және «Артқа» батырмалары сол мәтін бойынша жылжу мүмкіндігін береді. «Таңкдамалы» (Избранное) батырмасы арқылы қабылданған парақтар өз бумаңызда сол күйінде сақтауға болады. Сонымен ҒТР-сервермен сеанс аяқталғаннан кейін ол мәтінрді аспай-саспай қарап шығуға болады.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



37.0 Kb
Категория: Информатика | Добавил: Admin
Просмотров: 2307 | Загрузок: 236 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Жабаев Жамбыл
Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы арасындағы қатынастар
Абай Құнанбаев
Жер планетасының эволюциясы
Шоқан Уәлиханов
Паскаль програмдау тіліндегі файлдармен жұмыс
Адам болам десеңіз (білім сайысы)
Мемлекеттік аппарат қызметінің және ұйымдастырылуының негізгі қағидала...
Ахмет Байтұрсынов - қазақ әдебиеттану ғылымының атасы
Ғабиден Мұстафин
Компьютерлік Вирустар
Екінші симфония («Богатырская»)
Паскаль програмдау тілінің көмекші программалары
Әзірбаев Кенен
Шуберттің вокалдық лирикасы