Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық

Депозиттерді тарту және қайтару есебі
Загрузка...
Салымшы депозиттің шотты ашпас бұрын банк пен салымшы депозитті ашуға қатысты екі серіктес қүқықтары мен міндеттерін белгілейді. Банк пен салымшы арасындағы келісім - салымшы жарна енгізіп, банк өз кезегінде оған шот ашып, енгізілген сома туралы белгі қойылатын арнайы кітапшаны жүргізуіне негізделеді.
Бұл кітапша клиентке жазба жасалған соң беріледі. Сонымен қатар клиент ақша сомасын жаңадан ашатын шотқа аударады, банкпен өз атына түсетін сома немесе болашақта ашылатын депозиттік шотқа жазылуы жөнінде келіседі.
Клиент пен банк арасында шартты қатынас туындайды, ол бойынша клиент банктен уақытша пайдалануға ақшасын жолдайды, ал банк өз кезегінде пайыз қосуға жэне клиентке ол ақшаны мерзімі жеткенде немесе хабарлау алғанда қайтаруға міндеттенеді.
Заңды түрде мүндай шартты қатынас қарызды білдіреді, ол бойынша клиент кредитор, ал банк дебитор болып табылады.
Келісім жинақ шотына депозит салынған соң күшіне енеді. Депозиттер тарту үшін маңызды міндет сондай-ақ депозиттік операциялардың дұрыс бухгалтерлік есебін ұйымдастыру маңызды. Салым операцияларының бухгалтерлік есебін үйымдастырудағы міндет әр салым бойынша ақша қаражатының дэл есебін қамтамасыз ету және банк мекемесінің қызметін басқару үшін қажетті ақпаратты алу. Бұл міндетті орындауға депозиттік операциялардың тиісті синтетикалық және аналитикалық есебін үйымдастыру арқылы қол жеткізеді. Аналитикалық есеп мэні нақты салымшы депозиттері, ал синтетикалық есеп мәні депозиттің анықталған түріне жататын депозиттер.
Депозиттік салымның есебі үшін қолданылатын шоттар:
2211 - клиентттердің талап етуі бойынша салымдары;
2215- клиенттің қысқа мерзімді салымдары;
2217 - клиенттің үзақ мерзімді салымдары;
2219-клиенттің шартты салымдары; Ц 2221 - клиенттің арнайы салымдары;
2222 - арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың кепілдік салымдары;
2223 - клиенттердің кепілдік - салымдары.
Барлық көрсетілген шоттар пассивті: кредиттік сальдо банктің клиент алдындағы берешегін білдіреді:
айналым дебет бойынша бұрын қабылданған депозит сомасында берешекті өтеу және пайыздарды қосу ;
кредит бойынша айналым бұрын қабылданған салымдар бойынша пайыздарды есептеу және жаңадан қабылданған салымдар.
Депозиттерді қорғау жүйесі Ұлттық банк тарапынан коммерциялық банктердің қызметін лицензиялау жүйесімен қамтамасыз етіледі. Ол мемлекеттік және сақтандырулармен толықтырылуы мүмкін. Жалпы әлемдік тәжірибедегі сақтандыру институттарына 60 жыл.
Салымдарды кепілдеу қоры әлемнің 70 елінде, соның ішінде АҚШ, Франция,Жапония, Германия, Үлыбритания елдерінде жұмыс істейді. Салымдарды сақтандыру негізінде банктердің депозиттерді жалпылама қайтарып алуға байланысты қорғау қағидасы жатыр.


Егер депозиттер сақтандырылса, онда салымшыларда өздерінің ақша қаржыларын қайтарып алуларына себеп болмайды. Тіптен банк күйзеліске ұшыраған жағдайда да, үкімет клиенттерге олардың ақшаларын қайтарады немесе клиенттермен олардың салымдары басқа төлем қабілеттігі жоғары банкке аудару туралы келіседі.
Осындай жолмен депозиттерді жалпылама қайтарудан қүлылуға болады, бірнеше банктерде проблемалық жағдай болғанның өзінде, банктік жүйеге түгелдей қауіпті шудан құтылуға болады. Бұл кезде банктердің міндетіне сақтандыру қорларында белгіленген көлемедегі депозиттерді сақтау бойынша төлемдерді жасау кіреді. Шығындарды жабу үшін сақтандыру жарналары жетіспеген жағдайда мемлекеттік бюджет қаржылары қолданылады.
Салымшыларға банктерде орналастырылған депозиттерін қайтару кепілдігін беру банктік жүйе түрақтылығын қамтамасыз етудің басты әдістерінің бірі болып табылады. Бүл жүйесіне деген сенімді арттыру мақсатында Қазақстанда депозиттерді міндетті сақтандыру жүйесін енгізу жұмысы жүргізіледі.
1999 жылы қарашада екінші деңгейлі банктердегі жеке тұлғалардың салымдарына міндетті ұжымдық кепілдік беру немесе сақтандыру ережесі, ал 1999 жылы ЖАҚ «Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі» банктеріндегі жеке түлғалардың салымдарына міндетті үжымдық кепілдік берудің Қазақстандық қоры құрылды.
Жарғылық капиталы 1 миллиард теңге құрайтын бұл қор коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Қор қүрылтайшысы - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, ал оның мақсаты - депозиттерді сақтандыру жүйесіне қатысатын екінші деңгейлі банктерге салынған жеке тұлғалардың мерзімдік салымдарының қайтаруын қамтамасыз ету.
Қор жұмысының ең басына қатысушылар болып Қазақстанның ең ірі жэне түрақты банктері түрады. Бұл халықаралық стандартқа өткен 16 банк, қаржылық жағдайы қауіп тудырмайтын, активтері күн сайын Үлттық банктің банктік қадағалауымен бақыланатын жүйелі банктер.
Қор Ұлттық банк атынан, салымдарды орналастыруға негізгі кепілші болып табылады және егер банктердің қызметі соңғы есеппен табыс іздеуге әкелсе, онда қор қызметі өзіңің жақсы гуманитарлық қағидаларын ұстанғаны.
Осы қағидалар басында Қазакстан Республикасының екінші деңгейлі банктердегі жеке түлғалардыңк салымдарына міндетті үжымдық кепілдік беру ережесіне негіз болады.
Қор қаржылары ұжымдық сақтандыру жүйесі салымдарынан жинақталады. Салым үш волютаның бірінде жүзеге асырылуы мүмкін: теңгеде, АҚТТТ долларында және еурода, Кепілдеу объектісі болып сыйақы мөлшері бекітілген мөлшерден артық емес салымдар бойынша келесі сыйақы мөлшері белгіленіп қайтару міндеттемесін қор кепілдеген: 2001 жылдың 1 шілдесінен:

- теңгеде жылдық есеппен 16 пайыз;
- доллар және еурода жылдық есеппен 9 пайыз.
2001 жылдың 1 қазанынан:
- теңгеде жылдық есеппен 14 пайыз;
- доллар және еурода жылдық есеппен 8 пайыз.
Депозиттер және олар бойынша есептелген сыйақы сомалары міндетті түрде салым қай волютада болса, сол волютада қайтарылады. Қор әрбір салымшыға қайтарылуы міндетті салым мөлшерін төлеп отырады. Олар келесідей көлемде:
Мерзімді депозиттер бойынша:
Теңгеде - салынған салым сомасы, бірақ 400 мың теңгеден артық емес, сондай-ақ қатысушы банктің Үлттық банктің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 50 % шегінде банктік операцияны жүргізуге лицензияны қайтарып алғанға дейін есептелген сыйақы мөлшері.
АҚШ доллары және еурода - салынған салымның 90% сыйақысыз, бірақ 360 мың теңге шетел волютасына балама сомасынан артық болса.
Талап ету салымы бойынша теңгеде - салынған салым сомасы қайтарылады. Бір салымшы әртүрлі волютада салынған мерзімді депозитте бір салым түрі ретінде қайтарылып, анықталған ережелерге сәйкес төленеді. Сонымен қатар, қайтару есебі салынған мерзімді салым сомасының 400 мың теңгеден аспайтын көлемде жүзеге асырылады.
Салымшы өзінің эр түрлі волютада салған мерзімді салымы бойынша төлемдерді қайтару кезегін өзі анықтауға қүқылы.жинақталған резервтер салымдар бойынша жетіспеген соманы қалпына келтіруге жеткіліксіз болса, қатысушы банктердің қосымша жарнасы есебінен төленеді, ал қалғаны қор есебінен қарызға алынады.
Қор өз несиесін таратылушы банкке қойылатын регрестік талаптар арқылы, қатысушылардың шектен тыс жарнасы есебінен қайтарып алады. Қор мен қатысушы банк міндетті күнтізбелік жэне басқада жарналар енгізу тэртібімен мерзімдері және негізгі ережеге сәйкес банк төлемдері туралы келісім жасауы тиіс.
Сондай-ақ аталған келісім шарттардың орындалуы үшін жауаптылық, қордың күнтізбелік мерзімде төленбеген ақша сомасын, басқа да жарналардың және төлемдерді банк келісімінсіз алу қүқығы қарастырылған.

Сертификаттар бойынша табыстарға, азаматтардың талап етілмелі шоттары мен мерзімдік салымдардағы кірістерге сиақты табыс салығы салынбайды. ерзімдік салымдармен салыстырғанда сертификаттардың жетіспеушілігі оның эмиссиясымен байланысты банктің жоғары шығындарының болуы. Сертификаттар келесі белгілер бойынша бөлінеді;
• Шығарылуы бойынша:
- бір рет;
- сериямен шығарылатын.
• Рәсімдеу тәсілі бойынша:
- арнайы;
- ұсынушыға.
• Төлеу шарттары бойынша:
- анықталған есеп айыру кезеңі аяқталғанға дейін пайыздық мөлшері үнемі төленіп түратын сертификаттар;
- сертификатты өтеу күні пайызы төленетін сертификаттар.
Банкте шығарылатын сертификаттар баспалық тәсілмен шығарылуы және осы сияқты бағалы қағаздарға қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс. Сертификаттарда міндетті түрде келесі деректемелер болуы тиіс:
- аты;
- сертификатты ұсыну күні;
- ұсыну күні;
- салым сомасы;
- депозитке енгізілген соманы қайтаруға банктің сөзсіз міндеттемесі;
- сертификат сомасын талап ету күні;
- пайыз мөлшері және есептелетін пайыз сомасы;
- эмитент банк аты және мекен жайы;
- банк мөрі мен бекітілген, осындай міндеттемелерге қол қоюға өкілетті екі тұлғаның қолы.
Өз сертификаттарын тиімді орналастыру үшін банктер келесі міндеттемелерді назарға алады:
- инвесторлар үшін тартымды пайыздық мөлшерлеме деңгейі;
- салымшыға ыңғайлы сертификаттың ең аз шегін;
- пайыз мөлшері қайта қараудың икемді механизмі;
- шығарымды стандартты шарттарын;
- номинал құны қосылған пайыздарды төлеудің сенімді кепілі;
- кең жарнаманы.
Жай депозиттік сертификаттармен рәсімделген мерзімдік салымдармен салыстырғанда, сертификаттар бірнеше артықшылықтары ие:
- сертификаттарды тарту айналымындағы мүмкіндік қаржылық делдалдардың үлкен санына сэйкес әлеуетті инвесторлар ауқымы кеңейеді;
- екінші нарық арқылы сертификатиесі үшінші тұлғаға сақтаған мерзімі үшін кіріс ала отырып банк ресурстарының көлемін өзгертпей-ақ сату мүмкін.



Міндетті күнтізбелік жарна мөлшері әр қатысушы банк үшін олардың қаржылық жағдайына Ұлттық банк бекіткен әдіспен жеке бекітілген және салымдар мен ол бойынша қосылған сыйақы бойынша міндетті күнтізбелік жарнаны енгізу алдындағы есептік тоқсанның соңғы күніне 0,125 пен 0,375% дейінгі мөлшерді құрайды, оларды қайтару 13 сәуірдегі 2002 жылғы № 136 Қ.Р екінші деңгейлі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарына міндетті ұжымдық кепілдік беру ережесімен кепілденеді.
Қордың 80 пайыздан кем емес бөлігін Қаржы министрлігінің бағалы қағаздарына қосу қарастырылған, оның міндеттемесі - бүгінгі күні Қазақстанда резерв қаржыларын инвестициялау үшін ең сенімді құрал. Банктік жүйеде ақша қаржыларын жинақтауға ынталандырудың келесі механизмі банктің - банктік құпияны қатаң сақтау. Дамыған елдерде банктік құпия - құқықтың жеке объектісі жасырын ақпараттың жеке түрі.
Соңғы кездері ел экономикасына түрғындардың бос ақша қаржыларын тартудың депозитттерді сақтандырудан басқа тәсілдерінің бірі ретінде капиталдар амнистиясы ұсынылады.
Резеретеу мөлшері факторының ерекшелігі депозиттерді тарту қүнын банк операциялары сияқты үлғайтады.
Коммерциялық банктер жүргізетін депозиттік саясатқа әсер етуші факторлардың бірі Ұлттық банк бекітетін қайта қаржыландыру мөлшерлемесі болып табылады.
Маңызды тежегіш факторлардың бірі салымдарды индексациялаудың тиімді және шынайы механизмінің болмауында.
Депозиттер нарығын одан әрі жетілдіру мен кеңейтудің маңызды факторларының бірі банктің басқа қаржылық үстамдармен салыстырғанда беделді жэне басқа салым түрлері мен салыстырғанда пайыздық мөлшерлердің бәсеке қабілеттігі, депозиттердің бір түрінің аумағында банктің қызмет спектрін ұлғайту, арнайы депозиттерде өйткені осы депозиттер салымшы мүддесін қорғауда жоғары икемділікке ие.
Депозиттік операциялардың дамуына әсер етуші факторлардың екінші тобына депозиттік саясатты ұзақ мерзімді жинақтау қорларын енгізуді олармен қатар пайда болатын салымдар индексациясы мәселесін банк беделін және басқаларды жатқызуға болады. Несиелер және депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлеме айырмасының көлеміне банктің тиісті шығындары және қажетті табыстылығы кірмейді.
Қазақстанда резервтеу мөлшері депозит түріне байланысты емес сол себепті мерзімді депозиттерді тарту тиімділігін төмендетеді. Республикада резервтеу механизмі жетілдірілетін болады. Сол себепте аталған кезеңде қалыптасқан банктік жүйе тэжірибесін қолдану өте орынды.
Резервтік корға депозиттер бойынша аударым мөлшнрінен өсу несиелер бойынша да мөлшерлеменің өсуіне де депозиттік пайыз бойынша мөлшерлеменің азаюына әкеледі.
Оған резервтеу мөлшерін қайта қаржыландыру мөлшерлемесін және басқаларды жатқызуға болады.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық | Добавил: Admin
Просмотров: 996 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
СӨСҚ қызметінің негізгі бағыттары
Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі
Алпамыс батыр жырын оқыту және тәрбие жұмыстары
Дербес компьютерде іс-қағаздарын жүргізу
Таным. Ғылыми таным
Шығайұлы Дәулеткерей
Мұқағали Мақатаев
Қорықтар аймағы
Өскемен қаласы
Жұмабаев Мағжан Бекенұлы
Сақтар
Құнанбайұлы Абай
Салауатты өмір салтын қалыптастырудьң ғылыми-теориялық негіздері
Гендельдің клавирлік музыкасы
Ар жақта дүмбірлеген Арынғазы...