Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық

Депозиттік операциялар туралы түсінік
Загрузка...
Депозиттік операциялар туралы түсінік.
Банктер өзінің активті операцияларын жүргізу үшін пассивті операцияларды өткізу нәтижесінде пайда болатын тартылған қаржыларды қолданады. Коммерциялық банктің пассивті операциялары келесі нысанда жүзеге асырылуы мүмкін:
- банк қорын қалыптастыру және үлғайту үшін банктердің пайдасы есебінен аударулар;
- басқа заңды тұлғалардан алынған несиелер;
- депозиттік операциялар.
Депозиттік операциялар - бұл заңды және жеке тұлғалардың тартылған қаржылары бойынша белгілі бір мерзімге немесе талап ету салымы бойынша банктердің операциялары.
Депозиттік операцияларды жүргізу кезінде кез келген банк өздері дайындаған депозиттік саясатты ұстанады және олар кезегінде келесі ережелерге негізделеді:
• депозиттік операциялар банктің пайда табуына немесе болашақта пайда табуға мүмкіндік жасауға негізделіп үсынылады;
• депозиттік операцияларды үйымдастыру үрдісіне депозиттік операциялар субъектісінің әр түрлілігіне және депозиттердің эр түрлі нысандарының үйлесімдігіне ұмтылыс болады;
• депозиттік операцияларды жүзеге асыру барысында осы және депозиттер мен несиелік салымдардың мерзімдері мен сомалары бойынша несие үхыну операциялар арасындағы өзара байланыс пен өзара келісімділіктің болуын қамтамасыз ету қажет;
• депозиттік операцияларды үйымдастыру үдерісінде банк балансының өтімділігін жоғары деңгейде қамтамасыз ететін мерзімдік деплзиттерге ерекше назар аударған жөн,
• депозиттік операцияларды үйымдастыра отырып, банк депозиттік шоттардағы бос қаржы резервтерінің ең аз болуынаталпынуы керек;
• депозиттерді тартуға әсер ететін банктік қызметтерді дамыту және қызмет көрсету сапасы мен мәдениетін жоғарылату шараларын қарастырған жөн.
Көптеген ұсақ және шағын банктер үшін депозиттер ақша қаржыларының басты көзі болып табылады.
Банктер қаржы нарығында қаржылық делдал ретінде басқа кәсіпорындар мен үйымдардың, тұрғындардың уақытша бос қаражаттарының ірі сомасын орналастырады.
Банктер бұл қаржыларды тиімді пайдаланып, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және қарыз алушыларға табысты негізде ұсынады.
Көптеген жеке тұлғалар, фирмалар, акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар, мекемелер жергілікті органдар өз қаржыларын коммерциялық банктерге салады.

Халықаралық банктік тәжірибеде барлық депозиттер төрт топқа бөлінеді:
- мерзімді депозитер;
- талап етілмелі депозиттер;
- жинақ салымдары;
- бағалы қағаздар.
Бірінші топ — талап етілмелі депозиттер,олар сондай-ақ; чектік депозиттер деп те аталады. Талап ету депозиті түрінде қаржы тарту кезінде банк пен салымшы арасында келісім шарт жасалады.
Чектік депозит - бұл міндетті түрде өтелуге тиісті, салымшыға чек жазуға
құқы беретін шот. Чектік депозиттердің ыңғайлылығы олардың қауіпсіздігімен және чек жазу арқылы төлем жүргізу қарапайымдылығымен түсіндіріледі. Сонымен қатар олар бірінші талап бойынша нақты ақша алуға мүмкіндік береді.Чектік депозиттерді жүзеге асыру үшін есеп операциялары мен өткізбелерінің айтарлықтай көлемі керек, көптеген банктер осы шарттарды пайдаланғаны үшін төлем белгілейді. Бүл кезде төлем мөлшері бір ай көлемінде жазылатын чектер саны мен депозиттер мөлшерінің өзгеруімен өзгереді.еғер салымшы бір ай көлемінде шотта банктің өзінің коммерциялық мақсаттары үшін қолданылатын жергілікті баланстық қалдықты сақтаса, банктер кейбір кездерде бүл төлемдерді алудан бас тартады. Талап ету депозиттік шотының ерекшеліктеріне мыналарды жатқызуға болады:
- ақшаны алуға немесе салуға шектеудің болмауы;
- ақша шоттан қолма қол түрде, чектер көмегімен алынуы мүмкін;
- шот иесі банкке түрақты айлық мөлшерде немесе әрбір жазылған чек үшін коммисия төлеуі;
- ¥лттық банкке ең аз резервтік мерзімдік депозиттермен салыстырғанда үлкен үлесінің сақталуы.
Талап ету депозитінің бір түрі банктің клиентпен барлық операциялары есептелетін контокоррент - біріңғай шот болып табылады.
Контокоррентте банк қарыздары, сондай-ақ шоттан клиент тапсырысы бойынша барлық төлемдер және де шотқа салым, аударым жэне өзге де түрде түсетін барлық қаржы көрсетіледі.контокоррент шот ерекше сенімділік белгісі ретінде тек сенімді клиенңттерге жэне бірінші сыныпты қарызшыларға ашылады. Шот иесі шығындардың түсімдерден артуы кезінде әр бір жеке жағдайда , арнайы рәсімдеусіз банкпен жасалған келісімге сэйкес анықталған сома шегінде несие алуға мүмкіндігі бар.
Талап ету депозитіне ағымды овердрафт шотын жатқызуға болады, овердрафт - банк пен клиент арасындағы келісімге сэйкес, анықтаған мөлшерде шотта бар қаржы көлемінен артық соманы алуға мүмкіндік беретін шот, бүл да несие алмасуды білдіреді.
Овердрафт ағымды шоты жеке жэне заңды түлғалардың уақытша шығындарын жабу үшін ашылады. Талап ету депозитінің басқа бір түрі - нау - шоттары-пайыздық мөлшерінің жоғарғы шегі жоқ шоттар, яғни оол қалқымалы болуы мүмкін. Супернау — шоттар - бүл қолма қол ақшаны қолдану шоттары, оларды ашу қызметтерін ұсынады.
Депозиттік шоттардың келесі түрі автоматтық аудару шоттары(АТ8-шоттар). Жинақ шоттарынан ақша қаржыларын автоматты түрде аударуға мүмкіндік

беретін, чектерді жабу үшін чектік депозиттерге пайыз экелетін депозит түрі. Банктер салымшының келісімін жетекшілікке ала отырып, пайыз әкелетін шоттарды талап етуге несиенің артуын жабу немесе чектік шоттардағы ең аз балансты көтеру талабы туындаған кезде автоматты түрде қосады. Мүндай тэжірибе салымшыға өте аз соманы салымда талап етуге дейін сақтауға жэне бір мезетте шоттар бойынша автоматты түрде аударылған пайыздар алуға мүмкіндік береді.
Бүл депозиттерден тыс көптеген банктердің баланстық есеп берулеріне «банк қызметкері жазған чектер жэне куэландыратын чектер»деп аталатын шағын баптар енгізіліп жүр.
Куәландырылған чектер-банк қызметкерлері беретін төлемі кепілденген чектер. Банктер чекті куэландыру кезінде , куэландырылған чекте көрсетілген соманы салымшы шотынан алады жэне оны жеке жотта үстайды. Сонымен қатар чекті банк қызметкерлерінің бірі немесе банктің меншікті шығындарын төлеу үшін кассир жазған жағдайда қызметкерлер жазған чек сомасына теңестіріп депозит қүрайды.
Талап ету депозиттері бойынша эксплициттік пайыздық кірістер төленбеуіне байланысты банктің көптеген клиенттері осы типтес депозиттердегі қаржыларының мөлшерін төмендетуге тырысады. Шығынды азайтудың сол түрғыдағы әдістерінің бірі автоматты тазалау шотында қолданылатын мүмкіндіктерді пайдалану.
Мұндай шоттарды ағымды операцияларды жүргізе отырып банк клиентпен келісілген аз шектен асатын кезкелген ақша сомасынан шотты тазартады, оларды пайыздық кіріс экелсе қаржылық қүралдарға орналастырады. Көптеген банктер өз клиенттерінен компенсациялық балансты үсынуды талап етеді, бүл талап ету салымдары бойынша пайыздық кіріс экелмейтін нысанды, яғни банктерге банктік қызметтерді төлеу үшін қажет.депозиттің келесі түрі -жинац салымдары,
Жинақтық депозит туралы келісім негізінде ашылады.қазіргі кезде жинақ депозиттерінің басты типі жинақ кітапшаларындағы шоттар жинақ салымының жағдайы туралы жазбасы бар шоттар, сондағы ақша нарығының депозиттік шоттары больгп табылады.
Жинақ кітапшаларындағы шоттар - бүл жедел ақша болатын,пайыз экелетін чектік емес депозиттер. Жинақ салымының жағдайы туралы жрбасы бар шоттар жинақ кітапшаларындағы шоттарға үқсас алайда олар үшін шот жағдайы туралы кезеңдік жазбалар жазбаның жүргізілу түрғысынан жинақ кітапшаны ауыстырады. Жинақ салымының ерекшелігі мынада :
- бүл шоттардың анықталған мерзімі жок;
- салымда ақша нарығының депозиттік шотынан қаржыларды бірдей ала алады;
- осы шоттар бойынша салымшы чектердің тек санаулы шектелген санын жазуға қүқылы;

- бүл шоттар қызмет жасау мақсатында емес, жинақ мақсатында қолданылады;
- банк шығындарын өтеу мақсатында шот иесінен белгіленген төлем алынады;

- егер салымшылар - корпорация болса,банктер осы шоттар бойынша белгіленген резервті сақтауға міндетті.
Кең тараған топтардың бірі - мерзімдік салымдар жэне салымды алу туралы алдын ала хабарлауы бар салымдар кіреді. Салымшылар басқа депозиттерге неғұрлым үлкен пайыз алады жэне салым салымшыға алдынала келісімде көрсетілген мерзімде қайтарылады. Депозиттің бүл түрін ашуүшін мерзімдік депозит туралы келісім жасалынады.
- 30 күннен 89 күнге дейін;
- 90 күннен 179 күнге дейін;
- 90 күннен 359 күнге дейін;
- 360 күннен жоғары.
Депозиттердің төртінші түрі - бағалы қағаздар , депозиттер түрі ретінде былайша бөлінеді:
- аталған банкке тиесілі кэсіпорындармен үйымдардың кооперативтің акциялары мен облигациялары;
- сақтаудағы және қарызды қамтуға қабылданған акциялар мен облигациялар;
- шетел операциялары бойынша құндылықтар мен қүжаттар (шетел волютасындағы аккредитивтер);
- депозиттік сертификаттар;
Депозиттік сертификат - эмитент банк ақша қаржыларының салымы туралы,салымшы немесе оның құқық қабылдаушының мерзімі аяқталғанда салым бойынша салым сомасын жэне ол бойынша пайыз алу құқық куәландыратын жазбаша куәлік.
Депозиттік сертификат - кірісті бағалы қағаздың бір түрі, сол себепті ол сатылған тауар немесе көрсетілген қызмет үшін есеп айырысу немесе төлем қүжаты болып саналмайды. Сондай-ақ оларды бір заңды тұлғадан екіншісіне жолдауда шектеулер болады.
Талап ету құқығын ұғыну - цессия, ол депозиттік сертификаттың сыртқы бетінДе екі жақта мэмілемен рэсімделеді:өз қүқынүсынушы түлға - цедент пен құқық алушы цессионарий. Сертификатты қайтару мерзімі жеткенде, банк сертификатты және қаржы түсетін шот көрсетілген салымшы өтінішіне қарсы төлем жасайды. Банк талап ету құқығын үсыну туралы келісімнің үздіксіз орындалуын, сондай-ақ өкілетті түлғалар аты-жөнін,мөрінің жэне қолдарының сәйкестігін тексереді. Депозиттік сертификаттардың екі түрі болады:
- жолданбайтын - салымшыда сақталады және төлеу мерзімі жеткенде банкке үсынылады;
- жолданбайтын - екінші нарықта сақталуы немесе басқа түлғаға өтуі мүмкін.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық | Добавил: Admin
Просмотров: 1063 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Ыбырай Жақаев
Қазақстан Республикасының климаты
Марат Отарәлиев: «Тағдырмын ерте жоғалған...»
Дулатов Міржақып
Тұран жазығының физикалық-географиялық орыны, қалыптасуы
Түркі халықтарының Ислам дүниесіндегі орны
Қазақтың ұлы ақыны - Абай
Компьютерлік Вирустар
Дулат Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар
Абай Құнанбаевтың әлеуметтік ой-көзқарасы
Шоқай Мұстафа
Ақыт қажының Жиһаншаһ дастанындағы Шаһзада бейнесі
Программалу тілдері және негізгі классификациясы
Сүйінбай Аронұлы
Компьютердің құрылғылары