Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 21.9.2017
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » География, Экономикалық география, Геология, Геодезия

Ақтау қаласы
Загрузка...
Ақтау — Қазақстанның оңтүстік-батысындағы қала, Маңғыстау облысының орталығы.
1964 жылдан 1991 жылға дейін украин ақыны Тарас Шевченконың құрметіне Шевченко аталған.
Климаты — тез континенталды, құрғақ және өте ыстық жаз. Орташа температурасы: қаңтар айында −4 °C, шілдеде +27 °C. Қала Каспий теңізінің жағасында орналасқан.
Ұлттық құрамы — қазақтар, орыстар, украиндықтар.
Өндірістік қала, мұнай және газ өндіріледі.
Ақтау қаласы Ленинград қаласының үлгісі бойынша қалана бастады. Қалада 29 шағынаудан бар. Әрбір шағынауданда шамамен 20-30-дай үй бар, әр үйде орташа есеппен алғанда 60 пәтер бар. Ақтау қаласының басқа қалалардан ерекшелігі: көше аттарының болмауы. Қала шағынаудандарға бөлінгендіктен керекті жерді табу оңай. Бұл атау жүйесі қаланы салғандағы мақсат мұнайшылар поселкесін салудағыдан болған деседі.
Ақтауда Абай атындағы мәдениет сарайы, Н.Жантөрин атындағы драма театры, көптеген кинотеатрлар (Ардагер, Астана, Юность т.т.), түнгі клубтар бар (Лагуна, Дискай, Элико және т.б.). Теңіз жағасында ойын-сауық орталықтары, спорт және мәдени кешендері, демалыс орындары жетерлік.
Қазіргі уақытта Ақтау қаласының солтүстігінен Ақтау-Сити қаласының құрылысы жүріп жатыр. Бұл жоба Біріккен Араб Әмірліктерінің қолдауының арқасында 2007 жылы іске асырыла бастады.
Ақта́у — Қазақстанның оңтүстік-батысында орналасқан қала, Маңғыстау облысының (ескі аты Маңғышылақ облысы) орталығы. 1961-1964 ж.ж. аралығында Ақтау поселкесі, Ақтау қаласы деп аталды. XIX ғасырдың ортасында Қазақстанға жер аударылған украин ақыны Тарас Шевченконың құрметіне 1964-1991 жылдары Шевченко қаласы деп аталды. Өнеркәсіптік қала болып табылады. Оның пайда болуына Кеңес Одағы басшылығының жиырмасыншы ғасырдағы орта машинажасау министрлігі қатысуымен және сол кездегі министр Славский Е.П. басқаруымен елдің ядролық қалқанын жасау туралы шешімі әсер етті. Нәтижесінде уран кенін өндіру, оны өңдеу және байыту сияқты амалдарды орындай алатын ерекше кешен құрылды. Кешендегі кәсіпорындар желісі химиялық реагент өндіріп (азот-тук және күкірт қышқылы зауыты), жылу және электр энергиясымен, сумен (ТЭЦ, БН-350) қамтамасыз етті. Су тапшы жағдайда тіршілік етуге қажетті инфрақұрылым пайда болып, адамдардың қалада өмір сүруге жағдай жасалды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Ақтау XX ғасырда ашылған және жаңадан барланған Жетібай, Қаламқас, Қаражанбас, Атамбай-Сарытөбе, Оймаша, Комсомольское, Солтүстік Бозащы, Қарақұдық, Толқын, Арман және Дұңған сияқты мұнай-газ кен орындарының өңдейтін орталыққа айналды. Климаты – шұғыл континенттік, жазы ыстық, шөлді, орташа температурасы: қаңтарда −4 °C (минус 15 градус температура мен күшті жел кезінде мектептегі сабақтар тоқтатылатын), шілдеде +27 °C. Жазда ауа температурасы +45 °C (түнде плюс 38) дейін жетеді. Жердің беті күн түскен кезде +70° дейін қызады. Қала Каспий теңізінің жағасында орналасқан. Сумен қамтамасыз ету үшін МАЭК су тұщыландыратын станция жұмыс істейді. Онда теңіз суының өндірістік дистилляты мен «Құйлыс» көзінен келетін қатты минералданған жерасты суы дайындалып, араластырылады. Қала маңында табиғи ауыз су көзі жоқ. Кеңестік ғылымға сәйкес Еуропа мен Азияның шекарасы Мұғалжардан басталып, Ембі өзенінің бастауына дейін, одан Ембі бойымен Каспий теңізіне дейін жүргізілетін. 1950 жылдарға дейін Қазақстан аймағындағы Еуропаның шекарасы Орал өзенінің бойымен өтетін. 2010 жылдың сәуір-мамыр айларында Орыс географиялық қоғамының экспедициясы Еуропа шекарасын Мұғалжар арқылы, одан Каспий маңы ойпаты (Шығыс Еуропалық жазығы бітіп, Үстірт үстіртінің батыс бөлігі өтетін жер) арқылы өту керек деген қорытындыға келді. Мұндай жағдайда Еуропа шекарасы қазіргіден әлдеқайда оңтүстікке қарай ығысады. Қазіргі кезде Орыс географиялық қоғамының ғалымдар тобының пікірі Халықаралық географиялық одақтың қолдауына ие болмады. Демек, егер Халықаралық географиялық одақ Орыс географиялық қоғамының қорытындысын қолдаса, Маңғыстау облысының бір бөлігі Еуропада орналасқан болып шығады. Қалада теміржол вокзалы жоқ. Поездар Маңғышылақ станциясына келіп тоқтайды. Қала мен станция арасында №101 автобусы мен таксилер қатынайды, ара қашықтығы – 20 км. Ақтау порты Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан. Ақтау түрлі халықаралық құрғақ жүктерді, мұнай шикізатын және мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған Қазақстандағы жалғыз порт болып табылады. Перифериялық өнеркәсіп орталықтарын құру және Кеңес Одағының қорғаныс қабілетін арттыру мақсатында осындай теңіз қатынасының болуын талап етті. Маңғышылақ аймағының уран өнеркәсібінің және мұнай кен орындарының өнімін тасымалдау үшін 1963 ж Ақтау порты құрылды. Одан кейінірек осы порттың арқасында БН-350 атом электр станциясы, химия саласының бірқатар зауыты мен Ақтау қаласының өзі де салынды.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



47.5Kb
Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Добавил: Admin
Просмотров: 2696 | Загрузок: 218 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Батырлар жыры мен Шахнама дастаны арасындағы сабақтастықтар
Экоголияның экономикалық мәселелерді шешудегі орны
Бейімбет Майлин
Адастырушы діни ағымдар
Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет қалыптастырудың ерек...
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Өсімдік қорғау және карантин мамандығы бойынша Емтихан билеттері
Гигиена
Қазақ музыка өнері
Қалқаманұлы Бұқар жырау
Қазақстан Республикасының климаты
Дербес компьютерде іс-қағаздарын жүргізу
Неологизм терминінің мағынасы мен мәні
Нығмет Сауранбаев
ЖИТС-21 ғасыр дерті