Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 16.12.2017
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Қоршаған ортаны қорғау, Экология

Атмосфераның экологиялық мәселелері және оны қорғау
Загрузка...
Атмосфераның экологиялық мәселелері және оны қорғау

Облыстың ауа бассейні екі түрлі жолмен ( табиғи және антропогендік) ластанады. Күшті шаңды борандар мен Маңғыстау жеріндегі тұздардың болуы ауада шаң және тұз түйіршіктері мен тозаңдарының болуын тұрақты етеді.
Антропогендік ластану өнеркәсіп пен көлік тасымалына байланысты. Әрбір автомобиль әрбір 1км-ге орта есеппен 40г зиянды заттар шығарады, ал облыс бойынша оның мөлшері жылына 100 мың тоннадан асып түседі.
Облыс бойынша ауаға ластағыш заттар шығаратын объектілердің саны 7 мыңнан асады, бірақ олардың басын көпшілігі ұсақ жылыту қазандары болып табылады, олардың әрқайсысы жылына орта есеппен 5-10 тонна ластағыш заттар шығарады. Атмосфераны ластайтын негізгі өнеркәсіп объектілері Ақтау, Жаңа Өзен қалаларының кәсіп орындары мен мұнай кәсіпшіліктері болып отыр. Ақтау қаласында осындай 26 кәсіпорын бар. 1980-87 жылдары облыс бойынша ластағыш заттардың мөлшері жан басына шаққанда 793кг-нан 948кг-ға, яғни 20%-ке өсті. Оның 90%-і мұнай кәсіпшіліктеріне тиесілі. “ Маңғыстау мұнай “ өндірістік бірлестігі бойынша 110-120 мың т ластағыш заттар шығарылды, ал Қазақ газ өңдеу заводында осындай көрсеткіш 23мың т жетеді.
Ақтау қаласындағы Каспий тау-кен металлургия камбинатына ( ПГМК- Каскор ) ластағыш заттардың 1/6 бөлігі тиеді. Осылардың қатарына камуналдық шаруашылық, асфальт зауаты, күкірт қышқылы зауаты, ет камбинаты, облыс жеріндегі ұлу тас және қиыршық тас карьерлерін жатқызуға болады.
Үнемді, толық пайдаланудың мүмкін болмауынан жыл сайын мыңдаған тонна ластағыш заттар шаң тозаң, газ күйінде атмосфераға кетіп жатады.
Мәселен, “ Маңғыстаумұнай “ бірлестігінің газ құбырларында 1987 жылы жүз миллион метр аса газ ( оның жартысы Бозащыда) бостан бос жағып жіберілді.
Маңғыстау облысының радияциялық ластануы жөнінде мәліметтер өте мардымсыз. Өлке жерінде аса ірі уран рудасы өндіретін кен-орны және радиоактивті отынмен жұмыс істейтін электр станциясының бар екенін ескерсек, радияциялық қауіптің бар екендігін сезінуге болады. 70-жылдары АЭС-тың пайдалану мерзімі бітуге таяу.
Сонымен қатар 1969-70 жылдары Үстіртте ядролық полигондар жұмыс істеп, 3 рет ядролық жарылыс болғанын естен шығаруға әсте болмайды.
Атмосфераның ластауын тоқтату үшін ең алдымен ауа тазартқыш, түтін тұтқыш қондырғылар орнатылуын қамтамасыз ету қажет. Әзірге облыста ондай 40 жуық қондырғы бар.
Сондай-ақ еңбекті жаңа үздік үлгілерге сай ұйымдастырмайынша жаңа қазіргі заманға технологиялық әдістерді еңгізбейінше, ең ақыры адамның табиғатқа деген көзқарасы өзгермейінше, ауаның ластануын тоқтату мүмкін емес.

Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



13.7Kb
Категория: Қоршаған ортаны қорғау, Экология | Добавил: Admin
Просмотров: 2571 | Загрузок: 198 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Сарыұлы Ақтамберді
Қазақ халық көне аспаптарының тарихи даму кезеңдері
Паскаль програмдау тілінің қайталау командалары
Қазақстан Республикасы мен Нидерланды Корольдігі арасындағы қатынастар
Салауатты өмір салтын ынталандыру
Ақпараттық процестер және оның моделдері
Ілияс Жансүгіров
Денсаулық - басты байлық
Экоголияның экономикалық мәселелерді шешудегі орны
Ұлы Ақын Жамбыл Жабаев
Терминге қойылатын талаптар
Бейімбет Майлин
Тастанбекқызы Сара
Жұмабаев Мағжан
Бұқаралық ақпарат құралдары