Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 18.6.2018
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Философия

Әлеуметтанудағы егес теориясы туралы түснік
Загрузка...
Әлеуметтанудағы егес теориясы туралы түснік

Егес әлеуметтік құбылыс ретінде алғаш рет А. Смиттің «Табиғат туралы және халықтардың байюы себептері» еңбегінде қарастырылған болатын. Саяси экономика классигі пікірінше, егес негізін қоғамды таптарға бөлу (капиталистер, жер иеленушілері және жалдамалы жұмысшылар) және олардың арасындағы экономикалық бәсекелестік құрайды дейді.
Ал әлеуметтік теорияда егес негізін түсінуге арналған екі негізгі бағыт ажыратылады: функционалызм және конфликтология.
Функционализмнің негізін салған Г. Спенсер еді. Оның идеялары органистикалық мектептің қуатты стимулы болды. Органицизмде әлеуметтік жүйенің функционалды бірлігі мен оның құрылымды бөліктерінің бүтінге тәуелділігі туралы идеяларымен қатар, егес теориясы да кең етек жаяды. Бұл бағыттың өкілдері ең алдымен қоғамдық өмірдің қарама-қайшылықтарына, түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерінің қиылысуына және күресіне назар аударады.
Э. Дюркгейм, әлеуметтану ғылымына биоорганикалық бағыттың тұрақты әсеріне қарамастан, «ұжымдылық» идеясын насихаттады: «Жеке егестер қоғамның реттеуші іс-әрекеттері арқылы қалай тежелсе, нитерәлеуметтік егестер де бір ғана қоғамның реттеуші іс-әрекеттері арқылы тежеледі» Жеке эгоизмді шекті қалпында ұстап тұра алатын жалғыз күш – бұл топ күші; ал топтың эгоизмін бір қалыпта ұстап тұратын жалғыз күш – бұл оларды өзінің құрамына кіргізетін басқа бір топ күші болып табылады.
Қазіргі замандағы функционалитер - Т. Парсон, Р. Мертон және т.б. Спенсер мен Дюркгейм ойын жалғастырушылар ретінде көрінеді. Парсон «Әлеуметтік тәртіпті қалай орнатуға болады?» деген сұраққа жауап беруге тырысады. Оның концепциясының негізін жүйенің тепе-теңдікті сақтауға тырысуы құрайды. Парсонс үшін егес құрылымсыз, функционалсыз және жоюшы болып көрінеді. Ол егесті әлеуметтік ағзаның ауруының «эндемикалық» формасы деп қарастырады.
Осы бағыттағы социологтар тәртіпті, «тепе-теңдікті», «ынтымақтастықты» қалыптастыруға ниеттенген болатын. Егесті анализдеу кейіннен психикалық бейімсізділікпен тиімсіз іс-әрекетті зерттеумен алмаса бастайды.
Әлеуметтану ғылымында егес моделін жан-жақты суреттеген К. Маркс еді.
К. Маркс әлеуметтік егестердің негізгі себептерін қоғамның антагоникалық таптарға бөлінуінде көреді. Егесті маркстік анализдеу түбегейлі қарама-қайшылықтармен байланысты макроәлеуметтік деңгейде жүргізіледі. Бұл концепция шеңберінде егесті шешу – қарама-қайшы жақтардың біреуін жоққа шығару, сол жүйені өзгертуге тырысу. К. Маркс саяси үрдістің негізі ретінде егестің рөлін арттыра отырып, егес пен консенсусті бір-біріне балама деп есептейді. Ол әлеуметтік революцияны коммунизм құрылымының пайда болуының аса қажетті шарты деп қарастырылды. Ол таптар және таптық айырмашылықтардың жоқтығымен ерекшеленеді. К. Маркс ешқашан «таптық күрестің» алғашқы өкілі рөліне тырыспаса да, оның зерттеулерінің толықтығы мен тереңдігі оны осы мәселе бойынша әлемдік беделді тұлға қатарына қосқан екен. Н. Смелзер айтқандай, егес теориясы Карл Маркс еңбектері негізінде қалыптасқан
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



13.1 Kb
Категория: Философия | Добавил: Admin
Просмотров: 1214 | Загрузок: 161 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның құқықтық дамуы
ЭЕМ-нің даму тарихы. ЭЕМ-нің буындары
Жамбыл - әлем түркілері поэзиясының алыбы
Жалпы әлемдік қонақ үй шаруашылығының қалыптасу тарихы
Нұрғиса Тілендиев
Жүрек ырғағы
Сағат Әшімбаев
Сүйінбай Аронұлы
Ұлы Ақын Жамбыл Жабаев
70-80 жылдардағы қоғамның саяси даму ерекшеліктері
Досмұхамедұлы Халел
Микроорганизмдерді мал азығын дайындауда қолдану
Некелесу түрлері, әдет-ғұрыптар
Жүрек қызметі
Қазақстандағы камералық-аспаптың жанрдың қалыптасуы мен дамуы