Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық

Қаржының мәні мен рөлі
Загрузка...
Қаржы – ақша қаражатын, қаржы ресурстарын олардың жасалуы мен қозғалысы, бөлiнiсi мен қайта бөлiнiсi тұрғысынан алып қарайтын, сондай-ақ шаруашылық жүргiзушi субъектiлер арасындағы өзара есеп айырысуларға, ақша айналысына байланысты туындайтын экономикалық қатынастарды бiлдiретiн қорытындылаушы экономикалық термин.
Қаржы – ақша құралдарының қорларын бөлу және пайдалану туралы қатынастар жүйесi.
Қаржы «қолма-қол ақша», «табыс» ұғымын бiлдiретiн орта ғасырдағы латын тiлiнiң .financia сөзiне пайда болған француздың finance
сөзiне шыққан.
Қаржы қоғамда нақты өмiр сүретiн, объективтi сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндiрiстiк қатынастарды бiлдiретiн ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесiндегi экономикалық қатынастарды қамтып көрсететiн тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бiрi болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелi тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттiң және оның ресурстарға қажеттiлiктерiнiң дамуымен тығыз байланысты болады.
Қаржының мәнi, iс-әрекет механизмi және рөлi оның функцияларынан айқын көрiнедi. Қаржының мәнiн толық ашу оның ұғымы мен қажеттiгiн ғана емес, сонымен бiрге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды да талап етедi.
Қаржыға қатысты функция осы экономикалық категорияға тән қызмет тобын, мәннiң iс-қимылдығы көрiнiсiн, сапасының өзiне тән категориялары кескiнiң айрықшылықты әдiстерiн бiлдiредi. Функцияда категорияның қоғамдық арналымы қамтып көрсетiледi, оның экономикалық табиғаты ашылады.
Қазiргi уақытта қаржының бөлгiштiк және ұдайы өндiрiстiк тәрiздi екi тұжырымдамасы танылып отыр. Бiрiншi тұжырымдаманың жақтаушылары қаржы қоғамдық өндiрiстiң, екiншi стадиясында – ақша нысанындағы қоғамдық өнiмнiң құнын бөлу процесiнде пайда болады, қаржының бөлгiштiк сипаты оның iс-әрекет етуiнiң ерекшелiгiн көрсетедi деп санайды. Бұл тұжырымдамаға сәйкес қаржы екi функцияны орындайды: бөлу және бақылау.
Бөлгiштiк қатынастардың ерекше сферасы ретiнде қаржының мәнi ең алдымен бөлгiштiк функцияның көмегi арқылы көрiнедi. Тап осы функция арқылы қаржының қоғамдық арналымы – шаруашылық жүргiзудiң әрбiр субъектiсiн оған қажет арнаулы мақсатты ақша қорлары нысанында пайдаланылатын қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету жүзеге асырылады.
Жалпы қоғамдық өнiмнiң құны, сонымен бiрге ақша нысанында тұлғанатын ұлттық байлықтың бiр бөлiгi қаржының бөлгiштiк функциясының iс-әрекетiнiң объектiлерi болып табылады.
Қаржының көмегiмен бөлгiштiк процесс қоғамдық өмiрдiң барлық сфераларында - материалдық өндiрiсте, айналыс және тұтыну сфераларында өтедi. Бөлудiң қаржылық бөлiнiске бөлiнудiң әр түрлi түрлерiн - iшкi шарушылық, iшкi салалық, сала аралық, аумақ аралық бөлiнiстi тудыратын көпсатылық тән.
Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнiм мен оның маңызды бөлiгi - ұлттық табысты, сондай-ақ ұлттық байлықтың бiр бөлiгiн бөлу және қайта бөлу процесiнде пайдаланған кезде көрiнедi.бұл функцияны қаржы өнiмдi өздiгiнше бөле бередi деген мағынада емес, қаржы тек жасалған өнiмдi бөлудi ғана ортақтастырып, жүзеге асырады.
Қаржының бөлгiштiк функциясының iс-әрекетi оның мәнiнен:жиынтық қоғамдық өнiмдi, ұлттық табысты және таза табысты бөлумен және қайта бөлумен байланысты қатынастарды қамтамасыз етуден; табыстар мен қорланымдарды қалыптастырудан; ақша қорларын жасаудан туындайды.
Қоғамдық өнiмдi бөлу алғашқы және кейiнгi, немесе қайта бөлу болып ажыратылады.
Қаржы көмегiмен жететiн нәтижелердi бағалауға жалпы тәсiлдеме қаржының рөлiн 3 бағытта атқаруға мүмкiндiк жасайды:
-ұлғаймалы ұдайы өндiрiстiң қажеттiлiктерiн қажеттi қаржы көздерiмен қамтамасыз ету тұрғысынан;
-қаржыны қоғамдық өндiрiстiң құндық құрлымын реттеу үшiн пайдалану тұрғысынан;
-қаржының әлеуметтiк-экономикалық дамудың ынталандырмасы ретiнде пайдалану тұрғысынан.
Қаржы қоғамда нақты өмiр сүретiн, объективтi сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндiрiстiк қатынастарды бiлдiре отырып, тарихи қалыптасқан экономикалық категория ретiнде көрiнедi.
Қаржы ұғымы мемлекетпен бiрге бiр уақытта қоғамның таптарға жiктелуi кезiнде, мемлекеттiң дамуы мен оның ресурстарға деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға байланысты жүйелi тауар-ақша айырбасы жағдайында пайда болып, дамыды және ол ақша нысанындағы қоғамдық өнiмдi бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды.Тауар-ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайындағы қаржы нақтылы және үздiксiз болып жататын ақша айналымын – ақша ағынын бейнелеп көрсетедi.
Қаржының мәнi, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасымен қоғамдық ұдайы өндiрiс процесiндегi рөлi қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттiң табиғатымен және функциялармен айқындалады.
Экономикалық өмiрде қаржының сыртқы көрiнiсi қоғамдық өндiрiстегi әр түрлi қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрiнде болып жатады.Құбылыстар бетiнде бұл қозғалыс ақшалай сомманы қолма-қолсыз немесе қолма-қол ақшамен есеп айырысу түрiнде бiр иеленушiден басқа иеленушiге беруi болып табылады.
Қаржы – ақша қатынастарының ажырағысыз бөлiгi,ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберiндегi қоғамдық ұдайы өндiрiстiң түрлi субъектiлерi арасындағы бүкiл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша қатынастарын бiлдiредi, сондықтан оның рөлi мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Жалпы қоғамдық өнiм мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу процесiнде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкiлiктi пайдалануғажiберiлетiн материалдық ресурстар бөлiгiнiң ақшалай көрiнiсi болып табылады.
Қаржы қатынастарының пайда болуы өзi жайында әрқашан ақшаның нақты қозғалысымен аңғартып отырады.
Қаржы қатынастары өзiнiң негiзiнде бөлгiштiк қатынастар болып табылады.Қаржының арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөлiктерiнде және фирманың түрлi деңгейлерiнде қоғамдық өнiм құнын қайта бөлудiң сан алуан процестерi жүзегет асады.Қаржы қатынастарының бөлгiштiк сипаты экономикалық категория ретiнде олардың айрықша белгiсi болып табылады.
Қаржының түрлi мақсатты ақша қорларының қозғалысында көрiнуi оның маңызды ерекше белгiсi болып табылады.Ақша қорлары, iстiң шын мәнiнде, қаржы қатынастарының объектiлерi болып табылады.
Ақша қаражаттары экономикалық өмiрде, әдеттегiдей, баламалы, яғни тауар және ақша нысандарындағы құнның тең қозғалысы негiзiнде пайдаланылады.Баламалылық белгiсi басқа экономикалық категориялардың – бағаның, еңбекақының, несиенiң iс-қимылына тән.Ақша қорларыыының бүкiл ақша қаражаттарынан бөлiнiп тұратын ерекшелiгi сол, олар экономиканы басқарудың барлық деңгейлерiнде ақша нысанындағы құнның бiр жақты қозғалысының негiзiнде жасалынады.
Қаржы - бұл қоғамдық өнiмдi бөлу және қайта бөлу процесiнде пайда болатын айрықша экономикалық қатынастардың жиынтығы., мұның нәтижесiнде ұдайы өндiрiс қатысушыларының сан алуан қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн олардың ақшалай табыстары, қорланымдары мен қорлары жасалып, пайдаланылады. Қаржының қажеттiгi объективтi мән-жайдан – тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттiлiктерiнен туындайды.Қаржының басты арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржы ресурстарына деген қажеттiлiктерiн қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау. Қаржы ресурстары болмаса, қаржы механизмi арқылы барлық жағдайда ықпал етудiң кең мүмкiндiктерiн пайдалана алмаса, мемлекет өзiнiң iшкi және сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзiнiң әлеуметтiк-экономикалық бағдарламаларын , қорғаныс және елдiң қауiпсiздiгi функцияларын қамтамасыз ете алмайды. Қаржының мәнi ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды.Бұл қозғалыстың шарты тауар-ақша қатынастарының болуы және экономикалық заңдардың, соның iшiнде құн заңының iс-әрекетi болып табылады. Экономиканың жұмыс iстеуiнiң нарық жағдайында мемлекет тауар-ақша қатынастарын әлдеқайда аз дәрежеде реттейдi, негiзгi реттеушi тауарлардың, жұмыстардың және қызметтер көрсетудiң сұранымы мен ұсынымы болып табылады.
Қаржы ғылыми қаржыны тек экономикалық категория, яғни айырықшалықты өндiрiстiк қатынастардың жиынтығы ретiнде ғана қарастырып қоймайды, сонымен бiрге мақсатты ақша қорлары түрiндегi олардың материалдық iске асуын баса көрсетедi.
Қаржы ресурстарында негiзгi орынды таза табыс және амортизациялық аударымдар алады.
Қаржы ресурстарының қаржы қорларының айырмашылығы бар.
Қаржы ресурстары деп ақша қаражаттарының көздерiн, шарушылық органның немесе шаруашылық жүргiзушi субъектiсiнiң мұндай қаражаттарды жасау мүмкiндiктерiн түсiнедi.Қаржы ресурстары – бұл қорлардағы, яғни ақша қаражаттарының мақсатты босалқы қорларындағы «байланылған» қаражаттар, сондай-ақ әлi мақсатты белгiлi бiр бағыттылығы жоқ қорлар бойынша қалыптаспаған ақша қаражаттары.
Қаржы ресурстарын пайдалану негiзiнен арнаулы мақсатты арналымның ақша қорлары арқылы жүзеге асырылады.Қаржы ресурстарын пайдаланудың бүкiл жүйесiнiң құрамды бөлiгi.
Қаржы және қаржы ресурстары - бара-бар ұғымдар емес.Қаржы ресурстары өзiнше қаржының мәнiн анықтамайды, оның iшкi мазмұны мен қоғамдық арналымын ашпайды.Қаржы ғылымы тап мұндай ресурстарды жасау, бөлу және пайдалану негiзiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды зерделейдi,ол қаржы қатынастары заңдылықтарын зерттейдi.
Қаржы ресурстары жалпы қоғамдық өнiмнiң жартысын құра отырып, мемлекеттiң қаржылық қуатының көрсеткiшi болып табылады.Қоғамдық өнiм мен ұлттық табысты өндiру, бөлу және қайта бөлу процесiнде қалыптаса отырып, олар түпкiлiктi пайдалануға, яғни негiзгi құрал-жабдықтарды толтыруға, ұлғаймалы ұдайы өндiрiстi қамтамасыз етуге және жалпы мемлекеттiк қажеттердi қанағаттандыруға қоғам жұмсайтын материалдық ресурстардың бiр бөлiгiнiң ақша көрiнiсi болыр табылады.
Қаржы ресурстарының қозғалысы жиынтық қаржы балансында да қамтып көрсетiледi.
Қаржы ресурстарының құрамында олардың аса маңызды екi бөлiгiн бөлiп көрсетуге болады:
мемлекеттiң кiрiстерi
бюджеттен тыс қаражаттарды
Қаржы ресурстарының өсуiне сонымен қатар жалпы алғанда қоғамдық өндiрiстiң, сондай-ақ өнеркәсiп өндiрiсiнiң материалдық-заттық құрылымы да әсер етедi.
Мемлекеттiң қаржы ресурстары көлемiнiң динамикасы мен құрылымының тенденциялары нарықтық қатынастарға көшу бағдарламаларын жүзеге асырудың нәтижесiнде тиiмдiлiгiн айтарлықтай арттыру қаржы ресурстарын қалыптастырудың қарқынын тездетуге және өсуi интенсивтi факторлармен шарттасылған көздердiң үлес салмағын көбейту бағытындағы олардың құрылымын жақсартуға жеткiзетiндiгiн дәлелдейдi.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық | Добавил: Admin
Просмотров: 2347 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Компьютердің құрылғылары
Жүсіпбек Елебеков
Өсімдік қорғау және карантин мамандығы бойынша Емтихан билеттері
Әбілқайыр әулетінен шыққан өнерпаздар
Дулатов Міржақып
Қазақ халық көне аспаптарының тарихи даму кезеңдері
Б. Адамбаев - фольклортанушы
Түмән ұлы Мүде қаған
Неологизмдердің жасалу жолдары
Палеозой заманында тіршіліктің дамуы
Экоголияның экономикалық мәселелерді шешудегі орны
Германия
Сұлтанбек Қожанұлы
Дулат Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар
Шоқай Мұстафа