Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 22.2.2017
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » География, Экономикалық география, Геология, Геодезия

В категории работ: 95
Показано работ: 1-15

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Австралия (лат. australis — оңтүстік) — оңтүстік жарты шардағы құрлық. Ол 10°41' оңт. ендіктегі Йорк мүйісінен 39°11' оңт. ендіктегі оңт.-шығ. мүйіске дейін және 113°05' шығ. бойлықтғы Стип-Пойнт мүйісі мен 153°34' шығ. бойлықтағы Байрон мүйісі аралығында орналасқан. Аум. жағынан Жер шарындағы ең кіші құрлық (7,63 млн км²).
Читать полностью

Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия

Республикамыздың аумағында ядролық қарудың сыналғаны әлемге әйгілі. Полигондар аймағы ұзақ жылдар бойы құпияда сақталынды. Тек Семей полигоны ғана көпшіліктің назарында болып, қалған сынақ аймақтарынан жұрт беймәлім болды. Шын мәнінде, қазақ даласының 19 млн.га. жері 40жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Ол жерлер Семей, Азғыр, Нарын, Тайсойған, т.б. полигондары алып жатқан табиғи әсем де шұрайлы жайылымдар еді. Бұдан біз, Қазақстан жерінің қаншалықты зардап шеккендігін көреміз.

Ғарыш техникасының күнбе-күнгі дамып келуі, адамдарды бірнеше он жылдықтан кейін айды толық игеруге мүмкіндік береді. Алдымен ғарыш кемелері мен станциялары едәуір үлкен геостационарлы орбиталарға айналады да, одан соң ай маңындағы кеңістікке алмасады. Геостационарлыорбита дегеніміз - бұл Жерден шамамен 35800 км биіктіктегі шеңберлер экваторлы орбита.

АЛМАТЫ ҚОРЫҒЫ – Іле Алатауының орталық бөлігіндегі табиғат байлығын қорғау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 1931 ж. құрылған мемлекеттік қорық. Аудаңы 73,34 мың га (1997). Алматы қорығының құрамына теңіз деңгейінен 1400 — 5017 м биіктікте орналаскан Талғар тау жоталары енеді. Ол 4 биіктік белдеуден тұрады. Оның орманды-дала белдеуінде (1300 — 2600 м) алма, өрік, долана, қарақат, итмұ-рын, үшқат өседі.

Америка-батыс жарты шардағы екі құрлықтан тұратын дүние бөлігі. Атлант және Тынық мұхиттары аралығында. Оның құрамына Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка құрлықтары, дүние жүзіндегі ең үлкен арал-Гренландия және тағыда басқа жағалауға жақын аралдар кіреді.Солтүстік Америка мен Оңтүстік Американың бір-бірінен бөлек және дүниенің басқа бөліктерінен алыс жатуы, ірілігі, табиғат жағдайында зор айырмашылық болуы оларды жеке, дербес құрлықтар деп санауға негіз болады. Олар бір-бірінен Панама мойнағы арқылы бөлінеді. Екі материк аралығындағы Теуантепек пен Панама мойнақтарының аралығы және Вест-Индия аралдары Орталық Америкаға жатады.

Экономикалық және әлеуметтік географиядағы "Солтүстік Америка" ұғымы сендерге 7-сынып курсынан белгілі ұғымнан біраз өзгешелеу. Әдетте оған АҚШ пен Канаданы ғана жатқызады. Бұл аймақ 280 млн.-дай адам тұратын (1990 ж.) 19,4 млн. км2 территорияны алып жатады. 1992 ж. Американы Христофор Колумбтың ашқанына 500 жыл толуы салтанатты түрде атап өтілді. Сол кезден бері Америка дүниежүзілік істерде жетекші орын алып келеді. XX ғасырда оның рөлі ерекше өсті. АҚШ та, Канада да Батыс елдерінің "үлкен жетілігіне" кіретінін естеріңе түсіріңдер.

Арабия – Азияның ең үлкен түбегі. Жері 3 млн. км3-ге жуық. Батысында Қызыл теңіз, оңтүстігінде Аден шығанағы мен араб теңізі, шығысында Оман мен Парсы шығанақтары қоршап жатыр. Ол – палеогеннің аяғы мен неогенде Қызыл теңіздің терең опырығысымен (грабенімен) бөлініп Евравзияға қосылған Африка қалқанының бір бөлігі. Түбектің жер беті үстіртті келеді, негізінен әк тас, құмтас,кристалл тақта тасынан және граниттен тұрады.

Арал теңізі – құмды, құрғақ климатты үстірт қыратқа орналасқан. Арал бүкіл планетаның жанды жарасы. №1 экологиялық апат. Орталық Азия мен Қазақстанның және т.б. елдердің тағдыры Арал мәселесін дұрыс шешуге тікелей байланысты.
Арал теңізін апаттан сақтау үшін көптеген жобалардың ұсынылғаны белгілі. Алайда олардың көпшілігі тенізді толтыруды емес, оны тек бүгінгі деңгейде ұстап қалуды көздейді.

Арал теңізінің жағалауында халық аз тұрады, жергілікті халық балық аулау, мал шаруашылығымен және көкөніс - бақша өсірумен айналысады. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік - экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңіріедегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты жұмыс істеген.

Аргентина — Оңтүстік Американың (Латын Америкасының) оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан мемлекет, федеративтік республика. Аумағы 2,77 млн. км2. Халқы – 39 млн. адам, мемлекеттік тілі – испан тілі. Астанасы – Буэнос-Айрес. Аргентина 22 провинция, 1 ұлттық аумақ және 1 федералды астаналық округке бөлінеді. Аргентинаның солтүстік-шығысында Гран-Чако, Ла-Плата жазықтары, батысында Анд тауына (ең биік тұсы Аконкагуа шыңы, 6960 м) жалғасып жатқан Атакама шөлі бар. Оңтүстік-батысын Патагония үстірті (2000 м) алып жатыр.

Астана — бұл кең даладағы жай қала ғана емес, саяси ерік-жігер көрінісінің нышаны . Бұл саяси батыл қадам. Астана шаңырағы әлі де болса биіктей түспек. Жаңа астананың келешегі бүтіндей XXI ғасырдың еншісінде жатыр. Ал оның ертеңгі еңсесін көтеретін бүгінгі жас жеткіншектеріміз.

Әсем қала мерейтойы ерлігі де, өрлігі де ұрпаққа өнеге болып жалғасқан қасиетті қазақ жерінің шежіресін паш етер, көңілі дархан,жаны жомарт қазақ елінің ұлылығын ұлықтайтын асқақта, айбынды ажарлы Астананың қазақ елі монументы.
Жүздері бал-бұл жанып,қуанышы қойнындарына симай, шаттанған халық, Бейбітшілік және келісім сарайына қарай ағылып қазақ елі тарихи ескерткіш монументінің ашылуы салтанатында болдық.

Қазақстан – ежелгі ел, бірақ әлемнің қазіргі картасынан ол таяуда ғана, яғни 1991 жылы орын алды. Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз Қазақ мемлекеті. Жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған Алатаулы өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастарқандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады!

1927 жылы құрылған. Атауы екі өзеннің атынан құралған: Ақсу және Жабағлы. Әсіресе Ақсу өзені өзінің өтуге ыңғайсыз тік жағасымен (300-500 метрге дейін) ерекшеленеді. Жалпы ауданы 85,3 мың га. Мұнда Талас Алатау солтүстік-батыс шатқалы мен Угам шатқалының көркем биіктаулы ландшафты кіреді. Қорықта өсімдіктің 1404 түрі, аңдардың 47 түрі, 239 түрлі құс мекен етеді.

Ақтау — Қазақстанның оңтүстік-батысындағы қала, Маңғыстау облысының орталығы.
1964 жылдан 1991 жылға дейін украин ақыны Тарас Шевченконың құрметіне Шевченко аталған.

Загрузка...
1 2 3 ... 6 7 Следующая