Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 24.6.2019
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Қоршаған ортаны қорғау, Экология

Экологиялық құқықтың түсінігі мен пәні
Загрузка...
Экологиялық құқықтың түсінігі мен пәні.

Қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану қоғамның экономикалық даму барысын жетілдірудің міндетті шарты. Біздің елімізде табиғатты қорғау және оның байлықтарын тиімді пайдалану қоғамның дамуының конституциялық қағидаларына енгізілген. Ол әрбір адамның парызы ретінде жалпы мемлекеттік, жалпыхалықтық міндет болып табылады. Экологиялық құқық бұл осы кезеңмен болашақтың адамдарының мүдделері үшін қоғам мен табиғат аясындағы қарым-қатынасқа байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін жаңа құқық салаларының бірі болып табылады.
Алғаш рет “Экология” термині 1866 жылы неміс ғалымы Геккель ұсынып және ұзақ уақыт бойы тек биология ғылымы негізінде тар аяда қолданды. Ол өзінің әйгілігіне 20-ғасырдың 2-ші жартысында ие болды. Өйткені тұра осы кезден бастап адам мен орта және қоғам мен табиғат арасындағы қатынастар шиеленісе түсті.
Экология – тірі организмдермен олардың өмір сүру негізі қоршаған табиғи орта арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын ілім ретінде қолданады. Табиғат – санада және санадан тыс жүретін объективті анықтылық және адам жаратылысының өмір сүру ортасы. Қоғам мен табиғаттың өзара байланысты негізі 2 нысандағы қоғамдық қатынастар негізінде табиғат ресурстарын пайдаланумен табиғатты қорғауда көрініс табады. Табиғат ресурстарын пайдалану материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған қоғамның экономикалық мүддесімен анықталады.
Табиғатты қорғау – қазіргі кезең және болашақ ұрпақтар үшін қошаған табиғи ортаның сапасымен байланысты қоғамның экологиялық даму мүддесі болып табылады. Құқықтық экология бұл қоғам мен табиғаттың өзара байланысынан туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық экологияның анықталуының бірі болып – экология құқығы болып табылады. Экология құқығы бұл қазіргі және болашақ ұрпақ үшін қошаған табиғи ортаны тиімді пайдаланумен қорғауға байланысты қоғам мен табиғаттың қарым-қатынасын анықтайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Экология құқығы құқық саласы ретінде адамдардың мүдделері үшін қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімді байланыстарға жету мақсатында экологиялық қоғамдық қатынастарды жүзеге асыратын арнайы тәсілдерді реттейтін құқықтық номалардың жүйесін құрайды.
Экология құқықтың әдістері қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімді байланысқа жетуге бағытталған, олар табиғатқа да, қоғамға да қатысты заңдылықтардың құқықтық реттелуінің сақталуына негізделеді.

Әдебиет
1. ҚР Конституциясы, 30 тамыз 1995 ж. – Алматы: Жеті жарғы,1996.
2. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы., 2001.
3. Н. Дулатбеков., С. Амандыкова., А. Турлаев . Мемлекет және құқық негіздері. Алматы., 1999.
4. Н.А. Ағыбаев. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы., 2001
5. ҚР Азаматтық құқығы . А. Төлеуғалиев. Алматы: «Жеті Жарғы»., 2001., I-II том
6. Учебное пособие. Основы государства и права. Алматы., 1999.
7. Котов А.К. Суверенный Казахстан: гражданин, нация, народ. Алматы., 1997.
8. С.А. Ынтымақов., Т.Д. Карпунина Отбасы құқығы. Алматы., 2003
9. Ғ. Сапарғалиев Мемлекет және құқық негіздері. Алматы. 2004.
10. Зиманов С. Конституция, Парламент Республики Казахстан. Алматы., 1996.
11. Кудрявцев В.Н. Причины правонарушений. Москва., 1976
12. Д.А. Булгакова Мемлекет және құқық теориясы. Алматы., 2000.

Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



29.5 Kb
Категория: Қоршаған ортаны қорғау, Экология | Добавил: Admin
Просмотров: 3072 | Загрузок: 302 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Бәсентиін Малайсары батыр
HTML-ге кіріспе. Web-дизайнның негізгі ұғымдары
Ақпарат, ақпарат түрі, формасы және қасиеттері
1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі
Ислам әлемінің мәдениеті
Сәбитұлы Асанқайғы
Ислам дініндегі хош көрушілік
Нұрғиса Тілендиев
Екінші симфония («Богатырская»)
Семей полигоны
Австралия
Италия Республикасының Конституциялық құқығы
Тоқтар Әубәкіров
Бейбітшілік - адамзаттың асыл құндылықтарының бірі
Сақтар