Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық

Коммерциялық банктегі несиелік саясат және несиелік процесс («Банк ЦентрКредит» АҚ мысалында)
Загрузка...
Коммерциялық банк әрекет ететін заңдылық шегінде несиелік саясатын өзі анықтайды.
Коммерциялық банктің несиелік саясатының рөлі мен тағайындалуы - бұл жүйелі әрекетті қамтамасыз ету және жалпыға бірдей несиелеу ережесін сақтау.
Коммерциялық банктің несиелік саясатының мақсаты болып несиелік тәуекелді дұрыс түсіну, мәнді түрде қабылдау және тиімді басқару негізінде несиелік қоржынның сапасын көтеру және қалпында ұстау табылады.
Коммерциялық банктің несиелік саясатының мазмұнына стратегияны анықтау және несиелік операция бөлігіндегі Банк тактикасы жатады.
Банктің несиелік саясатының стратегиялық бөлігінде қағидалары, мақсаттары және несиелеу сферасындағы банк приоритеті болады, ал тактикалық бөлігінде - несиелік операцияларды жүзеге асыру үшін арналған қаржылық және банктік инструментарий болады.
Несиелік саясат несиені ұсыну мен несиелік тәуекелді басқарудың негізін, Банк қызметкерлері жетекші ететін негізгі ережелерді, жағдайларды анықтаудың негізін қалайды.
Несиелеу коммерциялық негізде тәуекелді басқару және бақылау жағдайында, жеделдік, қайтарымдылық, ақылық және мақсатты қолдану жағдайында банкпен беріледі.
Банктің несиелік саясат бойынша стратегиясы бекітілген Стратегиялық жоспардың құрамдас бөлігі болып табылады және ол несилік қоржынның сапасын үнемі жақсартуға бағытталған.
Банк несиелік нарықтың тиімді секторында әрекеттерін ұлғайтуға тырысады, аймақтың және кешеннің, кәсіпорынның даму перспективасына байланысты ұзақ мерзімді өзара тиімді байланыстарға бағытталған қатынастарды дамытып, бекітеді.
Банк өзінің бизнесін корпоративті клиенттерге, берік ақша ағымы, жақсы қаржылық көрсеткіштері және даму перспективасы бар шағын және орта бизнестегі фирмалар мен компанияларға шоғырландырадыды.
Тәуекелдермен банктік басқару негізіне келесідей қағидалар жатады:
 банктің мүмкін шығын көздерін болжау, сонымен қоса несие алушының төлемқабілеттілігін төмендететін қиын жағдайларды немесе несиені қайтармауды болжауы;
 басты офистің несиелік бөлімдері мен бөлімшелерінің жетекшілерінің және несиелік офицерлерінің жауапкершілігі, саясаттың және тәуекелмен басқару механизмінің нақтылығы.
 банк жүйесінің қызмет қөрсету бөлімі мен барлық бөлімшелері бойынша тәуекелді басқару мен үйлестіру және тәуекелмен басқару процедуруларын сақтаудың анық мониторингі.
Банк үшін негізгі мағына болып несиелік тәуекелмен - несие алушының несиені қайтару міндеттемесін орындамау тәуекелімен, сонымен қатар, кепілді хат бойынша міндеттемелер тәуекелімен, овердрафтпен және аккредетивпен басқару болып табылады. Несиелік тәуекел Банк пен зайым келісім-шарты бойынша несие алушымен арасындағы қарым-қатынасы негізінде жатыр, сондықтан ол Банктен де несие алушыдан да тәуелді.
Несиелік тәуекелдің дәрежесін анықтайтын негізгі фактор - ол несие алушының несиеқабілеттілігі. Несие алушының несиеқабілеттілігін бағалау кезінде келесі факторлар назарға алынады:
 жағымды несиелік тарихы;
 клиенттің қаржылық-шаруашылық жағдайын динамикалық талдау;
 несие алушының Банк алдындағы негізгі қызметі және аударылған ақшалай сыйақысы бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті ақша ағымын қамтамасыз етудің ағымды қабілеттілігі;
 меншікті капиталдың жеткіліктілігі және оны жобада қолдану мүмкіндігі;
 несие алушы нарығының коньюктуралық жағдайы және оның кешенінің даму перспективасы;
 несие алушының бизнесі, маркетингі және басқару мүмкіндігі жағынан қарағанда адамгершіліктік және істік абыройлығының тұрақтылығы;
 ликвидті кепілділік мүлкінің немесе қаржылық ликвидті құралдардың қолда бары (кепілдік қағазы, сақтандыру полисі, акциялар, облигациялар және т.б.).
Тәуекелмен тиімді басқару үшін айтылған осы факторлардың әрқайсысы талданып, бағалануы керек.
Несиелік тәуекелдің дәрежесіне, бұдан басқа, Банктің несиелік үрдісті ұйымдастыру бөлігіндегі жұмыс сапасын анықтайтын факторлар әсер етеді:
 банктің несиелік операцияларын реттейтін нұсқаулық және әдістемелік құжаттардың қолда бары;
 ссуданы қайта қарастыру мен оны берудің үрдісінің қолда бары;
 несиелік құжаттарды толтырудың айқын талабы;
 моноторинг жүйесі және несиені беру мен нақты өтеу көздерінің ерекшеліктерін тиімді басқару;
 талдау жұмыстарының жақсы көрінісі мен қарыз алушы жайында анықтылық ақпараттың бар болуы;
 несиелік үрдіске қатысатын Банк қызметкерлерінің жоғары мамандандырылған деңгейі;
 ниетсіз Банк қызметкерлері жағынан алаяқтықты және жемқорлықтың алдын алу.
Банктің несиелік бөлімшелерінің ұйымдастырылған тиісті деңгейдегі жұмысы несиелік операциялардың тәуекелін едәуір дәрежеде төмендетеді.
Несиелік тәуекел дәрежесіне маңызды ықпалын несиелік қоржынның концентрациясы мен диверсификациясы тигізеді.
Несиелік қоржынның концентрациясы дегеніміз - несиелік салымдардың негізгі бөлігінің тәуекелдің (бір-екі несие бойынша жоғалтулар несиелік қоржынның сапасының нашарлауына немесе оның мүлдем құлдырауына әкелуі мүмкін) үлкен концентрациясымен байланысты объектінің елеусіз бөлігінде шоғырлануы. Банк несиелік қоржынның диверсификациясы арқылы несиенің артық концентрациясымен байланысты тәуекелдің төмендеуіне тырысу керек. Несиелік қоржынның диверсификациясы ссуданы әр түрлі географиялық аймақтар мен кешендердегі қарыз алушылардың кең тобы арасында бөлуді, несие алушының көп санына аз мөлшерде несие беруді, қамтамасыз етудің әртүрлі түрлерін қолдануды білдіреді.
Диверсификация несиелік қоржынның сапасын көтереді, тәуекелдің жалпы деңгейін төмендетеді, бірақ ол кәсіпкерлік басқаруды және нарықтың жақсы меңгерілуін талап етеді.
Несиелік тәуекелді төмендету және Банк қоржынын тиімді басқару үшін дербес несиелеудің шектеулері бекітілген:
 филиалдарына - Банк басқармасына;
 несилеу департаментіне - Бас офистің Несиелік комитетіне;
 бас офистің Несиелік комитетіне - Банк Басқармасына;
 банк Басқармасына - Директорлар Кеңесіне.
Несиелік комитеттің кері шешімі кезінде дербес жағдайда, несиені беру туралы шешім Банк басқармасымен бекітілген несиелік шектеу шегінде Басқарманың төрағасымен қабылдануы мүмкін.
Банк Басқармасымен бекітілген несиелеу шектеуінен тыс несиені беру туралы шешім Банк Директорларының Кеңесімен қабылданады.
Банк бөлімшелері үшін келесідей несиелеу шектеулері бар:
 бір несие алушыға шектеу;
 несиені беру мерзімі бойынша шектеу;
 несиелеу бағамы бойынша шектеу;
 банк қызметкерлерінің тұтынушылық ссудасы бойынша шектеу.
Несиелеу үрдісі кезінде (аккредетивтерді, кепілдіктерді шығару) ерекше міндеттемелер пайда болуы мүмкін. Неғұрлым кең таралғандарға Банкпен ерекше қатынастағы жақтар арасындағы өзара байланысқан шоттар мен келісімдер жатады.
Өзара байланысқан шоттар:
 несие алушы бір немесе бірнеше Банк бөлімдерінен бірден артық қарыз алады;
 несие алушы басқа несие алушының кепілдік зайымы бола алады;
 банк несиелеуді тек өзінің қарыз алушысымен ғана емес, сонымен қатар өзінің тікелей немесе жанама кәсіпорындарымен жүзеге асырады;
 банкпен үшінші жақпен тікелей немесе жанама бақыланатын екі (немесе одан да көп) қарыз алушымен несиелеу жүзеге асырылады.
Мұндай компанияларды несиелендіру Банк үшін үлкен тәуекел. Мұндай қарым-қатынастар болған жағдайда жалпы тәуекелден шыға отырып несиелеумен байланысты (аккредетивтерді, кепілдікті шығару) сұрақтарды шешу қажет.
Несие немесе кепілдік, аккредетив, баланстан тыс міндеттемелер бойынша жиынтық борыш бір немесе бірнеше өзара байланысқан клиенттер үшін Банктің жиынтық капиталының 25% аспауы керек.
Банкпен байланысты ерекше қатынастағы жақтармен келісімдер (инсайдерлермен):
Банкпен ерекше қатынастағы тұлғаларға жатады:

1) кез келген лауазымды тұлғалар немесе Банктің жетекші жұмыскерлері
(Директорлар Кеңесінің мүшелері мен төрағасы, Басқарма төрағасы, оның орынбасарлары және Банк Басқармасының мүшелері, Ревизиялық комиссияның мүшелері немесе ревизор, Бас офистің бас бухгалтері және оның орынбасарлары, Банк бөлімдерінің жетекшілері, бөлімдердің бас бухғалтерлері), сонымен қатар, олардың жақын туысқандары (жұбайлары, ата-аналары, балалары, апасы, ағасы);
2) Банктің ірі акционері болып табылатын (Банк акциясының 10%
артығын иемденетін) заңды және жеке тұлғалар, немесе Банктің үлкен қатысушысының лауазымды тұлғасы, сонымен қатар олардың туысқандары;
3) екінші пункте айтылған заңды тұлғалар осы пункта үлкен қатысушылар
болып табылады. Заңды тұлғалардың ірі қатысушысы болып берілген заңды тұлғаның акциясының 10% иемденетін тікелей немесе жанама иесі саналады;
4) Банк оған қарағанда ірі қатысушы болып табылатын заңды тұлға, оның
лауазымды тұлғасы болып жақын туысқандары табылады.
Өзара байланысқан заңды тұлғалар тобының біреуімен ерекше қатынастағы байланыстағы тұлға әрқайсысымен де байланысты болады.
Екі немесе одан да көп заңды тұлғалар кем дегенде біреуі екіншісінің ірі қатысушысы болса, олар өзара байланысқан заңды тұлғалар тобы болып табылады.
Банк инсайдерлерімен барлық өзара қарым қатынастар «Қазақстан Ресубликасындағы банктер және банктік қызметтер туралы» заңға сәйкес шешілуі керек. Заң бойынша Банк оларға жеңілдіктер жағдайында несие бермеуі керек. Жеңілдіктер жағдайын ұсыну дегеніміз келісімге тұру дегенді білдіреді, оның мақсаты, ерекшелігі және тәуекелі бойынша Банк өзімен ерекше қатынастағы байланыстағы емес клиенттерімен қатынасқа түспеуші еді.
Инсайдерлерге несие тек Банктің Несиелік саясаты анықтайтын жалпы жағдайда Директорлар Кеңесінің шешімі бойынша ғана беріледі.
Инсайдерлердің несие немесе кепілдік, аккредетив бойынша, баланстан тыс және басқа да міндеттемелері бойынша жиынтық борышы Банктің жиынтық капиталының 10% аспауы керек.
Несиелеудің негізгі бағыттары Қазақстан Республикасындағы экономикалық және әлеуметтік жағдайын бағалау негізінде, оның динамикасы, несиелік нарықтың жағдайы, банктік бәсекелестіктің деңгейі және Банктің мүмкіндігі негізінде құрылуы керек. Осыны ескере отырып, несиелеу кезіндегі негізгі бағыттар келесілер болып табылады:
Қарыз алушының типі бойынша:
 заңды тұлғалар - тиянақты капитализациясы, жақсы қаржылық көрсеткіштері, менеджменті, тауары мен қызметі, репутациясы, қаржылық және несиелік тарихы бар компаниялар, фирмалар;
 жеке тұлғалар - табысты бизнесті дамытатын және іске асыратын кәсіпкерлер, ірі депозиттік шоттарды ашуға мүмкіндігі бар жеке тұлғалар, ақшалық табысының деңгейі тұрақты болып табылатын жеке тұлғалар;
Несиелеу мақсаты бойынша - жүріп тұрған бизнесті кеңейтуге берілген несиелер, айналым капиталын толтыруға арналған несиелер (шиказатты, материалдарды және т.б. өндіріске қажет тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алу), тауарлық қаржыландыру (бағамдық нарықтың коньюктурасына байланысты), бөлшек несиелеу;
Несиені кепілдікпен қамтамасыз ету түрі бойынша :
 «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамында ашылған депзит;
 қаланың шетіндегі, тұрғын үйге сұранысы бар аймақтардағы тұрғын үйлер (пәтерлер, жер учаскесі, сатып алынған жер үйлер);
 өндірістік және әкімшілік сипаттағы ғимараттар мен құрылғылар, офистер, тауарлық павильондар, мейрамханалар, және т.с.с. қаланың мәртебелі аймағындағы сұранысы бар өтетін өндірістік аудандар мен жүріп тұрған өндірістік кәсіпорындардың және құрылымдық бірліктердің құрылғылары;
 автокөлік;
 өтімділігі жоғары халықтық тұтынудағы тауарлар (қолданыста болмаған);
Несиелеу мерзімі бойынша - қысқа мерзімді (бір жылға дейін).
Несиелеу кезіндегі қажеті аз бағыттар:
 жаңадан басталған бизнес, ғылыми-зерттеулік жұмыстар, пайдалы қазбаларды барлау, бастапқы инвестициялар (құрал-жабдықтар, өндірістік аудандарды сатып алу);
 кепілдікке несие беру: аяқталмаған өндіріске, физикалық тозуы 40% аспайтын қаланың шетінде орналасқан ғимараттар мен құрылғыларға, зергерлік бұйымдардағы асыл тастар мен бұйымдарға, жерге, мемлекет меншігі болып табылатын жылжитын және жылжымайтын мүлік объектілеріне, патенттерге, лицензияларға, және сертификаттарға беріледі.
Несиелеу кезінде тыйым салынатын бағыттар:
 қызмет түрі бойынша - қару-жарақпен (лицензия болмаған жағдайда) және жауынгерлік техникамен айналысу, есірткісі бар заттарды сату, және кез келген басқадай заңмен рұқсат етілмейтін қызмет түрлері;
 несиелеу мақсаты бойынша - басқа қаржылық мекемелермен берілген мерзімі өтіп кеткен қарыздарды өтеу, несиені кәсіпорынның жарғылық қорына салу мақсатында беру, кәсіпорын жарғысына сәйкес келмейтін мақсатта несиені беру, спекулятивті мақсаттағы несиелер (қор нарығында), қоршаған ортаға үлкен зардап тигізетін жобаларды несиелеу;
 кепілді қамтамасыз ету бойынша - кепіл берушінің меншігі болып саналмайтын депозиттік қаражаттар (мысалы, сақтандыру компаниялардың сақтандыру қорлары) бірінші қажеттілікті заттар және тасылатын заттар, мал, улы, есірткелі және қатты әсер ететін заттар, қару-жарақтар және т.б.;
 бюджеттік және төлемқабілеттілігі жоқ ұйымдар кепіліне несие беру, тұрақты табысы жоқ тұлғаларғ несие беру.
Несиелік үрдістің ұйымдастырылуы келесідей кезеңдерді қарастырады:
 несиелік мәлімдемені қабылдау, қарастыру және талдау;
 несие алушының несиеқабілеттілігін бағалау және эксперттік қорытындыны дайындау;
 несиенің кепілдікпен қамтамасыз етілуін бағалау және тексеру;
 заңгерлік қорытындыны дайындау;
 қауіпсіздік қызметін көрсету бойынша қорытындыны дайындау (банктің бөлек нормативті актілерімен айқындалған);
 несиені қолдау үрдісі және оны беру;
 несиелік мәлімдеменің заңгерлік қолдауы және келісім-шарттарға белгі қою;
 берілген несие бойынша мониторинг және оны өтеуді бақылау.
Несиелік мәлімдемені қабылдау, қарастыру және талдау. Несиелік мәлімдемені және кепілді ұсыну бойынша мәлімдемені қабылдау және қарастыруды банктің әрекет етуші үрдістеріне сәйкес жүргізу керек.
Жағымды шешім қабылдау болжамды іске асырылатын жобаның орнын
эксперттің қарауынсыз мүмкін емес, нәтижесінде активтер құрлымының нақты көрінісін, есептің және есеп айырысудың нақтылығы мен дұрыстығын және кепілдікке берілетін мүліктің сақталымын және құрамын көруге болады.
Егер берілген кезеңде жағымды ой қалыптасса, онда аналитикалық жұмысқа көшуге болады, яғни қарыз алушының жалпы несиеқабілеттілігін бағалауға және мәлімдеме бойынша эксперттік қорытындыны құруға.
Несие алушының несиеқабілеттілігін бағалау және эксперттік қорытындыны дайындау. Жобаны талдау және бағалау (несиені беру, кепілдіктерді және аккредетивтерді шығару) әрекет ететін типтік құрылымды сараптық (эксперттік) қорытындыларға сәйкес жүргізіледі.
Несиені беру туралы шешім қабылдау қаржыланатын жобаның мәртебесіне, шаруашылық субьектісінің негізгі қарызды және сыйақыны өтеуге жететіндей тұрақты ақша ағымымен қамтамасыз ету қабілеттілігіне негізделу керек.
Несиенің кепілдікпен қамтамасыз етілуін бағалау. Несилік тәуекелді минимизациялау мақсатында несие зайымды өтеудің екіншілік көзінің - негізгі қарызды өтеуге жеткілікті кепілдік қамтамасыз ету және барлық несиелеу кезеңі бойынша сыйақылар бар болғанында беріледі (банктің бөлек нормативті актілерімен қарастырған жағдайлардан басқа).
Кепілденген мүлікке негізгі талаптар:
1) экономикалық талаптар:
 кепілдік объектісін дұрыс таңдау - өтімділігін есепке ала отырып, мүлік пен капиталды құрал –жабдықтар ретінде таңдау;
 ұсынылған кепілді қамтамасыз етудің нақты нарықтық құнын бағалау;
 нарықтағы өзгерістерге, несиені үш ай мерзімінен артық мерзімін ұзартуға байланысты кепілді мүлікті қайта бағалау;
 ұзақ мерзімді несиемен қамтамасыз ету бойынша кем дегенде үш жылда бір рет қайта бағалау жүргізу;
 қажетті жағдайларда кепілді заттардың сақталуына бақылау ұйымдастыру;
2) заңгерлік талаптар - кепіл беруші мен кепіл ұстаушының міндеттері мен
құқықтық келісім-шарттарындағы нақты анықтамасы, кепіл бойынша құқық беретін құжаттардың дұрыс толтырылуы мен толықтығы, бекітілген тәртіпті ұстану және сақтау.
Несиенің кепілді қамтамасыз етуді бағалау Қазақстан Республикасының заң актілерін есепке ала отырып жүргізілуі керек, негізінен Банкпен анықталған тәуелсіз бағалаушылармен, «Банк ЦентрКредит» АҚ бекітілген ережесіне сәйкес тәуелсіз бағалаушылармен (банктің бөлек нормативті актілерімен қарастырған жағдайлардан басқа).
Несиелік мәлімдеменің заңгерлік жетелеуі және жоба бойынша заңгерлік қорытындыны дайындау. Заңгерлік жетелеудің негізгі мақсаты болып несиелік үрдіс кезінде болатын әрекет етуші заңнаманы бұзуы жайында ескерту, қарызды төлету кезінде Банк мүддесін қорғау үшін жағдай жасау, заң бойынша талаптарды сақтап, ауыртпалық түспеген мүлікті Банкпен кепілдікке алу табылады.
Заңгерлік сараптау заңгерлік қызмет көрсету қызметкерлерімен несиелік жобаның Заңгерлік сараптауы жайындағы Жағдайға сәйкес жүргізіледі.
Несиені заңгерлік сараптаусыз беруге болмайды (банктің бөлек нормативті актілермен қарастырылған жағдайлардан басқа).
Несиені беру және өтеу тәртібі. Несиені беру (кепілдікті, аккредетивті) Банктің Несиелік саясатының үрдісі мен жағдайының қатаң талаптарына сәйкес жүргізілуі керек.
Банк пен несие алушы арасындағы қарым-қатынас келісім-шарттық негізде құрылады, яғни несиелік келісімдер бекітілген түрде келісім-шарт түрінде (займ, кепілдік, аккредетив) толтырылады.
Банк несиелеуді Несилеу саясатының талаптарына сәйкес ақша қаражаттарын беру арқылы жүзеге асырады:
 заңды тұлғаларға - шаруашылық серіктестіктерге (серіктестіктің, акционерлік қоғамдардың, компаниялар мен фирмалардың барлық түрлері), кооперативпен құрылған мемлекеттік кәсіпорындарға, коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелерге;
 жеке тұлғаларға - Қазақстан Республикасының резиденттеріне және резидент еместеріне, жеке меншік кәсіпкерлерге, банк қызметкерлеріне.
Зайымды беру тек келесі жағдайлардан кейін ғана іске асыру керек:
 банктің өкілетті органымен жағымды шешім қабылдау және Несилік комитеттің Бас офисінің, Банк Басқармасының және Директорлар Кеңесінің отырыстағы хаттамасынан жоғарғы шектік мәлімдемелер бойынша жазбаларды алу (несиені беру мәселесін шешудегі өкілеттілігіне байланысты);
 несие алушыдан барлық керекті құжаттарды алу және барлық ескертулерді жою, қажетті қамтамасыз етумен иемдену, оның дұрыс толтырылуы мен бекітілген тәртіпте мемлекеттік тіркелуі (банктің бөлек нормативті актілермен қарастырылған жағдайлардан басқа).
Ссуданы беру бір уақытта немесе келісім-шартпен бекітілген кезең бойынша мерзімінде, қолма қол ақшасыз тәртіпте, жабдықтаушылардың несиелеу объектісі болып табылатын тауарлар мен қызметтері үшін есеп айырысу құжаттар төлеміне жүргізіледі.
Кей жағдайларда ғана қолма қол ақшалармен беру рұқсат етіледі, егер ол келешекте олардың қолдануы банк бақылауында болса, олардың мақсаты несиені тек Несиелік Комитетпен қолдануды болдыртпау.
Сыйақыны өтеу әр айлық негізде жүргізілуі керек, ал қарызды өтеу негізгі қарыз бойынша - Келісім шарт зайымының бөлінбес бөлігі болып табылатын төлем графигіне сәйкес жүргізіледі. Несиені өтеу күні беру күнінен бастап 15-ші күнінен 45-ші күн мерзіміне дейін бекітіледі.
Қарызды өтеу қолма қол немесе қолма қол ақшасыз түрінде несие алушымен немесе үшінші тұлғамен жүргізіледі. Төлем мерзімі өтіп кетсе немесе Келісім шартта бекітілген басқа жағдайларда Банктің несие алушының кез келген шотынан ақшаны аударып алуға хақы бар және несиелік саясат пен әрекет етуші заңға сәйкес соттық және соттан тыс тәртіпте кепілденген мүліктен қанағат алуға құқы бар.
Несие бойынша сыйақы ставкаларын бекіту. Активтер мен пассивтерді басқару бойынша комитет (ALKO) прайм-рейт сыйақы ставкаларын бекітеді.
Бекітілген прайм-рейт ставкасын қолдана отырып, Бас офистің Несилік комитеті несиелеу Департаментімен банк бөлімдеріне дейін жеткізілетін несие бойынша ұсынылатын сыйақы ставкаларын анықтайды.
Бас офистің Несилік комитетімен ұсынылмайтын сыйақы ставкаларын бекітуге тыйым салынады.
Берілген несие бойынша мониторинг және оны өтеуді бақылау. Банктің Несиелік саясатындағы мониторинг түсінігіне несие алушы қызметіне күнделікті талдау жасау негізінде несиені өтеуді бақылау бойынша күнделікті жұмыс, зайым, кепіл келісім-шарты бойынша барлық талаптарды орындауды бақылау және несие сапасының нашарлауы кезінде несие алушыға әсер ететіндей шаралар қолдану жатады.
Бұл мәселеден шыға отыра, банк мамандарына несие алушымен несиені өтеу бойынша болып қалатын мүмкін қиыншылықтардың алдын алу үшін немесе оларды оперативті және уақытында шешу үшін несиеге мониторинг тәртібі бойынша Жағдайды басшылыққа алу керек.
Банктің несиелік үрдісін тиімді ұйымдастырудың негізгі мәселесі болып несиелеу үрдісі кезінде ішкі бақылау жүйесін жақсарту мен қайталауды болдырмау мақсатында құрылымдық бөлімшелер арасындағы қарым- қатынасты жетілдіру табылады.
Несиелік үрдісті ұйымдастыру жұмыскерлеріне жоғарғы кәсіпқойлыққа жетуді рұқсат ететін, шешім қабылдау кезінде қателерден аулақ жүру үшін құрылымдық бөлімшелердің нақты функционалдық шек қоюына негізделуі керек.
Несиелу үрдісінде Банк бөлімдерінің (филиал) жүргізуші рөліндегі бөлімдерге мыналар жатады:
 фронт-офис - клиенттермен тікелей жұмыс істейді, тұрақты және табысты клиенттерді тартуға және іздеуге, банктік өнімдерді және қызметтерді сатуға, банк табыстылығын көтеруге жауапты;
 бэк-офис (сонымен қатар заңгерлік қызмет көрсету және қауіпсіздік қызметі) – несиелік тәуекелді талдайды және оларды минимизациялау бойынша шараларды қолданады, несиелік қоржынның сапасы үшін жауап береді және несиені қарастыру және беру бойынша барлық үрдістердің жүзеге асуына жауапты, несиелік операцияларды жүзеге асырады және берілген несиелерге мониторинг жүргізеді.
Несиелеу бөлігінде бөлімдердің қызметін реттеуді және жүйелеуді Бас офистің Несиелеу Департаменті жүзеге асырады.
Несиелеу Департаментінің негізгі мақсаты мен функциясы Несиелеу Департаментінің Жағдайымен анықталған.
Банктің несиелік қызметін реттейтін және несиелік тәуекелді төмендетуді қамтамасыз ететін орган болып Бас офистің несиелік комитеті - Несиелік комитет бойынша Жағдайға негізделген коллегиалды орган табылады.
Бас офистің несилік комитетінің құрамы мен өкілеттігі Басқармамен анықталып, Банктің Директорлар Кеңесімен бекітіледі.
Нашарланып бара жатқан және мәселелі несилер. Несиенің мониторнгін жүзеге асыру кезінде әрекет етуші заңдар шегінде несиені қайтаруға және несие бойынша міндеттемелерді орындау мүмкіндігін болдыртпайтын сыйақыны төлеуге бағытталған жоспарлық саясатты жүргізу қажет.
Несиенің нашарлауы байқалған кезде қалыптасқан жағдайды талдау қажет, егер ол уақытша сипатта болып, шешілетін болса, онда оның несиеге мониторинг тәртібінің Жағдайына сәйкес жеңу жағдайларын қарастыру керек.
Мұндай жағдайлар негізінде мерзімін ұзартуды ұсыну мәселесін немесе несие алушының өтініші бойынша шешілетін, қалыптасқан жағдайдың және оны жеңудегі міндетті талдауы бар берілген несиені қайта құрылымдық қарауды қарастыруға болады.
Талдау нәтижесі бойынша мәселенің қалыптасуына алып келген қызмет түріне және мерзімін ұзартуына және несиені қайта құрылымдық қарау кезеңіне ақша ағымының міндетті түрде болжамы бар жеңу жолдарына ғана қысқа түрде сараптық қорытынды жасалады. Бұдан басқа, несиенің кепілдікті қамтамасыз етуіне қайта бағалау және қажетті қосымша қамтамасыз етуге бағалау жүргізіледі.
Мерзімін ұзарту бойынша келесі қадам мен шешімді қабылдау немесе несиені қайта құрылымдық қарау Несиелік саясаттың жағдайына, үрдісіне және өкілеттілігіне сәйкес жалпы бекітілген тәртіпте жүзеге асырылады.
Қабылданған жағымды шешімдер бойынша зайым келісім-шарттарына және кепіл келісім-шарттарына (кепілді тіркеген органға бір нұсқасын бере отырып) қосымша келісімдер (төлем графигіне өзгерістерді енгізе отырып) толтырылады.
Егер қарызды өтеу неғұрлым қатаң ұзақ мерзімді сипатта болса немесе несие алушының әрекетінен пайда болған кепілдіктің қауіпсіздігімен байланысты болса, онда несие проблемалық болып табылады, және келесілерді орындау керек:
 банк бөлімінің қауіпсіздік қызметін қалыптасқан мәселе бойынша хабардар ету;
 қауіпсіздік қызмет көрсету қызметкерлерімен қоса несие алушының қалыптасқан жағдайды қысқа мерзімде түзете алатын мүмкіндігін зерттеу;
 кепілдік мүлкінің жағдайын қарау, оның нарықтық құнын және сұранысын анықтау, басқа өтеу көзі болмаған жағдайда қарызды өтеу үшін оның сатылу мүмкіндігін анықтау;
 проблемалық несиені сақтап қалу мүмкін емес жағдайында банктің Несиелік саясатына және Қазақстан Республикасының заңына сәйкес оны өтеудің шараларын қолдану.
Мерзімі өтіп кеткен қарыздың пайда болуы мен оны өтемеуі кезінде банк бөлімі әр айдың бірінші жұлдызына Несиелеу Департаментіне несиенің өтелмеген себебі жайында және оны өтеудің шаралары жайында ақпараттар ұсынуы керек.
Келешекте банкпен қарызды өтеу бойынша проблемасы болған несие алушыларға несиені тек Несиелеу Департаментінің рұқсатымен ғана берілетін болады.
Несиенің сыныпталуы - Банктің несиелік қоржынының оның қамтамасыз ету сапасына, несие алушының қаржылық жағдайына, несие алушымен ертеде алынған несиенің жіктелу категориясы және т.б. несиені толық қайтару ықтималдығына әсер ететін факторларға қатысты сапасын бақылаудың жүйелік әдісі. Сыныптама несиелік қоржынды тәуекел деңгейі бойынша топтастыруға және оларды жабуға қажетті қорды құруға мүмкіндік береді.
Сыныптама барлық несиелер бойынша әр ай сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен бекітілген «Активтерді, шартты түрдегі міндеттемелерді сыныптама мен оларды күмәнді және үмітсіз категорияға жатқыза отырып, провизияларды (резервтерді) құру ережелеріне» сәйкес жасалады және уақытында қалыптасқан мәселелерді айқындап, несиелік тәуекелмен басқаруға мүмкіндік береді.
Күмәнді және үмітсіз қарыздарға қарсы Ұлттық банкпен анықталған мөлшер негізінде провизия қоры құрылуда.
Зайымдарды сыныптау әр ай сайын 7 күндік жұмыстан артық емес айдың соңғы жұмыс күніне дейін банкпен жүргізіледі, провизия мөлшерінің өзгерісі әр айдың соңғы жұмыс күнінің балансында айқындалады.
Ұлттық Банктің талабы бойынша несиені сыныптау қатарындағы Бас банктің несиелік бөлімшесі мен бөлімдері ссудалық қоржынның сыныпталуын несиенің жағдайын неғұрлым анық айқындайтын Банктің ішкі Жағдайына сәйкес жүргізу керек.
Құрылған провизиялар есебінен баланстан несиені шығару мерзімі өтіп кеткен қарыз есебіне негізгі қарыздың сомасын шығарған күннен бастап санағанда 180-ші күнінде жүргізіледі, сонымен қатар мерзімі өтіп кеткен қарызды өтеу бойынша барлық банк филиалдары барлық шараларды қабылдау керектігін ұмытпаған жөн (несие алушымен, кепілдікпен, құқық қорғау органдарымен жұмыс істеу).
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық | Добавил: Admin
Просмотров: 2569 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Менің Отаным - Қазақстан
Гигиена
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауі...
Жасуша теориясы
Араб халифаты және Исламның таралуы
Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі
Германия
Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қазірг...
Туыстық қарым – қатынастар
№ 40 соль- минорлық симфония
Ар жақта дүмбірлеген Арынғазы...
Қазақ халқының үрмелі аспаптары
Шәмші Қалдаяқов
Атқарушы органдар
Неологизмдер