Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 21.1.2018
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Тарих

XVIII ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ БАТЫРЛАРЫ
Загрузка...
XVIII ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ БАТЫРЛАРЫ

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жоңғарларға қарсы күрескен қазақ батырлары, олардың ерлігі жайында кеңінен мәлімет беру, қазақ тарихындағы батырлардың алатын орнын анықтау.
Дамытушылық: Қазақ батырларының ерлігіне тарихи тұрғыдан баға бере білуге дағдыландыру, танымдық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақ батырларының ерлігін үлгі етуге, құрметтеуге үйрету.
Сабақтың әдісі: Аралас сабақ, әңгіме.
Көрнекілік: Батырлардың суреттері, Қазақстан картасы.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын сұрау.
Қазақ билері жайында оқушылардан қысқаша сұрау керек.
Дәптерге жазуға берілген тапсырма бойынша үш оқушыны тексеріп бағалайды.
III. Жаңа сабақ.
Өтілетін сабақтың тақырыбы мен жоспары алдын ала жазылып қойылады. Мұғалім оқушыларды сабақтың тақырыбы және негізгі мақсаттарымен таныстырып өтеді.
Жоспар:
Жоңғар-ойрат мемлекетінің құрылуы.
Қазақ батырлары.
Жоспар бойынша мұғалім сабақты түсіндіре бастайды.
Жоңғар мемлекеті.
Батыс Монғолия жерінде, жоғарғы Ертіс, Алтай, Тарбағатай өңірінде құрылған.
Құрылған уақыты - XVIII ғасыр (1635-1640 жылдар).
Сипаты - әскери-көшпелі.
Мемлекет билеушісі - қоңтайшы.
Тайпалар - торғауыт, чорос, дөрбет, хошауыт т.б. Бұлар дүрбіт-ойрат деп аталған.
Бұдан әрі мұғалім балаларға жоңғарлардың қазақ жеріне жасаған шапқыншылығы туралы түсіндіреді.
Ең алдымен жоңғар шапқыншылығы кезінде қол бастаған, ел мен жерді қорғау кезінде ерлік көрсетіп, аты аңызға айналған батырлар жайында қысқаша әңгімелеп беру керек.
Батырлар: Қаракерей, Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Шақшақ Жәнібек, Баян батыр, Райымбек, Малайсары т.б.
Бұдан кейін мұғалім оқулық және дәптермен жұмыска 10 минуттай уақыт береді.
Осыған байланысты төмендегідей кестені толтыртуға болады.

Кестені толтырып болған соң 3-4 оқушыдан әр батырлар жайында, олардың ерлік істері туралы түсінгендерін айтқызады.
Қорытынды кезең.
Жаңа сабақты бекіту мақсатында төмендегідей сұрақтарды қоюға болады.
Жоңғар шапқыншылығы жайлы не білесіңдер?
Қазақ елін жат жерлік жаулардан қорғаудағы батырлардың үлесі қандай болды?
Бөгенбай жоңғарларға қарсы шамамен қанша жорыққа қатысты?
Үй тапсырмасы.
Жоңғарларға қарсы күресте ерлік көрсеткен батырлардың ерлік істері туралы қосымша оқып, жеке бір батыр туралы дәптерге қысқаша әңгіме жазғызу.

Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



35.0Kb
Категория: Тарих | Добавил: Admin
Просмотров: 4588 | Загрузок: 695 | Рейтинг: 1.0/1

Это может Вас заинтересовать:
Дербес демографиялық саясат – берік болашақ кепілі
Мемлекеттік аппараттың түсінігі және оның нысандары
Ахмет Байтұрсыновтың шығармалары
Абай шығармаларындағы нәзирагөйлік дәстүрдің зерттелу жайы
Құрмалас сөйлем
Бағдарлама - Әлем музыкасы
Жұбанов Ахмет
Қазақстанның жеті кереметі
Тұрар Рысқұлов
«Бақытты сәт» математикалық ойын сабағы
Қазақстан Республикасы мен Египет Араб Республикасы арасындағы қатынас...
Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қазірг...
Жер планетасының эволюциясы
Жүрек қызметінің көрсеткіштері
Тынышбаев Мұхаммеджан