Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық

Банктік несиелеу принциптері және банктік ссудалардың сыныптамасы
Загрузка...
Берілген дәрежеде несиелік қатынастардың маңызы несие түрлерін ашуға мүмкіндік береді. Несиенің түрлері оның құрлымымен тығыз байланысты, сондықтан несиенің түрлеріне тоқталмастан бұрын оның құрлымына қысқаша тоқтала кетейік. Несие бір бірімен тығыз байланыста болатын элементтерден тұрады. Мұндай элементтер ең алдымен оның қатынастарының субъектілері болып табылады. Несиелік келісімде қатынастардың субъектілері болып үнемі несие беруші және несие алушы табылады.
Несиелік қатынастар құрылымының элементіне несие беруші мен несие алушыдан басқа тапсыру объектісі – несие берушіден несие алушыға және керісінше тапсырылатын объектілер жатады. Тапсыру объектісі болып құнның негізгі бөлігі ретіндегі қарыз берген құн жатады.
Жоғарыда айтылған несиелік қатынастар құрылымының элементтері несие түрлерін сыныптаудағы белгісі ретінде көрінеді (Кесте 1).

Кесте 1
Әртүрлі белгілеріне байланысты несие түрлерінің сыныптамасы

Сыныптама белгілері
Қарыз берген құн Несие берушінің, несие алушының статусы Несие алушының мақсатты қажеттілігі
Басқа белгілер
Несие түрлері
1 2 3 4
Тауарлық Банктік Өндірістік Тікелей және жанама
Ақшалай Коммерциялық Тұтынушылық Айқын және жасырын
Аралас Мемлекеттік Негізгі және қосымша
Халықаралық Дамыған және дамымаған
Тұтынушылық (жеке)


Несиелік келісімде несие беруші кім болып табылатынына байланысты несиенің келесі түрлері ажыратылады: банктік, шаруашылық (коммерциялық), мемлекеттік, халықаралық, азаматтық (жеке).
Несиенің банктік түрі - неғұрлым кең таралған түр. Бұл дегеніміз нақ осы банктер уақытша қаржылық көмекті қажет ететін субъектілерге өз несиелерін жиі ұсынады. Несиенің банктік түрі бойынша берілген ссуда көлемі басқа түрлері бойынша берілетін ссуда көлемінен анағұрлым үлкен. Банк негіз қалаушы қызметі болып несиелік іс болатын ерекше субъект болып табылады, ол қайтарымдық негізде көптеген ақша қаражаттар айналымын жүзеге асырады.
Несиенің банктік түрінің бірінші ерекшелігі болып банк тек меншікті капиталымен ғана емес, сонымен қатар тартылған ресурстармен де жұмыс істейді. Бір субъектілерден ақшаны қарызға алып, уақытша қолданысқа басқа заңды және жеке тұлғаларға береді.
Екінші ерекшелігі болып банк шотына немесе клиенттердің салымдарына салынған уақытша бос ақша қаражаттарынаң тарылуы табылады.
Үшінші ерекшелігі келесідей сипатталады. Банк жай бір ақша қаражаттарын емес, капитал түріндегі ақшаны қарызға береді. Бұл дегеніміз қарыз алушы банктен алған қаражатын несие берушімен есеп айырысып қана қоймай, одан тіпті несиенің пайызын өтейтіндей табыс ала отырып пайдалана білу керек. Несиенің банктік түрінің ақылығы оның ажырамас бөлігі болып табылады.
Банктік несие - заңды тұлғаларға ақшалық ссуда ретінде банктермен, несиелік-қаржылық мекемелермен берілетін несие. Банктік несие коммерциялық несиенің шекарасынан асады. Бос ақша капиталы кез келген өндіріс кешенінде бөлінеді және банктік несие арқылы кез келген бағытта жүре алады.
Қоғамдық капиталды іске асыру жағынан қарағанда банктік несие капитал ссудасына (қарыз алушылар қызмет ететін капиталдың көлемін ұлғайту мақсатында қаражаттарды қолданғанда) және ақша ссудасына (несие алушылар қарыз міндеттемелерін өтеу үшін қаражаттарды алғанда) ұлғаяды.
Банктік несие өзінің маңызды ерекшеліктерін сақтай отырып, біршама сандық және сапалық өзгерістерге ұшырады. Оның біреуі ссудалық келісімнің қатысушыларымен байланысты. Қазіргі уақытта ол екі қатысушымен: банкирлер және қызмет ететін капиталистермен ғана шектелмейді. Бір жағынан, ссудалық капиталды банктен басқа әр түрлі мекемелер де бере береді (қаржылық компаниялар, несиелік серіктестіктер, одақтар).
Несиелік мүмкіндіктер ғана өзгермейді, сонымен қатар ұсынылған ссудалардың көлемі де өзгеріске ұшырайды. Несиелік операциялардың көлеміне ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді. Біріншісіне банктің қолындағы ресуртар көлемі жатады. Ресурстардың өсуі сәйкесінше оның несиелік мүмкіндіктеріне әсер етеді және активті операциялардың өсуіне әкеледі.
Банктік несиенің көлеміне тек ақша-чектік эмиссиямен қосылған нақты ресурстардың көлемі ғана әсер етпейді, сонымен қатар өндірістік компаниялардың, жеке тұлғалардың және мелекеттік мекемелердің қарыз қаражаттарына деген сұранысы да үлкен әсер етеді. Экономикалық түсу кезінде банктер ресурсы емес ссудалық капитал нарығының конъюктурасын анықтайтын несиеге әлсіз сұраныс басты фактор болып табылды.
Банктік несиені сипаттай отырып, несиелеу қағидалары жайында айта кеткен жөн. Кез келген несие түрінің қағидалары сияқты олар: қайтарымдылық, ақылық, қамтамасыз ету, мақсатты сипаттама, несие алушы-клиенттерге диференциацияланған тақалу. Банктік несиені сипаттай отырып, несиелеудің принциптерін айта кету қажет.
Қарызға беру құнының қозғалу кезеңіне қарамастан несиенің қайтарымдылығы несиенің жалпы қасиеті боып табылады. Қайтарымдылық өз өзінен пайда болмайды: ол материалдық үрдістерге, құнның айналымының аяқталуына негізделеді. Бірақ құнның айналымының аяқталуы - ол қайтару емес, құнның босауы несиені қайтаруға дайындық болып табылады. Несиені қайтару мерзімі босаған қаражаттар қарыз алушыға уақытша қолданысқа берген ақша қаражатын қайтарып алуға мумкіндік бергенде ғана басталады. Қайтарымдылық екі жақты үрдісті білдіреді, ол несие алушы үшін де, несие беруші үшін де бірдей маңызды.
Несиені қайтаруды білдіретін қайтарымдылық қағидасына қарағанда мерзімділік қағидасы несиенің уақытында және несиелік келісім шартта бекітілген тәртіп бойынша қайтару керектігін білдіреді. Несиенің мерзімділігі несиені беру кезінде мерзімін анықтауға мумкіндік беретін әр түрлі кешендердің ақша қаражатының айналу жылдамдығына негізделген.
Банктік несие банк үшін ақылы ресурс боып табылатын тартылған қаражаттар негізінде беріледі. Коммерциялық кәсіпорындар негізіндегі банктер ресурстарды төлеммен сатып ала алмайды және өзінің несиелерін тегін сата алмайды. Несиенің ақылы сипаттамасы капиталдың қозғалысы ретінде сипатталады.
Қамтамасыз ету қағидасы несие алушымен алынған ссуданы уақытында қайтару қандай да бір материалды құндылықтардың қолда барымен кепілдендірілуі керектігін білдіреді. Бұл қағиданы ұстану несие берушінің шығындар бойынша тәуекелдің төмендеуіне әкеледі.
Қолданудың мақсатты сипаттамасы несиелеудің несиелеу түрі мен объектісін алдын ала білу негізінде жүзеге асыруын білдіреді. Бұл қағида несие алушыға несие берушінің қызметінің нақты жүзеге асырылуына және қаражаттың қайтарылуына көзін жеткізуге мүмкіндік береді. Несиелеу кезіндегі дифференциацияланған тәсіл түрлі несие алушыларға несие берудің әртүрлі жағдайларын білдіреді.
Банктік несиенің түрі - несиені жіктеу үшін қолданылатын ұйымдастырушылық-экономикалық сапасы бойынша неғұрлым толық сипаттамасы. Олардың классификациясы бойынша бірыңғай әлемдік стандарттар жоқ, әр елде өзінің ерекшеліктері бар. Несиелер келесілерге байланысты жіктеледі:
 несиемен қызмет көрсететін іске асыру сатысы бойынша;
 кешендік бағытталу бойынша;
 несиелеу объектісі бойынша;
 қамтамасыз етілуі бойынша;
 несиелеу жеделдігі бойынша;
 ақылылығы бойынша және т.б.
Несие, алдында айтып кеткендей, айырбас категориясын білдіреді. Қызметін жалғастыруға қажетті өз өнімін сату, шикізат, құрылғылар және басқа тауарларды сатып алу кезінде тауар өндірушілер қосымша төлем қаражаттарды қатты қажетсінеді. Несие төлемнің маңызды құралы бола отырып, қарыз алушының әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолданылады. Бұл қажеттіліктер төлем айналымының ара қашықтығы көрінетін айырбас кезінде ғана пайда болмайды, сонымен қатар басқа да іске асырулар кезінде де болады. Өнім шығаратын шаруашылық ұйымдар алған ссудаларын өндіріс құралдарын алу үшін, жұмыскерлермен жалақы бойынша есеп айырысуды жүргізу үшін, бюджеттік ұйымдармен есеп айырысу үшін қолданылады. Халық несиені өзінің тұтынушылық мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін алады. Айырбас категориясы бола отырып, несие өндіріс қажеттілігін қанағаттандыру үшін, жалпы өнімді тұтыну және бөлу үшін қолданылады.
Несие өзінің кешендік бағыттылығына байланысты түрлерге бөлінеді. Несие өндірістік кәсіпорындардың қажеттілігіне қызмет көрсетсе, онда ол өндірістік несие. Сонымен қатар, ауылшаруашылықтық, тауарлық несие болады. Несиенің кешендік бағытталуы елдер қатарының мемлекеттік статистикасында көрінеді (өндіріске, ауылшаруашылығына, саудаға бөлек несиелер бөлінеді). Кешендер бойынша несиелерді және бөлек коммерциялық банктерді бөледі.
Несиенің сыныпталуы сонымен қатар несиенің объектісімен ықпал етеді. Объект несиеге қарсы нәрсені көрсетеді. Көп жағдайда несие әр түрлі тауарларды иемдену үшін қолданылады (өндірісте - шикізатты, негізгі және қосымша материалдардарды, отын, тара және т.с.с., саудада - әр түрлі ассортименттегі тауарларды, халық - ұзақ мерзімді қолданыстағы тауарларды) және мұнда несиеге түрлі тауарлы - материалдық құндылықтар қарсы тұрады. Кейбір жағдайларда ссуда әр түрлі өндірістік шғындарды жүзеге асыру үшін беріледі. Мысалы, ауыл шаруашылығында шығындар көбінесе өсімдік өсіруге, мал өсіруге бағытталады, өндірісте - мерзімдік шығындарға бағытталады (ремонт, ауыл шаруашылық өнімдерді өндірудің жаңа мерзіміне дайындық және т.б.).
Несиелеу объектісінің материалды-заттық пішіні болуы да болмауы да мүмкін. Несие алушы ссуданы міндетті түрде оған керек тауарлы-материалдық құндылықтарды жинау үшін ғана алмайды. Сондықтан несиеге материалдардың нақты түрлерінің қарсы тұруы міндетті емес. Ссуда көп жағдайда кәсіпорында бос ақша қаражаты уақытша болмаған кезде, бірақ ағымдағы төлемдер бойынша әр түрлі міндеттемелер қалыптасқан кезде төлем айналымындағы арақашықтыққа алынады. Бұл кәсіпорын жұмыскерлеріне жалақыны төлеу бойынша қажеттілікпен байланысты мұқтаждық. Жергілікті және республикалық бюджетке төленетін салықтарға байланысты, мүлікті сақтандыру бойынша төлемдерге байланысты мұқтаждықтар болуы мүмкін. Бұл жағдайда несие ақша қаражаттарының жеткіліксіздігін және төлем айналымындағы қашықтықты жабады.
Несиенің түрі бойынша сыныпталуы оның қамтамасыз етілуімен байланысты. Әдетте, қамтамасыз етуді сипаты, дәрежесі және пішіні бойынша ажыратады. Қамтамасыз етудің сипаты бойынша тікелей және жанама қамтамасыз етуі бар ссудаларды ажыратады. Тікелей қамтамасыз етуі бар ссудаларға нақты материалдық объект үшін берілген, тауарлы-материалдық құндылықтарды сатып алу үшін берілген ссудалар жатады. Жанама қамтамасыз етуі бар ссудаларға төлем айналымындағы қашықтықты жабу үшін берілген ссуда жатады. Ссуда несие алушының төлем міндеттемелерін өтеу үшін, тауарлы-материалдық құндылықтарға төлеу үшін берілсе де, меншікті ақша көздерінен құрылған тауарлық қор түріндегі қосымша материалдық қамтамасыз ету көрінеді.
Қамтамасыз ету дәрежесі бойынша толық (жеткілікті), толық емес (жеткіліксіз) қамтамасыз ету мен қамтамасыз етуі жоқ несиелерге бөлінеді. Қамтамасыз ету мөлшері берілген несие мөлшерінен жоғары болса, толық қамтамасыз ету болады. Толық емес қамтамасыз ету оның мөлшері несие құнынан төмен болғанда қалыптасады. несиенің қамтамасыз етуі де болмауы мүмкін. Мұндай несие бланктік деп аталады. Ол көбінесе банктің несие алушыға толық сенімділігі кезінде немесе қаражаттың толық қайтарылуына сенімді болғанда беріледі.
Несиені қамтамасыз етуді тек берілген құнның қарсы тұруы мен өтімді тауарлық-материалдық құндылықтардың тарапынан ғана қарастыруға болмайды, сонымен қатар оларды сыртқы кепілмен де қарастырады. Несиені қайтаруды қамтамасыз етудің тобына тауарлық-материалдық құндылықтарды, несие алушы меншігіндегі мүлікті кепілдендіруден басқа сақтандыру, басқа да кепіл түрлері жатады.
Несие сыныптамасы кезінде жедел несиелендіруге байланысты несие қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді және орта мерзімді ссудаларға жіктеледі.
Қысқа мерзімді несиелер қарыз алушының айналым капиталының қозғалысымен байланысты ағымды қажеттілігіне қызмет көрсетеді. Қысқа мерзімді несие болып халықаралық стандарттар бойынша қайтару мерзімі бір жылдан аспайтын несие табылады. Бірақ тәжірибеде олардың мерзімі бірдей болмауы мүмкін. Бұл экономикалық жағдайлармен, инфляция дәрежесімен анықталады. Мысалы, Қазақстанда 90-жылдары инфляциялық үрдістер әсерінен қысқа мерзімді ссудаларға мерзімі 3-6 айға дейінгі несиелер жатады.
Орта мерзімді және ұзақ мерзімді несиелер өндірісті жаңартуға және өндірісті кеңейтудегі капиталды шығындарды жүзеге асыру үшін арналған ұзақ мерзімді қажеттіліктерге қамтамасыз етеді.
Орта мерзімді және ұзақ мерзімді несие бойынша бекітілген стандартты мерзім әлі жоқ. Мысалы, АҚШ-та орта мерзімді несиелерге өтеу мерзімі 8 жылдан аспайтын несиелер жатады, Германияда 6 жылдан аспайды. Ұзақ мерзімді несиеде де бірыңғайлық мерзім жоқ.
Қазақстанда орта мерзімді несиелерге өтеу мерзімі 6 айдан 12 айға дейінгі несиелер, ұзақ мерзімді несиелерге мерзімі 1 жылдан асатын несиелер жатады. Несиелерді олардың қызмет ету мерзімі бойынша бөлуді несие алушы шаруашылығында жақтады, өйткені ақшаның құнсыздануы кезінде тіпті қысқа мерзімнің өзінде капиталды жоғалтуға әкелуші еді. Қатты инфляция несие мерзімі жайында көріністі қалыптастырды, несиелеу жеделдігінің критерийін өзгертті.
Несиені оны қолданудағы ақылығына байланысты сыныптауға болады. Мұнда ақылы және ақысыз, қымбат және арзан несиелерді ажыратады. Бұл жіктеудің негізінде ссуданы қолданғаны үшін бекітілген пайыздық ставка мөлшері жатыр.
Қазіргі заманғы шарушылықта несие капитал қызметін атқарады. Бұл дегеніміз несие беруші қарызға беретін құнды ақша сомасы ретінде емес ссудалық пайыз ретінде қайтып келетін, өздігінен өсетін құн ретінде береді. Қарыз алушы берілген қаражатты өндірістің үзіліссіздігін қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар, несие берушімен есеп айырысатындай жаңа құнды құру үшін тиімді қолдану керек. Сондықтан, несие құндық көрсеткіш ретінде ақылы сипатта болады.
Дегенмен, ертедегі және қазіргі тарихта өте шектелген мөлшерде ақысыз несие де кездеседі. Көп жағдайда қазіргі заманғы шаруашылықта бұл несие инсайдерлерді (банк қызметкері) несиелендіргенде, несиенің жеке (достық) түрі кезінде және т.б. беріледі.
Қымбат несие түсінігі мөлшері нарықтық несиеден үлкен пайыздық ставканы төлеумен байланысты. Ереже бойынша, мұндай ставка ссуданы қайтармауының (күмәнді қамтамасыз етуге байланысты, несие алушының төмен несиеқабілеттілігіне байланысты) жоғарғы тәуекелі бар несие бойынша бекітілген. Басқа несиелер (жоғары пайыздық ставкамен) уақытында ссуданы қайтармағаны үшін, несиелік келісім-шартқа қайшы келетін өзгерістерге өзіндік санкция ретінде қолданылады.
Несие беруші көп жағдайда ақылықтың мөлшерін несиенің мерзіміне, қамтамасыз етудің сапасына, қарыз алушының несиеқабілеттілігіне байланысты өзгертеді. Ақылық экономикалық цикл - көтерілу, депрессия немесе экономикалық кризис есебінен өзгереді
Арзан және қымбат несиелер - бір-біріне қатысты түсініктер. Мысалы, батыс тәжірибесі үшін 1990 жылғы экономикалық кризис және инфляция кезіндегі қазақстандық банктердің пайыздық ставкасы өздерінің мөлшерімен салыстырғанда анағұрлым үлкен. Әлемдік банктік тәжірибеде несиені жіктеудің басқа да нысандары бар.
Қазіргі заманғы шарушылықта несие капитал қызметін атқарады. Бұл дегеніміз несие беруші қарызға беретін құнды ақша сомасы ретінде емес ссудалық пайыз ретінде қайтып келетін, өздігінен өсетін құн ретінде береді. Қарыз алушы берілген қаражатты өндірістің үзіліссіздігін қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар, несие берушімен есеп айырысатындай жаңа құнды құру үшін тиімді қолдану керек. Сондықтан, несие құндық көрсеткіш ретінде ақылы сипатта болады.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық | Добавил: Admin
Просмотров: 1833 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Құранды түсіну
Құнанбайұлы Абай
Ғарифолла Құрманғалиев
Музыкалық білім және музыкалық ғылымның өзекті мәселелері
Черногория мемлекеті
Халық ауыз əдебиеті
Бетховен. Фортепианолык сонаталар
Алпамыс батыр дастанының зерттелуі
Жұмабаев Мағжан Бекенұлы
Қазақстан Республикасы, топырағы, өсімдіктері, жануарлары
Валеология бойынша бағдарламаны енгізу
Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің құрылымы мен жүйесі
Ақыт қажының Жиһаншаһ дастанындағы Шаһзада бейнесі
Айқап журналындағы оқу-тәрбие мәселелері
Музыка пәнін қазақ ұлттық аспаптар арқылы үйрету