Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 17.12.2017
Все подробности где купить электролобзик у нас на сайте.
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » География, Экономикалық география, Геология, Геодезия

Арал теңізі
Загрузка...
Арал теңізі

Арал теңізі – құмды, құрғақ климатты үстірт қыратқа орналасқан. Арал бүкіл планетаның жанды жарасы. №1 экологиялық апат. Орталық Азия мен Қазақстанның және т.б. елдердің тағдыры Арал мәселесін дұрыс шешуге тікелей байланысты.
Арал теңізін апаттан сақтау үшін көптеген жобалардың ұсынылғаны белгілі. Алайда олардың көпшілігі тенізді толтыруды емес, оны тек бүгінгі деңгейде ұстап қалуды көздейді.
Ол ұсыныстар мынандай:
1.Сыр және Амудария өзендерінің суларын тиімді
пайдалану;
2.Оңтүстіктен солтүстікке қарай Возрождение аралын
пайдаланып дамба салу. Кіші Аралдан тұз өндіріледі, ал Үлкен Арал Сыр және Амудария есебінен сақталады;
3.Жел тұрғанда аспаннан тұз жаумас үшін
жағалауларға сексеуіл т.б. жасыл желек ағаштарды отырғызу;
4.Арал аймағын Иран еліндегідей жер асты суларымен
қамтамасыз ету;
5. Сібір өзендерінің бір бөлігін Аралға бұру.
Бұл шаралардың теңізді бұрынғы қалпына келтіре алмайтыны анық. Әрине Сібір өзендерінің бір бөлігін Аралда тартуға болар еді, бірақ ол біріншіден қымбатқа түседі, екіншіден Ресей оған келісе қоймайды.
АҚШ, Жапония, Канада ғалымдарының Арал теңізінің суын бұрынғы деңгейіне жеткізу үшін 200 миллиард доллар қажет дейтін көрінеді. Аралды бұрынғы қалпына келтіру үшін іргелі зерттеу жолымен Каспий-Арал каналының ғылыми-техникалық дәлелдемесі жасалынады. Сол жоба бойынша Арал апатын шешу үшін 300 млн. доллар жеткілікті екеніне көз жеткізген.
Каспий теңізінен деңгейі бір кезде көтеріліп, бір кезде төмендеп кететіні, яғни ғасырлық тербелісі бұрыннан белгілі құбылыс. Соңғы көтерілуінде теңіз деңгейі 214 см-ге өсіпті. Каспиймен шекарасы жанасқан мемлекетттердің (Ресей, Қазақстан, Иран, Түрікменстан, Әзірбайжан) біраз жағалық жерлері судың астында қалды. Қазірдің өзінде де бұл елдердің мұнай өндіріп тұрған көптеген кен орындары мен халық орналасқан жерлері су астына кету қаупі бар.
Егер жоғарыда көрсетілген (214 см) судың қабатын Каспий теңізінің акваториясының ауданына (380 000 км2) көбейтсек, ол 800 км текше километр (800 км3) су болады.
Бір қызығы, дәл осыншама су көлемі құрып бара жатқаны Аралға жетпей тұр! Каспий теңізіндегі артық суды алып Аралға құйса екі теңіз де өздерінің баяғы күйлеріне келер еді. Мұны екі теңізді каналмен қосу арқылы оңай жүзеге асыруға болады. Арал Каспийден 74 метр биіктікте орналасқан және екеуінің арақашықтығы 500 километрді құрайды. Жоба бойынша Каспий-Арал каналын салуды 2 кезеңге бөліп жүргізу керек.
Алдымен каналдың аса терең емес табан бөлігін минерал жыныстың ішінен қазып, одан шыққан топырақты каналды бойлай жағалауға үйеді. Каналды бетонмен қаптап, жылына 25 текше километр (25 км3) су жүретіндей етіп іске қосады.
«Екінші кезеңде, каналдың жағасында жиналған үйінді топырақты тегістеп жайып, каналдың екі жағынан бірдей дамба көтереді. Соның нәтижесінде каналдың көлемі кенейіп, 40 текше километр (40 км3) су жүретін болады. Бұл есептеу жайдан-жай, кездейсоқ алынып отырған жоқ. Олар Аралды қалпына келтіру жұмысында құрылысқа өте аз шығын жұмсап, энергияны үнемді пайдалануға мүмкіндік береді.
Әрине, аталған жоба бойынша бірінші кезектегі каналдың құрылысын 3-4 жылда, ал екінші кезектегі құрылысты асықпай, келесі 15-20 жылдың ішінде салуға болар еді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Бюллетень «Экология и права человека» выпуск 564, 7 декабря 2001
“Как организовать общественный экологический мониторинг” Под ред. к.х.н. М.В.Хотулевой М.98г. Руководство для общественных организаций

Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



28.0Kb
Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Добавил: Admin
Просмотров: 1584 | Загрузок: 158 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Мұстафа Шоқай
Ғұмар Қараш
Ислам әлемінің мәдениеті
Қазіргі замандағы шертпе дәстүрі
Қазақстандағы камералық-аспаптың жанрдың қалыптасуы мен дамуы
Куәдан жауап алу тәртібі
Ахмет Байтұрсынұлы
Домбыра философиясы
Үкілі Ыбырай. Тайгадағы түс. “Қалдырған” әні
Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы
Қазақ халқының қол өнері
Мұстафин Ғабиден
Халық ауыз əдебиеті
Байтұрсынұлы Ахмет
Бәсентиін Малайсары батыр