Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық

Банктің депозиттік операциялары. Депозитті сақтандыру қордары
Загрузка...
Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы, тартылған қаражаттар қүрылымын толығымен өзгертті десе де болады. Банктік тәжірибеде барлық тартылған қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөлінеді:
- депозиттік қаражаттар;
- депозиттік емес тартылған қаражаттар. Тартылған қаражаттар ішінде ең көп тарағаны депозиттер.
Депозит - бұл клиенттердің банктегі белгілі бір шотқа салған және өздер
іпайдалана алатын қаражаттары.
Депозиттік емес тартылған қаражаттар - бүл банктің алған қарыздары түрінде
немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен таратылатын
қаражаттар.
Депозиттікоперациялар активті және пассивті болып бөлінеді.
Лктивті депозиттік операциялар - банктің уақытша бос ақша қаражаттарын
басқа кореспондент - банктердегі шоттарда орналастыру мен байланысты
операциялар.
Пассиеті депозиттік операциялар – бұл клиенттердің уақытша бос ақша
қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен
байланысты операциялар. Қазіргі банктік тэжірибеде салымдардың,
депозиттердің жэне депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері
кездеседі. Экономикалық мазмүнына қарай депозиттерді мынадай топтарға
бөледі:
- талап етуге дейінгі депозиттер;
- мерзімді депозиттер;
- жинақ салымдары;
- бағалы қағаздар.
Сондай-ақ, оларды төмендегідей белгілеріне байланысты жіктеуге болады:
- мерзіміне қарай;
- салым иелерінің категорияларына қарай;
- қаражаттарды салу және қайтарып алу шартына қарай;
- пайыз төлеу шартына қарай;
- банктің активтік операциялары бойынша жеңілдіктералуына қарай;
- басқа да.
Салым иелерінің категорияларына байланысты депозиттік шоттар мынадай түрлерге бөлінеді:

- жеке түлғалардың шоттарына;
- кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардың шоттарына;
- жергілікті билік үйымдарының шоттарына;
- қаржылық мекемелердің шоттарына.
Талап етуге дейінгі шоттар - бүлсалым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі төлем қүжаттар арқылы қолма қол ақшаларын алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар. Отандық банктік тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар жатады:
- мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың,әр түрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттардағы сақталатын қаражаттары;
- әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
- есеп айырысудағы қаражаттаржергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттардағы қаражаттары;басқа банктердің корреспондентік шоттардағы қаражат қалдықтары.
Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Ал, кемшілігі - бұл шот бойынша пайыз мүлде төленбейді немесе біршама төменгі мөлшерде төленеді. Міне осыдан келіп талап етуге дейінгі өзіндік ерекшеліктер қалыптасады:
- ақша салу жэне оны алу кез келген уақытта ешқандай да шектеусіз жүзеге асырылады;
- шот иесі банктен осы шоты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе коммиссиондық ақы алып отырады;
- банк талап етуге дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттардаы сақтағаны үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі мүмкін;
- талап етуге дейінгі депозиттер бойынша, коммерциялық банк Орталық банкте сақталатын міндеті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды. Мерзімді депозит - бұл банктерде белгілі бір мерзімге жэне пайыз төлеу шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары. Бұл депозит түрі алдын ала хабарлаудан кейін немесе мерзім бойынша алынуы мүмкін. Мерзімді депозиттер чектің көмегімен пайдаланылмайды, бірақ қолма қол ақша түрінде еркін аударылады немесе ағымдағы шотқа аударылады. Егер мерзімге дейін бұл салымды алатын болса, онда шот иесі айып пұл төлеуге міндетті.
Бұл салымның ерекшелігі -талап еткенге дейінгі депозитке қарағанда, оларға міңдетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді.
Депозиттің бүл түрін алдын ала хабарлау негізінде немесе уақыты жеткенде салым иесі алады. Мерзімді депозиттерді чектер арқылы алуға болмайды. Мерзімді депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:
- меншікті -мерзімді депозиттер;
- алдын ала алуы ескертілетін мерзімді депозиттер. Меншікті -мерзімді депозиттер сақталу мерзіміне қарай жіктеледі:

- 30 күнге дейін;
- 30-90 күнге дейін;
- 90-180 күнге дейін;
- 180-360 күнгедейін;
- 360-күннен жоғары.
Мерзімді депозиттер бойынша, салым иесінен алдын ала хабарлау депозиті бойынша міндетті түрде өтінішін талап етеді.
Өтініш беру уақыты алдынала келісіледі және депозит бойынша соған сэйкес пайыз белгіленеді.
Мерзімді депозитттердің мынадай ерекшеліктері болады:
• есепайырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай есеп айырысу құжаттары толтырылмайды;
• шоттағы қаражат баяу айналады;
• тұрақты пайыз төленеді;
• пайыз мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі Үлттық банкі тарапынан реттеліп отырады;
• ақшаны алу туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап етіледі;
• бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер белгіленеді.
Тағы бір кең тараған депозиттің түрі - жинақ салымдары. Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғарғы шегі шектелген, ақшаны салу жэне алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет. Банктер үшін мұндай шоттар қосымша жұмыстарды талап етеді:операцияны рәсімдеу қиынырақ, кітапшаны жоғалту және ұрлатып алу жағдайына сай екі жақты тіркеу енгізу қажет және тағы басқа.
Компьютердің көмегімен жасалған жеке бет шоты туралы көшірмесі негізінде жинақ салымдарымен басқа салымдарды ауыстыруға мүмкіншілігі бар. Мерзімді депозиттер және жинақ салымдары депозиттік ресурстардың біршама тұрақты бөлігін білдіреді.
Жинақ салымдарының тұрақты мерзімі болмайды. Бүл салымдардың түрлері бойынша мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді. Жинақ салымдары жинақ кітапшалары негізінде толтырылады. Жинақ салымдарының төмендегідей ерекшеліктері болады:
- ақшалай қаражаттар сақтауда тұрақты мерзімі болмайды;
- шоттағы қаражатты алдын ала алу барысында ешқандайда ескерту талап етілмейді;
- ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндетті түрде ақшалай қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ кітапшасының болуы талап етіледі.
Отандық банктік тәжірибеде жеке түлғаларға ашылатын жинақ салымдары салым операцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай мынадай түлерге бөлінеді:
- мерзімді жинақ салымдары;
- қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдары;

- үлыс салымдары;
- ақшалай - затай үтыс салымдары;
- мақсатты және ағымды салымдар;
- алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;
- волюталық салымдар.

Мерзімді жинақ салымдарға тұрақты мерзімі белгіленетін және сол мерзім өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады. Мерзімді жинақ салымдарына басқа жинақ салымдарға қарағанда басқа жинақ салымдарға қарағанда жоғары мөлшерде пайыз төлейді.
Қосымша жарна тосатын салымдар - бұл шоттағы қаражатқа алдын ала келісілген уәде бойынша үздіксіз ақшалай соманы қосып отыруға болатын салымды білдіреді.Бұл шотта жинақталған соманы белгілі бір күнге толық төленеді. Ағымдық жинақ салымдар, негізінен, жалақы, зейнетақы, үздіксіз төлемдерді төлеу үшін жинақталатын және пайдаланатын қаражаттарды білдіреді. Мұндай салымдар үшін өте төменгі пайыз төленеді. Мерзімді депозиттермен жинақ салымдарының бір түріне депозиттік жэне жинац сертификаттарын жатқызуға болады.
Депозиттік жэне жинақ сертификаттары - бүл салым иесіне белгілі мерзім өткен соң тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық беретін жэне оның шотындағы ақшалай қаражатының барлығын куэландыратын банк змитенттэң жазбаша куэлігі. Депозиттік жэне сертификаттары иемденуіне қарай екі түрлі болып келеді:
- атаулы сертификаттар;
- мэлімдеуші сертификаттар.
Атаулы депозиттік және жинақ сертификаттары бұл салым иелерінің атына толтырылып беріледі. Ал, мэлімдеуші сертфикаттарда салым иесінің аты жөні көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып саналады. Депозиттік жэне жинақ сертификаттары сатылған тауарлар жэне көрсетілген қызметтер үшін төлеуге болатын төлем құралы немесе есеп айырысу қызметін атқара алады. Әлемдік банктік тэжірибеде депозиттік сертификаттың мынадай екі түрі бар:
- аударылатын;
- аударылмайтын.
Аударылмайтын депозиттік сертификатар салым иелерінің қолдарында болып, уақыты жеткен соң банкке ұсынылады.
Аударылатын депозиттік сертификаттар басқа бір түлғаларға екінші нарықта сатып алу сату арқылы өтеді. Жинақ сертификаты жеке түлғаларға арналып шығарылады. Жинақ сертификатының мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзім аралығын қүрайды. Жинақ сертификаты тек жеке түлғаларға ғана беріледі. Мерзімді депозиттік жэне жинақ сертификаттары мерзімінен бүрын төлеуге ұсынылуы мүмкін. Мүндай жағдайда банк сертификатты сатып алады,бірақ төменгі мөлшерде пайыз төлейді.

Коммерциялық банктер үшін бұл сертификат ресурсты жинақтау тиімділігімен, яғни ірі соманың белгілі бір мерзімге түсуін сипаттайды. Отандық банктер тәжірибесінде халық салымдарының бірнеше түрлері қолданылады. Депозиттік нарықтың түрақты дамуына әр түрлі факторлар, соның ішінде халық табыстарының өсуі, теңгенің АҚШ долларына қатысты нығаюы, халық салымдарының үжымдық кепілдендіру жүйесінің қызмет етуі және жалпы соңғы жылдардағы экономикалық өсу ықпал етуде. Осындай жағдайда, коммерциялық банктердііің активтік операцияларын қаржыландырудың басты көзі ретінде пайдаланылатын тартылған қаражаттарды
жинақтауда, коммерциялық банктерден депозиттік саясатты белсенді түрде жүргізе отырып, депозиттік операцияларды ұлғайту талап етіледі. Депозиттік операцияларды ұйымдастыру барысында коммерциялық банктер баланс өтімділігін сақтай отырып, мынадай талаптарды ескеруі тиіс:
- депозиттік ресурстардың қаржыландыратын активтік операцияларының мерзімдері мен сомасына сай келуі;
- депозиттік операциялар банк пайдасын үлғайтуға немесе болашақта пайда алу үшін жұмыс жасауға тиіс;
- депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде мерзімді депозиттер салымының көбірек тартылуына көңіл бөлу;
- салым иелерінің санын өсіру мақсатында, депозиттік операциялар түрлерін үлғайтып, қосымша қызмет көрсетіп, жеңілдіктер жасауға тиіс.
Банк депозиттік емес ресурстары банктің қысқа мерзімді өтімділігін қолдау мақсатында тартылады. Оларға: банкаралық несиелер, ұлттық банктің несиелері, банктердің меншікті бағалы қағаздарын эмиссиялау нәтижесінде тартқан ресурстары, сондай-ақ отандық және шетелдік басқа да қаржы нарығынан сатып алынған ресурстары жатады. Банкаралық несие - бұл коммерциялық банктердің бір біріне беретін несиелері. Банкаралық несие -бұл басқа ресурстармен салыстырғанда өте қымбат ресурс болып табылады. Банкаралық несиенің негізін банкаралық депозиттер ққрайды. Банкаралық депозиттер - бұл банктердің бір бірінде ашқан корршотындағы қаражат қалдықтары. Депозиттік емес қаражаттардың бір түріне ¥лттық банктің коммерциялық банктерге қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру меқсатында беріліп отырған мынадай несиелерін жатқызуға болады: Овернайт - банктердің ¥лттыц банктегі корреспонденттік шотында дебеттік цалдьщтың пайда болуына байланысты бір түнге берілетін несие. Күндізгі заем - банктің жүмыс күні ішінде банктердің үлттьщ банкте ашцан кореспонденттік шотында уацытша қаражат жоцтыгына немесе жетіспеуіне байланысты ацшалай аударымдар мен төлемдер жасау мацсатында берілетін несие. Бағалы қағаздарды қайта сатып алу негізінде сату келісімі (РЕПО операциясы) - қазыналық міндеттемелермен қамтамасыз етілетін қысқа мерзімді займның түрін білдіреді. Мұндағы қарыз алушының міндеттемесі, яғни ол келісілген күні жэне алдын ала белгіленген бағада, өзінің сатқан бағалы қағазын қайта сатып алуды көздейді.

Ұлттық банктерде векселдерді қайта есепке алу және несие беру - бұл қосымша қаражатқа деген қажеттілікке байланысты коммерциялық банктердің үлттық банкке коммерциялық вексельдерін бере отырып, ресурстар тарту тэсілі. Банктер тек қарапайым векселдерді ғана шығарады. Банктің вексель шығарудағы артықшылығы: 1) вексельді тауарлар мен көрсетілетін қызметтер үшін есеп айырысуда пайдаланылады; 2) вексельдер ссуда алу барысында кепілдік ретінде жүреді; 3) вексельді жеке жэне заңды түлғалар қолдана алады; 4) вексельдің өтімділігі жоғары; 5) вексельдер бойынша дисконт мөлшерлемесі жоғары;
6) вексельдің заңды немесе жеке тұлғаға өту барысында шектеулік болмайды;
7) вексельдің мерзімі әр түрлі болады.
Депозиттерді кірс құжаттары негізінде, қолма қол ақша негізінде тарту кезінде келесі шоттар корреспонденциясы құрылады:
Дт 1001 « кассадағы нақты ақша»
Кт 2211 -2229 « тартылған салымдар »
Депозиттер - заңды түлғалардан депозит қабылдау кезінде:
Дт 2203 « клиенттердің есеп айыру шоты »
Кт 2211 -2229 « тартылған салымдар »
Басқа банктер қызмет көрсететін клиенттерден депозит тарту кезінде тиісті ақша қаржылары корреспондент шоттар арқылы түседі. Бұл кезде келесі жазба жасалады:
Дт 1051-1052 « корреспоыденттік шоттар »
Кт 2211-2229 « тартылған салымдар»
Депозиттер бойынша тартылған каржыларды қайтару кезінде кері бухгалтерлік жазба жасалады:
Дт 2211-2229 « тартылған салымдар»
Кт 1001 « кассадағы нақты ақша» 2203 « клиенттің ағымды шоты» 1051-1052 « корреспонденттік шоттар»
Банк тартылған депозиттерді қайтармаған жағдайда мерзімі өткен депозиттер қатарына жатқызады,оған келесі өткізбе жатады:
Дт 2211-2229 « тартылған салымдар»
Кт 2224-2226 « клиенттердің салымдары бойынша мерзімі өткен қарыз»
Мерзімі өткен салымдар сомасын қайтарған кезде келесі шот корреспонденциясы жасалады:
Дт 2224-2226 « клиентт қарызы бойынща мерзімі өткен қарыз»
Кт 1001 « кассадағы нақты ақша »
2203 « клиенттердің ағымды шоттары» 1051-1052 « корреспонденттік шоттар».
Қарыздық пайыз - ақша қаражаттарын қарыздық құн үшін қарыз алушыға ақша қаржыларын ақша несие және қаржы нарықтарында орналастырушы делдал - кредиторға уақытша пайдалануға беруін білдіреді.
Банктік пайыз өлріемі уақытша бос ақша қаржыларын орналастыру және кіріс алу тәуекелдігімен байланысты ақша жэне несие ресурстарына деген сүраныс пен ұсыныстар пайда болатын санды шектеуге ие. Бос ақша қаржы иесі пайыздың жоғары деңгейін жэне аз тэуекелдікті таңдай отыры п орналастыру оңтайлы нұсқаларын іздейді. Ақша қаржыларын тарту кезінде банктер салыстырмалы қаржы тарту сипатына байланысты жеке кредиторларға қолданылмайтын сараланатын пайыздық мөлшерлермен белгілейді. Банктік пайда мөлшері депозиттік келісім шартта белгіленеді.
Банк тартылған ақша қаржыларына пайыздарды берешек қалдығына есептеп есептеу әдісіне сәйкес банк шығындарына жатқызады. Есептеу әдісіне ағымды айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей ағымды айда қосылған пайыздар тартылған ақша қаржылары бойынша оның шығынына жатқызылады. Пайданы есептеу келесі тәсілдермен жүзеге асырылады:
- жай пайыздар формуласымен;
- күрделі пайыздар формуласымен.
Банктердің қосылған пайыздар сомасына ұлғайған борыштың өскен сомасын тартылған қаржылар бойынша білдіреді.
Өскен сома банктік пайыздардың капиталданғандығын білдіреді яғни депозиттің жалпы сомасын үлғайтады.
Банктердің тартылған қаржылары бойынша мына формулалар қолданады:
- жай пайыз формуласы:
8 = Р х (1+1хt/K)
Мүнда:
I - жылдық пайыздық мөлшерлеме;
і - тартылған ақша қаржылары бойынша пайыз қосылатын күн саны; К - күнтізбелік жылдағы күн саны; Р-тартылған ақша қаржыларының бастапқы сомасы; 8 - қайтарылуға жататын ақша қаржыларының бастапқы сомасы жэне қосылған пайыздарға тең.
- күрделі пайыз формуласы:
8= Рх(1+1xj/K)
Мүнда :
І-жылдық пайыздық мөлшерлеме;
Д-банк қосылған пайыздарды капиталдандыруды жүргізетін кезеңдегі күнтізбелік күн саны;
К - күнтізбелік жылдағы күн саны;
п - ақша қаржыларыіі тартудың жалпы мерзімі ағымында қосылған пайызды капиталдандыру бойынша операциялар саны;
Р-тартылған ақша қаржыларының бастапқы сомасы;
8 - қайтарылуға жататын ақша қаржыларының бастапқы сомасы және қосылған пайыздарға тең.
Банктің дегіозиттер бойынша пайыздық мөлшерлеме екі көлемнен қальіптасады:
инфляция деңгейін жабатын пайыз жэне оған қосымша салымшы қаржысын қолданғаны үшін төлем ретіндегі пайыз.
Екіншісінің көлемі депозит мерзімі мен көлеміне бпайланысты жеңіл анықталатын болады.
Біріншісімен жағдай өзгеше инфлиация деңгейін дәл жабатын пайызды анықтау өте күрделі. Коптеген факторлардың байланысын талап етеді. Осы аталған міндетті щешу банктерге объективті пайыз мөлшерлемесін нарыққа сэйкес қалыптастыруға мүмкіндік береді.


Алайда коммерцияльіқ банктер қайта қаржыландыру міндеттемесінің деңгейіне бағдар жасай отырып пайыздық мөлшерлемені еркін белгілей алады.
Банкаралық нарықпен салыстырғанда банктер салымшылардың ақша қаржыларын неғүрлым төмен пайыздық мөлшермен тарта отырып банктер ресурстарының сыйымды және қымбат емес нарығын қалыптастырады.
Оның рөлі болашақта үнемі өсіп банктер міндеттемелерінің қоржынында заңды жэне жеке тұлғалардың жинақтары есеп айырысу жэне ағымды шоттар басым салмакқа ие болады.
Банк барлық тартылған салымдарды активтер шартты міндеттемелер мен 2002 жылдың 1 қарашасындағы қаулы мен бекітумен оларға қарсы провизиямен құру тәртібіне сай жіктеледі.
Банктің тартылған салымдары келесі топтарға бөлінеді:
- стандартты;
- күмәнді, олар өз кезегінде 1 дәрежелі күмәнді, 2 дәрежелі күмәнді, 3 дәрежелі күмәнді дсп бөлінеді;
- үмітсіз.
Банктер бухгалтерлік есепте провизияның барлық қажетті көлемін есепке алуы және шығыстардың сәйкес шоттарьшда толық көлемде қажет. Провизияның көлемін есептеу үшін « Депозиттер жіктемесі және
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің олар бойынша провизия құру » кестесінде қолданады.
Депозиттер боынша пайыздар есептеу келесі шоттарда жүргізіледі:
2720 « клиенттердііі талап ету салымдары бойынша есептелген шығыстар»
2721 « клиенттердің мерзімді салымдары бойынша шығыстар » Банктің сыйақы төлеуғе байлаиысты шығындары бесінші сынып
шоттарында есептеледі:
5211 « клиенттердің талап ету салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар »
5215 « клиенттердің қысқамерзімді салымдары бойынша сыйақы төлейге байланысты шығыстар »
5217 « клиенттердің үзақ мерзімді салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар >>
5219 « клиенттердің шартты салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар »
5221 « клиенттердің арнайы салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар »
5223 «клиенттердің салым кепілдіктері бйынша сыйақы төлеу шығыстары»
5224 «клиенттердің талап ету салымдары бойынша банктің мерзімі өткен берешегіне сыйақы төлеуге байланысты шығыстар »
5226 «клиенттердің мерзімді салымдары бойынша банктің мерзімі өткне берешегін сыйақы төлеуге байланысты шығыстар»


Депозиттер бойынша сыйақыны есептеу кезінде келесі шот корреспонденциясы жасалады:
Дт 5221-5223 «клиенттердің тартылған салымдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығындары»
Кт 2720-2721 «клиенттер салымдары бойынша есептелген шығындары»
Депозиттік келісімде көрсетілген мерзімді пайыздарды төлеу жүзеге асырылады және келесі бухгалтерлік жазу жасадады:
Дт 2720-2721 «клиенттердің салымдары бойынша есептелген шығындар»
Кт 1001 «кассадағы қолма-қол ақша»
2203 «клиенттердің ағымдағы есепшоттар»
1051-1052 «корреспондеттік шоттар»
Мысалы:
Банк клиенті заңды тұлғаға келісім мерзімі аяқталғаннан кейін пайыз есептеу шартымен 50 000 теңге соммасына бір ай мерзімге жылдық есеппен 20 пайыз көлемінде – депозит ашты.
1. Депозит ашу:
Дт 2203 «клиенттердің ағымдағы есеп шоттары»
Кт 2211 «клиенттердің талап етуі бойынша салымдар»
2. Келісім мерзімі бойынша пйыздар қосылады:
(50 000х30х20%) / (360х100)=750 000/36 000=833тг.
Дт 5211 «клиенттердің талап ету салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар»
Кт 1720 «клиенттердің талап ету салымдары бойынша есептелген шығыстар »
3.Келісім мерзімі аяқталған соң депозит қайтарылады:
Дт 2211 «клиенттердің талап етуі бойынша салымдар»
Кт 1001 «кассадағы қолма-қол ақша»
Банк осы кезеңде 35 пайыз мөлшермен несие берді. Оның кірісі 1458 теңге құрды, ал пайдасы 625 теңге (1458-833)
Келтірілген мысалда көрсетілгендей депозиттердің кеңеюі мен өсуі клиентпен банктің қаржылық нәтижесіне жағымды әсер етеді.
Кәсіпорын клиент депозиті арқылы үнемі табыс алып отыруы керек, өйткені ол қаржылардың айтарлықтай бөлігі есеп айыру немесе аз кіріс береді.
Банктер өз кезегінде клиенттердің бос ақша қаржыларын қолдану арқылы депозиттік базаны нығайтуға мүдделі.
Бұл сомалар болашақ есептік жылдағы есеп айрысу шоты бойынша ұсынылатын түсімдер мен төлемдер есебінен жоспарланады.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық | Добавил: Admin
Просмотров: 1507 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Ұлы Жібек жолы
Тоныкөк (Тоңыұқық)
Халық ауыз əдебиеті
Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары
Шығыс Қазақстан табиғаты және оны қорғау
Б. Адамбаев - фольклортанушы
17 ғасырдың музыкалық мәдениеті
Германия
Денсаулық - басты байлық
Ар жақта дүмбірлеген Арынғазы...
Қазанғап күйші
Қазақстан мен Германия арасындағы қатынастар
Құтылығұлы Күлтегін
Шоқан және музыка
Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы Абай дәстүрі