Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 24.6.2019
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Қоршаған ортаны қорғау, Экология

Экологиялық мәселелердің түсінігі
Загрузка...
Экологиялық мәселелердің түсінігі

Экология мәселесі - бүгінгі таңдағы адамзат өркениетінің аса ауқымды проблемаларының бірі болып отыр. Аталмыш проблеманың пайда болуының басты алғышарты - қоршаған ортаға адамзат перзентінің антропогендік һәм техногендік ықпалдарының ұзақ жылдар бойы тигізіп келген әсері деп тұжырым жасауымызға болады. ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында адамзаттың шаруашылық әрекеттері мен өндірістік қатынастарының ғылыми-техникалық жаңару биігіне көтерілуі - экономикалық реформалардың ерекше сипат алуына (модернизациялануы мен интеграциялануына) түрткі болды.
Экономикалық дамудың кешенді стратегиялық бағытын таңдауға мәжбүр болған көптеген мемлекеттердің жоспарлы әрекеттері - әсіресе табиғат ресурстарының байлықтарын ысырапсыз игеру үрдістерін қалыптастырды. Соңғы жылдары шаруашылық-өндірістік нысандарында экологиялық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттерге қарамастан, антропогендік-техногендік ықпалдар - глобальді масштабты қамтып, Жер планетасының табиғи балансының ауытқуына қауіп төндіруде.
Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен өткен Ү Халықаралық экологиялық конгресс (Жапония, 1990), Қоршаған ортаны қоғау жөніндегі конференция (Бразилия, 1992), ХХҮІІ Халықаралық географиялық конгресс (АҚШ, 1992) және Йоханнесбург (ОАР, 2003) қаласында өткен бүкілдүниежүзілік экологиялық форум - аталмыш мәселенің өзектілігін көрсетіп отыр [3, 100 б.].
Экология гректің « эйкос - үй, жай », және « логос - ілім » деген сөзінен шыққан. Экология терминін ғылыми айналымға неміс биологы Э.Геккель ( 1866 жылы ) ұсынған.
Экология ғылымы жөнінде батыс ғалымдары: Ю. Одум, Р. Дажо, Н.Ф. Реймерс, П. Троян, Р.Риклефс, К. Армс, П. Кемп, У. Линден, Ж.Леме, ресейлік ғалымдар: В.А.Вронский, Ю.Н. Куражковский, Д.Ж. Маркович, К.С. Лосев, Н.М. Чернова, А.М. Былова және қазақстандық ғалымдар Ә.С. Бейсенова, С. Әубәкіров, А. Әбдірахманов, Ұ.М.Ысқақов, Н. Сейітов, В.С. Слащев және басқа эколог ғалымдардың еңбектері құнды. Экология сондай-ақ: география, химия, биология, табиғаттану, жаратылыстану және басқа пәндермен тығыз байланысты. Экология ілімінің түпнамасын жұмыр Жер жаратылысының тарихынан бастап таратқан дұрыс. Оның себебі: әуел бастағы Жердің протобиологиялық эволюция дәуірлерін геохронология тұрғысынан сараптайтын болсақ, даму мен қалыптасу эраларындағы: эндогендік, экзогендік және тектоникалық табиғи апаттар күштерінен пайда болған экологиялық құбылыстарды байқауымызға болады. Антропогендік ықпалға дейінгі қалыптасқан орасан сыртқы және ішкі күштер жиынтықтары (космостық, вулкандық, магмалық, сейсмикалық, геосинклинальдік, гидрокатастрофалық т.б.) жер ландшафтысы мен биосферасын, рельефін қатты өзгерістерге ұшыратумен бірге, айтарлықтай экологиялық проблемаларды туындатқаны анық.
Экономикалық қажеттіліктерден туындаған адамзат перзентінің ғылыми техникалық жетістіктерге сүйене отырып, жер қойнауындағы байлықтарды молынша игеруге күш салуы - экологиялық сауатсыздықтың белгісі екені анық. Аталмыш үрдістер, қазба байлықтарды ысырапсыз пайдаланумен шектелмей, ғарыш кеңістігін игеруде, атомдық станциялар мен электр желісі жүйелері өнеркәсібін дамытуда, шикізат қорларын өңдейтін химиялық өндірістік орындардың ашылып, қарқынды түрде жүргізілуін жеделдетті. Адамзаттың ғарыш айлағын зерттеп, атомдық кешенді қондырғыларды іске қосуы - ғылыми-техникалық прогрестің бұрынғыдан гөрі қарыштап дамуын жеделдеткенімен - ол жетістіктер экологиялық проблемаларды шешудің басты алғышарттары бола алмады.
Әлем кеңістігінде белең ала бастаған экологиялық апаттар ареалдары жыл өткен сайын кеңейе түсуде. Әсіресе, жер шарындағы атмосфералық жауын-шашын мөлшерін реттеп отыратын әлемдік мұхит экожүйесінің ластануы - биогеоценоз айналымының тежелуіне ұйытқы болуда. Сондай-ақ, ірі өнеркәсіп орындарының зиянды қалдықтарының ауа қабатына араласуы, жасыл желек алқаптарының жойылуы, флора мен фауна дүниелерінің деградациялануы сияқты көріністер жыл өткен сайын жиі қайталануда [5, 205 б.].
Қоғамның экологиялық мәдениетiн және мамандардың кәсiби даярлығын арттыру мақсатында мектепке дейiнгi, жалпы орта, кәсiптiк-техникалық, арнаулы және жоғары бiлiм берудiң бүкiл процесiн, мамандарды қайта даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыруды қамтитын экологиялық тәрбие мен бiлiм берудiң жалпыға бiрдей және үздiксiз жүйесi белгiленедi.
Халық арасына экологиялық бiлiм туралы таратуды мемлекеттiк органдар және қоғамдық бiрлестiктер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және заңдарға қайшы келмейтiн өзге де тәртiппен жүзеге асырады.
Оқу орындарының бiлiм беру бағдарына және меншiк нысанына қарамастан, оларда экологиялық пәндердi оқыту көзделуi тиiс.
Қоршаған ортаға зиянды әсер ететiн қызметке байланысты лауазымды адамдар мен мамандардың қажеттi экологиялық даярлығы болуға және олар қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар негiздерiн бiлуге мiндеттi. Басшылар мен мамандардың кәсiби экологиялық даярлығы оларды қызметке тағайындау, аттестациялау және қайта аттестациялау кезiнде ескерiледi.
Қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негiздерiн әзiрлеу және жасау мақсатында заңдарда белгiленген тәртiппен ғылыми зерттеулер жүргiзiледi.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және енгiзу жұмыстары, олар ұлттық (мемлекеттiк) бағдарламаларға енгiзiлген жағдайда, бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады.
Елiмiздiң табиғаты мен оның байлықтары Қазақстан Республикасы халықтарының өмiрi мен қызметiнiң, олардың тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуы мен әл-ауқатын арттырудың табиғи негiзi болып табылады десек, бүгiнге дейiн адамзат баласы табиғат байлықтарына таусылмайтын пайда көзi деп қарап келгенi де рас.
Алайда, экологиялық проблемалар мойындалған тұста табиғат пен қоғам үйлесiмдiлiгiн сақтау мақсатында табиғи ресурстарды пайдалану құқығын мақсатына қарай төмендегiше екiге бөлiп қарау маңызы айқындала түсуде:
-табиғи ресурстарды экономикалық, экологиялық сауықтыру, өнегелi-эстетикалық қажеттiлiктер үшiн шектеулi пайдалану құқығы.
-табиғи ресурстарды адамның өмiрi мен тiршiлiгi үшiн шектi пайдалану құқығы.
Бұдан шығар негiзгi түйiн, ғылымда “экология” ұғымының негiзiн алғаш қалыптастырған немiс ғалымы Эрнест Геккель айтқанындай: “қоғам мен табиғаттың қатар өмiр сүруi бiр-бiрiне тығыз байланысты заңдылық. Қоршаған табиғи орта - адам тiршiлiгiне, шаруашылығына қатысты әлеуметтiк және экономикалық қажеттiлiктердi өтейдi, оның байлығын дұрыс пайдалана бiлсе, ол сарқылмайтын игiлiк көзi” болмақ.
Бiрақ мыңдаған жылдар бойы өсiп тұрған орман-тоғай, таза сулы бұлақ пен өзендер, құнарлы топырақты аймақтар қазақ жерiнде адамдар жиi қоныстанған аумақтарда бей-берекет пайдалану салдарынан бүлiнiп, кейбiреулерi пайдалануға жарамай қалды. Табиғат байлықтарын жоспарсыз және кең көлемде кешендi пайдалану табиғи қорлардың тез азаюына әкеп соқты.
Осылайша, табиғи шикiзатты пайдаланатын өнеркәсiп өндiрiсiнiң дамуы табиғи байлық қорларының азаюына ғана емес, ол сондай-ақ табиғи ортаның ластануына әкеп соқтырды. Өнеркәсiп орындарынан шығатын керексiз қалдық заттар қоршаған табиғи ортаның топырағын, суын және ауа кеңiстiгiн ластады. Экология проблемасы апатқа апарып соқтырары хақ.
Осы орайда, экологиялық бiлiм берудiң мақсаты - жеке адамның бойында табиғатқа деген iзгiлiк қатынастарды қалыптастыра отырып, “адам-қоғам-табиғат” арасындағы толық үйлесiмдiлiк рухында тәрбиелеу турасында айқындалып, бiлiм жүйесiнде экологиялық бiлiм мен тәрбие беру тұжырымдамасының жобасы да жасалып қойылған.
Соның нәтижесiнде жеке адам мен қоғамның табиғатқа деген оң көзқарасын, экологиялық мәдениетiн қалыптастыру үшiн кейбiр әлеуметтiк және экономикалық мәселелердi шешу қажеттiгi экологиялық бiлiм берудiң басты мiндеттерi болып табылатындығы нақты танылған.
Оларға:
1) экологиялық және табиғат қорғау заңдарын жетiлдiру және оларды бұлжытпай орындау;
2) табиғи ресурстарды тиiмдi пайдалануда жауапкершiлiктi күшейту;
3) қоршаған ортаның тазалығы мен адам денсаулығының үйлестiгiн сәйкестендiрудi;
4) үздiксiз экологиялық бiлiм берудi ұйымдастыруды тездетудi;
5) елдегi экологиялық жағдайлар мәлiметтерiнiң көпшiлiкке жетуiн қамтамасыз етудi жатқызуға болады [5, 33 б.].
Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей, экологиялық проблемаларды табысты шешу мен экологиялық апаттардың алдын-алудың негiзi кез-келген мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық жүйесiн экологияландыру болып табылатынын аңғартса да, жаңа ғасырдың экологиялық дағдарыс пен табиғи дүлей апаттармен басталуы бүгiнгi қоғам үшiн экологиялық құқықтық сананың жетiлу толғағында ойланарлық жағдайды қалыптастырып отыр.
Бұл бағытта елiмiз келешекте экологиялық қауiпсiздiк мүддесiне үмiт артып, “Қазақстан-2030” даму стратегиясының басымдықтарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейiнгi стратегиялық жоспарына сәйкес және ХХI - ғасырдағы күн тәртiбiнiң негiзгi ережелерi мен Қоршаған орта және даму жөнiндегi 1992 жылғы Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаларын, сондай-ақ Иоханнесбургте өткен (2002 жылы) тұрақты даму жөнiндегi дүниежүзiлiк саммиттiң шешiмдерiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған Экологиялық қауiпсiздiгi Тұжырымдамасын бекiтуi.
Қорыта айтқанда, қоршаған табиғи ортаға қамқорлық жасау, оның бар байлығын адам игiлiгi үшiн мейлiнше ұтымды пайдалану, қорғау және көркейту iсi бүгiнгi күн талабына сай туындап отырған келелi мәселе. Дархан табиғат қаншама бай болғанымен, оның сан алуан ресурстарының қай-қайсысы болмасын шексiз емес екендiгiн күнделiктi өмiрдiң өзi дәлелдеп отырған тұста экологиялық үздiксiз бiлiм берудi заңдастыру ұстанымы мен қоршаған табиғи ортаны қорғау саласында экология кодексiн қабылдау ұсынысы еңжарлыққа бой алдырмай, көзi қарақты, ойы ұшқыр азаматтардың қолдауын күтетiн қоғамдық тұжырым деп бiлемiз.
Ал, бұл iс-шара халықтың жаппай экологиялық мәдениетiн көрсететiн белсендiлiк қабiлетiнсiз мүмкiн емес. Сондықтан да экологиялық бiлiм мен тәрбие қоғамның әрбiр мүшесiне табиғатты қорғауға немқұрайдылықпен қарамауды үйретiп, қоғам мүшесiн әрқашанда қоршаған ортаны қорғауға дағдыландыруды көздейдi.
Тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы ғана емес, халықтың тарихи дамуының, дүниетанымы мен мәдени байлығының көрінісі. Біз, балалар танымын зерделей отырып, бұл тақырыпта жазылған шығармалардағы жалқы есімдерге де талдау жасай кеткенді жөн санадық. Себебі, ономастикалық атаулар да тілдік қордың құрамдас бөлшегі ретінде өз бойына этнос өмірінің құнды деректерін жинаған. Жер бетіндегі әрбір этностың бір-біріне ұқсамайтын мәдениеті мен өзіне тән ерекшеліктері болатыны тарихи заңдылық. Мұндай құбылыс сол тілдік ұжымдағы ортаның қарым-қатынасынан, олардың сөйлеу мәдениеті мен өмір сүру дағдысынан, тектік құрылымының коммуникативтік ерекшеліктерінен анық байқалатынын аңғаруға әбден болады. Бұл ерекшеліктер сол кезеңге тән қоғамдық сананың тілінде жақсы сақталады да, сол этностың рухани, мәдени құндылықтарының негізін көрсетеді. Осыған орай қазіргі тіл ғылымында халықтың, индивидтің, оның ішінде бала дүниетанымындағы қоршаған ортаның этноментальды өмірін, дүниетанымдық сипатын қарастыратын антропоцентристік бағыттағы зерттеулердің мәні зор болмақ. Себебі, тіл адамдардың іс-әрекетінен тыс дамымайды. Тілдік ұжымды, жеке адамды тілі арқылы танығанда ғана оның шаруашылық, мәдени өмірінен толық ақпарат алуға болады. Ал, баланың қоршаған ортаны қабылдауы мен ой-танымы, оны санаға сіңіруі, болмыс туралы ақпарат жинақтауы жас ерекшелік психологиясына сай этностың когнитивтік деңгейінің даму кезеңдерін анықтауға мүмкіндік береді. Тілдік ұжым мүшелерінің дүниетанымы адамзат пен мәдениеттің даму кезеңдерінің сатысынан өткен сайын ақиқат дүниені тек логикалық-позитивтік қана емес, этикалық-моральдық, ментальдық тұрғыдан да таныта алады [6, 205 б.].

Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



48.5 Kb
Категория: Қоршаған ортаны қорғау, Экология | Добавил: Admin
Просмотров: 3195 | Загрузок: 294 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Салауатты өмір салтын қалыптастырудьң ғылыми-теориялық негіздері
Депозиттерді тарту және қайтару есебі
Жасуша теориясының негізгі қағидалары
Араб халифаты және Исламның таралуы
Ислам - әлемдегі бейбітшіліктің кепілі
60-жылдарда қазақ би сахнасы
Неологизм терминінің мағынасы мен мәні
Ғабит Мүсірепов
Ислам
Қазақстандығы сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер
Балалардың сүйікті жыршысы - Мұзафар Әлімбай
Қазақтың ұлы ақыны - Абай
Досмұхамедұлы Халел
Люй Люй жүйесі
Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару органдарымен төленетін ...