Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық

БАНКТІК НЕСИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Загрузка...
Әр түрлі мемлекеттердің банктік жүйелері әр түрлі ұйымдастырылған. Олардың қалыптасуы мен дамуы әр түрлі және өзіндік ерекше тарихи жағдайларда, ұлттық экономиканың әр түрлі даму кезеңдерінде болды, ал олардың қызмет етуінің мақсатты басты ерекшеліктері бірнеше рет өзгерді.
Дамыған елдердің экономикалық өсуі ең алдымен қаржылық-несиелік механизмінің тұтқасын қолдануға, ғылыми білімдер мен технологияны қолдануға және мемлекеттің қандай да бір дәрежеде әсер етуіне негізделген. Бұл байланыстарда экономикалық тапшылықты жеңу мен экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін қолданылатын базалық механизмдер ерекшеленген:
 жинақтарды аккумулирлеу және оларды жеке меншік банктер арқылы инвестицияларға трансформациялау (Жапония, Германия);
 тәуелсіз шаруашылық субъектілерді несиелеуге негізделген механизм (Үлкен Жетіліктің елдері);
 даму институттары ретінде қызмет ететін мемлекеттік инвестициялық банктер арқылы экономикалық өсудің басты ерекшелік бағытын жүзеге асыруды инвестициялық қолдау (Жапония, Қытай, Үндістан, Бразилия);
 даму институттарының Орталық банкімен жасалатын қайта қаржыландыру механизмі (Қытай, Үндістан).
Банктік жүйе ең қарқынды дамып келе жатқан жүйе болып табылады.
Қазіргі уақытта банктік жүйенің дамуы келесілермен сипатталады:
 капиталды базаның кеңеюімен, қысқа мерзімді өтімділіктің өсуімен, қорларды өсірумен, екінші деңгейлі банктердің төлемқабілеттілігі мен қаржылық жағдайының өсуімен сипатталады;
 жеке және заңды тұлғалар тарапынан банктік қызметтерге сұраныстың едәуір түрде өсуімен сипатталады;
 банктердің соңғы жылдары несиелік қызметтерінің едәуір түрде жандануымен және 1999-2005 жылдармен салыстырғанда несиелеумен байланысты тәуекелдің едәуір төмендеуімен сипатталады;
 қор нарығындағы банктер қызметінің жандануымен, және мемлекеттік бағалы қағаздармен операцияның өсуімен сипатталады;
 банктердің өз еркімен несиелік серіктестіктерге қосылу немесе қайта жандану немесе жойылу жолымен қайта ұйымдастырылудың жалғасатын үрдістерімен сипатталады;
 меншікті қызметінің белсенді диверсификациясымен, оның ішінде құрамына бағалы қағаздар, сақтандыру және зейнеткерлік нарықта қызмет көрсететін, сонымен қатар лизингтік қызмет көрсететін ұйымдар кіретін қаржылық топтарды құрумен сипатталады.
Мемлекеттің қатысуымен, сонымен қатар тиімді механизмдерді және несиелеудің әдісттері мен түрлерін қолдана отырып, несиелік жүйенің ұйымдастырылған құрылымын дамыту көмегімен, экономиканың нақты және қаржылық секторы арасында тығыз қарым-қатынас құруға мүмкін болады.
Дәл осындай тиімді ынтымақтастықтың астында рационалды несиелеу жүйесі жатыр, ол тек мемлекет экономикасында өзінің позициясын бекітіп қана қоймай, сонымен қатар ол өндіріс деңгейін қалыптастырып, оны дамытуға қабілетті.
Мұнда негізгі блоктарды айқындауға мүмкіндік беретін несиелеу үрдісін бақылауда жүйелі тәсіл қажет. Қысқаша түрде басқару процесі 3 негізгі функциядан тұрады.
1) қаражаттарды аккумуляциялау;
2) несиелеу;
3) сыйақыларды аударуды және оларды төлеуді жүзеге асыру. Осыдан
шыға отырып, тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында несиелеу үрдісін басқарудың сызбасы былай көрсетіледі (Сызба 1).
Қаражатты аккумуляциялау блогы үшін негізгі мақсат болып банктік жүйенің активтерін кеңейту табылады. Халықаралық қаржылық ұйымдар мен даму бюджетінің қаражаттары банктік жүйенің активтерін толтыруда қосымша көзі болып табылуы мүмкін.


Несиелеу үрдісін ұйымдастыру



Сызба 1

Банктік жүйенің активтерін толтыру көздері болып жеке және заңды тұлғалардың депозиттері табылады. Оларды ұлғайту үшін салымдарды кепілдендіру жүйесін жетілдіру қажет. Маңызды болып әрекет етуші ережелердің, есеп беру үрдістерінің, ссуданы бағалаудың, аудиттің, бақылаудың халықаралық стандартқа сәйкестігі табылады.
Мұнда ерекше орынды банк қызметі туралы шынайы ақпаратпен қамтамасыз етуіне бөлу керек, ол клиенттерге өзінің мүдделерін қорғауға және банктерді нарықтық тртіпке бағынуға мүмкіндік береді. Меншік құқығына қатысты депозиттерді қорғаудың заңнамалық базасының анықтылығы, банкротқа ұшыраған банктердің жабылғандығы туралы анықтылығы және Орталық банктан бақыланатын ведомость тәуелсіздігінің анықтылығы өте маңызды. Бөлінбес құрамдас бөлігі болып банктік депозиттерді сақтандыру жүйесін қажетті қаржыландырумен және маманданған персоналмен қамтамасыз ету табылады. Салымдарды кепілдендірудің тиімді жүйесі дефолттің қалыптасуына шек қояды (Көмірбанк зейнетақы қорының салымдарымен болғандай).
Несиелеу блогы үшін негізгі мақсат салымшылардың қаражатын аккумулирленетін банктік жүйенің активтерін басқару болып табылады. Берілген блокта экономиканың өндірістік секторын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын және инвестициялық бағдарламасын ескеретін несиелеу ұсынылады.
Мәселені шешу үшін банктік және банктік емес ұйымдар желісін кеңейту ұсынылады. Мемлекеттік несиелік ұйымдарды құрудан басқа жергілікті басқару органдарының, сонымен қатар, Қазақстанның даму Банкінің аймақтарындағы несиелік ұйымдардың кеңеюіне белсенді қол сұғушылығы мақсатты болар еді. Бүгінде Қазақстанда әрбір филиал мен есеп айырысушы-кассалық бөлімге 10 мың тұрғын келді. Салыстыру үшін, Еуропаның әрбір еліндегі, Жапонияның, және АҚШ банктерінің әрбір филиалына 700-2200 тұрғын келеді. Ресейде - 3000 тұрғын келеді. Мұнымен қоса, банктер санының қысқаруы мемлекеттегі аймақтар бойынша банктердің біркелкі дамуын қиындатады. Бүгінде 33 банктің 24-і 7 облыста орналасқан, сонымен қоса оның біреуі ғана активтердің мөлшері бойынша 10 ірі банктің құрамына кіреді. Республиканың қалған облыстарында банктер алматы банктерінің филиалдары ретінде ұсынылған.
Мұндай жағдайда, аймақтық банктер облыстың экономикасын көтеру құралының бірі болып табылады.
Аймақтық банктердің қатысушылары болып жергілікті басқарудың аймақтық органы, Қазақстанның даму Банкісі, сонымен қатар Алматы мен Астана қалаларынан басқа территорияның аймағында өздерінің қызметін кеңейтетін, қазақстандық аймақтарға үлкен қызығушылықпен қарайтын шетел институционалдық инвесторлар мен халықаралық қаржылық ұйымдар табылады.
Аймақтық мемлекеттік банктерге ірі инвестициялық жобаларды несиелеуге белсенді қатысуына болады.
Аймақтық банктерден басқа Германиядағы кооперативтердің несиелік жүйесін үш деңгейлі ұйымдастыру мысалы бойынша несиелік кооперативтер жүйесін дамытқан жөн.
Несиені қайтаруды кепілдендіру жүйесінің толыққанды қызметі үшін кепілді операцияларды жүргізуге жауапкершілік, қызметті ұйымдастыру, рөлін, орнын, статусын айқындайтын нормативтік-құқықтық базасын құру қажет. Мұнымен қоса, кепілді қорды құру үлкен шығындарды қажет етпейді. Батыс елдеріндегі кепілді қорды функциялау тәжірибесі салымдардың бастапқы сипаттамасын көрсетеді, және ол құрал-жабдықтарды сатып алу мен бекітуге, бөлмені жалдауға және тағы басқалары біріктіріледі. Содан соң, қорлар өздерінің қызметінің дамуына байланысты берілген кепілдер бойынша комиссиялық салымдар есебінен толтырылады.
Потенциалды несие алушының қаржылық жағдайын таладудың әдістемесі мақсатты түрде және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға банк қатысқан жағдайында толық қолданыла алмайды.
Банкпен қолданылатын несиеқабілеттілікті бағалаудағы берілген әдістеменің негізгі жетіспеушілігі болып әрбір фактордың сандық өлшем бірлігінің және оның көрсеткіштер жүйесіндегі рөлінің жоқтығы табылады. Әрбір фактордың маңыздылығы көзбен бағаланады, ал бұл клиенттің несиеқабілеттілігін талдауына барлық бөлімдер үшін бір тәсілді қолдануға мүмкіндік бермейді. Бұл көрсеткіштердің салыстырмалы мәнін дұрыс бағаламаудың тәуекеліне және несиелеу мүмкіндігі туралы қорытындыны бағалау тәуекеліне әкеледі. Сондықтан несие алушының несиеқабілеттілігінің рейтингтік бағалауын қолданған жөн, ол берілген коммерциялық банктің саясатына, клиенттің ерекшелігіне, оның балансының өтімділігіне ссудалық нарықтағы жағдайына байланысты әрбір жеке несие алушы көрсеткіштің мәнін анықтауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, несие алушының тиесілі кешендік айналым қаражаттарының құрылымын, дебиторлық және кредиторлық қарызының жағдайын ескерген жөн.
Несиені қамтамасыз ету несиелеу жүйесінің бөлінбес элементі болып табылады. Несиені қамтамасыз етудің және тәуелсіз жағдайды қалыптастырудың ең кең тараған түрі болып кепіл табылады. Кепіл ретінде банкпен кез келген мүлік алынады. Бірақ, өкінішке орай, банктің меншігінде кепіл құралдары көп емес, ал қолда барларының көбі төмен өтімділікті болып табылады немесе олардың мемлекеттік тіркелуі болмайды.
Несиені қамтамасыз ету мәселесі - банктер үшін ғана емес, сонымен қатар өндірістік кәсіпорын клиенттері үшін де маңызды болып табылады. Осылайша, талдау жүргізушілермен несиені алу бойынша сұрау жүргізілді, оған 20 шағын және орта бизнестің жетекшілері мен 10 ірі кәсіпорынның басшылары қатысты. Сұраудың нәтижесі несиені қамтамасыз етудің, бизнес-жоспарды құрудың және жоғары деңгейлі пайыздық ставканың мәселелігін дәлелдеді. Сұрау әрекет етуші ірі кәсіпорындардың шығындарға қарағанда несиені алу мүмкіндігі жоғары екендігін көрсетті. Ал «қалқып жүрген» немес банкротқа ұшырауға таяп қалған ірі кәсіпорындарға тек сырттан қандай да бір көмек келеді деген өмітте болуы керек.
Экономиканың нақты секторын несиелей отырып, банктер жеткіліксіз кепіл мен жоғары пайыздық ставка кезінде несиені қайтармау мүмкіндігінен шығынға ұшырауы мүмкін, ал нақты сектор болса, қаражатсыз қалады. Яғни, банктердің несиені бере алу жағдайы экономиканың нақты секторы үшін тиімсіз.
Үшінші блок салынған қаражаттар бойынша сыйақыны төлеуді білдіреді.
Соңғы жылдары несиелеу деңгейін көтеруде, шешуші рөлді несие бойынша пайыздық ставкалардың деңгейінің төмендеуі ойнады. Бүгінгі күнге қайта қаржыландыру ставкасы Ұлттық Банкпен 9% құрады. Айта кеткен жөн, ТМД елдерінің ішінде Қазақстанда қайта қаржыландырудың ең төменгі ставкасы, бірақ егер дамыған елдермен салыстырсақ Жапониядағы ең төменгі ставка - 0,1%, АҚШ - 1,25%, Канадада - 2,25%.
Бірақ егер әр түрлі елдер бойынша несие мен депозиттің сыйақылары бойынша ставкалары, арасындағы айырмашылықты алсақ, онда келесіні айқындауға болады: маржа орта есеппен Канадада - 1,48% құрайды; АҚШ - 2,94%, Жапонияда - 1,85, Германияда - 7,06%, Ресейде - 12,3%, Украинада - 16,8%, Беллоруссияда - 10,2% құрайды, Қазақстанда минималды деңгейі - 8%, максималды деңгейі - 14% құрайды. Көріп отырғанымыздай Қазақстанда маржа - қалыпты жоғары. Демек, банктердің қор базасын үлкейту үшін депозиттер бойынша сыйақы ставкаларын көтеруге және экономиканың нақты секторына тартылған қаражаттарды инвестициялау үшін несие бойынша сыйақы ставкаларын төмендетуге мүмкіндік туып отыр.
Экономиканың нақты секторын несиелеу үрдісіне мемлекеттің қол сұғушылығы ұсынылғандықтан, мұнда пайыздық саясатты қолдану керек.
Дифференциацияланған ставкалардың айрықша ерекшелігі болып өндірістің әртүрлі көлеміндегі біркелкі еместігі табылады. Жоғарыда айтылғандай, қазақстандық экономиканың ерекшелігі болып оның шикізаты табылады, сондықтан соңғы өнімді өндірудің дамыту саясатын жүргізу қажет. Төмендетілген пайыздық ставканы Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейін дамуының стратегиялық жоспарында перспективті деп айқындалғандарды несиелеу кезінде қолдануға болады, олар: импорт-айырбастаушы, жоғары технологиялық кешендер, ауылшаруашылық, ақпараттық және ғарыштық технологиялар, биология, химия, медицина. Ерекше көңілді ауылшаруашылық өндірісіне бөлген жөн.
Жоғарлатылған ставкаларды барлау кешендерін несиелеу кезінде қолдануға болады.
Несие үшін сыйақы ставкалардың дифференциациасы несиені сақтандыру жүйесінің дамуына әсер етуі мүмкін. Қазіргі уақытта мұндай механизм дамымаған, өйткені несие үшін пайызды төлеуден басқа, оны сақтандыру - сақтандыру салымын жүйелі енгізуін талап етеді, ал бұл несие құнын бірден өсіреді. Ал несие үшін сыйақы ставкаларын төмендеткен кезде ғана кейбір жағдайларда берілген қамтамасыз ету көзін қолдану мүмкін болады. Айта кеткен жөн, несиені сақтандыру кезінде сақтандыру компаниясы клиенттің техникалық, қаржылық жағдайы, нарықтағы орны, маркетинг деңгейі, яғни несие алушы екі жақты тексерістен өтеді.
Сөйтіп, несиені ұйымдастырудың ұсынылған сызбасы кезінде банктер тікелей қаржыландыру мен инвестициялық делдалдылықтың келесідей негізгі механизмдерін белсенді қолдана алады: мемлекеттік инвестициялық бағдарламаларға қатысу, құралжабдықтарды сатып алуды ұзақ мерзімді несиелеу, лизингтік операцияларды қаржыландыру, жобалық қаржыландыруға қатысу, делдалдық, ақпараттық, кеңестік қызмет көрсету, есеп беру, басқару бойынша агенттік қызмет көрсетулер.
Белсенді несиелік саясат арқылы екінші деңгейлі банктер шағын бизнестің субъектілеріне тұтынушылық және ипотекалық несиелерді беру арқылы несие көлемінің едәуір өсуіне жетті.
Ипотекалық несиелеу жүйесі мемлекеттің төменшығынды тұрғын үй жобаларды төмен пайызбен ұзақ мерзімге қаржыландыруға қатысуын қарастыру керек. Мемлекет тұрғын үйді несиелеу жүйесінің реформалау кепілі мен бастамашысы болып табылады.
Қазақстанда екінші деңгейлі банктерде халықтың депозиттерін кепілдендіру жүйесінің жағымды тәжірибесін ескере отырып, банктерде ипотекалық несиелерді қайтармау тәуекелін төмендету мақсатында, олардың ұсынысын көтеріп, құнын төмендету мақсатында сақтандыру бағдарламасы іске асырыла бастады. Хеджирлеу тәсілін қолдана отырып, мемлекет «Ипотекалық несиелерді кепілдендірудің қазақстандық қоры» АҚ құрады. Ипотекалық кепілдендіру несие алушының несиеқабілеттілігімен байланысты несиелік тәуекелді төмендетуді қарастырады, көп жағдайда ол тәуекелді толығымен жоққа шығарады. Ипотекалық несиелерді кепілдендіру қоры берілген несиелік тәуекелді өзіне алу салдарынан, банктер несие алушының кең шеңберіне бағытталған ипотекалық несиелік қоржынды ұсына алады.
Қор кепілі, ең біріншіден, үйді бірінші рет алып тұрып, оның алғашқы салымын төлеуге қажетті жинағы жоқ, бірақ тұрақты табысы бар жас мамандар мен отбасылардың тұрғын үй мәселесін шешудің мүмкіндігі болып табылады. Талап етілетін алғашқы салымның сомасын төмендету несие алушыға ипотекалық несиелерді алу үшін тұрғын үй жинағын жүзеге асыруға көмектеседі. Несие мерзімін ұзарту әр айлық төлемге қол жетерлікке және сәйкесінше несие мөлшеріне жағымды әсер етеді.
Ипотекалық несиелеу жүйесінің артықшылығы мен кемшілігін және халықтың қаржылық ресурстарын тартуды салыстырмалы талдай отырып, келесілерді айқындауға болады: ипотека элементтерінің банктік емес, инвестициялық-құрылыстық салада пайда болуы - әлемдегі кең таралған құбылыс. Көбінесе, Англия мен Францияда қазірде ипотекалық ассоциациялар мен компаниялар ретінде жұмыс істеп тұрған көптеген ұйымдар инвестициялық-хабарланған құрылым ретінде пайда болды. Қазақстанда тұрғын үй нарығының қанығу деңгейі мен тұрғын үйге төлемқабілеттілік сұранысының төмендеуінен девелоперлік компаниялар төлемі ұзартылған немесе ипотекалық ссудаларды ұсынумен тұрғын үйді жүзеге асырудың әртүрлі түрлеріне көп көңіл бөледі.
Қазіргі уақытта мемлекете екінші деңгейлі банктермен және Қазақстан Ипотекалық компаниясымен кепілге берілген мүліктің құнын бағалау жүйесін реформалайды және стандарттайды. Бұл экономиканың жағдайына байланысты жылжымайтын мүлік объектілерінің құнында болатын тербелістерге байланысты. Жылжымайтын мүлік объектілерінің құны оған берілетін несиеден төмен болатын жағдайлар да болған. Физикалық амортизация мен моральді тозу салдарынан объект құнының төмендеуі - ипотекалық несиені беру кезіндегі банк тәуекелінің бір түрі. Сондықтан, келісім-шартта мазмұнына талаптар мен жылжымайтын мүлік объектісінің пайдалануы жайында келіседі.
Ипотекалық несиелеу жүйесін дамытудың қажетті жағдайы болып жылжымайтын мүлік объектісін қажетті жағдайда мәжбүрлік сатудың заңнамалық нормасы табылады. Егер несие алушы қарызды өтемесе, мәжбүрлік сату механизмі несие берушіге меншікті иемденуіне мүмкіндік береді. Әдетте, ипотекалық банк жылжымайтын мүлікті мамандандырылған құрылымдарға сату үшін бірден береді.
Мемлекет орташа және аз қамсызданған халыққа ипотекалық несиенің бір бөлігін жабу үшін немесе үйді жалға алып, оны келешекте сатып алуға құқығы бар мүмкіндікті жүзеге асыру үшін субсидиялар береді. Сонымен қатар несие алудың алдында берілген соманы бірітіндеп жинау шараларын қолдануға және жүзеге асыруға субсидиялар беріледі. Халықтың жоғары емес белсенділігін ескере отырып, азаматтар үшін неғұрлым жағымды жағдай қалыптастыруда келесідей бағыттар ұсынылады:
1) мемлекетпен салым сомасын 200-250 айлық есеп айырысушылық көрсеткішке дейін көтеру қолпаштайды, ал бұл әрекет етуші заңнамаға өзгерістер енгізуді талап етеді;
2) аймақтарда салымшыларды тарту үшін жеңіл ұзақ мерзімді бюджеттік
несиелерді ұсыну;
3) тұрғын үй құрылыстық банкінде қажетті жинақтың мөлшерін
иемденетін үйдің құнынан 20-25% төмендету;
4) жеке мақсатта қолданылатын салынып жатқан тұрғын үй қорын кепілге
беру құқығы туралы нормаларды заңнамалық актіге енгізу.
Халықты ипотекалық несиелеу жүйесіндегі берілген шаралар төлемқабілеттілік сұранысының мерзімінен ерте өсіп кетуін болдырмау мақсатында, сонымен қатар бағалылық және уақыттылық дисбалансты болдырмау мақсатында тұрғын үйдің құнын төмендету шараларымен бірге жүзеге асырылуы керек.

ҚОРЫТЫНДЫ

Нарықтық экономика жағдайында барлық шаруашылық процесіне қатысушылардың қызметінде банктік несиелеу жүйесі маңызды рөл атқарады.
Қазіргі таңда банктік несиелеу жүйесі алға басқан сайын өз алдына несиелеудің көптеген түрлеріне қажеттілікті арттырады.
Осы дипломдық жұмысты қорытындылай келгенде:
Банк көп жағдайда экономикалық басқарудың органы болып сипатталады. Мұндай көрініс мемлекеттің банктік іске монополиясы болған кезде жеке меншік, кооперативті банктер мемлекеттік органға айналғандағы кезеңге сүйенеді; банк мемлекетпен біріккендей сияқты, шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік басқару аппаратының бір бөлігі болды. Нарыққа өтумен банктің жағдайы экономикада күрт өзгерді және оның басқару аппараты мәнінің түсінігі өз өзімен түсіп қалды.
Банктің функциясы - басқа экономикалық субъектілерге қарағанда банкке тән құбылыс. Осыдан, ақшаны орналастыру процестері, басқа кәсіпорындарға қатысу банк спецификасын көрсетпейді, сондықтан да оның функциясы ретінде саналмайды.
Банктің екінші функциясы - ақша айналымын реттеу функциясы. Банктер әр түрлі шаруашылық субъектілердің төлем айналымы өтетін орталық болып табылады. Есеп айырысу жүйесі арқылы банктер өз клиенттері үшін ақша қаражаттары мен капиталды айырбастау, айналысқа түсіру үшін мүмкіндік туғызады. Ақша айналымын реттеу төлем қаражаттарын эмитирлеу, өндірістік субъектілердің қажеттіліктерін несиелендіру, халыққа және шаруашылыққа бұқаралық қызмет көрсету арқылы жетеді. Сондықтан мынадай қорытынды жасауға болады: берілген функция банкке тән, қаржылық-несиелік институт болып табылатын операциялар кешенімен іске асырылады.
Банктің үшінші функциясы - делдалдық функция. Мұнда банк қызметі төлемдегі делдал ретінде түсіндіріледі. Банк арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың төлемдері жүргізіледі, яғни банк клиенттердің арасында бола тұрып, олардың тапсырмасы бойынша төлемдерін жасай отырып делдалдық қызмет атқарғандай болады
Банктер өз функцияларын екі өзара байланысқан операцияларда - пассивті және активті операцияларда орындайды:
1) банктік ресурстарды құрумен байланысты операциялар пассивті
операцияларға жатады.
2) банктік ресурстарды орналастырумен байланысты операциялар активті
операцияларға жатады.
Несие сыныптамасы кезінде жедел несиелендіруге байланысты несие қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді және орта мерзімді ссудаларға жіктеледі.
Қысқа мерзімді несиелер қарыз алушының айналым капиталының қозғалысымен байланысты ағымды қажеттілігіне қызмет көрсетеді.
Орта мерзімді және ұзақ мерзімді несиелер өндірісті жаңартуға және өндірісті кеңейтудегі капиталды шығындарды жүзеге асыру үшін арналған ұзақ мерзімді қажеттіліктерге қамтамасыз етеді.
Қазақстанда орта мерзімді несиелерге өтеу мерзімі 6 айдан 12 айға дейінгі несиелер, ұзақ мерзімді несиелерге мерзімі 1 жылдан асатын несиелер жатады.
Жаңа банктік жүйенің бірінші деңгейі Ұлттық Банкпен ұсынылды.
Екінші деңгейлі банктер үшін экономиканың нақты секторын несиелеу операциялардың приоритетті түрі болып қала береді. 2003 жылы банктегі несиелердің жалпы көлемінің өсуі 2002 жылмен салыстырғанда 45,5% құрады, 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда - 51,7 % құрады. Экономика дамуы үшін жағымды жағдай экономикадағы несиелердің жалпы көлеміндегі орта және ұзақ мерзімді несиелердің үлесінің өсу тенденциясы табылады. Теңгелік несиелердің үлес салмағы өсуде.
2000 жылдан бастап Қазақстанның банктік жүйесі ТМД елдерінде қарқынды дамып келе жатқандардың бірі болып табылады. Сөйтіп, активтердің ЖҰӨ-ге қатынасын сипаттайтын қаржылық делдалдылық тереңдігі 2004 жылы 48,5%-дан 2005 жылы 61,8% өсті. Бұған нормативті-құқықтық база және мемлекеттік бақылау-реттеушілік органдар саясаты құрылған жағымды макроэкономикалық айналасы негіз болған.
Банктердің жиынтық міндеттемелері 68,6 % - 4 073,4 млрд. теңгеге (АҚШ 30,4 млрд. доллары) өсті, оның 50,2% резидент еместердің алдындағы міндеттемелері, бұл дегеніміз, жоғары халықаралық дәрежесі бар Қазақстан банктерінің сырттан алатын қарыздарының шапшаңды өсуі болып табылады.
Банктік сектордың капитаизациясы несиелік ұйымдардың активтерімен салыстырғанда озық екпінмен өсіп келген. Сөйтіп, Қазақстанның несиелік мекемелерінің жиынтық капиталының көлемі 2005 жылы 69,2% өсіп, 2006 жылдың 1 қаңтарына 586,9 млрд. теңгені (АҚШ 4,4 млрд. доллары) құрады. Банктердің жиынтық капиталының ЖҰӨ қатынасы көрсеткіші 8% құрады.
Коммерциялық банктің несиелік саясатының мазмұнына стратегияны анықтау және несиелік операция бөлігіндегі Банк тактикасы жатады.
2005 жылдың 1 қаңтарына банктің несиелік қоржынының көлем жылдың басында 42 234 млн. теңгеге (79,3%) өсіп, 95 539 млн. теңгені құрады. Ал 2006жылдың 1қаңтарына несиелік қоржынның көлемі жылдың басынан 121 381 млн. теңгеге (127%) өсіп, 216 920 млн. теңгені құрады.
2004 жылдың 12 айы ішінде банкпен 25,5 мыңнан асатын қаражат берілді. Бөлшек несие жалпы соманың 21,5 млрд.теңгеден асатын соманы құрайды, оның ішінде:
 21,8 мың несие несиелеудің меншікті бағдарламасы бойынша 13 млрд. теңгеден асатын сомаға берілді;
 3,7 тыс. несие Қазақстандық ипотеклақ компаниялардың бағдарламасы бойынша 8,5 млрд. теңгеден асатын сомаға берілді.
Жеке тұлғалардың ссудалық қоржыны 25 млрд. деңгейіне жетіп, екі есеге өсті.
Мемлекеттің қатысуымен, сонымен қатар тиімді механизмдерді және несиелеудің әдісттері мен түрлерін қолдана отырып, несиелік жүйенің ұйымдастырылған құрылымын дамыту көмегімен, экономиканың нақты және қаржылық секторы арасында тығыз қарым-қатынас құруға мүмкін болады.
Мәселені шешу үшін банктік және банктік емес ұйымдар желісін кеңейту ұсынылады. Мемлекеттік несиелік ұйымдарды құрудан басқа жергілікті басқару органдарының, сонымен қатар, Қазақстанның даму Банкінің аймақтарындағы несиелік ұйымдардың кеңеюіне белсенді қол сұғушылығы мақсатты болар еді. Бүгінде Қазақстанда әрбір филиал мен есеп айырысушы-кассалық бөлімге 10 мың тұрғын келді.
Несиені қайтаруды кепілдендіру жүйесінің толыққанды қызметі үшін кепілді операцияларды жүргізуге жауапкершілік, қызметті ұйымдастыру, рөлін, орнын, статусын айқындайтын нормативтік-құқықтық базасын құру қажет.


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Лаврушин О.И. Банковское дело: учеб.для студ.вузов, обуч. по экон.спец. Изд. 4-е, стер. - М.: КНОРУС, 2006 - 766с.
2. Балабанов И.Т. Банки и банковское дело: Учеб.пособие. – СПб.: Питер. 2003 - 253с.
3. «Қазақстан Республикасының банк және банк қызметі туралы» Заң күші бар Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы (06.03.1996; 11.07.1997 жылғы өзгерістер мен қосымшалар есебімен)
4. «Акционерлік қоғамдар туралы» Заң. 13.05.2003 жылдан №415, - «Казахстанская правда» 10.07.2003 жылға
5. Ауесбаев, А.Т. Актуальные проблемы экономики и финансов Републики Казахстан –Алматы: Қаз. Ун-ті, 2004 – 181с.
6. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары: Оқу құралы, Алматы/ 2004.-272б.
7. Сейітқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер: Оқу құралы, Алматы/ 2005.-415б.
8. Сахариев С.С. Жаңа кезең-экономикалық теориясы: Оқулық, Алматы: Дәнекер, 2004. – 151б.
10. Хамитов Н.Н. Банк ісі: лекциялар курсы, Алматы: Экономика, 2006. – 215б.
11. Шаяхметова К.О. Банктік тәуекелдер: Оқу құралы, Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 77б.
12. «Қазақстан Республикасындағы банктік заңдар»: жүйесі, жетілдіру проблемалары, негізгі сипаттамасы/М. Алимова//Заң. -2005.-№3.30-33 б.
13. Банковская система за десять лет независимости Казахстана: Национальный Банк Республики Казахстан. – Алматы: Деловая литература и образование, 2001. – 199 с.
14. Бельгибаева К.К. Финансовая и банковская статистика: учеб. пособие/ Алматы: Экономика, 2000
15. Искакова З.Д. Финансовая-кредитная система Казахстана в условиях рыночной экономики, Алматы.с. 230-236
16. Кучукова Н.К. Финансово – кредитная система в условиях углубления экономической реформы: Учеб.пособие/Н.К.Кучукова. – Караганда:КарГу, 1995.-73с.
17. «Банк ЦентрКредит» АҚ 2003 – 2005 жылдарға арналған жылдық есебі.
18. Мурзиева А.А. Понятие и сущность обязательства ипотечного кредитования, Вестник КазНУ: сер. юридическая. – 2004. – №2 – С. 252-255.
19. Рыбкин Е. Автоматизация кредитования: Предпосылки, возможности, решения// Банковские технологии.- 2005 - №4 – С. 49-54.
20. Финансы Республики Казахстан: стат. ежегодник: 2001 – 2005 гг.= Казахстан Республикасының қаржысы: стат.жылнама/ под.ред. Ю. Шокоманова. – Алматы: Қазақстан Республикасының статистика агенттігі, 2006. – 151 с.
21. Хамитов Н.Н. Банковское дело.- Алматы: Экономика, 2005. -215с.
22. Шилибаев С. Меры по решению проблем/ Шиликбаев С..-Астана: Фолиант, 2002. – 141с.
23. Серикбаева Ж.Д. Совершенствование механизма денежно-кредитного регулирования экономики РК: Автореф.дис... канд.экон.наук.: 08.00.10.- Защищена 27.04.04/ Алматы: Б.и., 2004 – 31с.
24. www.afn.kz
25. www.nationalbank.kz
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық | Добавил: Admin
Просмотров: 1521 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Жұмабаев Мағжан Бекенұлы
Ғарифолла Құрманғалиев
Халық ауыз əдебиеті
Бунақденелілер
Жасуша теориясының негізгі қағидалары
Қазақстан Республикасы, туризм, туристік нысандар
Денсаулық - басты байлық
Айқап журналындағы оқу-тәрбие мәселелері
Қазақ халық аспаптар оркестрін ұйымдастыру
Паскаль програмдау тілінің қайталау командалары
Қазанғап күйші
Бетховен. Фортепианолык сонаталар
Алпамыс батыр дастанының зерттелуі
Қазақстан Республикасының климаты
Черногория мемлекеті