Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 16.12.2017
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Философия

Бала тілінің дамуы
Загрузка...
Бала тілінің дамуы.

Бала тілінің дамуы дыбыс аппаратының бұлшық еттерінің күрделі шартты және шарытсыз қозғалысына сәйкес қалыптасады .Тілдің дамуы үшін басқа адамдармен болатын қарым-қатынастың маңызы зор. 12-16 жасқа дейін адамдармен араласпай өскен балалардың адамға лайықты сөйлеу қабілеті болмайды. Олар тек жануарлар іспетті жеке сөздерді айтып біраз, сөздердің мағынасын түсінгенімен, яғни аздап сөйлеп үйренгенімен, ол екінші сигналдық дәрежеде қалыптаспайды. Бұған дәлел маймылдар тәрбиелеген адамның балалары. Сәби кезінен бастап жануарлардың тәрбиесінде болып, адамдармен қарым – қатынасы кеш басталған балалардың ересек адамдардай сөйлеу қабілеті болмайда, оларда адам кейпіне келт іріп тәрбиелеуде, сөйлеп үйретуі де қиын, кейде мүлдем мүмкін болмайды. Ал ертерек, кішкентай кезінде табылған балаларды адам кейпінде нашар болса да сөйлетуге болады. Жаңа туған бала дыбыс аппаратының шартсыз қимыл рефлекстеріне байланысты мағынасыз үн шығра алады. 2 – айдан бастап дауыстай алады. Ересек адамға еліктеп кейбір дауысты дыбыстарды қайталай бастайды.
3- ші айға жеткенде гу – гулейді, былдырақтап сөйлегісі келеді. Гу – гулей мен былдырақтау оның дыбыс аппататын дамытып, сөйлеуге дайындайды.
5 - 6 айдан кейін еліктеу арқылы жеке дыбыстарды, сөз буындарын айта бастайды. 6 – 7 айда ересектердің сөздерін қайталауға тырысады. Бірақ бұл кезде әсіресе жарты жасқа дейін, балаларды бірінші сигнал жүйесі ғана дамығандықтан сөздің мағынасы жеке дыбыс ретінде қабылданады, бала сөздің нақты мағынасын түсінбей – ақ айта береді. Ал жарты жастан аса сөздің мағынасын түсіну қабілеті дами бастайды.
Тілдің шығуында дыбысты есту қабілетінің маңызы зор. Есту қабілеті ерте жойылған балалардыңтілі шықпайды. Жақсы еститін баланың тоғыз айында былдырақтап сөйлегені түсінікті жеке сөздерге айналады. Екі жасқа дейінгі баланың сөйлеуі оның ана тіліне байланысты емес. Екі жастан соң ғана ана тіліне байланысты артикуляция байқалады. Бір жарым жаста сөз бен заттардың арасында байланыс туады, баланың тілі қалыптаса бастайды. Баланың ми қыртысында дыбыс орталығы мен сөйлеу орталығының арасында нервтік байланыс пайда бола бастайды. Кейіннен ол күшейіп, сөздерді құрастыру, екі – үш сөздің басын құрау қабілеттері пайда болады. Дені сау, жақсы дамып келе жатқан баланың бір жасында 6 – 10, екі жасында 250 – 300 үш жаста 1500, төрт жаста 4000, 5 – 6 жаста 4 – 5 мыңдай сөз қоры жиналады. Баланың тәрбисіне жоғары жүйке әрекетінің тобына, қозу мен тежелудің қасиеттеріне байланысты балалардың сөз қорының мөлшері әр түрлі. Сөз қоры баланың басқа адамдармен қатынасына, табиғатына, яғни генетикалдық тұқым қуалаған қасиетіне, болмысты білуге арналған ынтына, тәрбиесіне, өмір сүріп жатқан ортасының мәдениетіне байланысты. Баланың аоғашқы сөздері оның көңіл – күйіне негізделген, өмір қажеттілігенен шыққан сөздер болса, кейінен сыртқыортаны тануына, өзінің өмір тәжірибесіне байланысты.Баланың тілінің дамуына 3-4 жастың арасының маңызы ерекше.Бұл кезде тіл байлығын көбейтуге,сөздің мағынасын дұрыс түсіндіруге көбірек көңіл бөлген жөн. Төрт жаста баланың тіл байлығы молайып ,сөзге байланысты нақтылы сапасы артады .Осы кезде баланың сөздері дұрыс, анық айтуына көбірек назар аудару қажет,онымен көбірек сөйлесіп қателерін жөндей маңызды.Бұл мерзім ата-анасынан шыдамдылықты талап етеді, өйткені баланың мәлімет алуға ынтасы күшті сұрақты көп қояды.Бір сұраққа берілген жауап екінші сұрақты тудырады да ересек адам мезі болады.Дегенмен баланы дөрекі тоқтатып тастамай,сыпайы,көңілін басқа нәрсеге аударып жіберген жөн.Жалпы алғанда ауызша сөз қорының дамуы 5-7 жасқа дейін созылады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл байлығын дамытуда түрлі ойыншықтардың,әңгімелердің балалар мен қыдырып жүрген кезін,сыртқы ортаның танысуының маңызы зор.
7 жасқа дейінгі балалардың белегілі бір жағдайға ,нақтылы әсерге байланысты сөздері жақсы сақталады.Бұл кездегі баланың санасы нақтылы тітіркендіргіштің әсерінен дамиды.Бастауыш сынып оқушыларында жазбаша тілді дамытуда ауызша тіл маңызды орын алады.Баланың жауап беруге үйретуден бастап оның “ ішінен” қабілеті дамиды.Ішкі ойын дәл жеткізу қабілеті баланың жеке басының санасының,ақыл-ойының дамуына байланысты.Мұнда баланың дұрыс сөйлетіп ойын дәл айтуға үйретуде мұғалімнің,тәрбиешінің орны ерекше.Сондықтан оқушы тек кітаптағы сөздерді жаттап айтуды ғана машықтамай оның ойлау қабілетін,дарынын дамыту керек.Жастардың ойы ішкі тіл байлығына байланысты.Сондықтан мұғалім талапшыл болса, онда оқушылардың тілі дұрыс жаттығып,дұрыс дамиды.
Баланың жасы ұлғая келе абстрактылы ойлау жақсы дами бастайды,сөйтіп баланың сана-сезімінің артуы күшейген сайын екінші сигнал жүйесінің маңызы арта түседі,бірінші сигнал жүйесінен басымырақ болады.
Баланы оқыту барысында тіл байлығы дамып,сөйлеу қабілеті санасы арта түседі.Оқу-тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру арқылы оның жоғары жүйке әрекетін жақсы дамытуға болады.Бұл кезде тәрбие жұмысын мұғалімдер мен ата-аналардың бір-бірімен келісіп жөнге қойғаны аса маңызды болады.


Бала есінің дамуы.

Ес,еске сақтау қабілеті аз зерттелген қасиеттердің бірі.Ол физиологиялық тұрғыдан қарағанда үш бөліктен тұрады-ақпаратты қабылдау және оны сақтау, мезгілінде қайтадан жаңғырту, яғни еске түсіру.Бұл үшеуін еске сақтаудың үш кезеңі.Олар бір –бірімен тығыз байланысты қызметтер.Сыртқы ортаның мәліметтері адам миына жан-жақтан келеді, көру,есту,сөз,тері,иіс,дәм сезімдері және ішкі түйсіктері арқылы. Олардың бәрі қабылданып талданып,талқыланып қажетісі ғана еске сақталады,керек кезінде пайдаланылады.Қазіргі түсініктер бойынша естің негізгі элементі нейрондардың бір-бірімен байланысының орны-синапстар.Бұған баланың өсіп-дамуына қарай нерв клеткаларының денесі мен дендриттеріндегі синапстық байланыстардың көбюі.Нейрондар арасындағы байланыс бала жетілген сайын күрделеніп көбейіп дами береді.Қазігі элетрофизиологиялық әдістерді қолдану арқылы нейронаралық байланыстар мен контактілерде өте көп түрлер болатыны анықталып отыр.
Жалпы алғанда, сақталған мәліметті еске түсіру, яғни қайта жаңартып пайдаланудың физиологиялық толық зерттелмеген. Дені сау адамның миының дамуын зерттеуде пайдаланылатын әдістер әзірше қарапайым .Ауруға шалдыққан адамның іс әрекетін тек ғана шартты рефлекстердің пайда болуына байланысты немесе сау адамдармен салыстыру арқылы ғана анықтайды.Сондықтан алынған мәліметтерге көптеген себептер ықпал етіп, нақтылы зерттеу мүмкіндігі болмайды.
Еске сақтау қабілетінің физиологиялық негізі туралы академик М.Н.Ливанов пен оның шәкіртері зертеулерін қорыта келе,естің дамуы,баланы оқыту үйрету барысында пайда болатын нейрондардың қозуды өткізуі ми қыртысындағы жағдайларды өзгертуіне байланысты,-деген шешімге келді. Былайша айтқанда ес функциялық жүйелердің дәрежесіне қалыптасып, ал -әліметтерді таңбалау,сақтау синапстық құрылымдар дәрежесінде өтеді.Әр дәрежеде жасалған биохимиялық зертеулердің негізінде естің қалыптасуына,оның таңбалануына РНК,немесе белок, немесе белокты углеводты қиыстырулар қатысады деп тұжырымдалып отыр.
Әсіресе,мәліметті сақтауда олардың маңызы зор.Еске сақтау әдістеріне қарай ес, механикалық және саналы, ерікті және еріксіз деп бөлінеді.
Қысқа мерзімдік ес балада 3-4 айдан кейін іске қосылады. Баланың жасы ұлғайған сайын еске сақтау мерзімі артады. Жеті жасқа дейін еріксіз еске сақтау қабілеті одан әрі қарай ерікті еске айналады. Адамның есі 20-25жасқа дейін қалыптасып, дамиды. Оның дұрыс дамуы үшін жаттықтырудың маңызы зор.Бұл осы мезгілдегі естің дамуына байланысты аса маңызды жағдай, жаттықтырған сайын ес жақсарады, қабілеті артып, одан әрі дами береді.
Мидағы ес іздері немесе энграма (гр.Эн-ішкі+грамма –жазба, таңба, сызық) пайдаланған сайын нығайып, күшейеді. Сондықтан неғұрлым көп оқып, естіп білуге ынталанған жастардың еске сақтау қабілеті соғұрлым жоғары дәрежеде дамиды. Ал еріншектікке салыған жастардың ісіне лайық ақыл ойының дамуы да нашар болады.
Адам баласы жануарлардан өзінің сөйлеуге байланысты логикалық абстрактылы есімен ерекшеленеді деп айтқан болатынбыз. Естің мұндай түрі жануарларда болмайды . Сөйлеуге байланысты логикалық абстрактылы ес бастауыш сынып оқушыларында көлемі жағынан ұлғайғанымен, еске сақтау жылдамдығы төменірек болады. Баланың еске сақтау жылдамдығы жеткіншек мерзімінде артады.

Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



40.5Kb
Категория: Философия | Добавил: Admin
Просмотров: 4664 | Загрузок: 294 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет қалыптастырудың ерек...
Рысқұлов Тұрар
Тіршілік етуші негізгі орта және оларға ағзалардың адаптациялануы (бей...
Жасуша теориясы
Астана - Қазақстанның саяси ерік-жігерінің нышаны
Электрокардиографтың құрылысы, жұмыс істеу принципі
Қалқаманұлы Бұқар жырау
Құранды түсіну
Неологизмдердің жасалу жолдары
Азаматтық қоғам ұғымы, оның құрылымы мен функциялары
Тіршілік үшін өсімдіктің маңызы
Дәрілік өсімдіктермен емдеу
Батыр жырау - Қожаберген
Мәлімет алмасуды ұйымдастыру
Сақтар