Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық

Банктердің экономикалық маңызы, олардың функциялары және операциялары
Загрузка...
Банктік мекемелердің қызметі соншалықты әралуан болғандықтан, оның маңызын ашу өте күрделі. Қазіргі заманғы қоғамда банктер әр түрлі операцияларды іске асырады. Олар тек ақша айналымын және несиелік қатынастарды жүзеге асырып қана қоймайды, сонымен қатар банктер арқылы ұлттық шаруашылықты қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сату-сатып алу, кей жағдайларда делдалдық келісімдер мен мүлікті басқаруды жүзеге асырады. Несиелік мекемелер кеңесші ретінде көрінеді, халықшаруашылық мәселелерді талқылауға қатысады, статистиканы жүргізеді және олардың өздерінің қоластындағы кәсіпорындары болады.
Банк көп жағдайда экономикалық басқарудың органы болып сипатталады. Мұндай көрініс мемлекеттің банктік іске монополиясы болған кезде жеке меншік, кооперативті банктер мемлекеттік органға айналғандағы кезеңге сүйенеді; банк мемлекетпен біріккендей сияқты, шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік басқару аппаратының бір бөлігі болды. Несиелеу нормативті, директивті ресурстарды үстінен тарату негізінде жүзеге асырылды, кәсіпорын арасындағы қолма қол ақшасыз есеп айырысулар директивті сипат алды, «бір банк клиент үшін» қағидасы банктік сферада коммерциялық қатынастарды дамытуға негіз берген жоқ. Нарыққа өтумен банктің жағдайы экономикада күрт өзгерді және оның басқару аппараты мәнінің түсінігі өз өзімен түсіп қалды.
Банк делдалдық ұйым ретінде де жиі сипатталуы мүмкін. Бұған негіз болып ресурстардың арнайы ағымы табылады, уақытша біреуінде шөгіп, ал екіншісінде қолдануды талап етеді. Бұл жағдайдың ерекшелігі болып белгілі бір ресурсы бар несие беруші лайықты кепілдік негізінде нақты мерзімге пайызға ресурстарды басқа контрагент - несие алушыға беру болып табылады. Несие беруші назары несие алушы назарымен сәйкес келу керек, несие алушының несие берілген аймақта міндетті болуы қажет емес. Қазіргі заманғы ақша шаруашылығында назарлардың мұндай сәйкес келуі кездейсоқ. Ұйымдастырушы буын болып ақша капиталының ұсынысы мен сұранысын есепке алатын келісімді жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін банк -делдал табылады.
Қай жағдайда банк делдал бола алады? Егер банкті несие беруші мен несие алушы арасындағы делдал деп санасақ. Онда мынаны қалай түсіндіруге болады: егер банк өзінің күнделікті қызметінде бір уақытта несие беруші және несие алушы болып табылса, яғни ол күнде өз ресурстарын беріп, біреулердікін алады. Егер банктің делдалдық интерпритациясының логикасына сүйенсек, оны бір жағдайда несие беруші, ал екінші жағдайда несие алушы деп санауға болады.
Бұл жағдайдағы парадокс - банк несие алушы, несие беруші және олардың арасындағы делдал ретінде бола отырып, өзінің маңыздылығы жағынан ол не біріншісі, не екіншісі, не үшіншісі де болып табылмайды. Банктің несие алушы, несие беруші және делдал ретінде болуы ол тек қызметінің үзіндісі ғана және мұндағы мәнділік маңыздылығының бір бөлігінде ғана. Кез келген кәсіпорын, кез келген жеке тұлға несие беруші, ссуда алушы ретінде бола алады, қолма қол ақша және қолма қол ақшасыз төлемдер аймағында делдалдық операцияларды жүзеге асыра алады, бірақ бұдан олар банк балып саналмайды.
Банк - бұл несие беруші де, несие алушы да, олардың арасындағы делдал да, ақшалық есеп айырысулардағы делдалдар да болып табылады; дегенмен бұл жағдайда да ол өзінің мәнін толық аша алмайды. Банк - бұл шаруашылық өмірдегі ерекше құбылыс.
Бірте-бірте банк өз кезегінде несиелік орталық бола бастады, ал бұл оны несиелік кәсіпорын ретінде анықтауға мүмкіндік берді. Банк - өз кезегінде фундаменті болып табылатын несие дамуының салдары.
Жоғарыда айтқандай, банк әр түрлі операциялармен айналысады. Сондықтан оны делдал деп, биржа агенті деп тауарлық кәсіпорын және несиелік мекеме деп атайды. Банктер салымдарды қабылдайды, есеп айырысуларды жүзеге асырады, несие береді, жүздеген әртүрлі операцияларды орындайды. Банктік деп аталатын кейбір операциялар тізімін басқа да ұйымдар жүзеге асырады. Несиелерді ірі өндірістік және тауарлық кәсіпорындар ұсынады, салымдарды қабылдауды әр түрлі инвестициялық компаниялар жүзеге асырады, есеп айырысуларды ірі шаруашылық ұйымдардың арнайы бөлімшелері жасай алады. Банктің маңыздылығын ашу тарапынан қарағанда кейбір банктер барлық операцияларды жасамайды, олар маманданып олардың тек кейбіреуін ғана орындайды. Ал бұл болса, жағдайды қиындатады.
Әрбір банк өзінің белгілі клиенттеріне қатысты дара болып табылады. Клиент банктік қызмет көрсетудің барлығымен емес, тек белгілі бір жиынтығымен ғана қолданыла алады. Бұл жағдайда банктің мәнін ашу қызметтерін микро деңгейде орындайтынын ескере отырсақ қиынға түседі. Бірақ мұны мүмкін емес деп айтуға болмайды. Мысалы, банк іске асыратын көптеген операциялардың ішінен белгілі бір түйінді немесе банкқа лайықты минимум операциялар тізімін таңдап алуға болады. Дәл осы жолмен банктің заңгерлік беделін анықтайтын банктік заңнама жүреді. Банктік заңнамаға сәйкес кез келген мемлекеттегі банк - бұл депозиттік, есеп айырысушылық және несиелік операцияларды жүзеге асыратын несиелік ұйым. Мұндағы маңызды талап - берілген операцияларды орындау ғана емес, сонымен бірге оларды бір уақытта орындау болып табылады.
Банктің маңыздылығын оның арнайы алынған субъектіге қатысты емес, макродеңгейдегі экономикаға қатысы арқылы түсінуге болады.
Банктің экономикалық маңызын талдай отырып, қайсыбір банк қандай да бір операцияны қандай да бір көлемде орындайма екенін абстрактау қажет. Мысалы, банк халықтан салымдарды уақытша қабылдамауы мүмкін. Бұдан банк бірақ банк болмай қалмайды.
Макроэкономикалық деңгейде банкпен орындалатын әрбір операция қайсыбір банк оны орындайтын орындамайтынына қарамастан, өзінің бірлігімен емес жалпылығымен мәнге ие болады. Сондықтан да банкке банк статусын береді, банктік қасиеттермен ие бола отырып, ол шаруашылыққа белгілі бір міндетті қызметтер тізімін ұсыну керек.
Берілген әдістемелік нұсқаудан шыға отырып, банктің мәнділігін анықтағанда оны орталық және коммерциялық банктерге тұжырымдап бөлуге мәнді екені екіталай. Банктің екі мәні болуы мүмкін емес, бірақ барлығына белгілі болғандай, екеуінің біреуі эмиссиондық орталық, банктердің банкісі бола отырып макродеңгейде жұмыс істейді, ал сол уақытта коммерциялық банк болса, іске асырушы нақты субъектілермен және халықпен қарым-қатынасқа түседі. Бұл банктердің әрқайсысының мақсаты әр түрлі, әрқайсысының ұйымдастырушылық құрылымы, атқарушы және заңнамалық өкіметпен деген қарым-қатынасы екі түрлі.
Банктің маңызы - бұл ең біріншіден оның спецификасы. Банктің барлық ішкі анықтылығын ескере отырып, оның спецификалық ерекщелігін ашу оңайға түспейді. Банктер өте көп, олардың қызметі әр түрлі субъектілердің –заңды және жеке тұлғалардың, әр түрлі қажеттіліктерін орындаумен байланысты. Банктердің өздерінің коммуникация құралдары, ақша шығаратын фабрикалары, типтік төлем құралдары бар, олар келіссөздер жүргізгенде делдал, консультант қызметін атқарады. Банктер жүздеген қызмет түрлерін көрсетеді, қазіргі заманғы шаруашылықта олардың саны мен түрі үдайы өсіп келуде.
Банктің мәнін ашуда оның экономикалық институт ретіндегі сипаттамасы маңызды. Бұл дегеніміз банк тек дербес заңгерлік статусқа ғана ие емес, сонымен қатар :
 банк дербес шаруашылық субъект ретінде материалдық әрекетке қабілетке ие;
 банк әрекетке қабілетті жалпы және спецификалық экономикалық заңдарға бағынышты, оларды елемеу үлкен жоғалтуларға және шығындарға әкеледі;
 банктер тек өздерінің ақшаларымен ғана емес, сонымен қатар бөтен ақшалармен жұмыс істегендіктен, ақша сферасының бұзылуының зардаптары банк клиенттеріне де тиеді; банк қызметінің саяси жағы экономикалық жағдайлармен шартталған; оның экономикаға әсері тек қызметінің ақшалық аспектісі өндірістің тұрақтану назарымен және бағаммен анықталса ғана үлкен және жағымды болады.
Экономикалық институт ретіндегі осы және басқа да банктің қасиеттері оның жалпы экономикалық сипаттамасын ашады.
Банктік қызмет - абстрактілі емес өндірістік сипаттағы ерекше спецификалық қызмет. Банктің өндірістік сипаты оның өзінің жеке спецификалық өнімін шығарудан көрінеді. Олар:
 макро және микро деңгейде төлемдік құралдарды эмитирлеу. Ақшасыз еңбек өнімін айырбастау жүзеге асырылмайды, өндірістік процесс орындалмайды. Қолма қол ақшаларды шығару – бұл банктің монополиясы, оны тек банктік жүйенің спецификалық өнімі ретінде жасап, банк қана шығарады;
 шоғырланатын бос, уақытша қолданылмайтын ресурстар. «Жұмыс істемейтін» ақша қаражаттарын жұмыс істейтінге айналдыра отырып, банктер шаруашылықты қосымша «энергетикалық» ресурстармен қамтамасыз етеді;
 клиентке капитал ретінде, қайта қалыптасқан құн түрінде жетілдірілген өзінің бастапқы нүктесіне қайтып келетін қаражат ретінде берілетін несиелер;
 әр түрлі қызметтер, оның өндірістік сипаты табысы сәйкес кезеңде құрылған жиынтық қоғамдық өнім мөлшеріне қосылуымен расталады.
Несиелік іс - банк негізі, ерекше ұйымшылықты талап ететін субъект үшін негіз болатын масштабты жұмыс. Несиелік іс банктің субстанционалды негізі бола отырып, есеп айырысуды жүзеге асыратын қызметтен бөлек өз өзімен өмір сүре алмайды.
Жүргізілген талдау негізінде банкті қолма қол және қолма қолсыз ақша түріндегі төлемдік айналымды реттейтін ақша-несиелік институт ретінде анықтауға болады.
Банк теориясының маңызды сұрақтарына оның функциясы жайында мәселе де жатады. Банктің функциясы мен операциялары теңдестіріледі, өйткені функция түсінік ретінде банктің белгілі бір қызмет түрі ретінде сипатталады.
Қызмет түріндегі функция кейбір жағдайларда тек банк тарапынан ғана емес сонымен бірге клиент тарапынан да қарастырылады. Экономикалық әдебиетте мұндай функцияларды қаржыландыруды ашу және ұсыну деп кездестіруге болады; ақшаны және капиталды салу бойынша көмек ашу және ұсыну; ақша салымдары бойынша төлем қаражаттарын үнемдеуді қамтамасыз ету үшін қажетті алғышарт ретіндегі мүмкіндіктерді өңдеу және ұсыну, төлем айналымын жүзеге асыру және ұсыну, басқа да қызметтерді ұсыну.
Банктің функциясы - басқа экономикалық субъектілерге қарағанда банкке тән құбылыс. Осыдан, ақшаны орналастыру процестері, басқа кәсіпорындарға қатысу банк спецификасын көрсетпейді, сондықтан да оның функциясы ретінде саналмайды.
Уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыру мәселесі қиын жағдай болып отыр. Бұл процесс банк функциясы болып табыла ма? Банк уақытша бос ресурстарды жинайтынында ешкімнің де күмәні жоқ. Эмиссиондық банкте коммерциялық банктердің ақшасы шоғырланады, ал коммерциялық банктерде – клиенттердің ақшасы. Сақтайтын операция, құндылықтарды уақытша сақтау үшін қабылдау, ертеден келе жатқан банктік операциялардың бірі.
Мұндағы мәселе ақшаны жинап, оны келешекте қолдану тек банкке тән ғана емес. Керісінше, ол банктен гөрі басқаларға тән құбылыс. Әрбір субъект қайсыбір шығындарды қаржыландырудан бұрын, белгілі бір қаражат сомасын жинау керек. Іске асырушы субъектілерге тән қаражаттарды шоғырландыру процестерінің ұқсастықтарын ескере отырып, банктің қаражатты шоғырландырудың бірқатар ерекшелітері бар. Олар:
 банк өзінің қаражатымен қоса, басқалардың қаражаттарын да жинайды;
 шоғырланатын ақша ресурстары өз қажеттіліктеріне емес басқалардың қажеттіліктеріне қолданылады;
 шоғырланатын және қайта бөлінген ресурстар қайнары алғашқы кредитордың (банк клиенті) меншігінде қалады;
 қаражаттарды шоғырландыру банк қызметінің негізгі түрлерінің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта оны жүзеге асыру үшін арнайы рұқсаттама керек (лицензия).
Осы және басқа да қасиеттері бойынша шоғырландыру функциясы банктің бірінші функциясы болып табылады. Мұнда мынаны ұмытпаған жөн: әр түрлі инвестициялық қорлар, қаржылық-өндірістік компаниялар да инвестиция үшін ақша ресурстарын жинайды.
Банктің екінші функциясы - ақша айналымын реттеу функциясы. Банктер әр түрлі шаруашылық субъектілердің төлем айналымы өтетін орталық болып табылады. Есеп айырысу жүйесі арқылы банктер өз клиенттері үшін ақша қаражаттары мен капиталды айырбастау, айналысқа түсіру үшін мүмкіндік туғызады. Ақша айналымын реттеу төлем қаражаттарын эмитирлеу, өндірістік субъектілердің қажеттіліктерін несиелендіру, халыққа және шаруашылыққа бұқаралық қызмет көрсету арқылы жетеді. Сондықтан мынадай қорытынды жасауға болады: берілген функция банкке тән, қаржылық-несиелік институт болып табылатын операциялар кешенімен іске асырылады.
Банктің үшінші функциясы - делдалдық функция. Мұнда банк қызметі төлемдегі делдал ретінде түсіндіріледі. Банк арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың төлемдері жүргізіледі, яғни банк клиенттердің арасында бола тұрып, олардың тапсырмасы бойынша төлемдерін жасай отырып делдалдық қызмет атқарғандай болады
Алдында айтып кеткендей, банк арқылы жеке субъектінің және мемлекеттік экономиканың ақша айналымы жүреді. Банк арқылы бір субъектіден екіншісіне, халық шаруашылығының бір кешенінен екіншісіне ақша қаражаты мен капиталдың ағылуы жүзеге асырылады.
Шоттар бойынша операцияларды жүзеге асыру арқылы банктер капитал қозғалысын жүзеге асырады, оларды экономиканың бір секторына шоғырландырып, басқа кешендерге және аймақтарға ресурстар мен капиталды қайта бөледі.
Банк экономикалық өмірдің ортасында бола тұрып, шаруашылықтың қажеттіліктеріне сәйкес, капиталдың көлемін, уақытын және бағытын өзгертуге мүмкіндік туады. Сөйтіп, банктің делдалдық қызметі - бұл субъектілер арасындағы кең қатынастарды қамтамасыз ететін және тәуекелді қысқартатын ресурстарды трансформациялау қызметі болып табылады.
Банктер басқа да шаруашылық қатынастардың субъектілері сияқты өздерінің коммерциялық және шаруашылық қызметтерін қамтамасыз ету үшін белгілі бір ақша қаражаттар сомасына, яғни ресурстарға ие болуы керек.
Банктер өз функцияларын екі өзара байланысқан операцияларда - пассивті және активті операцияларда орындайды:
1) банктік ресурстарды құрумен байланысты операциялар пассивті
операцияларға жатады.
Банктердің ресурстары меншікті, тартылған және эмитирленген қаражаттардан құралады.
Меншікті қаражатқа акционерлік, резервті капитал және бөлінбеген табыс жатады.
Акционерлік (немесе жарғылық) капитал акцияларды шығару және орналастыру арқылы жасалады. Негізінен, банктер өз қызметтерінің дамуына сай жаңа акцияларды шығаруды жүйелі түрде жүзеге асырады.
Резервтік капитал немесе резервтік қор табыстан түскен аударымдар есебінен құрылады және ол ойда жоқ шығындар мен бағалы қағаздардың бағамының төмендеуінен болған жоғалтуларды жабу үшін арналған.
Бөлінбеген табыс - дивиденттерді төлегеннен кейін және резервтік қорға аударғаннан кейінгі қалатын табыс бөлігі.
Тартылған қаражаттар банк ресурстарының негізгі бөлігін құрайды. Бұл депозиттер (салымдар), контокоррентік және корреспонденттік шоттар.
Негізгісі - депозиттер, олар қолданғанға дейінгі, жедел және жинақтық төлемдерге бөлінеді.
Контокорренттік шот арқылы банк және оның клиенті арасындағы барлық есеп айырысушылық және несиелік операциялар жүзеге асырылады. Бөлек кезеңдерде бұл шот пассивті болып табылады, ал қалған жағдайларда - активті: егер клиентте қаражат бар болса, пассивті, олар жоқ болса және клиент банкке төлемдік тапсырмасын шығарса немесе чек жазып берсе шот активті болып табылады.
Банктің эмитирленген қаражаттары – банктер мұндай қаражаттарды іздеуде үлкен назар аударады, оларды ұзақ уақыт қолдануға болады. Мұндай қаражаттарға облигациялық қарыздар, банктік вексельдер және тағы басқа бағалы қағаздар жатады.
Жедел ақша қаражаттарын банктер клиентураны несиелендіру үшін және кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру үшін қолданады.
2) банктік ресурстарды орналастырумен байланысты операциялар активті
операцияларға жатады.
Коммерциялық банктердің активтерін төрт категорияға бөлуге болады: кассадағы қолма қол ақшалар және оған теңдестірілген қаражаттар, бағалы қағаздарға инвестициялар, ссудалар, ғимараттар және құрылғылар
(Қосымша А).
Несиелік келісімдер банктік қызметтің негізгі облысы болып табылады, олар арқылы банктер бір жағынан несие алады және соның негізінде салымшы-клиенттерге қарыз болып қалады (пассивті операция), ал екінші жағынан несие беріп, клиентке қатысты несие беруші болып табылады (активті операция).
Мұнымен қоса, банк көрсететін қызметтерге қарағанда төлем жүргізгенде және есеп айырысқанда банк жауапкершілігі болып тек тапсырысты дұрыс орындау ғана табылмайды, сонымен қатар, пассивті және активті операцияларды жүргізгендегі тәуекелдермен клиенттерді қамтамасыз ету де банк жауапкершілігіне жатады.
Отандық банктер үшін салыстырмалы жаңа түрі – лизингтік операциялар. Банктер өздерінің клиентеріне белгілі бір жалдық төлем орнына ұзақ мерзімге машиналар, құрылғылар және тағы басқа негізгі қорларды ұсынады.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық | Добавил: Admin
Просмотров: 1241 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Музыка пәнін қазақ ұлттық аспаптар арқылы үйрету
Домбыра философиясы
Тіршілік етуші негізгі орта және оларға ағзалардың адаптациялануы (бей...
Рашмор тауы
Сейфуллин Сәкен
Қонақ үй қызметтері сапасын басқару мәселелері
ТМД мемлекеттерімен жасалған келісімшартгар
Есенжанов Хамза
Досмұхамедұлы Халел
Қазақстан Республикасы мен Нидерланды Корольдігі арасындағы қатынастар
Өсімдік қорғау және карантин мамандығы бойынша Емтихан билеттері
Қазақтың демократ ағартушылары
Қазақстан Республикасының климаты
Черногория мемлекеті
Ыбырай Алтынсарин