Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 21.9.2017
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық

Алымдар 2008 жыл
Загрузка...
МАЗМҰНЫ
Кіріспе

I Мемлекеттік бюджетке төленетін басқа да төлемдер алымдардың теориялық негізі
1.1 Мемелекеттік бюджеттің қалыптасуындағы алымдар пайда болу тарихы
1.2. Мемлекеттік бюджетке төленетін алымдардың ерекшеліктері мен түрлері

II Мемлекеттік бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер алымдарды есептеу және рәсімдеу әдістері
2.1. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркегенi үшiн алымды есептеу және рәсімдеу әдістері
2.2 Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алымды есептеу және рәсімдеу әдістері
2.3 Жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәмілелерге құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алымды есептеу және рәсімдеу әдістері
2.4 Жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алымды есептеу және рәсімдеу әдістері
2.5 Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алымды есептеу және рәсімдеу әдістері
2.6 Көлiк құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алымды есептеу және рәсімдеу әдістері
2.7 Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркегенi (қайта тiркегенi) үшiн алымды есептеу және рәсімдеу әдістері
2.8 Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алымды есептеу және рәсімдеу әдістері
2.9 Туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттiк тiркеу үшiн алымды есептеу және рәсімдеу әдістері
2.10 Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүргені үшін алымды есептеу және рәсімдеу әдістері
2.11 Бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны үшiн алымды есептеу және рәсімдеу әдістері
2.12 Аукциондардан алынатын алымды есептеу және рәсімдеу әдістері
2.13 Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымды есептеу және рәсімдеу әдістері
2.14 Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алымды есептеу және рәсімдеу әдістері

III Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуындағы басқа да міндетті төлемдер қаржы көзі ретіндегі алымдардың орындалуын жетілдіру жолдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Экономикалық категория ретiнде мемлекеттiк бюджет қоғамдық өнiм құнының мемлекеттің орталықтандырылғын қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу процесiнде және оны ұдайы өндiрiстi ұлғайту, қоғамдық қажеттердi қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық өндiрiске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын белгiлейдi.
Бюджет экономикаға бюджет механизiмi арқылы ықпал етедi. Мұнда бюджеттің бүкiл экономикаға ықпал құралы ретiндегi рөлi көрiнедi. Бюджет механизiмi -мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын құру және пайдалану формалары мен әдiстерiнің жиынтығы. Экономиканы реттеу орталықтандырылған қаражат қорының көлемiн белгiлеу, оны құру, пайдалану формалыры мен әдiстерiн реттеу, бюджеттi құру және орындау процесiндегi қаржы ресурстарын қайта бөлiске салу жолымен жүзеге асырылады.
Мемлекеттің негiзгi қаржы жоспарының көрсеткiштерi республика Жоғарғы Кеңесiнің жыл сайын қабылдайтын мемлекеттiк бюджет туралы заңына сәйкес мiндеттi түрде орындалуы тиiс.
Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан барлық меншiк формасындағы кәсiпорындар, бiрлестiктер мен шаруашылық жүргізушi субъектiлер республикалық бюджетке, кеден тарифтерiне сәйкес ұлттық валютамен экспорттық және импорттық баж салықтарын төлейдi.
Мына қорларға түсетiн және олардан аударылатын қаражат республикалық бюджеттің кiрiсi құрамында ескерiледi.
Ал, шығысына келетiн болсақ Қазақстан Республикасының халықтарын әлеуметтiк, экономикалық қорғау мақсатында жұмсалады.
Мемлекеттік қаржы қаржы жүйесінің бір бөлігі болғандықтан, олар мемлекеттік сектордағы мемлекеттік сектордағы өзара байланыстарын қамтитын өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы қызметімен байланысты болады.
Мемлекеттік қаржының экономикалық мазмұны мемлекеттің және оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарының құру үшін ұлттық байлық пен қоғамның өнім құнын бөлу және қайта бөлумен байланысты ақшалай қатынастар болып табылады. бұл саланың ақша қатынастарының субъектілері бір жағынан мемлекет, яғни жергілкті билік және басқару органдары, екінші жағынан кәсіпорындар, ұйымдар, мемлекет, азаматтар болып табылады. Мемлекеттік қаржының қызметтері қаржылық экономикалық категория ретінде атқаратын қызметтерімен бірдей болады яғни бөлу, бақылау қызметтері. Мемлекеттік қаржы ерекше мақсаты бар маңызды звеноларға жіктеледі. Мемлекеттік қаржының құрамына: мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылары кіреді. Мемлекеттік қаржы мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саланы басқару денгейіне байланысты жалпы мемлекеттік және жергілкті болып бөлінеді.
Мемлекеттік бюджеттiң кiрiстерi (арнайы эканомикалық аймақтардың қаржы қорларына есептелетiн сомалардан басқа) олар салықтардан, алымдардан, төлемақылар мен мемлекеттік баждардан тұрады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-шi бабында: заңды түрде белгiленген салықтарды, алымдарды және өзге де мiндеттi төлемдердi төлеу әркiмнiң борышы әрi мiндетi болып табылады, - деп жазылған. Яғни бұл менің курстық жұмысымның маңызлыдығын көрсетеді. Курстық жұмысым үш бөлімне тұрады: жұмыстың бірінші бөлімінде алымдардың даму тарихы мен мемлекеттік бюджеттің қалыптасуындағы экономикалық мәні, онда 2001 жылдың 12 маусымынан қабылданған Жаңа Салық Кодексі сәйкес Қазақстан Республикасында қолданылатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, атап айтқанда 13 алым ерекшеліктерін, ал екінші бөлімінде алымдарды есептеу және рәсімдеу жолдары қарастырылды.

I Мемлекеттік бюджетке төленетін басқа да төлемдер алымдардың теориялық негізі
1.1 Мемелекеттік бюджеттің қалыптасуындағы алымдар пайда болу тарихы

Біздің жерімізде ерте заманда ірге тіккен алғашқы мемлекеттердің бірі – Түрік қағанаты. Түрік этнонимі қытай жылнамаларына 542 жылдан бері белгілі, яғни осы жылдары біздің жерімізде салықтар және алымдар пайдаланып, салт – дәстүр немесе заң негізінде қазақ халқына “сіңін отырған” деуге болады.
Түрік қағанаты Қытай елімен экономика жағынан жақсы қарым – қатынаста болған. Қытай елі Қазақ жерінде сауда – сатық жасап, сол кездегі билік еткен – Мұқан қағанға жылына 100 мың тең жібек матасын төлеп отырған.

Түрік қағанаты 603 жылы Батыс, Шығыс болып бөлінгеннен кейін олардың алып жатқан жері анықталды. Батыс Түрік қағанатының қағаны – Тон (618-630жж) Орта Азиядағы басқару жүйесін қайта құрды. Алым жинауға жергілікті адамдарды бекітіп, оларға “селиф” деген атақ берді. Олардың үстінен жасауылдар бақылау жүргізді. Селифтер жасалауындарға есеп берін отырды.
Қарапайым халықты “қара бұдундар” деп атаған. Бұл сөз қазақтын “қалың бұқара”, “қара халық” деген мағынасы. Алым – салықты төлейтін, ауытпалықты көп көтеретін осы “қара бұдундар” Түрік қағанатында салықтын “қанмен өтейтін” түрі де болған. Ондай әскери міндетті атқарушы адамдар майдан шебінің алдынғы қатарында жүрген. Мұндай қызметті көбіне тәуелді тайпалардың адамдары атқарған. Бағынышты тайпалар азық – түлік салығын, төлеп, қымбат бағалы аң терілерін де тапсырып отырған.
• Түргеш қағанаты (704-756жж) мал өсіру, егін салумен
айналысты. Қаған меншігіндегі жерді ақсүйектерге бөлін, ақсүйектердің шаруашылығын кедейлер күн көру, жан бағу үшін айналысқан. Тарихи деректер бойынша Түргеш қағанатының ыдырауы үш себептін әсерінен, ал оның біреуі – алым-салықтын көптігі мен қысым көрсетуі.
• Қарлұқ қағанаты (756-940жж) тұсында Білге Күн Қадыр-хан
Саманилер сарайына алым-салық төлеп отырған. Яғни осында жер салығы пайдаланылған болатын, бірақ салықтын “құрбаншылық” түрі әлі де болса пайдаланылды.
• Қимақ қағанаты (Ixғ. соңы – Xiғ. басы) – оларда мал
шаруашылығы басым болды. Гардизи былай деп жазады: “шаруалар өз мырзаларына мал бақты”. Тағы дай айта кететін жай, мұнда адам қайтыс болса құрбандыққа шалу міндеті болған.
• Қарахан мемлекеті (942-1212) – ондағы жер иеленудің бір түрі
“иқта” болған. Иқтаның мәні – оны алған адамдар ол жерде отырған қарапайым халықтан алым-салық жинап, ханға әскери қызмет етуге міндетте болған.
Ірі билік иелеріне жаулап алынған жерлерден үлес беріліп, олар арқылы қазына салығы жинастырылып отырған. Мұндай салық жинау үшін мемлекет жері де жылға берілетін болған.
Дінбасыларға, діни мекемелерге ірі жер иеленушілер, көшпелі әскербасылар өсиет етін қалдырған жерлер де болған. Оларды ваңфтық жерлер деп аталған және олардан салық алынбаған.
Отырықшы аудандарда шаруаларды қанаудың бір түрі – олардың үлеске алған жерлерінен алым-салық жинастырып отыру. Араб, парсы деректерінде ондай үлескерлерді музари немесе барзшар деп атаған.
Қарахан мемлекеті кезіндегі қанаудың бір түрі коммендация болды. Оның мәні: әлсіз адам өз үлесіндегі жерді күштің қамқорлығына береді, ол әлсіз адамды қорғауға тиіс. Әлсіз өзінің шамалы жерден алған өнімін және отбасын қорғағаны үшін күштіге салық төлеген.
Музари немесе барзшар – шаруалардың үлеске алған жерлерінен алынатын алым-салық..
• Қарақытай (1125 - 1212жж) әрбір үйден бір динардан ақша
жиналған. Егістік жерлер халыққа беріліп, тиісті салығы арнайы адамдар арқылы жинастырылған. Ал үлестік жерлерді иеленушілердің қолдарында арнаулы грамоталары болған. Әрбір қалада билеуші болды, ол қарақытай гурханына салық төлемін жеткізін тұрды.
Отырар, Тараз қалаларында алым-салықты гурханың арнайы жіберген адамдары жинап отырды. Ал басқа аймақтардан салық жинау, оны қарақытайлардың орталығына жеткізу жергілікті феодалдарға жүетелген.
Жетісудің егіншілікпен айналысатын тұрғындары билеушіге өнімнің оннан бір үлесін төлеген. Ірі қалалар әкімі гурханға жыл сайын жер салығы харадж төлеп отырған.
Харадж – феодалдық рента, өнделетін жерге салынатын салық.
• Алтын Ордада (ХІІІғ. ортасы – ХVғ. ортасы) билігі жүріп тұрған
хан тұқымының әрбір өкілі белгілі бір аймақтан түсетін алым-салыққа ие болып отырды. Салық жинаумен дағалар айналысты. Сонымен қатар халық санағын өткізу, әскер жинау, байланыс қатынасын жүргізу деген сияқты жұмыстар атқарған (“Ата -мұра” орта ғасырлардағы қазақ тарихы, 2002ж).
• Ақ Орда, Моғолмтанның, Әбілқайыр хандығының, Қоғай
Ордасының мемлекеттік-әкімшілік құрылысы, салық түрлері мен міндеткерліктері.
Бұл хандықтардың күш-қуаты көп жағдайда халықтан алынатын алым-салыққа, міндетті төлемдерге байланысты болды. Әскерлерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін жиналатын салықты тағар деп атаған. Жерден немесе онда түратын түсетін алым-салық інжу болды. Жер көлеміне байланысты - қалан салығы, екінші аймақтардан харадж, баж салықтары алынды. Баж - өнделетін жерге салынатын салық. Құшыр – мал өсірушілерден мал басының 1/ 10 көлемінде алынған. Мал салығы зекет деп аталған. Зекет – ғарін-кемтарларға үлестіру үшін мешіт жинайтын салық. Зекетті кемтар емес мұсылмандар ғана төлейді. Исламның негізгі бес нарызы бойынша жылына бір рет зекет беру керек. Зекет ішін жеуінен , борышынан артық болса 80 гр алтыннан, 56 гр күмістен зекет беруі керек. Бұлардың қырықтан бірі зекетке беріледі.
Малы: қырық қойдан, отыз сиырдан асса, бес түйесі болған адам зекет береді.
Қой мен ешкінің зекет нісабы.
40-тан –120-ға дейін бір қой не ешкі;
121-ден – 200-ге дейін екі қой не ешкі;
201-ден – 399-ға дейін үш қой не ешкі;
Осы сияқты әр жүзге бір қойдан қосылып отырады.
Сиырдың зекет нісабы.
30-дан – 39-ға дейін бір жас еркек не ұрғашы тайынша;
40-тан – 59 –ға дейін екі жасар бір құнан өгіз не құнажын;
60-тан – 69-ға дейін бір жастағы екі еркек не ұрғашы тана;
70-тен – 79-ға дейін тайынша не бір құнан өгіз не құнажын;
80-нен – 89-ға дейін екі құнажын сиыр.
Түйенің зекет нісабы.
5-тен – 9-ға дейін бір қой не ешкі;
10-нан – 14-ке дейін екі қой не ешкі;
20-дан – 24-ке дейін төрт қой не ешкі;
25-тен – 35 – ке дейін бір ұрғашы тойлақ;
Зекет мөлшеріне жетпеген алтын күмістен, жетсе де иелігіне бір жыл толмаса, әйелдердің сәндік бұйымдарынан үй сарай, бау-бақшадан, қарызы болса зекет берілмейді.
• Қазақ хандығы(ХVғ – XVIIғ) – қазақ халқы алдымызда атап
өткен салық түрлерінің бәрін пайдаланған. Ондағы бұл істі ауылбасы атқарған, яғни ауылдастардың шаруашылығын басқару, маусымдық көші-қон уақытын белгілеу, дау-жанжалдарды әділ шешін отыру, ауылға түскен салықты уақытында төленуін қадағалау.
Қазақтын ханы елді билеумен қатар, әскерлердің жоғарғы басшысы болды. Халықтан әртүрлі салықтар жинатып алып отырды (сыйлық, соғым, байғазы, жылу, айып, құн төлету, барымша т.б.)
Халықтын қарапайым көпшілік бөлігі мал өсіруші мен егінші шаруалар еді. Шаруалар жұмыс істеу және салық төлеумен қатар көптеген міндеткерлікті атқарды. Кедейлер бай – шонтарлардың малын бақты, үй қызметшісі жұмысын атқарды.
Үшір – еңбекке жарамды адамдар табысынан алынатын салық.
Пітір садақа - пақырларға 1460ж. бидай немесе 2920гр. арна не осылардың бағаларымен шашыр пітір садақа беру міндет. Байға, мұсылман емес адамға пітір садақа берілмейді.
Құрбан шалу – Құрбан айтының үш күн ішінде қан шығарып құрбан шалу дұрыс.
Құрбанға қой, ешкі, сиыр, түйелер ғана жарайды. Бір бөлікті пақырға, бір бөлімін дос-жаранға, ал қалғанын бала-шағасына берсе сауақты болады. Терісін сатпайды, кедейлерге береді(Ақиғи шариғаттар тур. 1992ж).
Осыған сәйкес қазақ халқында тағы да басқа алым-салықтар, міндетті төлемдер алынып отырды.
• “Жеті жарғы” – Төле би, Қазыбек би мен Әйтеке бидың
қатысуымен Тәуке хан “Жеті жарғы” деп аталатын заң жинағын жарыққа шығарды.
Жеті жарғыға әкімшілік, қылмыстық істер, азаматтардың құқық нормалары, салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізген.
- “Сұлтандардан басқа қару асына алатын әрбір адам ханға және халық билеушілеріне жыл сайын өзінің мал мүлкінің 1/20 бөлігін мөлшерде салық төлеп отыратын болсын...”
- Қару ұстап жүре алатын кез келген адам хан мен билеушілерге жыл сайын мал мүлкінің 20-дан бір бөлігін алымға отыратын болсын(33 бап)
(Қазақстан тарих – 4 томдық ІІ том, 1997ж).
Ежелден бері қазақ халқынан хандар, феодалдар, бай адамдар
салықтардың көптеген түрлерін жинап отырды. Мысалы, қазақ халқының хандарының бірі Кенесары ханның салық саясатын алуға болады. Хандықтың қаржы мекемесі алым-салық жинаумен және керуендерден салық алумен айналысқан. Бұл мекемені Кенесарының туысы Сейілхан басқарды. Өзінің бір хатында Кенесары деп жазды: “Рахымбай, Қожабай, Шағзада молда Арғынбайды және Бұхар иелігіндегі барлық көпестерді ескертемін, зекет жинау үшін сұлтан Сейілханды, Шоқпар биді және молда Ғабдулсаттарды жіберіп отырмын, сіздер әр қостың оннан бір бөлігін беруге тиіссіздер”.
Кенесарының салық жинау саясатындағы негізгі өзгерістер жеке феодалдар жинайтын салықты енді хан қазынасына түсетін жалпы салықпен ауыстыру болды. Бұл феодалдық салықты мемлекеттік салықпен ауыстыру қадамы болды. Кенесарыға дейін Қоқандықтар қазақтардан үш түрлі салық жинады
а) түңгілік зекет - әр үйден 1 қой;
ә) алам зекет – 50 бас малдан бір мал;
б) харадж - әр қырманнан 3 қой, бұл салық егіншелерден алынады.
Сонымен қатар, кей кездерде әр үйден 3 қой не 1 ділдә (алтын ақша) көлемінде әскери салық алынған. Ал хиуалықтар Сыр бойы қазақтарынан 10 ірі қарасы бар адамнан 2 ділдә, 13 ірі қарасы не 40 қойы бар адамнан да 2 ділдә салық алып отырған.
Кенесары билігін мойындаған қазақтар Хиуа не Бұхара ханына салық төлеуден және Орыс үкіметіне түтін салығын төлеуден құтылған еді. Бұл қазақтардың алым-салықтан біршама жеңілдеуіне әсер етті. Бірақ соғыс уақытының мүддесі Кенесары хан қазынасына түсетін әр түрлі салықтарды қатаң талап етуге итермелейді, ал бұл оның қол астындағы қазақтарға ауыр соқты.
Толық экономикалық күйзелістен мемлекетті 1921 жылы “әскери коммунизм” саясатының орнына келген жаңв экономикалық саясат (ЖЭС) сақтап қалды. Жеке меншік сауда мен ұсақ-түйек шаруашылық іс әрекетке қойылған тиым алынып тасталды. Жаңа салық жүйесі құрылды, займдар, несиелік операциялар жүйелері құрылды, ақша бірліктерін тұрақтандыру бойынша шаралар қолданды.
Өкінішке орай, Кеңес мемлекетінің қаржылық жүйесі өте жақсы жолға түспеді. Салықтардың орнына кәсіпорындар пайдасынан шегерімдер алудың әкімшілік әдістері қолданыла бастады, қаржылық ресурстар елдің қаржылық бюджеті арқылы қайта бөліне бастады. Кәсіпорндар шаруашылық инциативасынан айырылып, өз өнімдерін өткізу нарықтарын бақылау және халықтың сұранысын зерттеу мүмкіндігінен айырылды. Барлық мәселелр мемлекеттік жоспарлау арқылы шешілді. Кәсіпорын пайдасынан мемлекет пайдасына аударымдар 66-дан 93%-ға дейін құрады. Ал жалпылама халықтың салық төлемдері табыс салығының 13%-н құрады, бұл салықты бухгалтерия жалақыдан автоматтытүрде ұстап қалатын, ал минималды жалақыдан (70 рубль ) салық мүлде ұсталмайтын. Барлық ақша құралдарының толық орталықиануы мен жеке кәсіпорындардың қандай да бір қаржылық мәселлелерді шешудегі еріксіздігі шаруашылық басқарушыларды барлық инциативадан түңілтетін. 60жж ортасында КСРО-да түпкілікті шаруашылық реформалар жүргізу жоспарланды. Реформалардың негізгі мақсаты- халық шаруашылығын басқаруды жетілдіру және өндірісті экономикалық ынталандыру. Ал салық жүйесін реформалаудағы маңызды іс-шаралардың біріне мыналарды жатқызамыз: мемлекттік кәсіпорындар пайдасын бөлу тәртібін өзгерту, қорларға төлем төлеу, колхоздардың табыс салығы жүйесін реформалау.Тек айналымнан алынатын салық жүйесі ғана өзгеріссіз қалды.

1.2. Мемлекеттік бюджетке төленетін алымдардың ерекшеліктері мен түрлері
Барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси iс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кiрiстерiнiң негiзгi көзi – ұлттық табысты қайта бөлудiң басты қаржылық құралы, мемлекеттiң кiрiстерiн және бюджеттiң кiрiстерiн қалыптастырудың шешушi көзi болып табылады. Салықтарда басқа да төлемдер мемлекеттiң экономикалық мазмұны нақты түрде көрiнедi, ал салықтардың әлеуметтiк-экономикалық мәнi, олардың түрлерi мен ролi қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттiң табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгiлi философ Френсис Бэкон салықтарды басқа да төлемдерді төлеу – әрбiр азаматтың қасиеттi борышы деген едi.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-шi бабында: заңды түрде белгiленген салықтарды, алымдарды және өзге де мiндеттi төлемдердi төлеу әркiмнiң борышы әрi мiндетi болып табылады, - деп жазылған. 2001 жылдың 12 маусымынан қабылданған Жаңа Салық Кодексі бойынша Қазақстан Республикасында қолданылатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, атап айтқанда 13 алым қабылданған.
Салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасы ''Бюджет жүйесi туралы'' Заң мен тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген тәртiппен тиiстi бюджеттердiң кiрiсiне түседi.
Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркегенi үшiн алым заңды тұлғаларды және олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн құру мен қызметiн тоқтатуды мемлекеттік (есептiк) тiркеу, оларды қайта тiркеу, сондай-ақ олардың мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (бұдан әрi - тiркеу) туралы куәлiктiң дубликатын алуы кезiнде алынады. Тiркеудi Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгiленген тәртiппен және жағдайларда уәкiлеттi орган (бұдан әрi - тiркеушi орган) жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының заң актiсiне сәйкес тiркелуге тиiс жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ филиалдар мен өкiлдiктер алым төлеушiлер болып табылады.
Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым: жеке кәсiпкерлер ретiнде Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу кезiнде, сондай-ақ олар мемлекеттiк тiркеудi куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады. Тiркеудi Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгiленген тәртiппен және жағдайларда салық органдары жүзеге асырады. Алымды төлеушiлер Қазақстан Республикасының заң актiсiне сәйкес тiркелуге тиiс жеке тұлғалар болып табылады. Ал шаруа (фермер) қожалықтары, I, II және III топтағы мүгедектер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейiн заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын репатрианттар (оралмандар) алым төлеушiлер болып табылмайды.
Жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәмілелерге құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым: жылжымайтын мүлiкке және онымен жасалатын мәмiлелерге құқықтарды мемлекеттiк тiркеу кезiнде, сондай-ақ мемлекеттiк тiркеудi куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады. Тiркеудi Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгiленген тәртiппен және жағдайларда уәкiлеттi орган жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының заң актiсiне сәйкес тiркелуге тиiс, жылжымайтын мүлікпен іс-қимылды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады, ал Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, I және ІІ топтағы мүгедектер, бөлек тұрып жатқан зейнеткерлер, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейiн - репатрианттар (оралмандар), кадрларды даярлаумен және оқытумен шұғылданатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi мемлекеттiк тiркелген кезден бастап үш жыл iшiнде, Қазақстан Республикасының мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы заңнамалық актiсiне сәйкес, жылжымайтын мүлiктi жария еткен азаматтар алым төлеушілер болып табылмайды [5].
Жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым: Жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым жылжымалы мүлiк кепiлiн, кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркеу кезiнде, сондай-ақ мемлекеттiк тiркеудi куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады. Тiркеудi Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгiленген тәртiппен және жағдайларда уәкiлеттi орган жүзеге асырады. Алым төлеушiлер:Қазақстан Республикасының заң актiсiне сәйкес тiркелуге тиiс жылжымалы мүлiк кепiлi туралы шартты, кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасы шартын жасасқан жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады. Ал:1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар;
2) I және II топтағы мүгедектер;
3) Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейiн - репатрианттар (оралмандар) алым төлеушiлер болып табылмайды.
Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым: радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктегi құрылғыларды тiркеу кезiнде, сондай-ақ мемлекеттiк тiркеудi куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады. Тiркеудi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен және жағдайларда уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Алым төлеушiлер:
1. Тiркеушi орган тiркеген кезде мүдделерi көзделетiн жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
2. Мемлекеттiк мекемелер алым төлеушiлер болмайды.
Көлiк құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым: механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi, теңiз, өзен және шағын көлемдi кемелердi, азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркеу кезiнде, сондай-ақ мемлекеттiк тiркеудi куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады. Тiркеудi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен және жағдайларда уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Алым төлеушiлер
1. Тiркеуге жататын механикалық көлiк құралдарымен тiркемелердi пайдаланатын, теңiз, өзен және шағын көлемдi кемелерi, азаматтық әуе кемелерi бар жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы заңнамалық актiсiне сәйкес, мүлiктi жария еткен азаматтар алым төлеушiлер болып табылмайды.
Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркегенi (қайта тiркегенi) үшiн алым: азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркеу кезiнде, сондай-ақ мемлекеттiк тiркеудi куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады. Тiркеудi Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгiленген тәртiппен және жағдайларда көлiк саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады. Тiркеуге жататын азаматтық әуе кемелерi бар жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым: Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлген дәрi-дәрмек құралдарын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) кезiнде, сондай-ақ мемлекеттiк тiркеудi (бұдан әрi - тiркеу) растайтын құжаттың дубликатын берген кезде алынады. Тiркеудi дәрi-дәрмек құралдарына бақылау жасау саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - тiркеушi орган) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және жағдайларда жүзеге асырады. Төлеушiлер: дәрi-дәрмек құралдарын тiркеушi органға тiркеуге ұсынған жеке және заңды тұлғалар болып табылады.
Туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым: туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу кезінде, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады. Тiркеудi зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен және жағдайларда жүзеге асырады. Алымды төлеушiлер: жеке және заңды тұлғалар алымды төлеушiлер болып табылады, тiркеушi орган солардың мүддесi үшiн тiркеудi жүргiзедi [8].
Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүргені үшін алым: Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүргенi үшiн алым, оларға: халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан кетуi; халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын шетел автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасы аумағына келуi (кетуi), Қазақстан Республикасы аумағы бойынша транзитi; iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүруi; отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдары бойынша жүруi үшiн өндiрiп алынады.
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автомобиль құралдарының жүруi, егер ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдары бойынша жүру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көлік саласындағы уәкiлеттi орган берген рұқсат құжаттары негiзiнде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүру және рұқсат құжаттарын беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Алым төлеушiлер: Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүруiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
Бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны үшiн алым: бұқаралық ақпарат құралын есепке қойған кезде, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралын есепке қоюды куәландыратын құжаттың телнұсқасын алған кезде алынады. Есепке қоюды Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiнде белгiленген тәртiппен және жағдайларда бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Алымды төлеушiлер: Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiне сәйкес есепке қоюға жататын бұқаралық ақпарат құралын құрушы жеке немесе заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
Аукциондардан алынатын алым: аукциондарда мүлiктi (оның iшiнде мүлiктiк құқықтарды) сату кезiнде алынады. Алым төлеушiлер: аукциондарда мүлiктi (оның iшiнде мүлiктiк құқықтарды) сатуға шығаратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым: Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялануға тиiстi белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысуға лицензия (лицензияның дубликатын) беру (қайта ресiмдеу) және осы тарауда көзделген өзге де жағдайларда алынады. Лицензия берудi Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртiппен және жағдайларда уәкiлетті орган жүзеге асырады. Алым төлеушiлер: лицензия алатын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алым: байланыс саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат (рұқсат дубликаты) берген кезде алынады. Осы тараудың ережелерi бұқаралық ақпарат құралдары жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсе отырып байланыс саласындағы уәкiлеттi орган берген лицензия негiзiнде жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасының телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына қолданылады. Рұқсат беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Радиожиiлiк спектрiнiң белдеулерiн (номиналдарын) бөлу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес конкурстық негiзде жүргізілуі мүмкін. Радиожиiлiк спектрiнiң белдеулерiн (номиналдарын) конкурс өткізу арқылы бөлу кезiнде алынатын бiр жолғы сомалар осы тарауға сәйкес төленуге тиiстi алымның есебiне жатқызылмайды. Байланыс саласындағы уәкiлеттi орган тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей, салық төлеушiнi есепке алып, тiркеген жер бойынша салық органына уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысанда ақпарат табыс етедi. Алым төлеушiлер: аталған телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдары алым төлеушiлер болып табылады. Өздерiне жүктелген негiзгi функционалдық мiндеттерiн орындау үшiн радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат алған мемлекеттiк мекемелер алым төлеушiлер болып табылмайды.
II Мемлекеттік бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер алымдарды есептеу және рәсімдеу әдістері

2.1. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркегенi үшiн алымды есептеу және рәсімдеу әдістері

Алымды есептеу, төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртiбi: алым сомасы Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн төленедi. Алым сомасы салық төлеушi ретiндегi алым төлеушiнiң мемлекеттiк тiркеу орны бойынша бюджетке енгiзiледi. Алымды төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.
Бұл орайда алым сомасы тиiстi тiркеу органы берген, тiркеу iс-әрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн қайтарылады.

2.2 Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алымды есептеу және рәсімдеу әдістері

Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн төленедi. Алым сомасы тiркеу жүзеге асырылған жер бойынша бюджетке енгiзiледi. Алымды төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.
Бұл орайда алым сомасы тиiстi тiркеу органы берген, тiркеу iс-әрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн қайтарылады [11].

2.3 Жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәмілелерге құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алымды есептеу және рәсімдеу әдістері

Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн төленедi.
Алым сомасы тiркеу жүзеге асырылған жер бойынша бюджетке енгiзiледi.
Алымды төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.
Бұл орайда алым сомасы тиiстi тiркеу органы берген, тiркеу iс-әрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн қайтарылады.
2.4 Жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алымды есептеу және рәсімдеу әдістері

Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн төленедi. Алым сомасы тiркеу жүзеге асырылатын жер бойынша бюджетке енгiзiледi. Алымды төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасын қайтару жүргiзiлмейдi.
Бұл ретте қайтару тиiстi тiркеу органы берген, тiркеу iс-әрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды көрсетiлген тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн жүргiзiледi.

2.5 Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алымды есептеу және рәсімдеу әдістері

Алым сомасын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген ставкалар бойынша тiркеушi орган есептейдi.
Алым сомасы тiркеу жүзеге асырылғанға дейiн тiркеу жүзеге асырылған жер бойынша бюджетке енгiзiледi.
Алымды төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.
Бұл орайда алым сомасы тиiстi тiркеу органы берген, тiркеу iс-әрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн қайтарылады.

2.6 Көлiк құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алымды есептеу және рәсімдеу әдістері

Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және тиiстi құжаттарды тiркеушi органға бергенге дейiн төленедi.
Алым сомасы тiркеу жүзеге асырылған жер бойынша бюджетке енгiзiледi.
Алымды төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.
Бұл орайда алым сомасы тиiстi тiркеу органы берген, тiркеу iс-әрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн қайтарылады.

2.7 Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркегенi (қайта тiркегенi) үшiн алымды есептеу және рәсімдеу әдістері

Алым сомасы Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және тиiстi құжаттарды тiркеу органына бергенге дейiн төленедi. Алым сомасы тiркеу жүзеге асырылған жер бойынша бюджетке енгiзiледi. Алымды төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды. Бұл орайда алым сомасы тиiстi тiркеу органы берген, тiркеу iс-әрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн қайтарылады.

2.8 Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алымды есептеу және рәсімдеу әдістері

Алым сомасы белгiленген ставкалар бойынша есептеледi және тиiстi құжаттарды тiркеушi органға бергенге дейiн төленедi. Алым сомасы салық төлеушiнiң есепке тiркелген жерi бойынша бюджетке енгiзiледi.Алым төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды. Бұл орайда алым сомасы тиiстi тiркеу органы берген, тiркеу iс-әрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн қайтарылады.

2.9 Туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттiк тiркеу үшiн алымды есептеу және рәсімдеу әдістері

Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және тiркеушi органға тиi

Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



238.0Kb
Категория: Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық | Добавил: Admin
Просмотров: 1555 | Загрузок: 279 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Әбілғазизұлы Арынғазы
Терминге қойылатын талаптар
Ре – мажорлық №104 симфония
Арқа ән мектебіндегі Мәди шығармашылығының сипаты
ЖИТС-21 ғасыр дерті
Шуберттің вокалдық лирикасы
Дулатов Міржақып
Адамға сәуле алудың қауіпі
Excel электрондық кесте құралдарымен мәліметтерді өңдеу
Ар жақта дүмбірлеген Арынғазы...
Программалу тілдері және негізгі классификациясы
Экоголияның экономикалық мәселелерді шешудегі орны
Майлин Бейімбет
Электрокардиограмма
Денсаулық - басты байлық