Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық

Қазақстан Республикасында банктік несиелеу жүйесінің қазіргі жағдайы және эволюциясы
Загрузка...
Бұрынғы КСРО, сәйкесінше Қазақстанда Мемлекеттік Сыртқы сауда және Құрылыс банктерінен тұратын бір деңгейлі банктік жүйе болған.
1990-1991жж. Қазақстанның тәуелсіздікті алу мен нарықтық қатынасқа ауысу негізінде банктік жүйені қайта құрудың қажеттілігі туды. Ол үшін 1990 жылы Қазақстанның банктік жүйесін қайта құру үшін заңнамалық негіз құрылды - «Қазақ КСР банктер және банктік қызметтер туралы» жаңа заң қабылданды. Берілген заңмен бірінші рет коммерциялық банктің анықтамасы мен басқа да несиелік мекемелерді (өзара несиелендіру қоғамы, зейнетақы, инвестициялық қорлар, ломбардтар) құруға рұқсат бекітілді. Жеке меншік банктерді ашуға, сонымен қатар шетел капиталының қатысуымен банктерді ашуға рұқсат берілді. Сонымен қатар бұл заңда Қазақ КСР мемлекеттік банкінің ақша - несиелік аймағындағы негізгі мақсаттары мен функциялары бекітілді, коммерциялық және мемлекеттік банктермен жүзеге асырылатын операциялар тізімі және коммерциялық банктердің қызметтерінің ашылуы мен тоқтатылуының тәртіптері мен мемлекеттік банкпен коммерциялық банктерді басқарудың негізгі қағидалары мен әдістері анықталды.
Екі деңгейлі банктік жүйесі 1991 жылы мемлекеттік кешендік банктердің қайта құрылуымен және КСРО мемлекеттік банкінің республикалық бөлімдерін зайырлы мемлекет орталық банктеріне тән функциялармен қамтуымен, сонымен қатар бірінші коммерциялық банктердің ашылуымен бірге құрылды.
Жаңа банктік жүйенің бірінші деңгейі Ұлттық Банкпен ұсынылды.
Банктік жүйенің екінші деңгейі бұрынғы КСРО шекарасындағы мамандандырылған банктердің жүйесіне кіретін ертеде болған мамандандырылған банктер негізіндегі банктер ұсынды, олар: Промстройбанк (Туранбанк), Казвнешэкономбанк (Алембанк), Жилсоцбанк (Кредсоцбанк), Казсбербанк, Агропромбанк.
1993 жылдың сәуірінде «Қазақстан Республикасындағы банктер туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» арнайы заңдар қабылданды, біріншісінде тек банктік қызметке қатысты реттеу нормалары ғана қалды. Сонымен қоса, реттеу құралдары мен әдістері кеңейтілді.
1993-1994 жылдары коммерциялық банктердің саны 204-ке жетті, оның көбісі қаржылық қабілетсіз болды. Ұлттық Банктің алдында банктік секторды сауықтандыру мәселесі тұрды. Банктерді құру мен олардың қызметтері туралы неғұрлым қатаң талаптары, сонымен қатар Ұлттық Банктің банктік қызметті реттеу бойынша неғұрлым кең өкілеттілігі 1995 жылдың 31 тамызында банктік қызметті жүзеге асыру мен банктік қадағалаудың халықаралық стандарттарының негізінде жасалған «Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік қызмет туралы» заңның күшімен Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысында бекітілді. Содан бері өзгертулер мен қосымшалар 12 рет енгізілді. Банктік заңнаманы жетілдірудің негізгі мақсаты болып банктік іс тәжірибесінің жақындауы мен банктік қызметті халықаралық стандарттар бойынша, ең алдымен банктік қадағалау бойынша Базельский комитетінің негізгі қағидалары бойынша реттеу табылады.
FSAP бағдарламасы шегінде МВФ және ВБ арнайы миссиясымен жасалған тиімді банктік қадағалаудың негізгі қағидаларын ұстануды бағалауға сәйкес, 2000 жылдың басына құқықтық жүйе толығымен Базельский комитетінің талаптарына сәйкес келді. Бұл бағалау халықаралық қаржылық ұйымдармен де расталады, мысалы Еуропалық Қайта құру мен Даму Банкісімен Қазақстанның банктік секторының қайта құрылуына жасалған бағалау бұрынғы социалистік лагерге кіретін мемлекеттер арасында тек Балтық жағалауы мен Шығыс Еуропаның елдерінің көрсеткіштеріне ғана жол береді.
Жаңа заңға сүйене отырып, 1995 жылы банктік қадағалаудың өкілетті органы ретінде Қазақстан Ұлттық Банкі банктік жүйені қайта құруды жүзеге асыра бастады.
Қазақстанның банктік жүйесін қайта құрудың бірінші бағдарламасы 1995 жылға сол жылдың 15 қаңтарында қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысымен бекітілді. Реформаның басты мақсаты ақша ресурстарының орталықтанған қайта бөлуді максималды қысқарту болып табылады. Банктер халықтың жинағын, шаруашылық субьектілердің бос ақша қаражаттарын және сыртқы қарызды тарту есебінен экономиканы несиелеуді қамтамасыз ету керек болатын.
Қазақстан республикасының Басқармасымен мемлекеттің банктің жарғылық капиталындағы үлесін азайту шараларын қабылдады, дәлірек айтқанда:
 1997-2001жылдарға Қазақстанның Акционерлік Халықтық Жинақтық Банкінің қадамдық жекешелендіру бағдарламасын бекіту;
 «Казагропромбанк» ашық түрдегі АҚ акцияларының мемлекеттік пакетін айырбастауды аяқтау;
 «Туранбанк» коммерциялық акционерлік Банкі және «Алем Банк Казахстан» акционерлік Банкі акцияларын мәжүрлік сатып алу, олардың «ТұранӘлем Банк» АҚ ауысуы және банктерді жекешелендіру бойынша тендер жүргізу;
 «Казкредсоцбанк» ашық түрдегі АҚ акцияларын мәжбүрлік сатып алу және оның «Жилстрой-банк» АҚ қосылуы, содан кейін «Қазақстан Республикасы Жилстройбанкін» АҚ жекешелендіру мақсатында тендер жүргізу.
Банктік секторды тұрақтандыру мен дамыту мақсатында 1996 жылдың аяғында екінші деңгейлі банктердің халықаралық стандарттарға көшу Бағдарламасы қабылданды, оның шекарасында халықаралық стандарттағы банктердің жеткілікті капиталға, активтердің сапалылығына, менеджмент деңгейіне, бухгалтерлік есепті жүргізуге, ақпаратты таратуға қадамдық жету қарастырылды.
2001 жылдың 1 мамырына жағдайы бойынша 11 банк - I топқа, 24 банк - II топқа жатқызылды, 12 банк бағдарламадан шығып кетті.
Бағдарламаның мақсаты халықаралық стандарттар деңгейінде өз қызметтерін жүзеге асыратын жоғары капиталданған банктер кіретін тұрақты банктік жүйені құру болғандықтан банктердің саны қаржылық жағдайы тұрақсыз болған банктер есебінен күрт төмендеді. Мұнымен қоса келесіні айта кеткен жөн: банктердің капиталдану деңгейіне деген қатаң талаптары банктік секторды сауықтандыруды тездетті, көбінесе банктердің қосылуы, төмен капиталданған банктердің өз еркімен несиелік серіктестіктерге қайта жандануы байқалды. Қаржылық тұрақсыз және төлемқабілетсіз банктерге қатысты барлық банктік операцияларды жүргізуге жоққа шығарылған лицензиялар мен мәжбүрлік жою үрдістері қолданылды.
1997 жылы банктер инвестициялық және депозиттік болып бөлінді, банктік қызмет түрлерін кеңейту қарастырылды, сонымен қатар банктерді ашу мен оларды лицензиялау бойынша, ішкі бақылау мен банк үрдістеріне қатаң талаптар қойылды, CAMEL жүйесі бойынша банктің қаржылық жағдайын бағалауда рейтінгтік түрі енгізілді.
1999 жылы Қазақстан Ресубликасының басқармасы мен Ұлттық Банкінің шешімі бойынша теңгенің еркін жүзуші айырбас бағамы жүйесі (ЕЖАБ) енгізілді, ол Ұлттық Банктің қол сұғуынсыз валюталық нарықта теңге бағамының сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасуын қарастырады, теңге 1998 жылда болған дағдарыстан кейін, әсіресе Ресейде күрт өсті. Банк қызметінің сандық көрсеткіштері оларды қайта бағалау негізінде едәуір өсті. Мұнымен қоса, несие алушының қаржылық жағдайының нашарлауы нәтижесінде банктердің ссудалық қоржынының сапасы біршама төмендеді және провизияларды құрудағы шығындар өсті. Бірақ банктердің жоғары капитализация деңгейі мен елдегі экономикалық өсуге байланысты ЕЖАБ жүйесін енгізу банктердің қаржылық тұрақтылығы мен банк секторының тұрақтылығына аса әсер етпеді.
2000 жылы екінші деңгейлі банктерде жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) міндетті түрде кешенді кепілдендіру (сақтандыру) жүйесінің енгізілуі банк салымшыларының мүдделерін қорғауды едәуір өсіртті, соның арқасында халықтың банктік секторға деген сенімі артты, ал бұл болса банктік секторды институционалдық дамытуға кедергі келтіретін негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл мәселені шешу үшін 1999 жылдың қарашасында құрылтайшысы Ұлттық Банк болып табылатын «жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) кепілдендіретін (сақтандыратын) Қазақстандық қор» жабық акционерлік қоғамы құрылды. Қазақстанның банктік жүйесі үшін депозиттерді сақтандыруды енгізудің жағымды нәтижесі болып банктермен жүргізілетін белсенді операциялардың мөлшерінің өсуі, олардың бәсекеқабілеттілігінің өсуі, банктік қызметтердің өзіндік құндарының төмендеуі табылады.
2000 жылы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен қосымшалар енгізілді, оған сәйкес банктік құпия ретінде саналатын ақпарат тізімі кеңейіп, оны таратудың процедуралары қатаңдалды, сонымен қатар жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) міндетті түрде кешенді кепілдендіру (сақтандыру) жүйесінің қызметімен байланысты нормалар жетілдірілді. Осындай бағыттағы мемлекетпен бекітілген шаралар банктермен тартылған жеке тұлғалардың депозиттер көлемінің өсуіне әкелді, ал бұл халықтың банктік жүйеге деген сенімін білдіреді. Қазіргі уақытта берілген жүйенің қатысушылары болып жеке меншік екінші деңгейлі банктердің 34-нен 20-сы табылады. Яғни барлық банктердің 60%, ал кепілдендірілген салымға барлық жеке тұлғалардың депозиттерінің 59% келеді. Барлық осы шаралар халықтың бантік секторға деген сенімін арттырудың негізі болды. Салымдардың жан басына шаққандағы көлемі бойынша (140 АҚШ дол.) Қазақстан ТМД елдерінің арасында Ресейге ғана жол береді.
2001 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша Қазақстанда 47 банк жұмыс істеп тұрды, оның ішінде 1 банк 100% мемлекеттің қатысуымен жұмыс істеп тұрды, біреуі халықаралық банк, 16 банк шетел қатысушыларымен (12 еншілес банктерді қоса).
Халықаралық агенттіктерден алынған несиелік рейтингтерге 2002 жылдың басына 8 отандық банткер ие болды, сонымен қатар бас банктер мен 10 еншілес банктерді де; халықаралық агентілікпен қазақстандық банктерге рейтингті иемдену мен отандық банктердің халықаралық капитал нарығына шығуы әлемдік экономикадағы интеграциялық үрдістердің дамуын көрсетеді.
Нәтижесінде бүгінде ТМД елдерінің ішінде ең қарқынды дамып келе жатқан, мемлекеттік органдардың қол сұғушылығынан қорғалған, тұрақты және таза банктік жүйе құрылды 2004 жылдың 1 қаңтарына 35 банк қызмет көрсетіп отырды, оның ішінде мемлекеттік - 2, шетел қатысушыларымен - 16. 2003 жылдан бастап Қазақстанның барлық банктері қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары бойынша жұмыс істейді.
Банктердің жиынтық меншікті капиталы 198,6 млрд. теңгені (1,3 млрд. АҚШ долл.) құрады, жиынтық активтер - 1,5 трлн. теңгені (10 млрд. долл.) құрады. 2003 жылға банктердің жиынтық активтері 46,5%, ал халықтың салымдары - 33,8% өсті. Банк активтерінің 58% экономикадағы несиелер ретінде орналастырылған.
Екінші деңгейлі банктер үшін экономиканың нақты секторын несиелеу операциялардың приоритетті түрі болып қала береді. 2003 жылы банктегі несиелердің жалпы көлемінің өсуі 2002 жылмен салыстырғанда 45,5% құрады, 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда - 51,7 % құрады. Экономика дамуы үшін жағымды жағдай экономикадағы несиелердің жалпы көлеміндегі орта және ұзақ мерзімді несиелердің үлесінің өсу тенденциясы табылады. Теңгелік несиелердің үлес салмағы өсуде.

Кесте 2
Екінші деңгейлі банктердің өсу қарқыны

Банктік сектордың құрылымы 01.01.02 01.01.03 01.01.04 01.01.05
1 2 3 4 5
1 Екінші деңгейлі банктердің саны 44 38 35 35

2 кестенің жалғасы
1 2 3 4 5
2 Екінші деңгейлі банктердің филиалдарының саны 400 367 376 378
3 Екінші деңгейлі банктердің есеп айырсу-кассалық бөлімдерінің саны 1020 1046 1077 1087
4 Екінші деңгейлі банктердің шетелдегі өкілдерінің саны 8 7 7 7
5 ҚР бейрезидент-банк өкілдерінің саны 12 14 19 18
6 Кастодиалдық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар банктердің саны 10 10 10 10

2000 жылдан бастап Қазақстанның банктік жүйесі ТМД елдерінде қарқынды дамып келе жатқандардың бірі болып табылады. Сөйтіп, активтердің ЖҰӨ-ге қатынасын сипаттайтын қаржылық делдалдылық тереңдігі 2004 жылы 48,5%-дан 2005 жылы 61,8% өсті. Бұған нормативті-құқықтық база және мемлекеттік бақылау-реттеушілік органдар саясаты құрылған жағымды макроэкономикалық айналасы негіз болған.

Қазақстанда екінші деңгейлі банктердің активтердің өсу динамикасы,
2000-2005жж.



Сурет 1
Қаржылық қадағалау ҚР Агенттігінің мәліметтері бойынша Қазақстан банктерінің жиынтық активтері 2005 жылға 68% - 4 515 млрд. теңгеге өсті (АҚШ-тың 33,5 млрд. дол.), бұл 2000 жылдан бастап рекортты өсуі болып табылады (Сурет 1).
Банктердің жиынтық міндеттемелері 68,6 % - 4 073,4 млрд. теңгеге (АҚШ 30,4 млрд. доллары) өсті, оның 50,2% резидент еместердің алдындағы міндеттемелері, бұл дегеніміз, жоғары халықаралық дәрежесі бар Қазақстан банктерінің сырттан алатын қарыздарының шапшаңды өсуі болып табылады.
Банктік сектордың капитаизациясы несиелік ұйымдардың активтерімен салыстырғанда озық екпінмен өсіп келген. Сөйтіп, Қазақстанның несиелік мекемелерінің жиынтық капиталының көлемі 2005 жылы 69,2% өсіп, 2006 жылдың 1 қаңтарына 586,9 млрд. теңгені (АҚШ 4,4 млрд. доллары) құрады. Банктердің жиынтық капиталының ЖҰӨ қатынасы көрсеткіші 8% құрады.
Заңды және жеке тұлғалардан (банктер мен халықаралық қаржылық ұйымдардан басқа) банктермен тартылған салымдардың жалпы сомасы 2005 жылы 56,9% өсіп, 2006 жылдың басына 2 523 млрд.теңгені (АҚШ 18,8 млрд.дол.) құрады.
Мемлекеттің банктерінің несиелік қоржыны 1 484 млрд. деңгейінен 2 592 млрд. тенгеге (АҚШ 19,6 млрд. доллары) дейін өсті, 2004 жылға өсім 74,6% құрады. Банктік несиелердің ЖҰӨ қатынасының индикаторы бойынша көрсеткіш 42% құрайды - Қазақстанды шығысеуропалық мемлекеттермен салыстыруға болады деген сөз.
Алдында айтылғандай, несиелік операциялар коммерциялық банктердің белсенді операциялардың негізгі түрі болып табылады, бұған сонымен қатар келесі кесте куә болады: коммерциялық банктердің құрылымындағы 60% жоғарысы несие үлесіне келеді.

Кесте 3
Коммерциялық банктердің құрылымындағы несиелердің
үлес салмағы, пайызбен

2004ж 2005ж 2006ж
1 2 3 4
1 Банк ЦентрКредит 63,3 63,8 72,3
2 Темірбанк 65,1 64,6 72,1
3 Нұрбанк 77,1 59,7 68,8
4 Казкоммерцбанк 70,3 62,4 67,5
5 Альянс Банк 44,5 54,0 66,0
6 Каспий Банк 59,6 74,6 63,9
7 Банк ТуранӘлем 67,3 68,9 63,3
8 Халық Банк 66,3 76,6 62,6
9 Еуразиялық Банк 42,4 59,7 60,3
10 АТФ Банк 65,7 68,8 49,2
Банктер бойынша орташасы 62,2 65,3 64,6

4 кестенің мәліметтері бойынша екінші деңгйлі банктердің несиелеу көлемі жылдан жылға өсіп отырғанын көре аламыз. 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда ұсынылған несиелер көлемі 505882 млн. теңгеге немесе 51,7% өсті, 2005 жылы 2004 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда берілген несиелер көлемі 1108080 млн. теңгеге немесе 74,7% өсті. Егер 2005 жылдың көрсеткіштерін 2003 жылмен салыстырсақ, несие көлемінің өсу қарқыны 165% құрағанын көреміз.

Кесте 4
Экономика кешендері бойынша екінші деңгейлі банктердің несиелерінің динамикасы, 2003-2005 жж., млн. теңге

2003 2004 2005

1 2 3 4
Барлық несиелер 978128 1484010 2592090
соның ішінде:
Өнеркәсіп 273486 289614 437726
4 кестенің жалғасы
1 2 3 4
Ауыл шаруашылығы 117355 125204 163990
Құрылыс 75179 158799 313488
Көлік 31453 56201 96048
Байланыс 7729 20670 21697
Сауда 276892 398624 638346
Басқалары 196035 435898 920792

Несие алушы ретінде әр түрлі кешендердің кәсіпорындары бола алады. Экономика кешенінің бөлігіндегі ұсынылатын несиелердің құрылымын талдай отырып келесідей қорытынды жасауға болады: сауда кәсіпорынының үлесіне берілген несиелердің ең үлкен үлес салмағы келеді (24,6% - 2005ж). Бұл құбылыс келесімен түсіндіріледі: Қазақстанда тауарлық-делдалдық қызмет кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрі болып табылады. Екінші орында берілген несиелердің көлемі бойынша өндірістік кәсіпорындар тұрады. (16,9% - 2005ж).
Банктердің шағын кәсіпорындарды несиелеуде рөлі үлкен. Несие алушының берілген категориясына несиелерді берудің жағымды тенденциясы байқалады. 2005 жылы 2003 жылмен салыстырғанда шағын бизнестің субъектілеріне берілетін несие көлемі 273956 млн. теңгеге немесе 139,6% өсті (Кесте 5).

Кесте 5
Шағын бизнес субъектілеріне екінші деңгейлі банктермен берілген несиелердің динамикасы, 2003-2005жж

2003 2004 2005
1 2 3 4
Барлық несиелер 196212 288367 470168
соның ішінде:
ұлттық валютада: 104434 171541 261121
қысқа мерзімді 48249 71860 100628
ұзақ мерзімді 56185 99681 160494
шетел валютасында: 91778 116826 209046
қысқа мерзімді 32334 25692 40804
ұзақ мерзімді 59444 91134 168243

Сонымен қоса ұлттық валютада берілген несиелер көлемі шетел валютасымен берілген несиелер көлемінен асып кетеді. Бұл келесімен түсіндіріледі: несие алушының ұлттық валютаға деген сұранысы оның басқа валюта бағамдарына қарағандағы тұрақтылығының өсуі салдарынан жоғарлады.
Қазақстан Республикасының кейбір коммерциялық банктерінің несиелік қоржынының құрлымын талдай келе, келесідей қорытындыға келуге болады: жалпы берілген несиелердің неғұрлым үлкен үлес салмағы ұзақ мерзімді несиелерге келеді.
Мұны ұзақ мерзімді несиелердің инвестициялық жобаларды, капиталды шығындарды, сонымен қатар, құрылыс шығындарын және капитал айналымын толтыруға қарағанда үлкен ақша қаражатын талап ететін тұрғын үйді иемденумен (коммерциялық, тұрғын) байланысты шығындарды қаржыландырудың негізгі көзі екенімен түсіндіруге болады.

Кесте 6
Несиенің жалпы қоржынындағы несие түрлерінің (мерзімі бойынша)
үлесі, пайызбен

Несиенің жалпы қоржынындағы ұзақ мерзімді несиелердің үлесі Несиенің жалпы қоржынындағы қысқа мерзімді несиелердің үлесі Несиенің жалпы қоржынындағы өзге де несиелер
2004 2005 2006 2004 2005 2006 2004 2005 2006
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
1 Еуразиялық банк 86,6 87,1 88,7 12,5 11,5 10,7 0,9 1,4 0,6
2 Альянс Банк 70,9 83,1 86,9 24,8 14,0 13,6 4,3 2,9 0,0
3 Нұрбанк 82,7 79,7 77,7 16,8 18,8 21,7 0,6 1,5 0,6
4 Халық Банк 70,3 77,9 77,7 26,0 19,5 21,2 3,6 2,6 1,1
5 Темірбанк 70,4 72,6 77,1 22,4 17,0 21,6 5,2 10,4 1,4
6 Банк
ЦентрКредит 66,6 73,7 75,3 32,6 25,8 24,2 0,8 0,5 0,5
7 Банк ТұранӘлем 66,7 59,8 74,8 32,1 38,8 21,7 1,2 1,4 3,5
6 кестенің жалғасы
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
8 АТФ банк 64,4 64,2 72,7 32,6 35,0 26,7 3,0 0,8 0,5
9 Казкоммерцбанк 66,5 68,2 68,9 30,3 29,8 30,1 3,2 2,0 1,0
10 Каспий банк 51,3 44,0 58,3 45,0 52,0 41,1 3,7 4,0 0,6

Кесте 6 көрсетілгендей «Банк ЦентрКредит» АҚ несиенің жалпы қоржынындағы ұзақ мерзімді несиелердің үлесі 2005 жылға қарағанда 2006 жылы 1,6 пайызға жоғарлаған, несиенің жалпы қоржынындағы қысқа мерзімді несиелердің үлесі 1,6 пайызға төмендеген, ал несиенің жалпы портфеліндегі өзге де несиелер өзгеріссіз қалған.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық | Добавил: Admin
Просмотров: 1469 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Жасуша теориясы
Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі
Ақыт қажының Жиһаншаһ дастанындағы Шаһзада бейнесі
Ыбырай Жақаев
Досмұхамедұлы Халел
СӨСҚ қызметінің негізгі бағыттары
Салауатты өмір салтын қалыптастырудьң ғылыми-теориялық негіздері
Тіршілік етуші негізгі орта және оларға ағзалардың адаптациялануы (бей...
Нәзір Төреқұлов
Терминнің тілдік сипаты
Құранды түсіну
Сақтар
Дербес компьютерде іс-қағаздарын жүргізу
Бәйсейітова Күләш (Гүлбаһрам) Жасынқызы
Гендельдің клавирлік музыкасы