Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Информатика

Автоматтандырылған жұмыс орнын құру теориясы
Загрузка...
Қазіргі заман бәрімізге белгілі ол-технология заманы. Технология заманы болғандықтан ол күнделікті жаңаруды талап етеді. Сондай-ақ көптеген кәсіпорындарды автоматтандырылған жұмыс орнымен қамтамасыз ету өте тиімді.
Бағдарламалық қамтамасыздандыру-белгілі бір мамандық саласында нақты есептер шығара алатын программалар жиыны. Олар белгілі бір мақсатта пайдаланылатын және әмбебап 2-ге бөлінеді. Белгілі бір мақсатқа пайдаланылатын программалық жасақтама әр адамның нақты есептерін шығаруға арналған. Сондықтан оны пайдалану аймағы да шектеулі. Мұндай программаларды жұмыс иесі өзі жасайды немесе оның талабы бойынша маман программалаушылар өзі жасап береді. ДК-ң кең таралуына басты себеп олардың алдын ала дайындалған әмбебап прграммалық жабдықтамаларының кең таралуы еді. Бұл программалар тек бір есепті шығарып қана қоймай белгілі бір мамандық саласында есеп жұмыстарын түгел автоматтандыруды немесе информацияның белгілі бір түрлерін өңдеуді түгел қамти алатын автоматтандырылған жұмыс орны болып табылады.
Автоматтандырылған жұмыс орнын жасаудың жалпы принциптері: жүйелілік, икмділік, орнықтылық, тиімділік әрқашан орындалуы қажет.
Автоматтандырылған жұмыс орнының басқарылуы жүйелілік принципі- құрылымы белгіленген міндетіне сәйкес анықталатын жүйе ретінде қарастырылуы керек.
Икемділк принципі қандай да бір модуль арқылы құралатын жүйе ішіндегі барлық жүйелерді қайта құру және олардың элементтерін бір үлгіге салу мүмкіншілігін береді. Бұл жүйенің икемдеушілігі деп аталады.
Орнықтылық принципі- автоматтандырылған жұмыс орнының жүйесі мүмкін болатын ішкі және сыртқы әсер ететін себептерге байланыссыз негізгі қызметтерді орындау керек. Яғни бұл кейбір бөліктеріндегі кемшіліктер оңай түзелетін жүйелердің жұмыс істеу қабілеті бұрынғы қалпына тез келуі болып табылады.
Тиімділік принципі жүйенің жасаған және оны пайдалануға кеткен шығынға қатысты автоматтандырылған жұмыс орнының жоғарыда келтірілген принциптеріне іске асыруды интегралды түрде қарастыру болып табылады.
Негізгі ДК болып табылатын автоматтандырылған жұмыс орнының функциясының шарты дұрыс қойылса және ақпараттарды өңдеу әдістері адам мен машина арасында дұрыс бөлсе жұмыс істейді. Сонда ғана жұмыс тым өнімділігін ғана емес сонымен бірге басқару тиімділігін басқаратын әдіс болып табылады. Қазірігі уақытта әр түрлі мамандық саласында ойлауды және еңбекті басқаруды интенсивтендіру жасалып ДК негізінде жұмыс істейтін автоматтандырылған жұмыс орны кең ауқымды таралуда. Программалық қамтамасыздандыру кең ауқымда таралуда. Программалық қамтамасыздандыруды іске асырғанда программа мен техника арасында қарама қайшылықтарды болдырмауды қарастыру керек. Нақты мамандардың ДК негізінде жасалған автоматтандырылған жұмыс орнының ұйымдастырылған түрде қолдану нәтижесі адам мен машина арасындағы тосқауылды жойды.
Тәжірибелерді, ғылыми ізденістерді талдау нәтижесінде автоматтандырылған жұмыс орнына қойылатын бірқатар талаптар анықталды:
- маманның ақпараттық және оның есептеушілік сұранысын жаңаша қанағаттандыру;
- қолданушының сұранысына аз уақытта жауап беру;
- автоматтандырылған жұмыс орнының жұмыс істеу тәсілдерін үйренудің қарапайымдылығы және қарым-қатынасы, сенімділігі, қарапайым жұмыс істеуі;
- қолданушының тез үйрену мүмкіншілігі;
- қолданушыға қарағанда төзімділігі;
- компьютер желісінің құрамында жұмыс істеу мүмкіншілігі;
Жалпы программалық қамтамасыздандыру компьютер жұмысын басқаруды, жаңа программаларды қосу және өңдеуді қамтамасыз етеді.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Информатика | Добавил: Admin
Просмотров: 1637 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Шоқай Мұстафа
Тұрар Рысқұлұлы
Медетбай Тәжіұлы
Туыстық қарым – қатынастар
Сүйінбай Аронұлы
Микроорганизмдерді мал азығын дайындауда қолдану
Қазақ халық көне аспаптарының тарихи даму кезеңдері
Қазақтың күй өнері
Құранды түсіну
Ақан Сері
Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы Абай дәстүрі
Сұлтанбек Қожанұлы
Жүсіпбек Елебеков
Б. Адамбаев - фольклортанушы
Паскаль програмдау тілінің қайталау командалары