Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 20.6.2018
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Информатика

HTML тілінен лекциялар жинағы
Загрузка...
HTML тіліне кіріспе
Бүкіләлемдік компьтерлік Интернет жүйесі.
World Wide Web (бүкіләлемдік өрмек).
HTML тіліне кіріспе. Тілдің атқаратын қызметі, командалары.
HTML құжатының құрылымы.Құжаттың функциональдық бөлігі мен негізгі бөлігі .
Қаріп(шрифт) стильдерін басқару . Логикалық стильдер.
HTML тілінің негізгі мүмкіндіктері.
HTML тілінде тізімдер жасау тегтері. Қабаттастырылған ішкі тізімдер.
HTML құжатында кестелерді қалыптастыру.
Гипермәтіндік сілтемелерді ұйымдастыру.
HTML құжатында графиканы қолдану.
Фрейм құрылымы. (Web парақта бірнеше құжаттардың орналасуы)
HTML құжатында формаларды өңдеу: айырғыштар, флажоктар.
HTML құжатындағы мультимедиялық объектілер.
HTML тегінің редакторы .Web сайтты басқару.
HTML тегінің редакторы. MS Front Page HTML редакторы.
Дербес Web сайтты құру.
Web сайтты басқару. Web сайтты WWW орналастыру.

Алғы сөз
Қазіргі кезде Web – парақты құру үшін HTML ( Hypertext Markup language – гипертексті бөлу тілі) тілі қолданылады , яғни құжатқа қойылатын тегтердің көмегімен құжаттың логикалық құрылысын сипаттайды , құжатты форматтауды және обьектілерді қоюды басқарады. WWW айырмашылығынан ерекшеліктері тақырыбы бойынша байланысты, адресі анық түрде көрсетілмеген бір құжаттан басқа құжатқа ауысу жабдығының бар болуы болып табылады .
HTML гипертекстік тілін 1989 жылы World Wide Web гипертекстік жүйесін бөлудің өңдеу технологиясының компоненттерінің бірі ретінде Тим Бернер – Ли ұсынды.
Бұл оқу құралы жазушылардың басы артық лирикасын ұнатпайтындар үшін аса қажетті . Оқу құралы компьютерлік желі Интернет үшін басылымды құруға арналған .Мұнда HTML тегтерінің көмегімен электрондық құжаттарды құру технологиясы және оларды басылымдау әдістері қарастырылған. Теориялық білім мысалдар арқылы қолданысы анықталған. Сонымен қоса, оқулықта HTML-де қолданылатын тегтер қызметі мен арнайы символдар жайында қарапайым тілде түсінікті етіп баяндалған. Оқу құралын пайдалана отырып, сіздер Интернет үшін басылымдарды құру мүмкіндігін жүзеге асыратын негізгі командаларды меңгере отырып, өзіңіздің Web- сайтыңызды құруыңызға болады.
Бұл оқу құралының көмегімен Web- сайтты құрумен қоса, оны басқару мен желіге орналастыру әдістерін де біле аласыздар.
Жаңа технологиялардың дамуы, оларды пайдалануын ескерсек Web парақтарды құруда қарапайымдылығы мен әмбебаптығымен ерекшеленетін HTML тілін меңгерудің маңызы зор.

Бүкіләлемдік компьтерлік Интернет жүйесі.
World Wide Web (бүкіләлемдік өрмек).

Интернет сөзі Бүкіләлемдік компьтерлік желі дегенді білдіреді. Қазіргі уақытта Интернет бірнеше қызметтерді атқарады: электрондық пошта, WWW (бүкіләлемдік өрмек), IRC ( Internet Relay Chat – нақты уақыт режимінде бірнеше адамдардың тікелей бір – бірімен араласуы), IRG (берілген моментте Интернетке қосылған адамның желідегі IR адресін іздеуге арналған қызмет), файлдарлы тасымалдау қызметі (FTP), телеконференция қызметі (USENT).
Интернетке жұмыс жасау үшін мыналар қажет:
 Бүкіләлемдік желі түйіндерінің біреуіне компьютерді қосу;
 IP адресті алу;
 Интернет қызметінің қолдануға болатын программа – клиент қызметінің программалық қамтамасыздандыруын құру және қайтадан күйге келтіру.
Өз түйіндеріне қосуға мүмкіндік беретін және IP – адресін белгілейтін мекемелер Интернет қызметін тасымалдаушылар (сервис - провайдер) деп аталады. Интернетке қосылу белгіленген немесе коммутативті болуы мүмкін. Белгіленген қосылу жаңа немесе дайын физикалық сызықтарының (кабельдік, радиоканал, спутниктік канал) орнын анықтайды. Оны көп көлемді берілгендерді тасымалдауды қажет ететін мекемелер және кәсіпорындар қолданады. Коммутативті біріктіру уақытша болады, арнайы байланыс сызығын қажет етпейді және телефон желісі арқылы жүргізілуі мүмкін. Коммутацияны телефон номерін теру кезіндегі сигнал бойынша АТС орындайды. Интернетке телефон желісі арқылы қосылу үшін ақпараттарды цифрлық түрге алмастыру үшін қолданылатын арнайы құрылғы - модем керек.
Модемдер сыртқы және ішкі болып екіге болінеді. Бүгінде Интернет білім алудың әртүрлі салаларында әржақты ақпараттардың түпнұсқасы ретінде қолданылады. Құжаттарды беруді басқаратын Интернет қызметін World Wide Web деп атайды. WWW құжаттары Интернетке тұрақты түрде қосылатын компьютерлерде - Web - серверлерде сақталады. Web – серверлерде бөлек құжат емес, өзара байланысқан құжаттардың тобы орналасады. Мұндай топ Web – түйінді (Web- сайт) береді. Дайын материалдардың Web- сайтта орналасуы Web – басылым немесе Web – публикация деп атайды. WWW – дағы жеке құжат Web – парақ деп аталады. Бұл текстен, графикалық иллюстрациялардан мультимедиялық обьектілерден тұратын құжаттардың жиынтығы. Web – парақты құру үшін HTML ( Hypertext Markup language – гипертексті бөлу тілі) тілі қолданылады, яғни құжатқа қойылатын тегтердің көмегімен құжаттың логикалық құрылысын сипаттайды, құжатты форматтауды және обьектілерді қоюды басқарады. WWW айырмашылығынан ерекшеліктері тақырыбы бойынша байланысты, адресі анық түрде көрсетілмеген бір құжаттан басқа құжатқа ауысу жабдығының бар болуы болып табылады . Құжаттар арасындағы байланыс гипертекстік сілтеменің көмегімен жүргізіледі. Гиперсілтеме – бұл басқа да Web – құжаттың адресін ассосациялайтын құжаттың белгіленген фрагменті (текст немесе иллюстрация).
Гиперсілтемені қолдану WWW боынша нақты бір беттердің адресін қолданбай тақырыбы бойынша табуды ұйымдастырады. Интернеттегі құжаттар электрондық формада бейнелеуге арналған. Нақты компьтерде құжатты форматтау және бейнелеу броузер деп аталатын арнайы программаның көмегімен жүргізіледі. Интернет жағынан WWW қызметінің жұмысын серверлік программалық жабдық – Web – серверлер қамтамасыз етеді. Клиент жағынан жұмыс клиент программалары Web – броузерлермен қамтамасыз етіледі. Ең көп қолданылатын броузерлер - Internet Explorer, Netscape Navigator және Opera. Броузерлердің қасиеттері программадан Сервис-Настройка командасымен және Басқару панелі арқылы орындалады.
Интернеттің үш функциясы бар: коммуникациялық, ақпараттық және басқаратын WWW - ақпараттыққа жатады. Іздеу жүйесі арнайы Web түйіндерден тұрады . Қолданушы іздеу жүйесіне іздеуге қажетті Web-парақ туралы берілгендерді хабарлайды, ал іздеу жүйесі сәйкес сұраныс бойынша бетке гиперсілтемелердің тізімін шығарады. Іздеу жүйесінің негізінде жұмыс жасайтын бірнеше модельдер бар, бірақ та іздеу көрсеткіштері мен іздеу каталогтарының орны ерекше зор .Іздеу каталогтары кітапханадағы тақырыптың каталогтар принципі тәрізді құрылған. Каталогқа назар аудара отырып, біз оның негізгі бетінде қысқартылған ең ірі тақырыптың, категориялардың тізімін көреміз. Бұл категория тізіміндегі әрбір жазба –бұл гиперсілтеме. Оған басу берілген тақырып бойынша толықтай іздеу каталогының ақпарат беретін келесі бетін ашады . Тақырыпқа басуды жалғастыра отырып нақты Web парақ тізіміне жетуге дейін болады. Іздеу көрсеткішінің іздеу каталогынан айырмашылығы Web түйіндерді кең көлемде қамтиды және кілттік сөз бойынша іздейді.

HTML –ге кіріспе. HTML тілінің атқаратын қызметі, командалары.

HTML гипертекстік тілін 1989 жылы World Wide Web гипертекстік жүйесін бөлудің өңдеу технологиясының компоненттерінің бірі ретінде Тим Бернер – Ли ұсынғаны белгілі. Гипертексті бөлу негізіне құжаттың әрбір элементі тегтерімен қоршаған элементтердің жиынтығы түрінде көрсетуге болатын құжатты сипаттаудың тегтік моделі жататын болған. Өзінің мәні бойынша тегтер программалау тілдеріндегі «BEGIN / END» жақша ұғымдарына жақын және локальды айнымалылардың HTML аттарының арасындағы амалдардың облысын білдіреді , құжаттағы тексттік э лементтерді түсіндіру ережелерінің амалдарын анықтайды және т. б.
HTML тілінің атқаратын қызметі .
Web – парақтары экранда ықшам түрде безендіріліп, көрсетілгенмен, HTML тілі мәтіндерді пішімдеп көрсететін тілге жатпайды. Өйткені әрбір тұтынушы әртүрлі компьютерлерді пайдаланады. Сол себепті жаңа ғана зауыттан шыққан бір компьютердің Windows жүйесінде жұмыс істей алатын броузері бар болса, екінші бір тұтынушы компьютері тек MS DOS жүйесінде жұмыс істейтін ескі броузерді пайдалануы мүмкін. Бұл екеуінің көрсету мүмкіндіктері әртүрлі болғандықтан, бір файл екеуіне 2 түрлі болып көрсетіледі. Ал үшінші компьютердегі Web – парақтың мәтіндері зағиптарға арналған. Брайль қаріптері арқылы берілсе, оның нәтижесі тіпті басқаша болады. Құжаттарды әртүрлі тұтынушының әртүрлі құрылғыларда және әртүрлі броузер программалармен көретіндіктерін ескерсек, HTML тілін мәтіндерді форматтау тәсілдерін жазуға арналған тіл деп атауға болмайды. Ол Интернеттегі мәтін бөліктерінің атқаратын қызметін анықтап, соларды әрбір тұтынушыға бейімдеп жеткізе алатын құжатты функционалды түрде белгілейтін тіл болып табылады.
HTML командалары.
HTML тілінің бастапқы мәтінді белгілейтін командалары тег (tag) деп аталынады. Тег символдар тізбегінен тұрады. Барлық тег «кіші» (<) символдарынан басталады да, «үлкен» (>) символымен аяқталады. Осындай қос символ тізбегі бұрыштық жақшалар деп те аталады. Ашылатын бұрыштық жақшадан соң команда аты болып табылатын түйінді сөз – тег орналасады.
HTML тіліндегі әрбір тег бір арнаулы қызмет атқарады. Олардың жазылуында әріптер регисторы ешбір роль атқармайды, бас әріпті де, кіші әріптерді де қатар қолдана беруге рұқсат етілген. Бірақ тег атауларын жай мәтіннен айыру мақсатында оларды бас әріппен жазу қалыптасқан. HTML тілінің бір тегі әдетте құжаттың белгілі бір бөлігіне, мысалы бір абзацқа ғана әсер етеді. Осыған орай екі тег қатар қолданылады. Бірі – ашады, екіншісі – жабады. Ашатын тег белгілі бір әсер ету ісін бастайды, ал жабатын тег сол әсерді аяқтайды. Жабу тегтері қиғаш сызық символымен басталуы тиіс.
Кейбір тегтер өз жазылу орнына қарай тек бір ғана әсерін тигізеді. Мұндайда жабу тегі қажет болмай қалады да, ол жазылмайды. Егер тег ретінде HTML тілінде қолданылмайтын түйінді сөз жазылып кетсе, онда оның ешбір әсері болмайды. Броузер арқылы құжат экранда көрсетілген жақта тегтердің өздері бейнеленбей, тек олардың құжат мәтініне тигізетін әсері ғана бөлініп тұр.
Тег атрибуттары.
Көбінесе ашылу тегтерінің тигізетін әсерлерін түрлендіретін олардың атрибуттары болады. Атрибуттар немесе сипаттамалар - тег атауының және бір бірінен бос орын арқылы бөлініп жазылытын қосымша түйінді сөздерден тұрады. Кейбір атрибуттар оның мәнін жазуды талап етеді. Атрибут мәні оның түйінді сөзінен теңдік белгісі (=) арқылы бөлініп жазылады. Атрибут мәні қостырнақшаға алынып жазылуы тиіс, бірақ кейде қостырнақшаны жазбауға да болады.
Түсініктемелер
Программалау тілдерінде түсінік беретін сөздер – комментарийлер жазылатыны сияқты мұнда да программаның орындалуына еш әсер етпей, оны түсінуді жеңілдететін түсініктеме мәтіндер жазып отыруға болады. HTML тілі комментарийлері арнайы символдардан басталады да, түсінік беретін мәтін осыған жалғаса жазылады.

HTML құжатының құрылымы.Құжаттың функциональдық бөлігі мен негізгі бөлігі .

HTML құжаты сол құжаттың негізгі мәтіні мен белгілі тегтер деп табылады. Сондықтан оны құрастыру үшін жай мәтіндік редакторды, Windows ортасындағы блокнотты пайдалана беруге болады.
1. HTML құжатының кез-келгені тегінен басталып соған сәйкес жабылу тегімен аяқталады.
2. Осы екеуінің ортасында құжаттың тақырыптың бөлігі мен тұлғасы болып келетін негізгі бөлігі орналасады. Құжатың тақырыптық бөлігі типтерінің ортасында тұруы, жалпы құжат туралы мәлімет береді. Әдетте бұл бөлікті тегтерімен шектелетін құжаттың ресми атауы орналасады. Бұл атау терезе тақырыбында тұратын функцияның аты. <br /> 3. Жазылатын мәтін құжат тұлғaсы деп аталатын <body> </body> тегінің ортасында жазылады. Осы айтылған 4 тег HTML құжатының кез-келгенінде болуы тиіс. <br /> Мысалы: <html> <head> <title> құжат тақырыбы


бұл мәтін экранға шығады



Құжаттың функционалдық бөліктерін анықтау.
1. HTML тілі құжаттардың ішкі тақырыптарының көлеміне қарай 6 түрлі деңгейін жасай алады. Олар:

жалғасады.
2. Жаңа жолдан басталатын абзацтарды белгілеу үшін

тегі қолданылады. Бір абзацты жаппай жаңа абзацты бастап кетсек , алдыңғы абзац автоматты түрде жабылады. Сондықтан

тегін жаппаса да болады. HTML тілінде азат жолдан басталмайды, тек абзацтар арасында бір бос жол қалдырылып кетеді. Көбінесе абзацтарды анық етіп бөліп тұру үшін көлденең горизонталь сызық қойылады. Көлденең сызық қою


тегімен орналастырылады. Оның жабу тегі болмайды.
3. Сөз арасында қойылған бірнеше бос орынның тек біреуі ғана көрініп тұрады. Сол сияқты келесі қатарға көшіретін Enter пернесі де HTML тілінде ешбір әсер етпейді.
Егер абзац жасап бос жол қалдырмай жаңа жолға көшу қажет болса, онда жалғыз қолданатын
тегін пайдаланамыз.

Қаріп (шрифт) стилдерін басқару. Логикалық стильдер.

Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



220.0 Kb
Категория: Информатика | Добавил: Admin
Просмотров: 7464 | Загрузок: 1318 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Алпамыс батыр дастанының зерттелуі
Құнанбайұлы Абай
Аңыз әңгімелер
Итальяндық концерт
Жыр cұлтаны Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы сөз
Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн
Денсаулық - басты байлық
Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы арасындағы қатынастар
Адам болам десеңіз (білім сайысы)
Мұрат Мөңкеұлы
Ғабиден Мұстафин
Сарыұлы Ақтамберді
Микроорганизмдерді мал азығын дайындауда қолдану
Тараз – ежелгi ислам мәдениетi орталығы
Тоныкөк (Тоңыұқық)