Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 17.12.2017
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық

Акционерлік қоғамдарға салынатын салықтар
Загрузка...
Жоспар

Кіріспе 2

І-тарау
1.1 Салықтың экономикалық табиғаты. Салық ұғымы және маңызы 4
1.2 Салықтың даму тарихы 6
1.3 Ежелгі Қазақстандағы салық салудың сипаттамасы 7
1.4 Қазіргі Қазақстандағы салықтың қалыптасуы 11

ІІ-тарау Акционерлік қоғамдарға салынатын салықтар
2.1 Қосылған құн салығының жалпы түсінігі 17
2.2 Қосылған құн салығының ерекшелігі 21
2.3 Акциз салығының мәні 25
2.4 Корпорациялық табыс салығының түсінігі 32

Қорытынды 35

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 37

Кіріспе.
Менің курыстық жұмысымның тақырыбы заңды тұлғалардың салықтары, яғни жанама салықтар, корпорациялық табыс салығы . Яғни жанама салықтар дегеніміз қосылған құн салығы мен акциз салықтары.
Салық - өркениет үшін төленетін төлем. Оның қандай түрінен болмасын жалтаруға жол бермеу – бүгінгі күннің басты назарында. Қазақстан Республикасының Салық Кодексі 2001 жылғы қабылданған Заң күші бар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Жарлығы барлық салық органдарына үлкен міндеттер жүктейді. Салықтан жалтарғаның, халықтан жалтарғаның болып шығатынын да түсіну қиын емес.Салық салынатын база жасау жөніндегі қорытынды жұмыстарға әзірлік проблемасы жетіп артылады. Бұл салада өзге де проблемалар жеткілікті. Қазіргі қолданып жүрген Салық кодексі тікелей ықпал ететін заң күшіне әлі де толық ие емес. Салық жөніндегі заңды дамыту тұжырымдамасын жасау саласындағы жұмыс әлі күнге дейін аяқталған жоқ.Салықтардың толық көлемде, уақытылы аударылуы және алынуы бюджет қорының толығыуын айқындайтын фактор болып табылады. Салық төлемдерінің бюджетке толық көлемге түсуінің алуан әдістерін қолданып, қадағаланбайынша енді- енді құқықтық мемлекет болуға бағдар ұстап отырған еліміздің бұл бағытта табысты қадамын қамтамасыз ету мүмкін емес. Өркениетті елдердегідей кәсіпорынның, ұйымның, кәсіпкердің қарапайым салық төлеушінің ең бірінші кезектегі міндетін салықтан құтылу екенін түсінетіндей жауапкершілікке жете қоймағанымыз әмбеге аян болса керек. Әлі де салықтын жалтарушылар, табысын кемітіп көрсетушілер, қайтсем заңдылықты айналып өтем деушілер баршылық. Осыдан келіп ортақ қазан - бюджет қоржыны толмайды. Бұл өз кезегінде зейнетақы мен бюджеттік мекемелер қызметкерлеріне еңбек ақының кешіктіріліп берілуіне соқтырады. Мемлекет акциз салығы сұраным мен ұсынымды реттеуге, сонымен бірге мемлекеттік бюджетті толықтыру үшін пайдаланады.
Жанама салықтардың екі түрі болып табылатың, және тарифқа немесе бағаға үстеме түрінде тағайындалады және де салық төлеушінің мүлкімен немесе кірістерімен байланысы болмайды. Жалпы салық дегеніміз- халықтан жиналып алынатың алым. Салықты төлеу нысандары мен әдістерінің дамуына үш ірі кезеңді айтуға болады:
Бірінші кезең-Дамудың бастапқы кезеңінде ерте заманнан орта ғасыр басына дейін мемлекеттіің салықты анықтау және жинауға арналған қаржылық ақпараты болмады. Қаражаттың тек жалпы сомасы анықталып, салық жинау қалаға немесе қауымға жүктелген.
Еінші кезең- екінші кезеңде елде мемлекеттік мекемелер желісі, оның ішінде қаржылық желі құрылып, мемлекет қызметінің бір бөлігін өз мойнына алады: Салық салу үлесін орнатады, салық салу процесін қадағалайды, бұл процесті кең мәселе төңірегінде анықтайды.
Үшінші кезең- жаңа кезең. Мемлекет салық белгілеу және төлеуге байланысты қызмет өз қолына алады, салық салу ережелері белгіленеді. Үкіметтің ай мақтық органдары өзіндік деңгейі бола тұрып, мемлекет көмекшісінің ролін атқарады.
Бұл курстық жұмыс жанама салытарының, сипаттамасын береді, нарықтық экономикадағы жанама салықтарының мәнін қарастырады.

1-Тарау.
1.1. Салықтың экономикалық табиғаты. Салық ұғымы және маңызы
Салық – шаруашылық субъектілерін және ставка бойынша азаматтардан бекітілген заң тәртібі негізінде мемлекетпен алынатын міндетті жиындар.
Салық не үшін керек, заңды беру үшін, сіздің отбасыңызды шағын мемлекет деп таниық. Осы мемлекеттің өмір сүруі үшін баспана мен коммуналды қызмет төлеміне, тамақтануға, жиһаз, киім алу және басқа да өмір қажеттіліктеріне қаражат керек.Сондықтан,да табыс алатын отбасының әр мүшесі отбасы бюджетін құруға қатысуы қажет. Бұл – ақиқат. Мемлекетте де осы сияқты, шекараны қорғау, басқару органдарын қамсыздандыру, құқық тәртібін қолдау және т.б. бойынша қызметтерді жалпымемлекеттік орындау үшін жалпымемелекеттік қаражат қоры, басқа сөзбен айтқанда мемлекет қазынасы болуы керек. Қоғамның әр мүшесі өзінің меншікті табысынан мемлекет қазынасына ақша жіберуі керек. Сонымен, Салық – қоғамдағы сатып алушылықтың даму қажеттілігімен, мемлекеттің болу фактісімен анықталған объективті қажеттілік болып табылады. Өз қызметтері мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекеттің шаруашылықтандыру субъектілері мен азаматтардын ұлттық табыстың белгілі үлесін міндетті жарна түрінде алуы салықтың маңызын құрайды.
Мемлекет қазынасының жарнасын өндірістің негізгі қатусышылары: материалдық және материалдық емес игіліктерді өз еңбегімен жасайтын және белгілі табыс алатын қызметкерлер, сонымен қатар шаруашылық субъектілері, капитал иеленушілері жүзеге асырады. Салық жарнасының есебінен бюджетте шоғырланған мемлекет ресурсы құрылады, кейін ол терең білімнің дамуы үшін, әлеуметтік-экономикалық, әскери-қорғаныс, құқық қорғау және басқа даа мәселелерді шешу үшін пайдаланылады.
Салық төлеушілердің бюджетпен өзара қатынас жүйесі, бір жағынан – салықты бюджетте шоғырландыру бойынша өзара қатынасы, басқа жағынан – түрлі саланы бюджеттен қаржыландыру бойынша өзара қатынасы.
Бюджет-қаржы жүйесіндегі негізгі және «қан тамыр күретамыры» салық болып табылады. Салық салу тәсілдері мен формалары түрлі болып келеді. Бұл салық төлеушілердің төлем қабілеттілігін ұстауға, жалпы салық ауыртпалығын психологиялық бідірмеуге, табыстың түрлі формасын бейнелеуге, тұтынуға және тиімді әрекет етуі, салықтың әр түріне және жиынтығына салық салу нысабын ұйғарады.
1.2. Салықтың даму тарихы.
Сонымен, салық мемлкеттің қалыптасуымен бірге пайда болып, оның өмір сүруінің негізі болып табылады. Мемлекетті қамсыздандыру үшін, азаматтардың біртіндеп міндетті және үздіксіз бола бастаған табиғи және ақшалай түріндегі жарналары қажет болды. Адамзаттың даму тарихында салық нысандары мен әдістері өзгеріске түсті, өңделді, мемлекет қажеттілігі мен сұранысына бейімделді, олардың қызметі кеңейді, әлеуметтік-экономикалық процесстердегі ролі өзгерді.
Салық төлету нысандары мен әдістерінің дамуында үш ірі кезеңді атауға болады.
Дамудың бастапқы кезеңінде ерте заманнан орта ғасыр басына дейін мемлекеттің салықты анықтау және жинауға арналған қаржылық аппараты болмады. Қаражаттың тек жалпы сомасы анықталып, салық жинау қалаға немесе қауымға жүктелген.
Екінші кезеңде елде мемлекеттік мекемелер желісі, оның ішінде қаржылық желі құрылып, мемлекет қызметтің бір бөлігін өз мойынша алады: салық салу үлесін ортады, салықты жинау процессін қадағалайды, бұл процесті кең мәселе төңірегінде анықтайды.
Үшінші кезең, жаңа кезең. Мемлекет салық белгілеу және төлетуге байланысты қызметті өз қолына алады, салық салу ережелері белгіленеді. Үкіметтің аймақтық органдары өзіндік деңгейі бола тұрып, мемлекет көмекшісінің ролін атқарады.
Мемлектті ұймдастырудың бастапқы сатысында салық салудың алғашқы нысаны құрбан шалу болды. Бірақ бұл ерікті түрде боллды деп ойлауға болмайды. Құрбан шалу жазылмаған заң болды, сондықтан төлемнің немесе жиынның мәжбүрлі түріне айналды. Және де жиынның пайыздық ставкасы жеткілікті мөлшерде анықталған.

1.3. Ежелгі Қазақстандағы салық салудың сипаттамасы.
Қазақстан территориясындағы салық пен салық салу дамуының өзіндік, спецификалық теориясы бар. Бұл Карл Маркстың, көшпелі тайпалар мен халықтардың отырықшыларға қарағанда меншік, айырбас және ақша қатынасы ерте дамиды деген белгілі ережесімен байлынысты.
Жеке меншіктің пайда болуы мен жерді жеке меншікке иеленудің қалыптасуы туралы б. Э, д. 1 мыңжылдықтан сақталған материалдық (қабір, тиындар) және жазбаша түрдегі мәліметтер бар.
Ерте орта ғасырдағы мемлекеттердің (Батыс Түрік және Түргеш Қағанаты) дамуы кезеңінде жеке меншіктің пайда болу салдары ретіндегі борыштылық мәселелері жазбаша мәліметтерде кеңінен қамтылған. Борыштылықтың негізгі түрі әскери жазбаша мәліметтерде кеңінен қамтылған. Борыштылықтың негізгі түрі әскери борыштылық ( басқаша қан салығы) болды. Бұл кезде вассал тайпаларының барлық еркек- жауынгерлері сюзерена тайпасының құрамына кірді. Олар алым төлеу арқылы бағынды. Бағындырылған құралдардан, әскери кезеңде тұтқындалған адамдардан құлдар категориясы қалыптасты. Алайда «раб-нул» терминін «классикалық» түрде түсінбеу керек. Құл- тайпалар вассал тайпалар, олар сюзерен- тайпаларға елтірі, аң терісі түрінде алым- салық төлеуге міндетті болды.
Кейінгі орта ғасырдың дамуы кезеңінде (X-XIY) феодалдық негізде орналған және басқа мемлекеттерге экономикалық, әлеуметтік жағынан ұқсамаған Қараханидтер қағанатының мемлекеттік- әкімшілік жүйесі қызық түрде болды.
Караханид мемлекетіндегі негізгі әлеуметтік- саяси институт әскери лендік жүйеболды. Хандар өз туыстары мен жақындарына аудан, облыс және қала халықтарынан бұған дейін мемлекет пайдасына түскен салық алу құқығын алып беріп отырды. Бұл қағида «инта» деп аталды,ал оны ұстанушы адам «мукта» (араб термині) немесе «иктарар» (парсы термині) деп аталды.
Иктаның Қазақстан территориясында жайылуы туралы дерекнамаларда тек жанама мәліметтер сақталған. Қазақстанның онтүстік және оңтүстік-шығыс өңірінің шаруашылық және саяси өмірінде икта институты маңызды роль атқарды. Низам-Әл-Мүлканың айтуынша, «Мукта заңды түрде өзіне жүктелген алым- салықты халықтан жинауы керек, алым салық төленгеннен кейін халық, оның мүлкі, әйел мен бала, олардың заттары мен иеліктері қауіпсіздікте болғай».
Сонымен, икта институты (дерді иелену түрі) шаруалардың иктаратқа заңды рәсімделген түрде тіркелуін алдын ала ескермейді, әйтсе де иктадарлардың жүйелі табыс алуын қамтамасыз ете отырып, икта ұстанушының белгілі жерде үнемі тұрақтануын талап етпейді.
Көшпелі иктадар өмірін өз бетінше жалғастырып, табысты жергілікті халықтан және қаладан ауылшаруашылық табысы түрінде жүйелі алып отырды.
Иктаны иеленушілер алым- салық алуды ғана емес, сонымен қатар жер мен салық салынатын шаруаларды өз қарамағына алып, феодалдардың жерге деген құқығының кеңеюінде феодалдық жер меншігін нығайту және табыс алу құқығын жер рентасын алу құқығына айналдыру тенденциясы жатыр.
Иктамен қатар жерді иеленудің басқа да түрлері болды. Қараханид басшылары қазынаға салық түсімі ретінде және шартты, уақытша жер беру қоры болып салынған үлкен жер учаскілерін иеленген. Бұл карахан династиясының жауларынан конфискеленген, сонымен қатар кейде мемлекетпен алынған жерлер болды. Мұсылман дін басыларының ірі жерлерді иеленумен қатар негізгі материалдық базасы вакфтық жерлер болды. Вакфтық жерлерден мемлекет пайдасы үшін салық алынбады. Орта Азиядағыдай, Онтүстік және Онтүстік-шығыс Қазақстанның отырықшы егіншілік жерлерінде эксплуатацияның бір түрі үлестестік болды. Парсы – тәжік дерекнамаларында үлескерлерді « музари» немесе « барзигар» деп атады.
Коммендацияның мәні; ұсақ меншік иесі алым- салықтан сақтанып, басқа феодалдар мен шенеуніктер жағынан озбырлық көрмеу үшін жерді байлардың қамқорлығына беріп, сол үшін салық төлеген. Коммендацияны қабылданғандардың мүлік жағдайы көбіне олардың феодалға бағыну деңгейін анықтады:
- біреулер салық жарнасымен шектелді;
- әскерді басқалар жеткізіп тұрды;
- федалдардың шаруашылығына қызмет еті және т.б.
Сонымен, Қараханид мемлекетінде құрылған жер иелену түрлері, басқа да түрлі салық міндеттіліктерді сияқты, одан әрі дамыған жоқ, мысалы, Караханид мемлекеті құлағаннан кейін кифани шапқыншылары икта институтын теріске шығарды, яғни, жерге деген меншік түрлері онымен бірге салық түрлері де ауысып, түзелді.
Әлеуметтік – экономикалық жоспардағы өзгеріс моңғол шапқыншылығынан кейін болды. Бағындарылған халыққа салықтың жаңа түрлері салына бастады:
-ауыртпалық болып әскери міндеттік саналды (халық моңғол жасақтарына әскер жеткізіп тұруға міндетті)
-көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын халық хан сарайының пайдасына купчур төледі
-отырықшы халық жер салығын төледі
-әскери астықпен, малмен және т.б. жабдықтау үшін тағар жиыны белгіленді
-аваиз – төтенше салық
-пошталық міндеттілік
Зерттеушілер моңғолдармен жаппай алынып отырған алым-салықтың 20 түрін анықталады. Қазақ қоғамында дәстүрлі болып саналған салықтардың дамуы ерекше болды, олар:
-зекет (діни салық);
-ұшыр (малға салынатын салық);
-ясан;
-сыбаға және т.б.
Құн төлеуден мемлекеттік жүйе – салық белгілеу және жинауға көшу өзекті мәселе болды. Тәжірибелік қажеттіліктердің шарасыздан ғылыми теорияны туғызуы қажет болды. Салық салу проблемалары түрлі кезеңдегі экономистердің, философтардың, мемлекеттік қайрткерлердің негізгі мәселесі болды.
1.4. Қазіргі Қазақстандағы салықтын қалыптасуы.
Салық салу теориясының болмауы, тәжірибелік шаралардың толық болмауы, қиын нәтижеге әкеліп соқты, сондықтан 18 ғ.соңғы үш жылдығында Европада салық салу теориясы мен тәжірибесінің проблемалары белсенді қарастырыла басталады. Дәл осы кезеңде мемлекет белсенді экономикалық саясатты, оның ішінде қаржы және салық саясатын жүргізе бастады.
XIX ғ. басында бірінші дүниежүзілік соғысқа енген көптеген мемлекеттерде салық ауыртпалығының өсімі байқала басталды.
Өсіп жатқан әскери шығынды өтеу үшін үкімет салық ставкаларын жүйелі көтеріп, жаңа салық енгізуге тиіс болды.
Дегенмен, 20 ғ. 80 ж. екінші жартысы мен 90 ж. басында әлемнің жетекші елдері салық реформасын жүргізіп, салықтың жеке түрлері бойынша ставканы төмендету бағытын, салық заңын орындауды бақылау жүйесін күшейтіп, экономикалық санкциялар мен әкімшілік шараларды қатаң қолдана бастады.
Осы кезеңде Батыс елдерінде А.Лаффердің бюджеттік тұжырымдамасы таралып, таныла бастады. Лаффердің айтуынша, салық түсімдері негізгі екі фактор салық ставкасы мен салық базасының өнімі болып көбеюіне емес, қысқаруына әкеліп соғады. Осыған байланысты іскерлік белсенділікті жандандыру міндетін салық езгісін жеңілдету жолымен шешк қажет. Салық салу ставкасының төмендеуі кейін езгісін жеңілдету жолымен шешу қажет. Салық салу ставкасының төмендеуі кейін түсімнің уақытша төмендеуін өтейтін өндірістің өсуіне әкеліп соғады. Өндірістің құнсызданбай өсуі салық ставкаларымен, салық жеңілдіктерімен және салу үдемелілігімен шебер айла-шарғы жасай білуге байланысты.
КСРО- ға кірген басқа да одақтас республикадағы сияқты Қазақстанның қаржы жүйесі 20 ғ. Жалпыәлемдік даму процесіне қарсы бағытта дамыды. Ол салықтан ел бюджеті арқылы кәсіпорын пайдасын алудың және қаржы ресурстарын қайта бөлудің әкімшілік әдістеріне көшті. Қаражатты толық орталықтандыру және кәсіпорынның қаржы мәселелерін өздігінен шеше алмауы шаруашылық жетекшілері ықыласының жойылуына және 80-90 ж. өріс алған дағдарысына әкеліп соқты.
Қазақстан Республикасындағы салық салуды құқықтық реттеу өз дамуында үш кезеңнен өтті.
Салық реформасының бірінші кезең» (1992 жылдан 1995 жылдың маусымы аралығында)
Республикада салықтың 40- тан астам түрі әрекет етті;
1. Жалпымемлекеттік салықтар
2. Жалпыға міндетті жергілікті салықтар
3. Жергілікті салықтар
Салық реформасының кеінші кезеңі (1995 жылдың шілдесінен 1999 жыл арлығында)
Бұл кезеңде салықтар саны 11-ге дейін қысқарды. Олар жалпымемлекеттік және жергілікті салықтарға бөлшектенді. 1996 жылдан бастап «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Заңына 30 дн астам өзгерістер мен қосымшалар енгізілді. Салықтар мен жиындардың саны 18 түрге дейін өсті.
Салық реформасының үшінші кезеңі (2000 жылдан осы уақытқа дейінгі аралықта). Жаңа Салық Кодексі салық жобасының әзірленуі. Заңның қабылдануына жобаның ғалымдармен, салық органдары мен салық төлеушілердің өзімен талқылануы бойынша үлкен жұмыс әсер етті.
1 кезең.
Қазақстанның салық жүйесін құүруға өзіндік тәжірибесі болмағандықтан, көбінде көрші мемлекеттер тәжірибесі, бәрінен бұрын Ресей Федерациясының тәжірибесі пайдаланылды. 1991 жылдың 24 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» тәжірибелік заңы Ресей заңының көшірілген нұсқасы ретінде саналды. Нәтижесінде, Қазақстанда федерациялық мемлекетке тән үш фазалы салық жүйесі құрылды.
Ол салықтың үш тобынан тұрды;
1. Жалпымемлекеттік
2. Жалпыға міндетті жергілікті салықтар мен жиындар
3. Жергілікті салықтар мен жиындар
Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің даму тарихында 1994 жыл ерекше орын алады. Дәл осы жылы салық жүйесін реформалау жолында алғашқы нақты қадам басылды. Екі ірі салық; жеке адамдардан алынатын табыс салығына және кәсіпорын пайдасының салығына өзгерістер енді. Қазақстан
Республикасы Президентінің заң күші бар «Жеке тұлғалар табысына салық салу туралы» және «Заңды тұлғалар пайдасы мен кірісі салығы туралы» Жарлықтары қабылданды. Көрсетілген заң шығару актілерінің қабылдануымен екі негізге салықты есептеу радикалдық өзгерістер қалыптасты.
Заңды тұлғалар бөлігінің келесі аспектілерінде өзгерістер болды; пайда салығы ставкасының дифференциасының жойылып, 30 процент барлық заңды тұлғалар үшін және 45 процент банктер мен сақтандыру ұйымдары үшін екі ставка бекітілді. Алғаш рет салық төлеушілер құрамына кәсіпкерлік қызметтен алынған табыс бөлігіндегі бюджеттік ұйымдар кірді, жеңілдіктер ретке келтірілді және т.б. 1994 жылы Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінде болған өзгерістерді талдау, олардың фискалды сипатының нәтижесін ашуға мүмкіндік туғызады. Сонда да, іскерлік шаралар қолданылмаған, ВВп –ғы салық түсімдерінің үлес салмағы 1993 жылдың 14,8 % -нан 1994 жылы 8,4% төмендеді.
Салық ставкалары жоғары бола тұра, салық салу базасының қысқаруы кәсіпорын бөлігінің жасырын бизнеске кетуі нәтижесінде, олардан түскен түсімнің төмендеуінен, қатаң салық саясаты «салық қақпанына» әкеп соқты. Осыдан келіп, салық реформасының негізгі идеялары Қазақстан Республикасында келесі кезеңдер өсе бастады.
1. Нарықтық қатынастарды ынталандыру, дәлірек айтқанда;
- кәсіпкерлікті белсенді қолдау
- жеке салық төлеушілерді алған табысын кәсіпкерлік қызметке салуға ынталандыру
- салық салуға кең заң шығару базасын белгілеу
- табысқа екі рет, үш рет салық салудан сақтау механизмін құру
2. Салық салуда белгілі әділеттілікке қол жеткізу, дәлірек айтқанда;
- жағдайы нашарларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету
- табыс көзінен тыс салық салудың біртұтас шақаласын құру
- мемлекеттің ұлттық және территориялық мүдднсін есептеу
- салық салу жүйесін құрудың әлемдік тәжірибесін творчестволық пайдалануға ұмтылу
Осы мақсаттарға сай Қазақстан Республикасының жалпы салық жүйесін өзгерту және оны әлемдік стандарттарға жақындату туралы әрекет жасалды.
2 кезең
Кезеңнің міндеттері; салық ауыртпалығын төмендету, салық санын қысқарту, Қазақстанныфң салық жүйесін әлемдік стандарттарға жақындату. Бұл талаптарға көбінде Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 24 сәуірдегі №2235 заң күші бар «Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» Жарлығы жауап берді.
1999 жылдың 1 қантарынан бастап жалпымемлекеттік салықтар мен жиындарға; жол салығы, әлеуметтік салық, әлеуметтік қамсыздандыру үшін алынатын жиын мен автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасы территориясына кіру үшін алынатын жиын кірді. Бұрын бұл төлемдер бюджеттен тыс қордың көзі ретінде саналды, кейін жол салығы мен әлеуметтік қамсыздандыру жиыны жойылды.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі №440-1 Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 24 сәуірдегі №2235 заң күші бар « Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» Жарлығы Қазақстан Республикасының Заңы статусын иеленді. Қазақстан Республикасының салық жүйесінде жоғарыда көрсетілген құжатқа сәйкес келесі салықтар, жиындар мен басқа да міндетті төлемдер кіреді;
-Заңды және тұлғалардан алынатын табыс салығы, қосылған кқнға салық, акциздер
-Бағалы қағаздар эмиссиясын тіркеу жиыны және мемлекеттік тіркеуге жатпайтын бағалы қағаздар
-Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемі мен салығы
-Әлеуметтік салық
-Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының территориясы бойынша жол құру жиыны, жер салығы, заңды және жеке тұлғалар мүлігінің салығы, көлік құралдрына салынатын салық, біртұтас жер салығы, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды тіркеу жиыны
-Қызметтің жеке түрімен айналысу құқығының лицензиялық жиыны
-Аукциондық сату жиыны, нарықта тауар өткізу құқығының жиыны
-Заңды және жеке тұлғалардың фирмалық атаудв, қызмет ету белгілерінде, тауар белгілерінде Алматы қаласының символиксын пайдалану үшін алынатын салық
-Заңды (мемлекеттік кәсіпорын, мемлекеттік мекеме мен коммерциялық емес ұйымдардан басқа) және жеке тұлғалардың фирма атауында, қызмет ету белгілерінде, тауар белгілерінде «Қазақстан», «Республика»,”Ұлттық” сөздерін пайдалануы үшін жиын
Үшінші кезеңнің негізгі міндеті- бюджетке қатынасы бар мемлекеттік органдар мен фискалды органдардың және салық төлеушілердің арасындағы өзара қатынастың құқықтық аспектілерін күшейту болып табылады. Жалаы,1995 жылғы салық құрылымы барынша оңтайлы. Дегенмен 1995 жылғы салықө реформасын жүргізгеннен кейінгі ел экономикасында болған өзгерістер, елдегі салық қатынастарын реттейтін салық жөніндегі барлық ережелер мен нормаларды жүйелеу және өзіндік қорғау мен жауапкершілікті нығайту мақсатында салық органдары мен салық төлеушілердің өзара қатынасын заңды регламенттеу қажеттілігі есебінде әрекеттегі салық заңы базасында Салық кодексін әзірлеу қажеттігін көрсетті.
ІІ-тарау Акционерлік қоғамдарға салынатын салықтар
2.1 Қосылған құн салығының жалпы түсінігі.
Жанама салықтар операциялардан, тауарлардан, ойын сауықтардан алынатын салықтар. Басқа сөзбен айтқанда, жанама салықтардың ерекшеліктері – кәсіпорындардан, тауар сатып алатын азаматтардан емес, тиісті тауар сатушылардан түседі. Бұл салықтар тауарларды тұтыну барысында алынады және олар бағаға қосылады. Яғни баға қаншалықты көтеріңкі болса, салық сомасы соншалықты жоғары болады.
Жанама салықтардың түрлеріне тоқталатын болсақ, олар мынадай топтарға бөлінеді: акциздер, қосылған құнға салынатын салық және кедендік баж. Енді осы салықтың түрлеріне қысқаша мәлімдеме беретін болсақ , акциздер дегеніміз- белгілі бір отандық және импорттық тауарларды өндіруге немесе сатуға салынатын салықтар. Яғни қалыптасқан қағида бойынша тұрғындарға арналған және мемлекеттің монополиясы болып табылатын тапшы, жоғары рентабельді тауарлар мен өнімдерге салынады. Мемлекет акциз салығын сұраным мен ұсынымды реттеуге, сонымен қатар мемлекеттік бюджетті толықтыру үшін пайдаланады. Ал қосымша құн салығы дегеніміз- салық айналымының ерекше түрі болып табылады. Қосылған құнға салынатын салықтың классикалық нысаны- тауарлар мен қызметтерді түпкілікті жеке тұтынуға жұмсалатын шығынға салынатын салық. Жанама салықтардың келесі түрі- кедендік баждар. Кедендік баждар дегеніміз- мемлекетке келетін немесе шығатын тауарлардан алынатын ақшалай алымдар.
Қосылған құн салығы-тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өндіру және олардың айналасы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құныңын бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды білдіреді. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығы сатылған тауарлар үшін есептелген қосылған құн салығының сомасымен алынған тауарлар үшін төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Қосылған құн салығы жанама салықтардың бірі болып табылады. Бюджетке төленетін қосылған құн салығы салық сомасының айырмасымен ұйғарылады.Оған жұмыстар мен қызметтер және салық сомасы, тауар алуға жататын төлемдер, істел-ген жұмыстар мен көрсетілген қызметтер және тағы басқалар жатады.
Қосылған құн салығың тиімді пайдалану шет елдердегі тәжірбиелерде анықталып отыр, атап айтқанда осы салық либерализациялық бағамен байланысады, жоғарғы баға болса салық сомасы сонша жоғары болады.
Экономикадағы тұрақсыздық жағдайда дұрыс қолданылмаған қосылған құн салығы сатып алушыларға теріс әсер етеді . Сонымен қатар тауар шығырушыға да теріс әсерін тигізеді.
Қосылған құн салығын төлеушілері:
Жеке кәсіпкерлер;
Заңды тұлғалар, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда;
Қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер;
Заңды тұлғалардың қосылған құн салығын дербес төлеушілер ретінде танылған құрылымдық бөлімшелнрі қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады.
Тауарлар импорты кезінде қосылған құн салығын төлеушілер Қазақстан Рес-публикасының кеден заңдарына сәйкес тауарларды Қазақстан Республикасы-ның аумағына импортайтын тұлғалар болып табылады.
Салық салу объектісі.
Салық салу объектісі салық салынатын айналым және салық салынатын импорт болып екіге бөлінеді.
Тауарларды өткізу бойынша айналым.
1.Тауарларға қатысты өткізу бойынша айналым:
1) тауарға меншік құқығын беруді, оның ішінде:
тауарды сатуды;
тауарды тиеп жөнелтуді, оның ішінде басқа тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетулерге) алмастыруды;
тауар экспортын;
тауарды тегін беруді;
жарғылық капиталға жарна төлеуді;
жұмыс берушінің жалдамалы қызметкерге жалақы есебінен тауар беруін;
тауарды төлем мерзімін ұзарту шартымен тиеп жөнелтуді;
мүлікті қаржы лизингіне беруді;
комиссия шарттары бойынша тауарды тиеп жөнелтуді;
қарызды төлемеген жағдайда кепіл берушінің кепілге қойылған мүлкін беруін;
кәсіпкерлік қызмет мақсаты үшін сатып алынған тауарды кәсіпкерлік қызметке жатпайтын шараларды өткізу үшін, сонымен қатар қосылған құн салығын төлеушінің не оның жалдамалы қызметкерлерінің, қатысушылардың немесе басқа да тұлғалардың жеке тұтынуы үшін пайдалануын;
бір заңды тұлғаның қосылған құн салығын дербес төлеушісі болып табылатын бір құрылымдық бөлімшесінің екінші құрылымдық бөлімшесіне тауар жөнелтуін;
бұрын экспорт режимінде шығарылған тауарды кері импорт режимінде қайтаруды білдіреді.
2. Жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым кез-келген жұмыстар орындауды немесе қызмет көрсетудің, соның ішінде олардың тегін орындалуын, сондай-ақ тауарды өткізуден өзге сыйақы үшін кез келген қызиетті оның ішінде:
мүлікті уақытша иелікке беруді және мүлікті жалдау шартымен пайдалануды;
санаткерлік меншік объектілеріне, соның ішінде жарғылық капиьалға салым ретінде берілетін құқықтар беруді;
жұмыс берушінің жалдамалы қызметкерге жалақы есебінен жұмыстар орындауын, қызметтер көрсетуін;
қосылған құн салығын дербес төлеушілер болып табылатын бір заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері арасында жұмыстар орындауын, қызметтер көрсетуін білдіреді.
3.Мыналар өткізу бойынша айналым болып табылмайды:
бірлігінің құны екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын тауарды жарнамалық мақсатта беру не сыйлау;
тапсырысшының мердігерге дайын өнімді мердлігердің дайындауы, ұқсатуы, құрастыруы( монтаждау, орындау), жөндеуі және объектілер салу үшін алыс- беріс тауарларын тиеп жөнелтуі. Осы тауарлар Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде дайындалған, ұқсатылған, құрастырылған, жөнделген жағдайда, егер оларды әкету Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәй-кес “ Тауарларды кеден аумағынан тыс жерлерде ұқсату”режимі жүзеге асырылса, осы тауарлардың тиеп-жөнелтілуі өткізу бойынша айналым болып табылмайды;
Қайтарылатын ыдысты тиеп жөнелту.Құны онымен жіберетінөнімді өткізу құныны кірмейтін және осы өнімді беру жөніндегі шартта белгіленген талаптар мен мерзімді, бірақ ұзақтығы алты айдан аспайтын мерзімде өнім берушіге қайтарылуға тиісыдыс қайтарылатын ыдыс болып табылады. Егер ыдыс белгі- ленген мерзімде қайтарылмаса, ондай ыдыс өткізу бойынша айналымға еңгізі- ді;
Бұрын экспорт режимінде шығарылған тауарды кері импорт режимінде қайтаруды қоспағанда, тауарды қайтару;
Шартта белгіленген мерзімдер мен талаптарда қайта әкелуге жататын тауар- ларды көрмелер, басқа да мәдени және спорт шараларын өткізу үшін Қазақстан Республикасының шегінен тыс дерлерге әкету, егер бұл Қазақстан Республика-сының кеден заңдарына сәйкес “ Тауарларды уақытша әкету ” кеден режимімен рәсімделсе;
Жер қойнауын пайдланушы жаңадан құрған және сатып алған, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды орындау үшін пайдаланылатын және Қазақстан Республикасына берілуі тиіс мүлікті жер қойнауын пайдаланушыны- ның жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарт талаптарына сәйкес Қазақстан республикасының меншігіне беруі, өткізу бойынша айналым болып табылмайды.

2.2 Қосылған құн салығының ерекшелігі.
1) Cтавкалары.
2) Қосылған құн слығын қайтарып алу ережесі.
1) Қосылған құн салығының ставкалары.
Қосылған құн салығының ставкасы 15 процентке тең болады және салық салынатын айналым мөлшеріне қолданылады
Экспортық айналым бойынша тауарлардың өткізу айналымына қосылған құн салығы нөлдік ставка бойынша салынады.
Салық салынатын импорт бойынша қосылған құн салығының ставкасы салық салынатын импорт мөлшерінің 15 процентіне тең болады.
Жеке тұлғаның оңайлатылған тәртіппен өткізілетін тауарлар импорты кезін-де қосылған құн салығын жиынтық кедендік төлем құрамында төлей алады, оның мөлшері Қазақстан республикасының кеден заңдарына сәйкес айқында-лады.
Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құн салығын қайтару.
Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құн салығын қайтару салық органы қосылған құн салығын төлеушінің уәкілеттиі мемлекеттік орган белгілеген нысан тбойынша салықты қайтару туралы өтініш алған кезден бастап алпыс жұмыс күні ішінде және салық кезені ішіндегі қосылған құн салығы туралы декларация, тауарлардың экспортың растау үшін қажет құжаттар, салық органы жүргізген салық тексеру актісіне сәйкес қайтаруға ұсынылған салық сомасының дұрыстығын растау негізінде жүргізіледі.
2. Қосылған құн салығын қайтару:
Қосылған құн салығын осы салықты төлеушінің аталған салық пен салықтың басқа да түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне жатқызу
Тауарлардың импорты кезінде төленуге тиіс қосылған құн салығының есебіне есепке жатқызу
Қосылған құн салығын төлеушінің банк шотына ақша аудару арқылы жүргізіледі
3. Қосылған құн салығын төлеушінің банк шотына қосылған құн салығын қайтаруоның салықтар бойынша мемлекеттік бюджетке салық берешегі болмаған кезде жүргізіледі
4. Егер қосылған құн салығын төлеушінің берушілері алпыс жұмыс күні ішінде қарсы салық тексерулерін кезінде анықталған бұзушылықтардыжоймаған жағдайда мұндай қосылған құн салығын төлеушілерге салықты қайтару бұзушылықтар
анықталған не жойылған сомалар шегінде жүргізіледі.
Белгіленген мерзімдерде қайтарылмаған қосылған құн салығының сомасын қай-тару мерзімі бұзылған әр бір күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеледі.
Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау үшін қосылған құн салығын төлеушінің берушісін тексеру тағайындау туралы шешім уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен мынадай жағдайларда:
Қарсы тексерулер
Бұл салық төлеушінің қосылған құн салығын қайтаруға өтініш беру сәтінің алдыңдағы он екі ай кезең ішіндегі аталған салық төлеушіге айына кемінде бір рет тауарлар өткізуді жүзеге асырған берушілерге
Электр және жылу энергиясын, суды, газды, байланыс қызметін берушілерге
Қосылған құн салығы 1 миллион теңгеден астам сомаға көрсетіліп шот-фактура жазған берушілер міндетті текскруге жататыны
Егер қосылған құн салығын төлеушінің берушісі салыұ төлеушілердің мониторингтелуіне тиіс болса, салық қызметі органдары берушілер ұсынатын салық есептілігінің негізінде қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының сомаларының дұрыстығын растауы мүмкін екен,дігі ескеріле отырып қабылданады.
5. Мыналар қосылған құн салығын төлеушілерге қайтарылмайды:
Шағын бизнес субъектілері
Шаруа қожалықтары
Ауыл шаруашылық өнімін өндіруші заңды тұлғалар
Грант қаражаттары есебінен сатып алынатын тауарлар бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару.
1. Грант қаражаттары есебінен алынатын тауарларды берушілерге төленген қосылған құн салығын, егер бір мезгілде мынадай шарттар орындалса салық органдары отыз жұмыс күні ішінде қайтарады:
Тауарлар алынатын грант қаражаттары мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтері, халықаралық ұйымдар желісі бойынша берілсе
Тауарлар тек грант мақсаттарын іске асыру үшін алынса
Тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсетулер грант алушымен не грант мақсаттарын жүзеге асыру үшін грант алушы тағайындаған орындаушымен жасалған шартқа сәйкес жүзеге асырылса .
2. Грант алушыларға қосылған құн салығын қайтару , қосылған құн салығы грант қаражаттары есебінен төленгенің растайтын құжаттар негізінде жүргізіледі. Қосылған құн салығының грант қаражаттары еебінен төленгенің растайтын құжаттардың тізбесі н уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
Қосылған құн салығын Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатия-лық жөне оларға теңестірілген өкілдіктерді қайтару.
1. Қосылған құн салығы сомаларын Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерге қайтару осы дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктер жасаған жиынтық ведомостардың және қосылған құн салығының төленген фактісін растайтын құжаттардың көшірмелері негізінде жүзеге асырылады.
2. Жиынтық ведомостар уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысанда орындалып, дщипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктер жанама салықтар бойынша жеңілдіктер беру кезінде өзара түсіністік принціпін сақтау жөніндегі ноталармен алмасуды растау үшін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министірлігіне табыс етеді. Расталғаннан кейін жиынтық ведомостар уәкілетті мемлекеттік орган қайтару жүргізуді белгілейтін салық органына тапсырылуы тиіс.
3. Салық органдары дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерге салықты қайтаруды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінен жиынтық ведомостар алғаннан кейін отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Бюджеттен қайтарылуға тиіс салық сомалары дипломатиялық өкілдіктердің және осы өкілдіктердің дипломатиялық, әкімшілік – техникалық қызметшілерінің тиісті шотына аударылады.
аспаса, ол тіркелген жеріндегі салық органына өзін қосылған құн салығы бойынша есептен шығару туралоы өтініш беруге құқылы.
Қосылған құн салығын төлеуші мұндай құқықтыөзін қосылған құн салығы бойынша есепке қойған кезден бастап, аз дегенде екі жыл өткеннен кейін пайдалана алады.
Қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын тұлға салық салынатын айналымдарға байланымтықызметін тоқтатқан жағдайда, мұндай тұлға қызметі тоқтатылған салық кезеңіненкейінгі алты айдың аяқталуын кешіктірмей, өзін қосылған құн салығы бойынша есептен шығару туралы өтініш беруге міндетті.
Қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын заңды тұлға таратылған жағдайда, мұндай тұлға салық төлеушілердің мемлекеттіктізімінен алып тасталған күнненбастап қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылуы тиіс.
Жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар, қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместерқосылған құн салығы бойынша өзін есептен шығару туралы өтініш берген кезеңнен кейінгі салық кезеңінің алғашқы күнінен бастап қосылған құн салығын төлеуші болуын тоқтатады.

2.3. Акциз салығы

Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



194.0Kb
Категория: Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық | Добавил: Admin
Просмотров: 1888 | Загрузок: 497 | Рейтинг: 3.0/1

Это может Вас заинтересовать:
Домбыра аспабы
Экоголияның экономикалық мәселелерді шешудегі орны
Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы
Тастанбекқызы Сара
Шоқай Мұстафа
Паскаль програмдау тілінің қайталау командалары
Бұқаралық ақпарат құралдары
Есенғали Раушанов
Қорғалжын қорығы (Ақмола облысы)
Майлин Бейімбет
Ақыт қажының Жиһаншаһ дастанындағы Шаһзада бейнесі
Сағырбайұлы Құрманғазы
Отбасы түрлері
Кали Байжанов
Қастеев Әбілхан