Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Философия

Түркі тілдес ойшылдардың гуманистік идеясы
Загрузка...
Еліміздің сан ғасырлық өзіндік орны бар кезеңге орта ғасырлық түркілік мәдениетті жатқызамыз. Ал халқымыздың даналығын білдіретін ірі тарихи тұлғаларды зерделеу қазіргі ұрпақтың, гуманитарлық ғылымдардың қасиетті парыздары болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда ғасырлар қатпарларында жасырынған рухани мұралар көптеп саналады. Ортағасырлық педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында аты әлемге әйгілі ортағасыр данышпандары – Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Ахмет Иүгінеки, Әл – Фараби қазақ жерін әлемге мәшһүр етті.
Соның бір дәлелі ретінде атақты ақын, Жүсіп Баласағұнның қазіргі ұрпаққа жеткен «Құтты білік» шығармасын атай аламыз. Дастан – саяси және ғибрат, өсиет, ақыл ретінде имандылыққа үндейтін, тәлім-тәрбие берерлік дидактикалық тағылымдық туынды. Идеясы жағынан дастан имандылық, ізгілік рухында, тәлім – тәрбиелік, ғибраттық, өсиет-өнеге, нақыл сөздер түрінде жазылған педагогикалық және психологиялық, философиялық тұрғыдағы көркем туынды.
«Құтты білік» дастанын тек қана әдеби мұра деп қарау біржақтылық болар еді. Оның жалпы түрік тілдес халықтар тарихындағы елтану, әдебиеттану, тілтану, мәдени – тарихи қатынастар саласындағы алатын орны, маңызы мен мәні ерекше. Бұл тұрғыда, қазақ халқының да рухани кәмелеттену жолының күретамыры Жүсіп Баласағұнның эстетикалық әлемінде жатыр.
Еңбекте отбасы тәрбиесі, онда ата-ананың алатын ролі туралы, баланың мінез – құлқын, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастыру, отбасында ата – ананың бала тәрбиесіндегі алатын орнына ерекше мән береді. Бұл орайда көзге көрініп тұрған тағы бір жай – ақынның тәлім – тәрбиелік, ақылдылық, адамшылық пікірлері қазіргі біздің заманымыздың жағдаятына сай келуі, онда «барша адамзат қауымының ұстанатын мұраттардың» болуы.
Қай заманда болмасын адамзат атаулының алдында тұрған басты міндеттердің бірі – келешек өмірді жалғастыратын салауатты, саналы, өзінің ісін жетік білетін - тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам, халық қамын ойлау екені даусыз. Педагогика ғылымында тәрбие заңдылықтарын тәрбие үрдісінде берік қайталанатын және маңызды байланыстар деп түсінсек,ендеше оларды іс жүзінде қолдану, жүзеге асыру жеке тұлғаны дамытуда, қалыптастыруда нәтижелі қорытындыларға жетелейді.
Халықтық тәлім – тәрбие дәстүрін он бірінші ғасыр шамасында түркі халықтарының қоғамдық, әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби өміріне енгізуші, гуманистік, адамгершілік, ағартушылық идеялар мұрасын жалғастырып уағыздаған Жүсіп Баласағұнның еңбектерімен жастарымызды таныстыру, бай мұрасынан нәр алдыру – бүгінгі ұрпақ алдындағы басты міндеттеріміздің бірі.
Ертедегі ойшылдар тәрбие саласында қалыптасқан бай тәжірибелерді ескере отырып, өздерінің теориялық ілімдерін, идеяларын ұсынған. Зерделей келсек, Баласағұн, Қашғари, Яссауи, Әл-Фараби идеялары мен эстетикалық құнарының түп тамырлары ежелгі ойшылдар Сократ, Платон, Аристотель сияқты әлемдік алып тұлғалардың жүрегімен қанаттасып қатар соғатындай. Түркі тілдес ойшылдардың шығармалары мен еңбектеріндегі тәлім – тәрбиелік пікірлер, ұсыныстар мен нақыл сөздер, озықтығы мен жаңашылдығына байланысты оқу-тәрбие саласында нағыз табан тірейтін негіздердің бірі бола алады. Оны ақынның ғақлия сөздерін оқығанда көзіміз жете түседі. Орта ғасыр ойшылы Жүсіп Баласағұн идеяларының сипатын төмендегідей етіп даралап көрсетуге болар еді:

1) дүниетаным, эстетикалық көзқарас, адамгершілік мұрат бірлігі;
2) қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді, заман тынысын нақты сезіну, көркемдік танымда реалистік – рационалдық қасиеттерге жүгіну;
3) тақырып тамырластығы, ой толғап отырған жайлардың ортақтығы;
4) поэтикалық табиғаттың үндестігі (ойшылдық, табиғатындағы жақындық).
Бұрынғы өткен түрік қағанатынан бастау алып, күні бүгінге дейін кәдеге жарап келе жатқан рухани мұра – халықтық педагогика. Қазіргі таңда өскелең ұрпаққа білім беру үрдісі заманымыздың талабы мен мүддесіне орай этнопедагогика ғылымының кең қанат жайып келе жатқанына сай тәрбие. Осыған байланысты біз жастарға этнопедагогикалық пікірлерді оқытып, данышпан тұлғалардың бір – бірімен жалғасып жатқан білім, ғылымдарын ұштастырып көрсеткеніміз абзал.
Сонымен қатар, «Құтты білік», ғалым Х.Сүйінішалиев айтқандай: «Орта ғасыр ескерткіштерінің ең көлемдісі және көркемдігі жағынан зерттеушілерді таңқалдырған әдеби көркем туынды. Орта Азия мен Қазақстан жерін мекендеген түркілердің және олардың мәдениетінің жарық жұлдызы деп атарлық әдеби мұра».
Дастанда білім, ақылдың қасиеттері жақсылық және жамандық, адамгершілік қасиеттер, адам бойындағы ізгі асыл құндылықтар туралы мәселелер қарастырылады, мәселен, «Ақылды – ұлы, білімді – білікті, қонса екеуі, ұлы етер жігітті», «Ақыл пайда бола, ұлылық толады, білім кімде сол білікті болады», «Білімсіздер бар кеселді көреді, емдемесе тектен – текке өледі», «Ақыл – шырақ, қара түнді ашатын, Білім – жарық, нұрын саған шашатын», «Ақылдыға қадір – құрмет лайықта, Ақымақ жан керең, сезбес айыпты!»… «Ақылды кісіден кісілік келер, Білікті – кісілер кісісі болар.» (2873)
Жүсіп Баласағұн өз дастанында өнер – білімге қажырлы еңбек пен зор табандылық, талаптылық қана жеткізетінін ескерткен.Ол өзінің ақыл – кеңестерінде Абай Құнанбаевқа ұқсас түйіндер жасап былай деген:
Талапты ер жалықпас,
Талапсыз өмір жарытпас.
..........................................
Ақылымен ғана адам хайуаннан ажырар,
Ақылымен ғана ер - әділет үшін құрбандыққа шалынар...Осылайша ақынның әлем мәдениетінің алтын қорына қосқан еңбегін оқыған сайын, әрбір сөзі бұрынғыдан да баурай береді.
Бұл аталған тұлғалардың өнегелі туындылары халқымыздың сонау Түрік қағанаттарынан бастау алатын мәдениетімен сусындатып, халық бұқарасына адамдық парасатты таратады. Надандық, зұлымдық, парықсыздыққа жаны күйзелген ойшыл ақын тұйықталған тығырықтан жол іздеп, құтты қоғам, білімді, саналы қауым жолын аңсайды. Қайткенде әділдік, шындық, адалдық жеңбек? Гуманистік адамшылық келбетті қайтіп сақтап қалмақ? Осы жайында ақын былайша үн қатады:
Мен айтайын,жаманатты білгейсің,
Жақындамай,одан аулақ жүргейсің.
Ақыл керек,білім таңдап аларға,
Білім керек,іске жақсы қарарға,
Сонда толық болар ісің,пішінің,
Білімді асты жейді баппен пісіріп...т.б.
«Білім – байлық, азаймас һәм жоғалмас, қарақшы, ұрыға да тоналмас!».
Білік-білім туралы Жүсіп Баласағұни өзіне ақыл кеңес береді: «Білік біліп – төрден орын аларсың, Білік білсең, күшті, берік адамсың», «Білік-түпсіз, шетсіз-шексіз бір теңіз, қанша сімір, сарқылмайды білсеңіз!». Бұлардың барлығы қарапайым трактат. Әрбір сөзі кез – келген адамның көкейіне қона кететін оңтайлы орамдар.
Жақсылардың көтер, жебеп, еңсесін,
Жамандардан бүтін сақта ел шетін.
.........................................................
Заңды түзе, сұмдық сонда сасады,
Құтың өсіп, абыройың асады.
Осы жолдардың өзі – ақ ел тірлігін, елдің бір әлеуметтік кезеңдегі суреттерін көз алдымызға елестетеді. Осындай ойлар ежелгі кезеңдегі әдебиеттің азаматтық, саяси – әлеуметтік мұраттарын айқын танытады.
Ұлық – заң берер, ғалым – білім берер,
Кей ғалым сөзі патшадан да, оның заңынан да болар мықты.
Ғалымды патша, ұлықтан жоғары қою – нағыз озық пікір. Ақылмен іс қылуды аңсаған ақын ұсынар пікірлердің түп төркіні әділетті білікті, бақытты өмірді аңсау: «Өз бақытыңа өзің қарсы шыққың келмесе, ешкімге жалған сөйлеме, жамандық қылма!». Осындай әрбір жолға үңілген сайын туған елдің рухани байлығының өшпес қайнар көздерін сезініп, халық атты ұлы атауға ұласқан ұлы қадір қасиеттің тәлім, мектебін ұғына түсесіз.
Адамның мінез – құлық ниетінен бастап, қауымның әл – ауқатына, сұлулық танымы, сезімінен бастап, туған елге деген перзенттік махаббат, парызға дейін бәрі қасиетті.Мұның бәрі ізгілікке, жақсылыққа, елдікке ықпал жасайтын күштер. Күллі жаратылыстың жарасымыдылығы, қастерлі үйлесімі болады. Кісілік те, береке – бірлік те сонда. «Көрсоқырлық, ұятсыздық, ұлығым, Бәрі түгел – жамандардың қылығы! Ессіз бүгін қанша есірер, құлшынар, Ертең сонша өкінішке тұншығар!» - Дастанның өзекті ойы да осыған саяды.
Түркі тілдес даналардың гуманистік ағартушылық идеяларының ой қозғап отырған объектілердің ортақтығы, көркемдік – поэтикалық шеберліктері. Осылардың барлығы көркемдік – эстетикалық ойдың даму табиғатының мәуесі деп білеміз. «Құтты білік», бір сөзбен айтқанда, адамшылық мектебі. Бұл мектепте адам баласының басындағы ақыл – сезімнен ажалға дейінгі жақсылы – жаманды жай – жағдаяттардың сан қатпар қалтарыстары өлең өрнегіне түскен. Адамды адамға надандық емес, адамдық қана ұқтыра алмақ. Дана халық қашанда надандыққа, тасырлыққа ежелден ақыл, білім, тілді, сезімді қарсы қойған. Ақылды арқа тұтқан. «Құтты біліктің» дәстүрі де осы дәстүр. Бұл өсиет кейін талай – талай ірілі – ұсақты шығармалар да жалғасын тапты.
Дастан бәйіттерінде сараланған әлеуметтік топтардың портреттері, қоғамдық - әлеуметтік құбылыстардың өзекті өрнектері, сан қырлы түрлі психологиялық кескіндер уақыт өтсе де тозбайтын, бояуы солғындамайтын таланттылықпен бедерленген сипаттар екені күмәнсіз.
Қорыта келгенде, түркі тілдес ойшылдар мен данышпандардың шығармалары идеялық жағынан, көркемдік, педагогикалық мазмұнының байлығымен ерекшеленеді. Ол XIX және XX ғасырдың басындағы педагогика тарихынан үлкен орын алады.
Бүгінде халықтың құнды қазынасына айналып отырған бұл мұра қоғамымызды рухани байытуға, оның гуманистік және адамгершілік идеяларына, мақсат – мұраттарына қызмет ететіні айдан анық.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Жүсіп Баласағұн. Құтты білік. – Алматы, 1986.
2.Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн. Құтты білік./ Көне түрік тілінен аударған, алғы сөзін жазған А.Егеубай. – Алматы, Өлке, 2006
3. Сүйінішалиев Х. Орта ғасырлардың әдебиет ескерткіші. Алматы, 55-б.
VIII – XVIII ғ.Қазақ әдебиеті.Алматы, Мектеп – 1989. 93 - б.
4.Құраст. ұжым: Е.Әбен, И.Тасмағамбетов, А.Құдабаев, Е.Дүйсенбайұлы – Дала даналары - Алматы: Қазақстан даму инс. 2001. – 640 б.
5.Келімбетов.Н. Ежелгі дәуір әдебиеті – Алматы: Атамұра, 2005. – 336 б.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Философия | Добавил: Admin
Просмотров: 1468 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Өсімдік қорғау және карантин мамандығы бойынша Емтихан билеттері
Бекболат батыр
Шылым шегудің алдын алу
Жасуша теориясы
Паскаль програмдау тілінің қайталау командалары
Домбыра философиясы
Қазақ музыка өнері
Майлин Бейімбет
Қазанғап күйші
Құнанбайұлы Абай
Неологизмдердің жасалу жолдары
Гобелен өнері
Қошке Кемеңгерұлы
Атқарушы органдар
Асан қайғы - дала данышпаны