Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Информатика

Delphi 7
Загрузка...
Borland корпорациясы аз ғана мерзім ішінде Delphi7-нің негізгі версиялары мен бірнеше модификацияларын шығарды. Delphi 7 версиясында өте көп өзгерістер енгізілген. Программалармен қамтамасыз етудің тиімді өңдеу құралдарын қажет ету “жылдам жасау” ортасы деп аталатын программалау жүйелерінің пайда болуына алып келді. Мұндай ортаға мысал ретінде Borland Delphi жатады. Жылдам жасау RAD – жүйесінде “Rapid Application Development” жүйесінің негізі визуалды жобалау және оқиғаны өндеуді программалар технологиясы жатады, оның мағынасы өңдеу үнемсіз жұмыстың көп бөлігін өзіне алады да, программистке диалогты терезелерді және оқиғаны өңдеу функциясын құрастыру жұмыстары қалады. Ортада қатаң типтелген объектіге бағдарлы тілі қолданылады, оның негізіне Object Pascal (Turbo Pascal жалғасы) жатады. Delphi әр түрлі программаларды құруға мүмкіндік береді: қарапайым біртерезелі қосымшалардан тармақталған дерекқорларды басқару программаларына дейін. Delphi-дің ұлғайтылған мүмкіндіктері графикпен, мультимедиямен, дерекқорларымен жұмыс істейтін және динамикалық құрылымдармен қосымшаларды құруға мүмкіндік береді. Delphi-дің айрықша ерекшелігі .NET технологиясының сүйемелдеуі болып табылады.
Жалпы қазіргі уақытта Delphi, MathCad, Maple туралы алған білімдердің болашақ мамандар және қоғам үшін маңызы өте зор. Қазір осындай пәндерді игеру үшін көптеген оқулықтар мен оқу-әдістемелік нұсқаулар жазылуда. Мысалы, Delphі ортасымен танысып және онда жұмыс жасап үйренуде Фаронов, Культин Н секілді жазушылар еңбектерінің маңызы зор болса, ал компьютерлік математикамен танысуда жазушы В.И.Дьяконовтың еңбектерінің орны ерекше.

Delphi Windows жүйесiнде программалаудың ыңғайлы құралы.Онда көптеген операторларды пайдаланып программа дайын¬дау, программа мәзiрiн құру,анимация, мультимедиа процес¬терiн ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистiк қо¬сымшаларды шақыру, олармен жұмыс iстеу және т.б. iс-әре¬кеттердi орындау да мүмкiн. Көптеген опера¬тор¬лардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты.
Delphi екi түрде дайындалған: бiрiншiсi – күрделi қосым¬шаны бiрлесiп дайындаушылар үшiн (Delphi Client – Server), екiншiсi – қалған программалаушылар үшiн (Delphi for Windows). Соңғысы ыңғайланып, қысқартылып алынған түрi. Ол тек маман программаушылар емес, барлық Delphi - мен жұмыс iстеушiлерге арналған. әдетте пайдаланылатыны – екiншi түр.
Delphi-дi Паскаль программалау тiлiмен жұмыс iстеген адамдардың меңгеруi көп қиындық келтiрмейдi. Бiрақ, мұнда программалауды үйрену үшiн объект, оқиға, қасиет түсiнiк¬темелерiмен еркiн танысып, онда компоненттердi пайда¬лану және әдiстер деп аталатын түрлi командалардың жазылу түр¬лерiн бiлу қажет. Жалпы, Delphi-де пайдалылатын про¬цедуралар (әдiс¬тер) мен түрлi кластарға, компоненттерге енгiзулi мәндер меншiктелетiн қасиеттер көп. Нақты есептердi шешу програм¬маларын құруды үйрену арқылы ғана Delphi-де програм¬малауды үй¬ренуге болады. Ол үшiн кiтапқа енгiзiлген про¬грам-маларды iс жүзiнде орын¬дап, оларға түрлi өзгерiстер ен¬гi¬зiп, жаттығу да мүмкiн. Жетiстiк тек тәжiрибеге байла¬нысты.
Delphi-дiң мүмкiндiктерiн бiр кiтапқа сыйғызу мүмкiн емес. Мұнда студенттер мен өз бетiнше оқып үйренушiлер үшiн қажеттi негiзгi материалдар қарастырылған, Delphi-дi терең оқып-үйренiп, күрделi қосымшаларды дайындауға машықтанушылар үшiн кiтап соңына әдебиеттер тiзiмi енгi¬зiлген.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Информатика | Добавил: Admin
Просмотров: 3286 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі
Ақан Сері
Марат Отарәлиев: «Тағдырмын ерте жоғалған...»
Ақыт қажының Жиһаншаһ дастанындағы Шаһзада бейнесі
Ресей жане Украина
Түркі халықтарының Ислам дүниесіндегі орны
Өсімдік қорғау және карантин мамандығы бойынша Емтихан билеттері
Дулатов Міржақып
Ар жақта дүмбірлеген Арынғазы...
Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы Абай дәстүрі
Жыр жампозы - Жамбыл
Ыбырай Жақаев
Excel электрондық кесте құралдарымен мәліметтерді өңдеу
Медетбай Тәжіұлы
Абай Құнанбаевтың әлеуметтік ой-көзқарасы