Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 21.9.2017
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » География, Экономикалық география, Геология, Геодезия

АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Загрузка...
АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

9 – тақырыптың жоспар сызбасы
9-ТАҚЫРЫП. СОЛТҮСТІК АМЕРИКА
Экономикалық және әлеуметтік географиядағы "Солтүстік Америка" ұғымы сендерге 7-сынып курсынан белгілі ұғымнан біраз өзгешелеу. Әдетте оған АҚШ пен Канаданы ғана жатқызады. Бұл аймақ 280 млн.-дай адам тұратын (1990 ж.) 19,4 млн. км2 территорияны алып жатады. 1992 ж. Американы Христофор Колумбтың ашқанына 500 жыл толуы салтанатты түрде атап өтілді. Сол кезден бері Америка дүниежүзілік істерде жетекші орын алып келеді. XX ғасырда оның рөлі ерекше өсті. АҚШ та, Канада да Батыс елдерінің "үлкен жетілігіне" кіретінін естеріңе түсіріңдер.
АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА БЕРЕЙІК.
Территориясы, шекарасы, жағдайы: қолайлы алғышарттар. Мемлекеттік құрылысы. Территориясының көлемі жөнінен АҚШ дүние жүзінің елдері ішінде төртінші орын алады. Оның құрамына үш бөлік кіреді:
1) негізгі территория
2) Аляска,
3) Тынық мүхиттағы Гавай аралдары.
4) АҚШ-тың экономикалық-географиялық жағдайы
5) хал0ы
өте қолайлы, ол барлық кезеңдерде де елдің дамуына себепші болған. Бұл ең алдымен теңіз шекарасының көптігіне (12 мың км), әсем табиғи айлақтардың болуына және әсіресе негізгі территориясының екі мұхиттың аралығына орналасуына байланысты. Канадамен және Мексикамен құрлықтағы шекарасы шартты сызықтар арқылы, өзендер мен көлдер арқылы өтіп, сауда-экономикалық байланыстардың дамуына жағдай туғызады. Мемлекеттік құрылысы бойынша АҚШ — 50 штаттан тұратын федерациялы республика. [2]. Әрбір штаттың өз конституциясы, өзінің заң шығаратын және атқарушы билік органдары, сайланбалы губернаторы, сондай-ақ рәміздері бар. [3]. Сонымен қатар, елдің астанасы — Вашингтон қаласы орналасқан Колумбия Федералдық округі өз алдына жеке аймақ.
Халқы: саны, ұдайы өсуі, сыртқы көші-қон, ұлттық құрамы, орналасуы. АҚШ халқының саны жөнінен де дүние жүзінде үшінші орын алады; тұрғындарының саны жөнінен ол ГФР, Франция, Ұлыбритания және Италияны қосып алғандағыдан кем түспейді. Демографтардың болжамдарына қарағанда ел тұрғындарының саны 2000 ж. қарай 265—270 млн. адамға жетпек; бұл бір ғана XX ғасырдың ішінде оның халқы 3,5 есе өседі деген сөз. Алайда АҚШ жас ұлт ретінде халықтың табиғи өсуі жөнінен дүние жүзінде алғашқы орындардың бірін алған уақыт келмеске кетті. 80—90-жылдары бұл өсім айтарлықтай кеміп, жас-жыныстық пирамидаға да әсер етті. Халықтың жылдық абсолюттік өсуі қазір 2 млн. адамға жетпей отыр.
Иммиграция қашан да АҚШ халқының санына зор ықпал етіп келеді және солай бола береді де.
Мысал. XIX ғасырдың басынан бері елге 70-ке жуық елден 55 млн. адам келді. Қазір де бірқатар шектеулерге қарамастан, жыл сайын елге 1 млн.-дай адам келеді.
АҚШ халқының ұлттық құрамын қалыптастырзда жаппай иммиграция шешуші рөл атқарды. Қазіргі американ ұлты — бұл ең алдымен әлемнің әр түрлі бөліктерінен, әсіресе Еуропа [4] мен Африкадан қоныс аударушылардың этникалық араласуы мен қосылуының нәтижесі.
XX ғасырдың екінші жартысында Еуропадан иммиграция айтарлықтай азайды, бірақ оның есесіне Азиядан, әсіресе Латын Америкасынан иммиграция жасаушылардың саны артты. Латын Америкасынан иммиграция жасаушылар арасында мексикандықтар басым; күнкөріс қаражатын табу үшін олардың миллиондаған адамдары шекарадан ашық және жасырын түрде өтіп жатады. Оларды "брасерос" (дәлме-дәл аударғанда "қол күшін сататын адамдар" дегенді білдіреді) деп атайды.
Қазіргі кезде АҚШ-та жүзден астам этностар тұрғанымен, этнограф-ғалымдар оларды басты үш этникалық топқа біріктіреді: 1) АҚІІІ американдарына, немесе жай ғана американдарға, яғни қазір ағылшын тілін ана тілім деп есептейтін әр түрлі ұлт қоныс аударушыларының ұрпақтарына; 2) АҚШ-қа таяуда ғана қоныс аударып, бұл елге әлі де "жерсініп" үлгірмеген адамдарды қоса есептейтін өтпелі иммигранттар топтарына; 3) байырғы тұрғындар — аборигендерге (үндістер, эскимостар және т. б.). АҚШ американдары бүкіл халықтың 3/4-ін; ал аборигендер — 1%-тейін құрайды. Соған қарамастан, АҚШ-тың өте көптеген географиялық атауларының үндістерден шыққанын байқауға болады.
Қара американдар (афроамерикандар, негрлер) американ ұлтының құрамында ерекше үлкен топ құрайтынын сендер білесіңдер, олар АҚШ халқының 12%-ін құрайды. Бұрын негр халқының негізгі бөлігі Оңтүстікте, XIX ғасырда құлдықты жойғанға дейін плантациялық шаруашылық үстем болған "қара белдеуде" тұрды. Соңғы онжылдықтарда негрлердің жартысы Солтүстік пен Батыстың қалаларына қоныс аударды, олар оңтүстік штаттарда да қазір негізінен алғанда қалаларда тұрады. Халықтың діни құрамы да оның ұлттық құрамымен тығыз байланысты. [5]
Халықтың орналасуының орташа тығыздығының көрсеткіші жөнінен АҚШ дүние жүзіндегі халық неғұрлым тығыз қоныстанған 20 елдің ішінде 18-орын алады (1 км2-ге 27 адам). Ел ішінде халықтың орналасуында өте үлкен айырмашылықтар бар.
Мысал. АҚШ тұрғындарының 70%-і дерлік елдің жалпы жер көлемінің не бары 12%-ін алып жатқан территорияда тұрады. Теңіз (көл) жағасындағы штаттар мен таулы штаттар арасындағы айырмашылық өте зор: 1 км2-ге 350—400-ден 2—3 адамға дейін келеді.
Соңғы уақытта халықтың, ең алдымен зейнеткерлердің Солтүстік штаттарынан ("қар белдеуі") Оңтүстік штаттарына ("күн белдеуі") ішкі көшіп-қонуы артты. Жалпы алғанда, бәрінен де Техас, Флорида, әсіресе Калифорния штаттарының халқы тезірек өсуде.
АҚШ халқының орналасуы ең алдымен қалалар географиясына байланысты, мұнда жалпы саны 9 мыңдай қала бар. Солтүстікамерикандық қала үлгісінің өзіндік ерекшеліктері көбіне қалалардың жастығына байланысты болып келеді.
Американ қалалары негізінен төртбұрышты болып жоспарланады. Әдетте, Орталық іскер аудан, немесе "даунтаун" үнемі көзге түседі, онда басқару органдары, банктер, бұқаралық ақпарат және қызмет көрсету құралдары орналасады. Үлкен қалалардың келбетін әдетте аспанмен тілдескен биік үй¬лер айқындайды, олар қала күш-қуатының, оның гүлденуінің көрсеткішіндей. Қаланың қалған бөліктерінде 3—5 қабатты, ал орталықтан қашықтаған сайын — жеке үйлер басым болады. Бұл қаланың барынша қанат жаюына және қала агломерацияларының қалыптасуына жағдай туғызады.
АҚШ — нағыз қала агломерацияларының елі. Мысал. 1950 ж. АҚШ-та 170, ал 80-жылдардың соңында — 300-дей қала агломерациясы болды. АҚШ-та небары 6 "миллионер" қала, 40 шақты "миллионер" агломерация бар. АҚШ халқының жартысы осыларда тұрады.
Осымен қатар, агломерациялардың орталықтары мен шеткі бөліктерінің арасындағы арақатынас та өзгерді. Агломерация орталықтарында Жердің бағасының ұдайы өсуі, жеке автомобиль көлігі кеңінен дамып отырғандықтан экологиялық және көлік жағдайының нашарлауы, оның үстіне орташа американдықтың кіші болса да, өз үйінде тұруға тырысуы қала маңындағы зоналардың бей-берекет жайылып өсуіне әкеп соқтырды. Қазір мұндай "бір қабатты Америкада" бүкіл Америкадағы отбасының 2/3-сі тұрады, ал қалалардың орталық бөліктерінде таяу уақытқа дейін халықтың саны кемумен болды. Сендер бұл процестің субурбандалу деп аталғанын білесіңдер.
50-жылдары американ географтары АҚШ-та бұдан да гөрі ірі қала түзілімдері — мегалополистердің қалыптасқанын атап көрсетті. Қазір елде осындай үш мегалополис бар. Олар — Солтүстік-Шығыс, Көл маңы және Калифорния мегалополисі. Олардың Бостоннан Вашингтонға дейін созылып жатқан біріншісін қысқаша "Босваш", Чикаго мен Питтсбург аралығында орналасқан екіншісін —"Чипитс", ал үшіншісін (Сан-Франциско — Сан-Диего)— "Сан-сан" деп атайды.
АҚШ-тың ауыл халқы негізінен бөлек орналасқан фермаларда тұрады. Бірақ тіршілік жағдайлары бойынша ауыл тұрғындарының қала тұрғындарынан айырмашылықтары шамалы. Демек, шын мәнінде бүкіл елде қалалық өмір салты шексіз үстемдік етеді.
Шаруашылығының жалпы сипаттамасы: АҚШ-тың дүниежүзілік экономикадағы жетекші орны. АҚШ XIX ғасырдың аяғында Ұлыбританияны басып озып, өнеркәсіп өндірісінің көлемі жөнінен дүние жүзінде бірінші орынға шықты. Ол қазір де еңбек өнімділігінде, ғылымды көп қажет ететін өндірістің көпшілігінде біріншілікті бермей келеді. АҚШ өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының кейбір дәстүрлі салаларында да, сондай-ақ өндірістік емес салада да өзінің артықшылығын сақтап отыр.
Мысал. Батыс дүниесінде шығарылатын әуеракеталық-ғарыштық техниканың 3/4-інен астамы, электронды есептеу (әсіресе өнеркәсіптік және әскери) техникасының 2/3-сі, өндірілетін көмір мен АЭС-тер қуатының жартысынан астамы, жиналатын астық түсімінің 1/3-іне жуығы АҚШ-тың үлесіне тиеді.
АҚШ өнеркәсібі деңгейінің жоғарылығымен, өндірістік және территориялық шоғырлануымен көзге түседі. Ол жаппай сериялы, сондай-ақ ерекше күрделі, бірегей өнімдер шығаруға маманданады. "АҚШ-та жасалған" деген маркасы бар бұйымдар жақсы сапалы болып, дүниежүзілік рынокта бағаланады.
АҚШ өнеркәсібінде өндірістің жұртқа мәлім салаларының, сала тармақтары мен түрлерінің бәрі бар. Осыған қарамастан, олардың ішінде де ең алдымен елдің дүниежүзілік шаруашылықтағы келбетін айқындайтын негізгілері болады. Бұл ертеден-ақ АҚШ үшін дәстүрлі автомобиль жасау саласы. Бұл сондай-ақ екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болған әуеракеталық-ғарыш өнеркәсібі мен электроника. Мұнай өнеркәсібінің өте зор маңызы бар. Автомобиль және әуе көлігінің дамуымен, стратегиялық қажеттілікті қамтамасыз етумен тығыз байланысқан бұл сала көп ретте елдің экономикалық өміріне ғана емес, сонымен бірге саяси өміріне де бағыт береді.
Ауылшаруашылық өндірісінің көлемі жөнінен АҚШ дүние жүзінің кез келген басқа елінен әлдеқайда озық тұрады. АҚШ бірінші болып агробизнеске көшті. Өнеркәсіптегіге қарағанда, аграрлық-өнеркәсіптік кешен саласындағы еңбек өнімділігі тіпті тезірек өсуде. Көп салалы ауыл шаруашылығы елдің қажетін қамтамасыз етіп қана қоймастан, сонымен бірге экспорт үшін де айтарлықтай өнім береді. Сыртқа шығарылатын дүниежүзілік астықтың жартысына жуығы АҚШ-тың үлесіне келеді.
АҚШ-тағы ауылшаруашылық кәсіпорнының негізгі түрі — өнімнің басты бөлігін сатуға шығаратын ферма. Оның үстіне агробизнес жағдайында сатылық мамандану өте жақсы дамыған, мұнда біртұтас өндірістік процесс жекелеген буындарға жіктеледі.
Мысал. Оңтүстік-Шығыс штаттардағы фермерлер қызан көшетін өсіреді. Одан соң бүл көшетті үшақпен Калифорнияға жеткізіп, одан қызанның асханалық сорттарын өсіреді, ал Техасқа жеткізген көшеттерден — қызанақ шырынын өндіреді.
Фермалардың бұлайша мамандануы табиғат жағдайларының ерекшеліктерін барынша тиімді пайдалануға, жоғары сапалы әрі арзан өнім өндіруге мүмкіндік береді. Алайда ол да өнімді өткізу рыногы мен бағаның ауытқуына тәуелді болады.
АҚШ көліктің барлық түрлерін дамыту жөнінен де кез келген басқа елден алда келеді: Батыстағы көлік желісінің жалпы ұзындығының 1/3-і және бүкіл тасымалдың 1/4-і АҚШ-тың үлесіне тиеді. Канаданы қоса алғанда, АҚШ-тың көлік жуйесі ерекше Солтүстік Америка жүйесін құрайды. Оған көліктің барлық түрлерінің дамуы, жүк және жолаушылар тасымалы көлемінің ауқымдылығы, өте қашыққа тасымалдау, автомобиль көлігінің айрықша рөл атқаруы тән. 90-жылдардың басында елдің автомобиль паркінде 200 млн. машина болған.
АҚШ-та автомобиль нағыз бұқаралық қозғалыс құралы ретінде американдық тұрмыс салтының құрамдас бөлігіне айналған. Жұмысқа барып-келу, демалу, сауда-саттық, ойын-сауық — осының бәрі әдетте автомобильсіз жүзеге аспайтын тірлік. Автомобильге табыну 20-жылдарда-ақ қалыптаса бастаған. Барлық операцияларды машинада отырып-ақ тындыруға болатын арнайы кинотеатрлар, банктер, тіпті шіркеулер бар. АҚШ-та автомобильді көлік құралы ғана емес, сонымен қатар адамның қоғамдағы орнын білдіретін ерекше символ деуге де болады. Автомобильдің арқасьшда американдар дүние жүзіндегі жаяу жүрмейтін ұлтқа айналған. Адамдар қашықтықтан қаймықпайды. Американдық өз өмірінде бір орыннан екінші орынға орта есеппен алғанда басқа елдердің тұрғындарына қарағанда 13 есе жиі көшеді.
Материалдық емес өндіріс саласы мен қызмет көрсету өте жақсы дамыған, қазір онда барлық еңбек ететіндердің 2/3-сі шоғырланған. Бұл АҚШ-тың кейінгі индустриялық қоғам сатысына өткенін көрсетеді.
АҚШ-тың XX ғасырдың ортасына дейінгі шаруашылығының территориялық құрылымына территория, табиғат қорлары, көлік, еңбек қорлары, шоғырлану факторлары көп ықпал етті. ҒТР дәуірінде ғылымды көп қажет ету, экология, экономикалық-географиялық жағдай факторлары ерекше маңызға ие болды. Шетелдік Еуропадан өзгеше, АҚШ шаруашылығының қазіргі географиялық бейнесіне экономикалық өмірдің шеткі мұхит маңы және көл маңы аудандарына шоғырлануы тән. Мұндай шоғырланудың қала халқының шоғырлануымен тікелей байланысы бар; елдегі бүкіл өнеркәсіп өнімінің 3/5-і үш мегалополистің территориясында өндіріледі.
Экономикасы дамыған басқа елдердегі секілді, АҚШ-та да айтарлықтай территориялық сәйкессіздік бар, аса дамыған аудандар кейде тоқырауға ұшыраған аудандармен көршілес тұрады. Елде белгілі бір нәтиже берген мұндай сәйкессіздікті жоюға бағытталған аймақтық саясат жүргізіледі. Мәселен, өндіргіш күштердің солтүстік штаттардан оңтүстік және батыс штаттарға қарай орын ауыстыруы байқалады. Бірақ артта қалған және тоқырауға ұшыраған аудандардың өркендеуі өте баяу өтуде.
Өнеркәсіп географиясы: табиғат қорлары, басты салалары мен аудандары. АҚШ-та өнеркәсіптің дамуы үшін табиғат қорлары өте қолайлы орналасқан.
Мысал. Батыстың экономикасы дамыған елдері арасында АҚШ көмір (3,6 трлн. т), мұнай (4,4 млрд. т), табиғи газ (10 трлн. м3), уран, темір (25 млрд. т) және молибден кені, фосфорит, күкірт, сондай-ақ су энергетикасының (700 млрд. кВт. сағ.) қоры жөнінен бірінші орын алады.
Пайдалы қазбалар алабы мен кен орындары бүкіл елге кең таралған; мәселен, көмір мен мұнайдың қоры 30-дан астам штатта барланған. Тектоникалық құрылысының ерекшеліктеріне қарай АҚШ территориясын ең үлкен — шығыс (платформалық) және батыс (қатпарлы) бөлікке бөлуге болады. Шығыс бөліктің басты байлығы — отын пайдалы қазбалары, батыс бөлігінің басты байлығы — кенді қазбалар.
Елде геологиялық іздестіру және барлау жұмыстары жан-жақты жүргізілуде, Осындай жұмыстардың нәтижесінде мұнайдың бүкіл болашақтағы қорының жартысы континенттік қайраңдағы кен орындарында — Мексика шығанағында, Калифорния мен Алясканың жағалауында болып отыр. АҚШ-тың жаңадан игерілген ауданы — Алясканың материктік бөлігінде елдегі аса ірі Прадхо-Бей мұнай кен орны ашылды. [6].
Осыған қарамастан, соңғы уақытта елде қорлармен қамтамасыз етудің көптеген проблемалары шиеленісіп, кейбір кен орындары сарқылуға айналды. Осының салдарынан 70-жылдары дүние жүзіндегі табиғат қорларына бай елдердің бірі өз тарихында тұңғыш рет олардың тапшылығына ұшырады.
Басты салалар географиясы. АҚШ-тың өнеркәсіп картасынан көптеген штаттарда жетекші салалардың бәрінің дамығанын байқау қиын емес. Бірақ мұндай жалпы көріністен әдетте екі-үш басты штат ерекше бөлініп тұрады.
Мұның отын-энергетика өнеркәсібіне қатысы бар.
1-мысал. Көмір 15-тен астам штатта өндіріледі, бірақ елдің басты "көмір штаттары"— Кентукки, Батыс Виргиния, Пенсильвания, бұлардың шегінде елдегі ең ірі Аппалач көмір алабының бөлігі бар. Соңғы уақытта құрамында күкірт аз көмірі ашық әдіспен өндірілетін Батыстағы Вайоминг штатының маңызы өсіп келеді.
2-мысал. Электр энергиясы елдің барлық штаттарында өндіріледі, бірақ электр станцияларының ең ірі шоғыры Теннесси және Вашингтон штаттарында пайда болған. Мұның алғашқысында 30-жылдарда-ақ Теннесси өзенінде СЭС-тер тізбегі салына бастаған, кейін оны көптеген ЖЭС-тер мен АЭС-тер толықтырған. Вашингтон штатындағы Колумбия өзенінде қуаты 20 млн. кВт дүние жүзіндегі аса ірі СЭС тізбегі салынған.
Мұнай өнеркәсібі де осындай жарқын мысалдарға толы. Елдің Солтүстігінде пайда болып, осы күнге дейін негізінен Иллинойс, Индиана, Огайо, Пенсильвания, Мэриленд секілді металлургия штаттарына шоғырланған қара металлу ргия жөнінде де осыны айтуға болады. Түсті металлургия саласында Таулы штаттар басты орын алады.
Машина жасау өнеркәсібін орналастыру негізінен қалалар мен агломерациялардың орналасуына сай келеді. Іс жүзінде елдің басты үш машина жасайтын ауданын қүрайтын АҚШ-тың үш мегалополисіне мұның ерекше қатысы бар. Алуан түрлі кәсіпорындарының болуына қарамастан, кейбір штаттар өздерінің едәуір бір жақты мамандануымен көзге түседі.
1-мысал. Елдің 20 штатында орналасқан 125 қалада автомобиль зауыттары бар. Алайда автомобиль Көл маңы мегалополисінде бәрінен де көп шығарылады. АҚШ-тың басты "автомобиль штаты"— Мичиган мен автомобиль астанасы"— Детройт осында орналасқан. [7].
2-мысал. Көптеген штаттарда әуеракета-ғарыш және электрон өнеркәсібінің ірі орталықтары бар. Алайда Тынық мұхит жағалауындағы штаттар, ең алдымен АҚШ-тың "әуеракета-ғарыш астанасы"— Лос-Анджелес орналасқан Калифорния штаты ерекше көзге түседі. Әлемдегі аса ірі әуе лайнерін жасаушы "Боинг" компаниясының басты иелігі — Сиэтл де үлкен рөл атқарады.
Станок жасау негізінен Көл маңы және Солтүстік-Шығыс мегалополистерінің шегіне, ауыл шаруашылығы — Көл маңы, кеме жасау — Солтүстік-Шығыс мегалополистеріне шоғырланған, электрон өндірісі — барлық үш мегалополисте де бар.
Химия өңеркәсібі ондаған орталықтарда бар, бірақ оның жеке аудандарға шоғырлануы да жиі байқалады.
Мысал. Мексика шығанағындағы мұнай-газ алабы шегінде АҚШ-тың мұнай және газ химия өнеркәсібінің басты ауданы қалыптасты. Мұнда 200-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді және АҚШ-тың "мұнай химиясының астанасы"— Хьюстон орналасқан.
Тоқыма өнеркәсібі екі ғасыр бойында Солтүстік Атлантика штаттарында — орталығы Бостон болып саналатын Жаңа Англияда шоғырланды. Бірақ соңғы уақытта бұл сала Оңтүстік Атлантика штаттарына қарай, жұмыс күші едәуір арзан аудандарға, мақта және синтетикалық талшық өндіретін аудандарға, өткізу рыноктарына жақын көшіп-қонды.
Өнеркәсіп аудандары мен белдеулері. АҚШ секілді елде түрліше дәрежедегі өнеркәсіпті аудандарды бөліп көрсетуге болатынын сендер білесіңдер. Олардың аса ірілері үшеу — Нью-Йорк, Лос-Анджелес және Чикаго өнеркәсіпті аудандары. АҚШ-тың өнеркәсіпті аудандарының көпшілігі бұдан да гөрі ірі құрылымдарға — төрт өнеркәсіп белдеуіне кіреді.
Атлант мұхитынан Миссисипиге дейін 1,5 мың км-ге созылып жатқан ең кәрі Солтүстік өнеркәсіпті белдеудің рөлі ерекше зор. Ол бірнеше өнеркәсіпті ескі аудандар мен жүзге жуық өнеркәсіп орталықтарын қамтиды. АҚШ-тың өнеркәсіп өндірісінде бұл белдеудің үлесі кеміп келе жатқанымен, ол дүние жүзіндегі ең үлкен индустриялық аймақ болып қалып отыр. Соңғы онжылдықтарда қалыптасқан Оңтүстік-Шығыс өнеркәсіпті белдеуі еңбек пен энергияны көп қажет ететін өнімдер шығаруға мамандануда. Мексика шығанағы жағалауындағы айтарлықтай жас аудан (оны әдетте "Галф"—"шығанақ" деп атайды) мұнай өңдеу мен мұнай химиясыңа маманданған. Ал Калифорнияда ғылымды көп қажет ететін ең жаңа салалар басым.
Ауыл шаруашылығының географиясы: табиғи алғышарттары, басты салалары мен аудандары. Ауыл шаруашылығын дамытуға қажетті табиғат қорларын өте қолайлы орналастыра отырып, табиғат АҚШ территориясына асқан жомарттық жасаған.
Елдің жер байлығы зор және жер қорының құрылымы да тиімді; АҚШ-тың негізгі территориясының жартысына жуығын өңделетін жерлер, шалғындар мен жайылымдар алып жатыр. Шамалы төбелі Орталық құнарлы жазықтарда жыртылған жер кейде 80—90%-ке жетеді. Аляскада, Кордильер белдеуінің биік таулы және шөлді аудандарында ғана ауыл шаруашылығына қолайсыз жерлер басым.
АҚШ-тың агроклиматтық қорлары да айтарлықтай. Сендер АҚШ-тың географиялық жағдайын Еуропаның жағдайымен салыстырсаңдар, мұны жақсы түсіне аласыңдар. Температура жағдайлары мұнда қоңыржай және субтропиктік белдеулердің барлық ауылшаруашылық дақылдарын, ал Флориданың оңтүстігі мен Гавайда — тропиктік дақылдарды өсіруге мүмкіндік береді. Елдің шығыс жартысында ылғал жеткілікті. Бірақ өзінше климаттық шекара болып есептелетін 100° меридианнан батысқа қарай қолдан суарған жағдайда ғана орнықты егіншілікті дамытуға болады. Барлық суарылатын жердің 3/4-і батыстағы штаттарға келетіні, міне, сондықтан.
Бүкіл жер көлемінің 2/3-сін алып жатқан дәнді дақылдар АҚШ-тағы өсімдік шаруашылығының басты бағыты болып табылады. Басты азық-түліктік дақылы — бидай, бірақ мал азықтық дақылдардан (жүгері, сорго) әлдеқайда мол түсім жинайды. Майлы дақылдардың ішінде соя бұршағы жетекші орын алады, одан жиналатын түсім соңғы онжылдықтарда барынша өсіп отыр. Ол тамаққа (өте кең таралған соя майы түрінде) да, мал азығына да пайдаланылады. XIX ғасырда экспорттың басты саласы болған мақта талшықты дақылдардың ішінде айрықша орын алады. Қант қызылшасы мен қант құрағы қатты дақылдардың ішінде шамамен бірдей орын алады. Американдардың көпшілігінің күнделікті тамақ құрамына кіретін жемістер мен көкөністер де өте маңызды рөл атқарады.
АҚШ-тағы мал шаруашылығының басты бағыты — сүтті және етті ірі қара өсіру. Шошқа мен үй құстары да көп өсіріледі. Етті балапандар (бройлер) өсіру — АҚШ ауыл шаруашылығының барынша индустрияландырылған саласы, оны бәрінен бүрын өнеркәсіптің ауылдық жерлерде орналасқан саласы ретінде қарастыруға болады. Жыл сайын 4 млрд.-қа дейін бройлер шығарылады. Оларды кез келген асханадан, дәмханадан сатып алуға болады.
Ауылшаруашылық аудандары. АҚШ-та ауыл шаруашылығының экономикасы дамыған елдерде кездесетін барлық негізгі түрлері бар деуге болады; ғалымдар елден ауыл шаруашылығының осындай 13 түрін бөліп көрсетеді. Оның үстіне, табиғат жағдайларының өте алуан түрлілігі, жоғары тауарлылық, ауылшаруашылық жүктерін жаппай тасымалдауға мүмкіндік беретін көліктің дамуы, жеке фермалардың ғана емес, сондай-ақ АҚШ-та белдеулер деп аталатын тұтас аудандардың айтарлықтай бір жақты мамандануы үшін алғышарттар жасады. Бұл Ұлы жазықтарда қалыптасқан бидай белдеуі, мұндағы әлденеше мың гектар территорияға орналасқан нағыз "астық фабрикалары"— фермалардың механикаландырылу деңгейі өте жоғары. Бұл Орталық жазықтардың солтүстігінде пайда болған жүгері белдеуі, мұндағы топырақ-климат жағдайлары жүгері өсіруге өте қолайлы. Бұл Көл маңы мен Солтүстік-Шығыс штаттардың сүт белдеуі. Бұл Миссисипидің төменгі ағысында қалыптасқан мақта белдеуі. Бұл Ұлы жазықтардың оңтүстік бөлігі мен Таулы штаттардағы ранчода дамыған мал шаруашылығы белдеуі. Жер жаңғағын, темекіні, күрішті, жемістер мен көкөністерді өсіруге маманданған аудандар жөнінде де айтуға болады. [8].
Көлік географиясы: басты магистральдары мен тораптары. Сыртқы сауда. Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа дейін және Канада шекарасынан Мексика шекарасына дейін ендік және меридиандық бағытта созылып жатқан континентаралық магистральдар АҚШ-тың көлік желісінің қаңқасын құрайды. Бұл қаңқаның үстіне ішкі су жолдарының желісі қоса салынғандаъ Ендік бағытта алғанда бұл ең алдымен 50-жылдардың соңында терең су жолына айналған Қасиетті Лаврентий өзені мен Ұлы көлдердің жүйесі. Меридиандық бағытта алғанда бұл "американдық Еділ"— Миссисипи. Құрлық жән су магистральдарының және әуе жолдарының қиылысқан жерлерінде ірі көлі жол тораптары пайда болған.
Мысал. Чикаго — АҚШ-тың ең ірі көлік жол торабы. Мұнда ондаған темір жолдар мен автомобиль жолдары түйіседі, көп мөлшердегі алуан түрл жүктер тиеп-түсіріледі. Дүние жүзіндегі ең үлкен 0'Хэйр аэропорты осында орналасқан. [9 ].
Елдің Атлант және Тынық мұхиты жағалауында, сондай-ақ АҚШ-тың"үшінші теңіз жағалауы"— Ұлы көлдерде орналасқан көптеген теңіз порттарында ірі көлік жол тораптары қалыптасқан. Елде барлығы жүзге жуық ірі порт бар. Порт-өнеркәсіп кешенінің ең бастылары Атлант мұхиты жағалауының солтүстік бөлігіне және Мексика шығанағы жағалауына орналасқан, Атлант мұхиты жағалауында қолайлы айлақтар жеткілікті.
Шетелдік Еуропаға қарағанда АҚШ экономикасының сыртқы саудаға тәуелділігі шамалы, бірақ ол да өсіп келеді. Мұндай сауданың шамамен 2/3-сі экономикасы дамыған елдерге келеді. Ғылымды көп қажет ететін салалардың өнімдері АҚШ экспортында негізгі орын алады. Осыған қарамастан, елдің сауда балансы пассив болып табылады.
Демалыс және туризм географиясы: басты аудандары. Халықаралық туризмнің дамуы жөнінен АҚШ Еуропадан әлдеқайда артта қалады, бірақ осыған қарамастан, жыл сайын елге 30—40 млн. адам келеді. Мұнда Канадамен көршілік туризм дамыған. Ішкі туризм, автомобильге қызмет көрсетуді қоса алғанда, "қонақжайлылық индустриясы" өте күшті дамыған.
АҚШ-тың өте көп және алуан түрлі табиғи-тынығу қорлары бар, осылардың негізінде ірі табиғи-тынығу аудандары қалыптасқан. Теңіз маңындағы туризмнің басты аудандары — Флорида, Калифорния және Гавай аралдары, тау туризмінің аудандары — Батыстағы, әсіресе Сеңгір таулар шегіндегі штаттар, көл маңындағы туризмнің басты аудандары — Көл маңайындағы штаттар.
АҚШ-та 50 ұлттық парк бар, оларды жыл сайын 50 миллионнан астам туристер келіп көреді. Олардың ең атақтылары — Йеллоустон, Йосемит, Секвойя, Глейшер, Үлкен шатқал, Батыстағы Колорадо және Аппалачтағы Грейт-Смоки-Маунтинс парктері. Ұлттық парктермен, қорықтармен және табиғи резерваттармен қатар, АҚШ-тағы туристік-тынығу территорияларының жүйесі "ұлттық ескерткіш", "ұлттық мемориал", "ұлттық тарихи парк", "ұлттық шайқас алаңы" секілді категорияларды да қамтиды.
Айналадағы ортаны қорғау: жаманы артта қалды. 60—70-жылдары АҚШ-тың кейбір барынша индустрияландырылған және урбандалған аудандары экологиялық дағдарыс шегінде тұрды.
Пайдалы қазбаларды ашық әдіспен өндіруді ұлғайту жарамсыз жерлер — "бедлендтер" көлемінің өсуіне, жылу энергетикасын арттыру — қышқыл жаңбырлардың таралуына, қауырт автомобильдендіру — бірқатар қалалардың нағыз "түтінполистеріне" айналуына әкеп соқтырды. [10]. Ұлы көлдердегі, әсіресе Эри көліндегі тіршілік семе бастады. Американ әдебиетінде өнеркәсіпті қала Кливленд орналасқан өзеннің өртенген бірегей жағдайы сипатталған, өйткені оның суы осыншама дәрежеде мұнайға қаныққан еді.
Осындай жағдайда АҚШ-та айналадағы ортаға қатысты ұлттық саясат жөнінде заң қабылданды. Табиғат қорғау шараларына жүмсалатын қаржы мөлшері арттырылды. Жаңа технология енгізіле бастады. Жұртшылық та едәуір бастама көтерді. Жастарға экологиялық білім және тәрбие беру жақсарды. Осының нәтижесінде айналадағы ортаның күйі біртіндеп жақсара бастады. Ұлы көлдер мен оларға құятын өзендер тазарып, олардан қайтадан бахтах аулана бастады, Нью-Иорк, Чикаго және басқа қалалардың ауасы тазара түсті. Бірақ кейбір қалаларда экологиялық жағдай әлі де күрделі күйінде қалып отыр.
2. АҚШ-ТЫҢ ІРІ АУДАНДАРЫМЕН ТАНЫСАЙЫҚ
АҚШ-ты ірі аудандастыру: төрт негізгі бөлігі. Таяу уақытқа дейін АҚШ-ты үш негізгі экономикалық ауданға бөлу кеңінен қолданылды. Алайда 80-жылдары американ статистикасы тарихи-мәдени ерекшеліктері жөнінен де, қазіргі әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінен де өзара айырмашылықтары бар төрт ірі ауданды бөліп көрсете бастады. Олар: Солтүстік-Шығыс, Орта Батыс, Оңтүстік және Батыс.
Солтүстік-Шығыс: "ұлт шеберханасы". Солтүстік-Шығыс — жер көлемі жөнінен АҚШ-тағы ең шағын ықшамаудан. Бірақ оның ел өміріндегі рөлі ерекше маңызды болып келді және солай бола бермек.
1620 ж. Массачусет шығанағының жағалауына Англиядан үстінде алғашқы ағылшын қоныс аударушылары бар "Мейфлауэр" кемесі келді. АҚШ-тың бесігі деп атауға болатын Жаңа Англия осылайша пайда болды; байырғы американдардың символы ретінде айтылатын "янки" сөзі ең алдымен осы аймақтың тұрғындарына қатысты. Жаңа Англияның орталығы — Бостон жаңа жерлерде пайда болған алғашқы қала еді. АҚШ-тағы ең көне Гарвард университеті (1636 ж.) осында орналасқан. Кейінірек қоныс аударушы ағылшындар голландықтардан Манхаттан аралындағы Жаңа Амстердам елді мекенін сатып алып, оны ағылшын королі II Карлдың бауыры, Йорк герцогы флоты қолбасшысының құрметіне Нью-Йорк деп атаған. Бұдан да кейінірек Филадельфияның іргесі қаланып, онда 1776 ж. АҚШ-тың Тәуелсіздік декларациясы жарияланды.
Солтүстік-Шығыс ұзақ уақыт бойы өзге аудандардан гөрі тезірек дамыды. Бұған оның экономикалық-географиялық жағдайының тиімділігі, тас көмірге байлығы, отарлану ерекшеліктері себепші болды. Бұл ауданды "ұлт шеберханасына" айналдырған АҚШ-тың өнеркәсіпті белдеуі нақ осы Солтүстік-Шығыста өмірге келді. XX ғасырдың екінші жартысында оның көптеген көрсеткіштер бойынша үлесі кемігенімен, ол елдің өте маңызды экономикалық ауданы болып қала берді. Оның шаруашылығы мен орналасуының географиялық бейнесін ең алдымен өздеріңе белгілі Солтүстік-Шығыс мегалополисі айқындайды, ал бұл мегалополисті көбіне елдің "Басты көшесі" деп атайды. Елдің "экономикалық астанасы"— Нью-Йорк пен саяси астанасы — Вашингтон осында орналасқан. Олардың аралығын жолаушылар экспресі шамамен үш сағатта жүріп өтеді.
Нью-Йорк — АҚШ-тың ең үлкен қаржы, өнеркәсіп, көлік жолы, сауда және мәдени орталығы. Ол елдің ішкі жиынтық жалпы өнімінің 1/10-інен астамын береді, сөйтіп бұл көрсеткіш жөнінен, мысалы, бүкіл Үндістаннан асын түседі. АҚШ-тың басты қаржы орталыеы ретінде Нъю-Йорктың маңызы ерекше зор.Мұнда аса ірі банктер мен қамсыздандыру компанияларының басқармалары орналасқан. Нью-Йорктың қор биржасы — АҚШ-тағы ғана емес, сондай-ақ дүние жүзіндегі қаржы-банк операцияларының орталығы.
Нью-Йорктың өнеркәсібінен үш саланы бөліп көрсетуге болады. Біріншіден, бұл ауыр өнеркәсіп салалары, олар қаланың порт ретіндегі атқаратын қызметіне және теңіз жолы арқылы алатын шикізаттары — мұнайды, түсті металдарды өңдеуге байланысты. Екіншіден, бұл жұмыс күшіне және тұтынушыға — машина жасау, тігін, тамақ өнеркәсібіне бағдарланып пайда болған салалар; Нью-Йорктың "сән табушы" және "аспаздық астанасы" аталуы кездейсоқ емес. Үшіншіден, бұл оның "жаңалықтар астанасы" ретінде бүкіл әлемге даңқын жайған полиграфия өнеркәсібі. [11]. Нью-Йорк ойын-сауық әлемінде де ойлап табушы рөлін атқарады.
Нью-Йорк қаласының өзі бес ауданнан тұрады, олардың көпшілігі Гудзон өзенінің сағасындағы аралдарға орналасқан.
Олардың ішінен Манхаттан аралына орналасқан осы аттас аудан кеңінен мәлім. Ол айқын тікбұрышты етіп жоспарланған, оны аралды бойлай созылып жатқан 11 ендік авеню мен оларға перпендикуляр жүргізілген 200 тар "стрит" түзеді. Манхаттанның бір кезде Голландияның Жаңа Амстердамы болған оңтүстік бөлігінде Орталық іскер аудан ("даунтаун") орналасқан. Мұнда аса ірі банктер, ұлтаралық корпорациялардың штаб-пәтерлері, қор биржасы, муниципалдық мекемелер қоныс тепкен; қысқа әрі тар Уолл-стрит көшесі кеңінен мәлім. Манхаттанның сыртқы келбетін аспанмен тілдескен биік үйлер көрсетеді, олардың 30-ының биіктігі 200 метрден асады. Егер бұрын қаланың келбетінде ең алдымен 30-жылдары тұрғызылған "Эмпайр стейтс билдинг" биік үйі (102 қабат. 381 м) басым көрінетін болса, қазір оған Орталық іскер ауданда тұрғызылған Дүниежүзілік сауда орталығының екі егіз мұнарасы (110 қабат, 412 м) қосылды. [12].
Елге келетін иммигранттардың 90%-і сол арқылы өтетін АҚШ-тың "бас қақпасы"— Нью-Йорктың ұлттық құрамы алуан түрлі, онда 177 ұлттың өкілдері тұрады; оның тұрғындарының кемінде 2/5-сін таяуда келген иммигранттар мен олардың балалары құрайды. [13]. Нью-Йорктегі газеттер 15 тілде шығады.
Вашингтон — 1800 ж. бері АҚШ-тың астанасы. Нью-Йорктен өзгеше, оның басты өнімі, бейнелеп айтқанда — бұл заңдар мен үкімет қаулылары. Вашингтон АҚШ-тың өзге қалаларынан гөрі Еуропа қалаларын көбірек еске салады. Бұл АҚШ-тың аса биік үйлері жоқ бірден-бір қаласы, өйткені мұнда ел конгресінің резиденциясы — Капитолийден биік ғимарат тұрғызуға тыйым салынған. Вашингтонда өнеркәсіп орындары аз, бірақ ол ірі ғылыми және мәдени орталық.
Вашингтонның негізін 1791 ж. Потомак өзенінің төменгі ағысында АҚШ-тың тұңғыш президенті Джордж Вашингтон қалаған. Мэриленд және Виргиния штаттарының шекарасында, яғни Солтүстік пен Оңтүстіктің ше¬карасында астанаға арнап көлемі 10x10 миль жер бөлінген. Қала айқын тікбұрышты етіп жоспарланған, оны Капитолийден және президенттің резиденциясы — Ақ үйден таралатын кең авенюлер толықтырады. [14].Егер Жаңа Англия ұзақ уақыт бойы АҚШ жеңіл өнеркәсібінің басты ауданы болса, Аппалач алабының негізінде өнеркәсіп белдеуі тіреулерінің бірі қалыптасқан Пенсильванияның батыс бөлігі өткен ғасырда-ақ "Америка Руры" деп аталған. Огайо өзеніне орналасқан бүл көмір-металлургия базасының басты орталығы — Питтсбург АҚШ-тың "металлургия астанасы" атағына ие болған. Бірақ ұзақ уақыттан бері бұл ескі өнеркәсіпті аудан құлдырап, тоқырауға ұшырағандар категориясына жатады.
Орта Батыс: ірі өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы ауданы. Орта Батысқа адамдар XIX ғасырда-ақ қоныстанып, игерген болатын. Өнеркәсіптік белдеудің территориясы Нью-Йорк пен Бостоннан біртіндеп батысқа қарай жылжып, кейде "Американың Жерорта теңізі" деп аталатын Көл маңайы аймағын қамтыған. Осында отын мен шикізаттың бай қорлары және экономикалық-географиялық жағдайының қолайлылығы негізінде Чикаго, Детройт, Кливленд секілді ірі өнеркәсіп орталықтары қалыптасты. XX ғасырдың екінші жартысында Көл маңайы мегалополисі қалыптасты.
Чикагоны шын мәнінде Орта Батыстың астанасы деп атауға болады. Бұдан 150 жыл бұрын Ұлы көлдер мен құнарлы прерийлердің түйіскен жерінде пайда болған бұл қала көптен бері американ индустриясының қуаты мен динамизмінің символы, астық пен малдың басты рыногы болып келеді. Бұл, сонымен қатар, аса ірі қаржы, сауда және мәдениет орталығы, өздерің білетіндей, ол АҚШ-тағы ең үлкен көлік жолы торабы. Чикаго субурбандалудың өте жарқын мысалы. Оның агломерациясына ондаған серік қалалар, "жатын" қалалар кіреді.
Бірақ Орта Батыс көмір мен темір кеніне ғана бай емес. Ерекше қолайлы топырақ және агроклимат жағдайлары да оның байлығын құрайды. Орта Батыстың көптен бері елдің наеыз астықты өлкесіне айналуы, міне, сондықтан. АҚШ территориясының не бары 1/5 бөлігін алып жатқан Орта Батыс ел өндіретін ауылшаруашылық өнімдерінің жартысына жуығын береді. Осы ірі ауданның шегінде сүт белдеуі орналасқан, оған сүрлем салатын мұнаралардың күмістей жарқыраған күмбездері бар ірі фермалар тән; мұнда өндірілген сүт, май, ірімшік бүкіл елге таралады. Мұндағы жүгері белдеуінің негізінде фермерлер етті мал мен шошқа өсіреді.
Географ Л. В. Смирнягин жүгері белдеуін былайша сипаттайды: "Күздегі өлкенің келбеті керемет әсер қалдырады: биіктігі 2— 3 метрлік алып жүгері алқабын теңіз емес, желдің әсерінен үлкен толқын туғызған тұтас мұхит дерсіз, қошқыл-жасыл сорго аралдары, шырынды сояның шексіз алқапта¬ры, қоршауларда тұрған қоңды мал, әсем фермалардың үйлері. Осының бәрі күтімі бар, гүлденген белдеу болып көрінеді, ол тегін емес: "жергілікті банктің" фермерге беруге келісетін несиесінің мөлшері едәуір дәрежеде ферманың сыртқы түріне де байланысты болады".Мұндағы жаздық бидай белдеуі прерийдің табиғи ландшафтысын әлдеқашан-ақ өзгерткен болатын. Оның шексіз кеңістігіне фермалар мен шағын қалашықтар шашырай орналасқан, мұндағы бетон элеваторларға фермерлер өз өнімдерін жеткізеді. Ал оңтүстікке қарай — күздік бидай белдеуі жайғасқан.
Оңтүстік: үлкен өзгерістер ықшам ауданы. Американың Оңтүстігі ең алдымен құлдық плантациялық шаруашылықтың басым болуына байланысты ұзақ уақыт бойы Солтүстік-Шығыс пен Орта Батыстан әлдеқайда баяу дамы¬ды. Бір жарым ғасыр бойы ол "мақта-корольдің" иелігі болып келді. Кейін де Оңтүстік неғұрлым дамыған ірі аудандардың аграрлық шикізат шылауы болды. Кедейлік, мешеулік, нәсілшілдіктің шектен шыққан көріністері Оңтүстікпен байланыстырылды.
Алайда соңғы онжылдықтарда Оңтүстіктің бұл дәстүрлі көрінісі келмеске кетті. Аймақ мұнай, табиғи газ, көмір, фосфорит өндіру, электр станцияларының, мұнай-химия комбинаттарының қуаты жөнінен елде бірінші орын алды.

Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



102.5Kb
Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Добавил: Admin
Просмотров: 3468 | Загрузок: 264 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Жапонияның тарихы
Мұнай және мұнай өнімдерінің топыраққа әсері
Қорғалжын қорығы (Ақмола облысы)
Валеология бойынша бағдарламаны енгізу
Ұлы Ақын Жамбыл Жабаев
Неологизм терминінің мағынасы мен мәні
Қонақ үйдегі қызмет көрсету сапасы мен тиімді жұмыс істеуінің байланыс...
Денсаулық - басты байлық
Валеология – салауатты өмір сүрудің негізі
Әзірбаев Кенен
Қазақ музыка өнері
Абайтанушы ғалым Қайым Мұхаметханұлы
Бетховен өмірбаяны
Қазақстан Республикасының климаты
Домбыра философиясы