Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 18.6.2018
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Философия

Әлеуметтiк философия. Қоғам бiртұтас жүйе ретiнде
Загрузка...
Әлеуметтiк философия. Қоғам бiртұтас жүйе ретiнде
1. Қоғам философиялық таным объектiсi ретiнде
2. Қоғамның негiзгi типтерi, олардың даму жолдары
3. Қоғамдық сана және қоғамдық болмыс диалектикасы
Әлеуметтiк философияның функциялары
Әр, әлеуметтану философияға толы, ал әр философия әлеуметтану материалдарың қамтиды. П.Сорокин
1. Қоғамды әлеуметтiк үйымдасқан материя ретiнде әлеуметтiк философия зерттейдi. Әлеуметтiк философия жалпы философиялық бiлiм жүйесiнiң бiр бөлiгi болып табылады. Оның объектiсi- әлеуметтiк әлем бүкiл оның көп түрлiгi мен бiрлiгiнде. Бiрақ қоғамды таным объектiсi ретiнде тек философия ғана емес басқада ғылымдар зерттейдi. Олар қоғамның жеке саласың қарастырады, «бөлiп» алғандай. Мысалы: юриспруденция- адамдардың қоғамда қалыптасқан заңдарға деген қатынастарың, жалпы құқықтық құбылыстарды зерттейдi, педагогика- педагогикалық құбылыстарды, бүкiл бiлiм беру және тәрбиелеу салаларың қамтиды, тарих- нақты белгiлi бiр кеңiстiк пен уақытқа қатысты оқиғаларды сипаттап, түсiндiредi.
Ал, әлеуметтiк философияның қарастыратың мәселелер келесi:
* әлеуметтiн жалпы даму заңдарың жалпы әлем қалыптасу жүйесiнiң бөлiгi ретiнде
* қоғамдық болмыс және адамдардың рухани дүниесiнiң ерекшелiктерiн, ұжымдық сананы
* әлеуметтiк құбылыстарға адамдардың құндылық қатынастарың, олардыңадамдардың қажеттiлiктерi мен мақсаттарына сәйкестiгiн.
Сонымен, әлеуметтiк философия әлеуметтiк әлемге деген өзiндiк көзқарасын қалыптастырады, ал мұны басқа жеке ғылымдар жасамайды, өйткенi олар көпқырлы әлеуметтiк құрылымның тек жеке үзiндiлерiн зерттейдi. Бiрақ, бұдаң адамның негiзгi мәселелерiн тек әлеуметтiк философия шешедi деген пiкiр қалыптаспау керек, өйткенi жеке ғылымдардың теориялары, олардың тәсiлдерi және олар арқылы алынған эмпирикалық деректер сiз әлеуметтiк философия өз мағынасынаң айырылады.
Қоғам- бұл «әлеуметтiк инстинктерiн» қамтамасыз ету мақсатымен бiрлескен,
Адам индивидтерiнiң жиынтығы. Аристотель
Қоғам организм ретiнде адамдардың бастарың шауып тастайды және оларды механикалық
Құралға айналдырады. Н.Федоров
Антика және ортағасыр философиясында қоғам мемлекеттен айрықшаланған емес болды. Мысалы, Платонның айтуынша, қоғамның негiзi мемлекеттiн саяси қызыметi болып табылады: халықты сыртқы жаулардаң қорғау және полистiң iшiнде тәртiптi сақтау деп тұжырымдады. Жаңа замаң философиясында қоғам «қоғамдық келiсiм» контекстiнде қарастырылды. Бұл теорияның негiзiн қалаушы Т.Гоббс болып табылады (адамдар бiр бiрiмен соғыста күйiнде болады, бұл жағдайдаң тек қоғамдық келiсiм арқылы ғана құтылуға болады, ал оның кепiлдiгi мемлекет болып табылады, өйткенi адамдар жартылай еркiндiгiнең өз тарапынан айрылады). Тек, Гегель ең бiрiншi болып мемлекет пен қоғам арасындағы айрымашылықтар бар екенiң байқады, мемлекет (мораль және заңдар) және азаматтық қоғам (жеке индивидуалды мүдделер аймағы) деп бөлдi. 19-20 ғғ. философиясында қоғамға деген көзқарастар бытыранқа, бiркелкi емес болды: Конт қоғамды еңбек бөлiнiсi мен ынтымақтастық негiзделген функционалды жүйе деп түсiндi; Дюргейм ұжымдық түсiнiктерге сүйенетiң, индивидуалдының үстiндегi рухани шындық; Вебер әлеуметтiк әрекеттер негiзiнде қалыптасқан, индивидтердiн өзара әрекеттесуi дедi. Ең, маңызды ұлесiн қоғам түсiнiгiне қосқан К.Маркс болып табылады. Оның пiкiрiнше, қоғам организмiнде бiртұтас материалды негiз бар (материалды игiлiктердi өндiру тәсiлдерi) және ол адамдар тiршiлiк ету барысында кiретiн, қоғамдық қатынастар жиынтығы болып табылады. Маркс қ.э.ф. туралы ұғымды қалыптастырды, мұнда қоғам дамуының нақты кезенiнде қалыптасатың материалды және рухани жақтарының бiрлiгi орын алады. Бұл iлiм бойынша, қоғам тарихында антогонистiк (құлиеленушiлiк, феодалдық, капиталистiк) және антогонистiк емес (алғашқа қауымдық құрылыс, коммунистiк) формациялар болады. Олардың әрқайсысы меншiк формасымен айрықшаланады, бiр формацияның келесi формациямен ауысуы қоғам дамуының негiзi. Бұл теорияның кемшiлiгi Поппер, Арон ф-ң айтуынша, адамды қоғамдық қатынастарда толық «ерiтiп», барлық қоғамдық процестердi абсолюттi детерминациялау және экономикалық фокторлар маңызың асыра бағалау да. Маркстiң негiзгi идеялары (материалистiк диалектика, қоғамдық болмыстың қоғамдық санадаң басымдылығы, бiрiншiлiгi т.б.) қоғамдық-тарихи практика барысында дәлелденiп, әлi күнге дейiн өз маңызың, өзектiгiн жоғалтқан емес.
Қазырғы заманда қоғам түсiнiгi үш тұрғыдан қарастырылады: әрекеттiлiк- қоғам жеке индивидттердiн жай ғана жиынтығы емес, әр-түрлi әлеуметтiк топтар, ұжымдар, топтар, ұлттар, мемлекеттер т.б. сияқты тарихи қалыптасқан адамдардың бiрлескен өзара-әрекеттесу формалары; қатынастық- қоғам айқындаушы болып табылатың экономикалық қатынастар негiзiнде қалыптасқан әлеуметтiк қатынастар жиынтығы; институтционалды- қоғамды ұйымдасқан-басқару аспектiсiнде қарастырады, қоғамның тұрақты дамуың қамтамасыз ететiн ұйымдар мен мекемелер жиынтығы.
Ендi осы келтiрiлген пiкiрлердi бiрiктiрсек, мұнда шығатыны: әлеуметтiк философия адамның қоғамдық өмiрiнiң барлық «әлемдерiнiң» – тарих, мәдениет, дiн, саясат, құқық, экономика т.б. әлемдерiнiң түпкi, онтологиялық негiздерiн зерттейтiн философиялық бiлiм саласы.
Әлеуметтiк философияға өзгеше анықтама берген орыс ойшылдары: Бердяев, Ильин, Флоренский, Булгаков. Франк «Қоғамның рухани негiздерi» атты кiтабында әлеуметтiк философияның сұрақтарың анықтайды: 1) Қоғамдық өмiр деген не? 2) Адам өмiрiнде қоғамдық өмiр қандай орн алады және оның шынайы мақсаты неде? 3) адам өзiнiң қоғамдық болмысы формасын құра отырып неге ұмтылады және неге жету мүмкiн? 4) адамның қоғамдық өмiрi әлемдiк, ғарыштық болмыста қандай орын алады? Қоғамдық өмiр болмыстың қандай саласына жатады? Оның айтуынша әлеуметтiк философия- «қоғамдық болмыстың жалпы негiздерiн» зерттеумен айналасатын философиялық таным. «Әлеуметтiк философия қоғамдық шындықты оның нағыз, барлығын қамтитын құрамы мен нақтылығына көруге ұмтылу болып табылады».
Әлеуметтiк философияны әлеуметтiк құбылыстар мен үдерiстердi танудың теориялық-методологиялық мәселелерi, заңдылықтары, социум болмысының логикасы қызықтырады. Және ақырында, С.Л.Франктың анықтауынша, әлеуметтiк философияның зерттеу аймағы- қоғамдық өмiрдiң мәнi, оның индивидуалды адам өмiрiмен қатынасы және қоғамдық өмiрдiң құндылық қрларының жалпы өмiрдiң фундаментальды құндылықтарына қатысты.
2. Қоғамның негiзгi типологиясы келесi:
Қарапайым қоғам- рулық-тайпалық қатынастарға, табиғи шаруашылдық формасына негiзделген, еңбектiң жыныс пен жас шамасына қарай бөлiнуiмен, стихиялық түрде ұжымды басқару iсiне қатысумен, және көбiнесе көшпендiлi өмiр сүру мен, бiлiмдi ұрпақтан ұрпаққа ауз тiлi және тәжiрибе арқылы жеткiзу мен ерекшеленетiн алғашқы қоғамның типы.
Дәстүрлi қоғам- аграрлы революция нәтижесiнде көптеген әлеуметтiк (орталыққа бағынатың мемлекет, абсолюттi монархия), құқықтық, және бiлiм институттарының қалыптасуы, жазба тiлдiн пайда болуы мен моногамиялық отбасының пайда болуы, қоғамдық сатыда жоғары тұрған элитарлық басқару, өзiндiк пайдалану экономикасы, товар алмасу қатынастарының нығайтылуы және жеке меншiктiң пайда болуы, кәсiби және ауыл шаруашылығына негiзделген еңбек формасының кең тарауы, үлкен мәдени орталықтардың-қалалардың пайда болуы, ғылыми бiлiмдердiн кең өрiс алуы мен ерекшеленетiн қоғам типы (меншiк объектiсi- құлиленушiлiк-адам, феодалдық-жер, капиталистiк-капитал).
Индустриалды қоғам- индустриалды революция негiзiнде үш әлеуметтiк- экономикалық заңдарды жүзеге асырды: уақытты үнемдеу, қажеттiлiктердi көтерiп асыру, және еңбек алмасу. Индустриализация логикасы бойынша барлық елдер мен халықтар ұқсас сипаттарға ие болып, әлеуметтiк тәртiптiн бiркелкiлiкке ұрынады, бұл процесс конвергенция тезисi деп аталады. 20 ғ. екiншi жартысынан Еуропа елдерiнде басталған бұл үрдiс көптеген Азия және Африка елдерiнде де байқалады, олардың бәрi келесi шарттарға сай болуға ұмтылады:
*еңбектiн терен әлеуметтiк және техникалық бөлiнiсi;
*отбасының өндiрiс орыны мен еңбек орынынаң бөлiнуi;
*мобильды және тәртiптi өндiрiс күшiн, еңбекшiлердi қалыптастыру;
*экономикалық есептеулердi, жоспарлауды және инвестициялауды белгiлi бiр рационалды түрде ұйымдастыру;
*секуляризация (дiннен азат болу), урбанизация (қалалану), әлеуметтiк мобильдiлiк және демократизациялану үрдiстерi кең етек алады.
1)Ұлттардың пайда болуы- бiр тiлге негiзделген, территория,мәдениет, экономикалық қатынастар бiрлiгi байқалатың тарихи қалыптасқан адамдар бiрлестiгi. 2)Ұлттық мемлекеттердiн пайда болуы, олардың нақты шекараларының бекiтiлуi. 3) Халықтық билiкке, демократияға, басқару органдарының көпшiлiк пен сайлануы, көп партиялардың болуы. 4) Ақпарат құралдары арқылы адам санасына әсер ету. 5) Өндiрiстiң комерциализациялануы, «Бәрi сатылада!», рыноктың ңығайтылуы, капиталға негiзделген жеке меншiк бiрiншi орында. 5) еңбек өнiмдiлiгiнде революция байқалады, 20ғ. 75-80 жыл арасында пролетариатты орташа әлеуметтiк топқа айналдырған: а) механизация негiзiнде машиналы өндiрiстiн басым болуы; в) фабрикалық негiзде өндiрiстi қайта ұйымдастыру (ғалым- лаборотория, кiтапхана). 6)аул шаруашылығымен айналысушылардын санынын азайюу, индустриялды секторда көбейюi. 7) урбанизация, мобильдiлiк процестер аул өмiрiне қарсы процестер (адам құлап қалса, қызға бiреу тисiп жатса). 8) көпшiлiктiң сауатты болуы байқалады: а) квалификацияның көтерiлуi, в) баспа сөз өнiмдерiнiн көбейуi, г) бiлiм беру институттарының қалыптасуы. 8) ғылымның практикалық маңыздылығының көтерiлуi.
Постиндустриалды қоғам- (1962ж. Дэниел Белл «Постиндустриалды қоғамның келуi») немесе информациялық қоғам деп атауға болады, өйткенi оның ядросы информациялық технологиялардың қарқынды және шапшан дамуы болып табылады. Егер инд-ды қ. индустриалды революцияның нәтижесi болса, онда постинд-ды қ. информациялық революция нәтижесi. 1) экономикада өндiрiстiн ролi төмендеп информация өндiру және оған қызмет көрсетудiн (сервис) ролi күннен күнге жоғарлап барады. Қазырғы заманда информация негiзгi байлыққа айналып барады, оның ерекше белгiлерi: жер мен капиталға қарағанда ол шексiз, бәрiне де қолайлы және қолданған кезде азаймайды, арзан, ал оны сақтау және жонуы (переработка) қыйынға түспес, ал бұл оның өнiмдiлiгiн арттырады; 2) оның техникалық базасы компьютер технологиялары және коммуникация құралдары б.т; 3) «ұлтаралық шекаралардың» бұзылуы, батыс Еуропа елдерi Шенген келiсiмi бойынша қай болсын елге визасыз бара алады, тәнертен Германия-Бельгия-Голландия-Франция-Испанияда кешке болуы мүмкiн, немесе АҚШ және Канада; 4) халықаралық ұйымдардың ролiнiң көтерiлуi (ООН, НАТО, ОБСЕ, ПАСЕ); 5) Демократияның дамуы (Олвин Тоффлер) 6) жеке меншiктiн орнына корпаративтi және институционалды меншiк келедi (О.Тоффлер-жлпы қоғамдық байлық жасау, өндiру тәсiлi қалыптасады) инф-қ техн-ға негiзделген адамның дене күшi емес оның интелектувлды күшi пайдаланады, өндiрiс тәсiлi бiлiмге негiзделедi (ақша-информация, ақша-кредит карточкасы, электронды ақша, өндiрiсте капиталдың- акция); 6) Завод- офис, ал Тоффлер- «электронды котедж», үй жұмысы компьютердi, мультимедия, телекомуникацияны қолдану арқылы жүзеге асады д.е.7) интелектуалды еңбекпен айналысушыларға тән субурбанизация- қала шетiнде орналасу; 8) Функционалды сауатсыздық, оқу, жазу, есептеу дағдылардың жойылуы, информациялық игiлiктердi материалды мен салыстырғанда өзiне алып алуға болмайды, оны тек түсiну, ұғұ қажет; (освоена, а не присвоена), ткстi оқығаннаң кейiн оның мазмұны бойынша жауап бере алмау, оның оқи алмайтының бiлдiредi.
Келешекте «супериндустриалды» қоғамға келемiз деген болжам бар, ал бiз оны «информациялық қоғам» деп атаған жон көремiз.
Қоғамның даму концепциялары:
*нигилизм (Кант «бiртiндеп жақсарудан өлгел жатырмың», Ницше, Шопенгауэр, Франк, Бохенский) – қоғамдық прогресстiн болуына күмәнданып, мойындамау
*географикалық детерминизм (Монтескье, Бокль, Мальтус, Кьелен) қоғам дамуында географиялық жағдайлар: климат, қазба байлықтар мен табиғи ресурстардың болуы және халық саны шешушi б.т. деп есептеу
*әлеуметтiк- табиғи (Л.Гумилев)- қоғам дамуында пассионарийлер (кейбiр табиғи факторлар әсерiмен, күн қуатының белсендiлiгi немесе ғарыштық радиация т.б. аса ынталы әрекеттерге бейiмдi этностар) шешушi болып табылады
*формациялық тұғырнама (Маркс)- әлеуметтiк- экономикалық фактор маңызы және таптық күрес қоғам дамуында асыра бағаланады
*технократиялық (Белл, Ростоу, Тоффлер)-техниканы, технологияны және ғылымды постиндустриалды қоғамның жүиеқалыптастырушы элемент негiзiнде алады
*мәдени-тарихи (Сорокин)-мәдениет ерекшiлiктерi мен дүниеге көзқарастарды абсолюттендiру
*әлеуметтұлғалық (Мертон, Фромм)- тұлғаның еркiндiк деңгейiн және оның қоғам мен өзара әрекеттестiгiн қарастырады
*қоғам дамуының жалпы бiр негiздерiн мойындамайтын көзқарастарда бар (М.Вебер) оның айтуынша батыстық-еуропалық капитализм генезисiне экономика мен протестанттық этика бiрдей әсерiн тигiздi
Бiздiң байқаумызша бұл тұғырнамалардың бәрi де сынаржақты болып келедi, қоғам дамуының бiр қырланып әсерлейтiн ао екiншiсiне мән бермейтiн. Бiз қоғамды бiртұтас организм ретiнде қарастырып, оның дамуында келесi компоненттердi белгiлеймiз: экономикалық-өндiрiстiк, әлеуметтiк, саяси-басқару, табиғи, рухани
Мәселе шешу: М.Вебер харизматикалық басшылық тұғырнамасын ұсынды (харизма гр.
Құдай берген қасиет), жеке құлшылық ету және сенiмдiлiк арттыру мен байланысты
Қарапайымнан тыс қасиеттiн авторитетiне негiзделгiн, ол бар блған адамда
басқарушылыққа, билеушiлiкке беймделген дегендi бiлдiредi (батылдық, ашық, қайсар
болу), және ол адамды билiкке әкеледi, мысалы: рухани өмiрде пайғамбар немесе
политика саласында саясатшылар сияқты.
Бұл концепцияның кемшiлiгi мен дұрыс жақтары неде?
3. Сонымен, адамдардың қоғамдық қатынастарын табиғи-тарихи процесс ретiнде қарастырсақ, бұл мәселеде ьасты рольды К.Маркс тұжырымдаған «қоғамдық сана» және «қоғамдық болмыс» категориялары алады. Өйткенi қоғам тарихында адамның санасы мен еркi арқылы реттелетiн, мақсат-мүддесiмен басқарылатын белсендi iс-әрекетiнсiз ештене болмайды. Бұл мақсат-мүдделердiн объективтi негiз бар- олар қоғамдық болмыс қатегориясымен айқындалады.
Қоғамдық болмыс- қоғамның материалдық өмiрi, ең алдымен адамдардың өндiрiстiк қызметi және адамдар арасында қалыптасатын өндiрiстiк, экономикалық қатынастар жиынтығы.
Қоғамдық сана- адамдардың рухани өмiрi, яғни адамдар өздерiнiң практикалық iс-әрекетiнде басшылыққа алатын идеялар, теолриялар мен көзқарастар жиынтығы.
Қоғамдық сана ұғымы көлем жағынан аса кең философиялық категория болып келедi. Өйткенi ол коғамның рухани өмiрiнiң барлық жақтарын, шындықтың адам ойлаунда бейнеленуiнiң барлық формаларын қамтиды: идеялар, теориялар, көзқарастар (саяси, құқықтық, адамгершiлiк, эстетикалық, ф-қ, дiни т.б.), ғылыми бiлiмдермен қатар, әлеуметтiк сезiмдер мен көңiл күйлер, әдет-ғұрыптар, мiнез-құлықтар, дәстүрлер, (таптар, ұлттар) халықтар кейiп ерекшелiктерi де кiредi.
Бiрақ бұл екi категорияның арақатынасында келесi үрдiс байқалады: қоғамдық сана материалдық өндiрiстiн, еңбек қызметiнiң негiзiнде,(қоғамдық болмыс) қажеттi түрде шығады. Адамның табиғатқа мақсатты түрде әсер етуi, табиғатты өз қажеттiлiктерiне бейiмдеу, яғни еңбек процесiнде өндiруге тиiстi заттар мен құбылыстардың қасиеттерi жайындағы бiлiм деңгейi өседi.
Маркс пен Энгельс өз философияларында бұл категориялардың арақатынасы жайында келесi тұжырым жасап- қоғамдық болмыс бiрiншi, ал қоғамдық сана оған тәуелдi, оның туындысы екенiне келесi дәлел келтiрдi: адамдар ғылыммен, өнермен, философиямен, саясатпен т.б. айналасу үшiн алдымен сусын iшуi, тамақ жеуi, киiнуii баспанасы болуы тиiс, ал бұлар болу үшiн оларды өндiру қажет. Осы қарапайым ақиқаттың астарында қандай мән жатыр? Адамның бүкiл өмiрi, тiршiлiгi сайып келгенде материалдық игiлiктер өндiру тәсiлiне тәуелдi. Олай болса, бүкiл қоғам өмiрiнiң негiзi-еңбек. Өндiрiстiк еңбексiз қоғам өмiр сүре алмайды, тiптi пайда болмаған да болар. Сонымен, не алғашқы деген сұрақтан, келесi жауап туады: көғамдық сана қоғамдық болмыстан туады, соның бейнесi болып табылады, қ/б өзгергеннен кейiн сана да өзгередi. Бiрақ, адамның санасы әрекетшiл, белсендi қоғамдық күш болып табылады және тарихи дамудың жетекшiсi; ал тарихи дамудың негiзiн қоғамдық практика құрады. Адамның еңбек қызметiнiң практикалық iс-әрекетiнiң белсендiлiгi, сананың жасампаздығын, активтiлiгiн тудырады (К.Маркс «Фейербах туралы тезистерi»).
Сондықтан, қ/с және қ/б арақатынасы бiркелкi емес, қ/б бiлеушi, шешушi болғанымен кейбiр жағдайларда қ/с өз дербестiгiн, өз даму заңдылықтары бар екенiн байқатады:
1)қоғамның көптеген мүшелерiнiң санамы болмысқа сәйкес келмеуi, яғни артта қалып қоюы мүмкiн (Қазақстанда социализмнiң құлағанына ондаған жылдар өткенiмен, көптеген адамдар ескi сана қалдықтарынан әлi арыла алға алмады, зейнеткерлер)
2)қ/с қ/б озып кетуi де ықтимал. Бұл процесс қ/с қ/болмысты өзгерту қажеттiгiн алдын ала бейнелендiрiп, оның өзгеруiне көмектесу керек болған жағдайларда болады. (көрнектi қоғам қайраткерлерi, ғалымдар, өнер қайраткерлерi т.б. қоғамдық дамудың болашақ бағытын алдын ала болжап, құбылыстардың сырт көрiнiсiнiң iшкi мәнiң ашқанда; Ж.Ж.Руссо «Қоғамдық шарт» еңбегiнде буржуазиялық қоғамды дәрiптеп, алдын ала болжады.)
3) қ/с мен қ/б сабақтастық байланыста болады: әрбiр жаңа тарихи дәуiрдiң қ-қ идеялары мен теориялары жоқтан пайда болмайды, өткен дәуiрлердiң идеяларымен сабақтастық байланыстың негiзiнде туады. (социалистiк утопистiк идеялар)
Өткен дәурлердiң озат ф-қ қ-қ теорияларында, өнерi мен моралiнде жалпы адамдық мазмұны бар. Қ/с батлық формаларының өзгеруi мен дамуы сайып келгенде ғана материалдық өндiрiстiң дамуымен, экономикалық базиспен айқындалатының көрсетедi. Экономика қоғамдық сананың даму бағытын айқындап бередi.
4.Әлеуметтiк философияның көпқырлы, көпөлшемдi «түпкiлiктi формуласын» тауып және тегi жағынан тарихи, табиғаты жағынан философиялық болып табылатын әлеуметтанумен, мәдениеттанумен салыстырғанда оның немен айналасатынын бiле аламыз.
Бұл «формуладан» шығатыны- әлеуметтiк философия функцияларын тек философиялық жүйеде ғана емес, бүкiл әлеуметтiк- гуманитарлық бiлiм жүйесiнде де жеткiлiктi түрде айқын жеткiзуге болатындығы. Әлеуметтiк философияның атқаратың қызыметтерi:
1. Дүниетанымдық-әлеуметтiк ф-я әлеуметтiк әлемнiң тек «картинасы», бейнесi ғана емес. Ол, сонымен қатар, әлеуметтiк идеалдар мен құндылықтарды нақты шындықпен салыстыра отырып, оның нақты өмiрмен байланысын анықтай отырып, осы әлемдi жаратады да. Жалпы адамзаттқа деген маңызында алсақ, әлеуметтiк ф-я социум (әлеумет) жайында ең жалпы түсiнiктер бередi деген тұжырымға келемiз.
2. Методологиялық - әлеуметтiк ф-я мұны пәндiк және теориялық форма ретiнде қызмет ете отырып және әлеуметтiк құбылыстарды тануда методологиялық бағдарлар мен жалпы ф-қ принциптердi пайдаланудың үлгiсi бола отырып жүзеге асырады. Мысалы, диалектика принципi (тарихилық принципi, абстрактылыктылыдан нақтыға өту принципi т.б.) мен синергетика принципi (бүтiн, органикалық, өзiн-өзi басқарушы және өзiн-өзi ұйымдастырушы жүйелердiң жүйелiк-құрылымдық ұйымының жалпы теориясы) жатады. әлеуметтiк ф-я әлеуметтiк гуманитарлық бiлiмдердi пәндiк тұрғыда ұйымдастыра отырып, оның методологиялық өзегi ретiнде көрiнедi (мысалы, кешегi күндерде ол «тарихи материализм» ролiмен көзге түстi).
Әлеуметтiк танымның методологиялық бағдарында герменевтиканың да ұғыну мен түсiндiру ф-сы ретiндегi маңызы зор. әлеуметтiк ф-я мен «әлеуметтiк философтардың» қазiргi жағдайы еске түсiредi: бiрiншiсi өз Құдайына сыйынып, оны үнемi мадақтап отырса, екiншiсi оған үнемi сұрақ жаудырумен өтедi. Әлеуметтiк ф-да да сол сияқты: бiрiншiлерi өзiнiң «құдайы»- қоғамды мадақтай отырып, оның ақыл-ойынан, жетiстiгiнен және прогресiнен үмiт күтсе, екiншiлерi- «Бiз кiмбiз? Қайдан шықтық? Қайда барамыз? Әлемдегi болмысымыздың мәнi неде?»- деген сұрақтармен, қалыптасқан ахуалдың шешiмiн iздейдi. Бұлардың екеуiнiң арасындағы ұқсастық, олар ең алдымен түсiнуге ұмтылып, сонан кейiн ғана «түсiндiруге» тырысады (ал Құдай болса өзiн түсiнудi емес, өзiне сенудi қалайды, бiрақ қоғам Құдай емес қой!).
Әлеуметтiк ф-я методологиялық негiз ретiнде әлеуметтiк құбылыстардың және олардың даму болашағына әмбебап принциптер мен, заңдарды және оларды танудың әдiс-тәсiлдерiн қолданады деген түйiнге келемiз.
3.Танымдық- ол танымдық мәдениеттiң элементi ретiнде шындықты тек бейнелеп қана қоймай, қоғамдық өмiрдiң заңдылықтары мен принциптерiн қалыптастыра отырып, бiр нәрсенi ашуға қабiлетi бар, белгiлi бiр эвристикалық ерекшелiктерiмен айрықшаланады.
4. Аксиология- әлеуметтiк ф-я әлеуметтiк болмыстың құндылық негiздерiн пайымдай отырып, оның iшiнде белгiлi дәрежеде тәрбиелеушi функциясын да атқарады: әлеуметтiк ф-я, бiрiншiден, танымның, гуманитарлық ойлаудың белгiлi бiр мәдениетiн тәрбиелейдi; екiншiден, адамдардың және бүтiндей қоғамның белгiлi бiр құндылық бағдарларын тәрбиелей қалыптастырады.
5.Болжамдық-әлеуметтiк ф-я кейбiр философиялық концепциялардағы әлеуметтiк болжау жасап, ғылыми негiз iздеп қызмет атқарады.
Сонымен, әлеуметтiк ф-я ең алдымен, Тарихтағы қоғамдық болмыстың онтологиялық негiздерiн зерттеумен айналысатын философиялық бiлiм бөлiгi. Өйткенi, адамдардың қоғамдық өмiрi де, яғни экономикалық, саяси, мемлекеттiк-құқықтық және әлеуметтiк-мәдени өмiрi де, ең алдымен, Таррих ағымында өтедi. Ол бiздiң әлеуметтiк болмысымыздың ерекше “үйi”. Қоғамдық өмiрдiң заңдылықтары мен логикасы, оның әуел бастағы мәнi мен мақсаты туралы барлық сұрақтар- бұл бiздiң тарихи болмысымыздың мәнi, заңдылықтары, логикасы туралы сұрақтар. Гегельдiн “Философия- оймен ұсталып қалаған дәуiр” деген пiкiрi әлеуметтiк философияға өте сәйкес келедi.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



92.5 Kb
Категория: Философия | Добавил: Dastan
Просмотров: 3444 | Загрузок: 291 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Аймауытов Жүсіпбек
Бағдарлама - Әлем музыкасы
Байжанұлы Жаяу Мұса
Шуберттің вокалдық лирикасы
Ақан Сері
Кемеңгер қаламның құдіреті.. Ғабит Мүсіреповтің туғанына - 105 жыл
Шоқан (Мұхаммед Қанафия) Уәлиханов Шыңғысұлы
Қазіргі отбасы және некелік қатынастар
Халық ағарту ісі
Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы арасындағы қатынастар
Төле би
Ғабиден Мұстафин
Ар түзейтін бір ғылым табылмаса
Қазанғапұлы Тәттімбет
Экоголияның экономикалық мәселелерді шешудегі орны