Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 14.12.2018
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Тарих

Англия дипломатиясы
Загрузка...
Жоспар

Кіріспе

1. Англияның дипломатиялық қызметінің даму тенденциясы
1.1. Англиядағы дипломатиялық қызметтің пайда болуы және дамуы
1.2. Джордж Каннинг – саяси қайраткер, сыртқы істер министрі
1.3. Форин офис құрылымы және қызметі

2. Англияның дипломатиялық қызметінің және сыртқы саясатының жүйесі
2.1. Қазіргі уақыттағы Англияның дипломатиялық қызметінің ерекшеліктері
2.2. Дипломатиялық кадрларды дайындау, іріктеу және оларға қойылатын талаптар

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Халықаралық қауымдастықты дамыту құралы ретінде дипломатияның маңызы өте зор. Дипломатиялық қызметтің жұмысы дипломатияның ең басты құралы болып, халықаралық аренадағы мемлекеттің мүддесін қамтамасыз етуге бағытталған. Англия дипломатиясы классикалық дипломатия ретінде, өз кезегінде эталон секілді, ол XIX-XX ғғ. әлемдік дипломатияның дамуына зор ықпал етті. Одақтың 50 елдерінің және басқа да мемлекеттердің дипломатиясы ағылшын дипломатиясының әсерімен дамыды.
Қазіргі таңдағы экономикалық климаттағы халықаралық қатынастар ерекше маңызға ие. Әлем өзгерістерге толып жатыр. Мысалға, экономикалық қуаттылық шығыс бағытта, яғни Азия бағытында жылжып келеді.
Ұлыбритания – Біріккен Ұлттар Ұйымы, НАТО және Одаққа белді мүше болып табылады және әлемнің көптеген нүктелерімен байланысы бар ел. Ұлыбританияның Сыртқы Істер министрлігі немесе The Foreign and Commonwealth Office – (‘the FCO’ or ‘the Foreign Office’ for short) – ерекше ұлттық актив болуымен қатар, елшіліктер мен консулдықтардың халықаралық жүйесі болып табылады.
Әлемдік дипломатиялық тәжірибеге британдық дипломатиялық қызметтің қосқан үлесі өлшеусіз. Ұлыбританияның өзге мемлекеттермен қарым-қатынасының өсуі белгілі бір ретте халықаралық байланыстар орнату және осы қызметті атқаратын кәсіби қызметкерлерден тұратын тұрақты аппарат құру қажеттілігі туындады. Бұл аппарат дипломатиялық қызмет немесе шетел қызметі деп аталған. Ұлыбританияның дипломатиялық қызметте өте ауқымды тәжірибесі бар ел. Британ дипломатиясы мен дипломатиялық қызметінің тарихы шетелдермен сауда қарым-қатынасын орнату мақсатында 1303 жылғы Көпес хартиясын қабылдаудан бастау алады.
Ағылшын дипломаттарының әртүрлі кәсіби өнер формаларын меңгеруі қазіргі уақытта да Ұлыбританияға халықаралық аренада белсенді әрекет жасауының факторы болып табылады. Британ дипломатиялық қызметінде империя кезіндегі жұмыс атқарудың дәстүрлері мен стилі, қазіргі уақыттағы қызметтің формалары және әдістерімен сабақтасып жатыр.
Бұл жұмыста Ұлыбританияның тарихи тәжірибесі, қоршаған ортамен арақатынасының ерекше стилі қарастырылады. Сонымен қатар, қазіргі уақыттағы сыртқы саясат бағытын анықтаудағы дипломатиялық қызмет мекемесінің рөлі мен орнының маңызы қарастырылады.
Қарастырылып отырған тақырыптың осындай өзектілігі, саяси және тәжірибелік маңыздылығы оны ғылыми тұрғыдан зерттеп, саралау талабын қояды.

Зерттеудің мақсаты – британдық дипломатиялық қызметінің пайда болуы мен даму кезеңдерін қарастыру. Британ дипломатиясына зор үлес қосқан тұлғаларға тоқталып өту, олардың саяси көзқарасы мен ұстанымдарына тоқталып өту. Сонымен қатар, дипломатиялық қызметті мекемесінің құрылымы мен қызметінің құрылуындағы негізгі ерекшеліктер мен бағыттарға, дипломатиялық кадрларды дайындау және іріктеудің қалай жүретіндігін қарастыру.
Зерттеудің міндеттері:
♦ британ дипломатиялық қызметінің қалыптасу кезеңдері мен тарихын зерделеу;
♦ британ дипломатиялық қызметінің өзіндік ерекшеліктері мен стиліне талдау жасау;
♦ форин офистің құрылымы мен қызметін анықтау;
♦ сыртқы саясаттағы дипломатиялық қызметтің орнына баға беру;
♦ дипломатиялық кадрларды іріктеудің қалыптасқан жүйесіне талдау жасау.
4. Зерттеудің деректік көзі. Курстық жұмыстың негізгі деректік көзі ретінде Англияның Сыртқы істер министрлігінің немесе The Foreign and Commonwealth Office ресми сайты көптеген ақпараттар мен мәліметтер көзін табуда зор көмегі тиді. Атап өтсек, СІМ-нің сайтынан (The Foreign and Commonwealth Office) британдық дипломатиялық қызметтің даму және құрылу тарихы, құрылымы мен қызметі, дипломатиялық қызметке байланысты соңғы ақпараттар мен деректер қарастырылды. Сонымен қатар, 1961 жылғы дипломатиялық қызмет туралы Вена конвенциясынан көптеген мәліметтер мен дипломатиялық терминдердің анықтамасы және дипломатиялық өкілдікке тағайындау, дипломатиялық қызмет пен миссиялардың негізгі функциялары туралы ақпарат қолданылды. Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігінің (СІМ) екі айда басылымға шығатын «Дипломатия жаршысы» атты журналының зор көмегі тиді. Бұл дерек көзінен В.М.Матвеевтің «британ дипломаттарының ерекшеліктері» деген орысшадан-қазақшаға аударылған мақаласы қарастырылды.
5. Тақырыптың зерттелу деңгейі. Зерттеу жұмысы барысында тарихи оқиғаларды сараптауда, оларға объективті көзқарас қалыптастыруда, тарихи процесстерге нақты баға беру үшін, маңызды деректер қатарына сүйендім. Осы деректер тізіміне келесі авторлардың кітаптарын атап кетуге болады: Ричард Залеттің «Дипломатия» атты еңбегінде дипломатиялық және консулдық қызметтің пайда болуы мен оның дамуының маңызды этаптарын, негізгі мәселелерін, оның халықаралық саясат пен халықаралық қатынастардағы орны мен мәні айтылса, Ұлыбританияның дипломатиялық қызметін зерттеуде, В.М Матвеевтің «Дипломатическая служба Великобритании» атты еңбегінің көмегі зор болды. Бұл еңбекті қарастыра отырып, дипломатиялық қызметтің қалыптасу тарихынан, дипломатиялық мекеменің құрылымынан, атақты да әйгілі министрлердің саяси ұстанымдарын, дипломатиялық мекеменің пайда болуы мен дамуын, кадрларды іріктеу, дайындауда жүргізілетін негізгі іс-шаралар туралы көптеген ақпарат алынды.
Дипломатияны – сыртқы саясаттың ең басты құралы деп есептеген Г.Никольсонның «Дипломатия» атты еңбегінің көмегі тиді. Оның еңбегінде ағылшын дипломатиясының жүйесі, дипломатиялық қызметтің пайда болу және дипломатиялық қызметте жүргізілген реформалар, қызметке тағайындау ерекшеліктері айтылады. В.И.Поповтың лекциялар курсы ретінде жазылған «Современная дипломатия: теория и практика» кітабынан елдердің, соның ішінде Ұлыбританияның дипломатиясының ерекшеліктеріне, дипломатияның әдістері мен тәсілдері, дипломатияға қатысты қызықты мәліметтер мен ақпараттар қарастырылды.
Негізгі дипломатиялық терминдер мен түсініктердің анықтамасын Захарова мен Коновалованың «Основы дипломатической и консульской службы» оқулығынан қарастырылды. Сонымен бірге, Дипломатическая служба. У/п Зорин В.А. «Основы дипломатической службы» оқулықтарын айта кету керек. Ақпараттың басқа көздері – интернет ресурстары да пайдаланды. Оған: www.fco.gov.uk (The Foreign and Commonwealth Office), Википедия, Электронная библиотека сайттарының көмегі зор болды.
6. Зерттеудің методологиялық негізі
Курстық жұмысты жазу барысында құжаттарды зерттеу, талдау және салыстыру, қорытындылау әдістері пайдаланылды. Сонымен қатар, Ұлыбританияның дипломатиялық қызметінің даму тарихы және қалыптасу тарихын қарастырғанда ивент-анализ әдісі қолданса, саяси тұлғалардың көзқарастары мен ұстанымдарын қарастырғанда когнитивті әдіс қолданылды.
7. Жұмыстың құрылымы Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Англияның дипломатиялық қызметінің даму тенденциясы

1.1. Англиядағы дипломатиялық қызметтің пайда болуы және дамуы

Британ корольдігі ең бірінші болып, дипломатия тарихында жаңа бетті аша отырып дипломатиялық өкілдерді шетелге жіберген. Нидерланд және Даниядан кейін Ұлыбритания үшінші кезекте шетел дипломаттарының иммунитеттерін мойындап, дипломатиялық құқықтың қалыптасуына өзіндік үлек қосты.
Ерте кезден, XVI-XVII ғасырларда, Ұлыбританияда сыртқы байланыстармен айналысатын жеке кәсіби мемлекеттік қызмет сферасы қалыптаса бастайды.
Англияның дипломатиялық қызметінің тарихы терең тарих қойнауымен астасып жатыр. Дипломатиялық қызмет мекемелерінің, олардың бастапқы құрылғанынан бері, әсіресе, корольдік билікке байланысты болды. 1377 жылы монарх өзге де істермен қатар сыртқы істермен айналысу үшін хатшы қызметін тағайындайды. Ал 1540 жылы VIII Генрих Тюдор ерекше дипломатиялық істерді атқаратын 2 хатшы тағайындайды [1,с.21].
Ғасыр өткеннен кейін хатшылардың қызметі, қандай мемлекетпен қарым-қатынасқа түсу қажеттігіне байланысты кеңейе түседі. 1660 жылдан бастап хатшыларға ресми атақ берілетін болады. Оның біреуіне мемлекеттік хатшы болып, Солтүстік департамент (герман мемлекеттерімен қатынас, Нидерланд, Солтүстік Еуропаның бірқатар елдері және Ресей қоса есептегенде) істері бойынша қызмет атқаратын болса, келесі хатшы – мемлекеттік хатшы болып Оңтүстік департамент (батыс Еуропаның католиктік елдері, Швейцария, Осман империясы және өзге де елдер) істері бойынша қызметке тағайындалды. Әлбетте, хатшылардың орынбасарлары мен кішігірім шенеуніктер аппараты құрылады. Бұл жылдардағы кадрлардың кәсіби біліктілігі туралы сөз қозғауға тура келмейді, өйткені дипломатиялық қызметке іскер қабілеттеріне қарап емес, корольдің айтуымен тағайындалатын.
Осындай жағдай III Вильгельм (1689-1702жж.) билік еткен тұсқа дейін жалғасты [1,с.21-22]. Әсіресе, III Вильгельм кезінде жұмыс атқару формасы бар және кәсіби дипломатиялық аппараттың негізі қаланды. Дипломатиялық қызметке тағайындау кезеңінде Лондонда және шетелде де король претенденттердің (осы себепке байланысты қызметке көбіне дипломатиялық қызметте тәжірибесі бар Голландықтар қабылданған) халықаралық тәжірибе, білім, іскерлік қабілеттерін ескерді. Лондондағы мемлекеттік департаменттер мен шетел өкілдіктерімен хат алмасу жолға қойылып, ең бірінші оны түсіну және қарастыру басталады. Дипломатиялық мәселелерді шешуге лордтар палатасы да қосылып 1688 жылғы «ұлы революциядан» кейін бюджеттік сұрақтарды шешуге құқық алған олар, сыртқы істер акцияларында қарайтын болды [1,с.22]. III Вильгельмнің белсенді сыртқы саясаты мен дипломатиясы аз уақыт көлемінде Ұлыбританияның жетекші ұлы державалардың қатарына қосылуына ықпал етіп, дипломатиялық аппараттың модернизациялауына серпін берді.
Ағылшын дипломатиялық және консулдық қызметінің дамуы 1303 жылғы Көпестік хартиядан (Carta mercatoria), I Эдуардтың билік еткен соңғы жылдарында бастау алады [2,с.137]. Осы хартия бойынша Лондонда орналасқан резиденцияда, отандық және шетелдік көпестер арасындағы даулы мәселелер шешетін сауда істері бойынша сот төрешісі (Justiciarius mercatoribus) тағайындалатын болған. IV Генрих 1404 жылғы Вестминстерлік хартия бойынша ганзей қалаларында орналасқан ағылшын көпестеріне, өз араларында корольдің атымен үкім шығаратын сауда ісі жөніндегі басшыларды (Gubernatores mercatorum) сайлауға құқық берді. 1406 жылы бұл артықшылық Нидерландыдағы және 1408 жылы Скандинавиядағы елдерге де таралды. 1485 жылы III Ричард өзге елдердің тәжірибесіне сүйене отырып Пизада консулды тағайындайды. Оның есімі, Лоренцо Строцци болды [2,с.138].
Шотландияда V Яков тұсында 1503 жылғы парламент актісінде сақтаушы (Conservation), оны консул деп те атаған, теңіз артындағы шотландық көпестер арасында соттау құқықын берді. 1535 жылғы бір құжатқа сүйенсек, оның резиденциясы Фландияда орналасқан екен.Сауда экспедициялары кезінде, 1511 жылы Лондонда, Бристольда, Саутгемптонда Левант елдеріне, Хиос аралдарында Эгей теңізіндегі консулдық қызмет тағайындалған болса, 1513 жылы VIII Генрих тұсында жергілікті көпесті өмірлік консул қызметіне тағайындаған болатын.
Тұрақты дипломатиялық миссиялар дәл Франциядағыдай Англияда Тюдорлар билік еткен уақытта пайда болды. Осы тұста айта кету қажет, 1496 жылы Венеция Лондонда тұрып жатқан 2 көпесін, «елшілердің көмекшісі» және оларға қалыптасқан кезеңдегі істерді жүргізуді тапсырған. Өйткені «Британ аралдарына дейінгі жол өте қауіпті әрі тым алыс» [2,с.138-139].
Англияның ең бірінші әрі тұрақты хабаршысы Джон Стайл болды, оны Генрих VII 1505 жылы Католик Фердинанд сарайына Арагонға жіберді. Нидерланд монархына жіберілген бұрынғы флорентиялық Томас Спинелли секілді, Стайл қалың бұқара ортасынан болатын. Күмәнданғыш әрі сақтанғыш VII Генрих тұрақты хабаршылар ретінде, ақпаратты тез табатын, сонымен қатар керек жағдайда орнынан алып тастауға болатындай адамдарды тағайындаған еді [2,с.139].
VIII Генрих (1509-1547жж.) тұсында жаңа тұрақты миссиялар тағайындалды. 1510 жылы король Католик Фердинад сарайында өзінің елшісі ретінде Роберт Уингфилды тағайындады. Сэр Роберт 1571 жылға дейін Фердинандпен мұраға қалдырылған испан тағының мұрагері V Карл тұсында қызметін атқарған болатын. Оның ағайындылары, сэр Ричард және сэр Хемфри Уингфилд та корольдің дипломатиялық қызметінде болған. 1517 жылы Томас Спинелли өзінің өмірінің соңы 1522 жылға дейін, Испанияның тұрақты елшісі болған. 1520 жылы екі мемлекет арасындағы тұрақты елшілерді алмасу бастамасы туралы VIII Генрих пен V Карл келісімге келеді. 1518 жылы VIII Генрих доктор Николас Уэсті және сэр Томас Болейнді Париждегі тұрақты елші қызметіне тағайындаған болатын [2,с.139].
Шетел хабарламасын жүргізу үшін ағылшын корольдері орта ғасырдан бері келе жатқан «клеркті» (Clerk) әрі діни ғалым болған тұлғаның қызметіне сүйенген. III Генрих тұсында 1253 жылы клерк алғаш рет хатшы деп аталып, ал II Ричард (1377-1399) кезінде «король хатшысы» деген титул енгізілген енді [2,с.139-140].
Алайда, 1539 жылы ғана VIII Генрих билік еткен кезеңде, король хатшысының міндеттері 2 тұлға арасында бөлініп, олардың қызметтері Франциядағыдай шетел істерімен ғана шектелді. Ұлыбританияда Франция мемлекетіндей II Генрих тұсында, екі хатшы міндеттері географиялық принцип бойынша бөлінді деп ойлауымызға болады. Бірақ, негізгі бөліну Оңтүстік және Солтүстік департамент болып ғасыр өткеннен кейін ғана жүзеге асты. Сыртқы істер мәселелері бойынша екі мемлекеттік хатшылық департаментінің бөліну I Яков билік еткен тұста қолға алынды. Осындай бөлінуге түрткі болған, сол кезеңде «отыз жылдық» соғыстың басталуы еді. Әрбір қызметтегі шенеунік нейтрал елдің өкілі ретінде жауласып жатқан мемлекеттердің өкілдері, тарихи оқиғалар, мәселелер арқылы көптеген тәжірибе жинады.
Ағылшын Сыртқы Істер Министрлігі туралы еңбегінде елші сэр Джон Тиллей, басында атап өткен жағдай болған шығар, бірақ кейінірек екі мемлекеттік хатшының біреуі – ішкі дипломатиялық қызметпен, ал екіншісі – қауым алдына шыққан деп өз ойын айтады [2,с.141]. Бірақ уақыт өткеннен кейін әрбір мемлекеттік хатшыға орынбасар тағайындалады. Алғашында, бұл аталған қызмет қазіргі уақыттағы тұрақты немесе министрдің орынбасары қызметіне ұқсамаған. Ол қызмет көбіне қазіргі министрдің жеке хатшысы қызметімен пара-пар болды. Атап өтетін жағдай, осындай қызметке иеленген алғашқы тұлға Ұлыбританиядағы ағылшындық емес, неміс ұлтының өкілі болатын.
1640 жылы екі мемлекеттік хатшылардың міндеттер шеңбері бөліне бастайды. Солтүстік департамент – Франциямен, Голландиямен, Германиямен және балтық елдерімен хат алмасуды жүргізсе, ал Оңтүстік департамент – Испания, Фландрия және Италиямен хат алмасуды реттеді. Иеліктері Балкан түбегінен Венгер жазығына дейінгі кең ауқымды алып жатқан Оттаман империясымен қарым-қатынасты жүргізу істерімен, Левантиялық сауда қоғамы айналысты.
Отар елдермен хат алмасудың көптігі 1768 жылы, тек қан отарлардың істерімен айналысатын үшінші мемлекеттік хатшылықты құруды қажет етті. Алайда, он төрт жыл бойы екі мемлекеттік департамент елдің ішкі және сыртқы істерімен айналысуды жалғастырды [2,с.150]. 1782 жылы ғана маркиз Рокингемнің үкіметі уақытша билікке келгенде міндеттердің бөлінуі орын алды. Ішкі істер министрлігі (Home Office) деген атқа ие болған, Оңтүстік департаментке ішкі істермен айналысу тапсырылса, ал Сыртқы істер министрлігі деп аталған (Foreign Office) Солтүстік департаментті Чарльз Джеймс Фокс басқарды.
Осындай түрде қызметтердің бөлінуіне француз одақтастарымен келісе отырып Лондондағы үкіметпен бейбіт келісімді дайындауға келген америкалық өкілдер: Бенджамин Франклин, Джон Адамс және Джон Джей ықпал еткен. Сол кезеңде Лондонда бөлініп кеткен он үш отар елдермен қалай іс жүргізу туралы сұрақ туындаған: алдыңғы уақыттағыдай отарлардың мекемесімен немесе шетел державасымен – Сыртқы істер министрлігі айналысатын болды.
1961 жылғы дипломатиялық қызмет туралы Вена конвенциясында «мемлекеттер және тұрақты дипломатиялық өкілдіктер арасындағы байланыс өзара келісім арқылы жүзеге асады» деп көрсетілген [3,с.2].
1815 жылғы Вена конгрессіне дейін Англияда мойындалған дипломатиялық қызмет болмаған. Лорд Стретфорд-де-Редклиф өз сөзінде: «Мен дипломатиялық қызметке қабылданғанда, ол әлі қалыптаспаған болатын», - деп атап көрсеткен [4,с.116.]. XVIII ғасырда тек қана 2 мемлекеттік департамен болған: солтүстік және оңтүстік. Бірақ, бұл екі департамент сыртқы және ішкі істермен жүйелі түрде жұмыс істемеді. Питт премьер-министр қызметіне тағайындалғанда, оның канцеляриясында 2 көмекші хатшысы және тоғыз шенеуніктері болып, барлығы сан түрлі міндеттер атқарған. 1782 жылда солтүстік департамент шетел департаменті, ал 1790 жылы бұл департамент Даунинг-стритқа ауысқаннан кейін, Ұлыбританияның сырт қы істер министрлігінің негізі қаланған болатын [4,с.117]. Жылына 1500 фунт стерлинг жалақысы бекітілген, министрдің тұрақты көмекшісі қызметі тағайындалады. Оған бас клерк, 2 үлкен клерк, 9 кіші клерк латын тілінен хатшы және хаттарды оқушы көмектесетін. 1822 жылы бұл аппарат кеңейіп, шетел миссияларына жіберілетін шенеуніктердің штатын құруда алғашқы қадамдар жасалды.
Бұл кезеңге дейін елші оған жеке ұсынған жас мамандардан қызметкерлерді тағайындайтын болған. Мемлекет жас мамандарға жалақы төлемейтін, бірақ кей жағдайларда елшінің жалақысынан сыйақы тағайындайтын. Олар елшілікте өмір сүріп, сол кезеңдегі аталған «елшінің жанұясы»-на кірген [4,с.118].
Осындай іріктеу жүйесі XIX ғасырдың соңына дейін сақталған еді. Виктория королеваның билік еткен тұсында, 16 жыл бойы елшілікте еш жалақысыз еңбек еткен қызметкерді кездестіруге болатын. 1918 жылдың өзінде дипломатиялық қызметке түсуші жас маман, кем дегенде 2 жылда өзіндік табысы 400 фунт стерлингке жететіндей болуы шарт болды. 1914 жылғы Макдонелл комитетінің ең маңызды ұсынысы - осы шарттарды жеңілдетуге бағытталды және 1920 жылы жанама салық мөлшері өсіп, кіші дипломатиялық қызметтегілер өзіндік табысы болмаса да, өмір сүруіне жағдай жасалды [4,с.118-119]. Бұл – дипломатиялық қызметтің демократизациялануы еді.
Алғашында Ұлыбританияның дипломатиялық қызметінде атташені қызметіне тағайындау және таңдау сыртқы істер министрінің қолында болды. Жалғыз ғана шарт – екіайылық тексеру мерзімінен өту және жылына жалақысы 400 фунт стрелингтен тұру болды. 1856 жылдан бастап Кларендон алғашқы емтихан ретінде француз тілін және жазуын жетік меңгеруді талап етті. Лорд Грэнвил тұсында тапсыру емтиханы (қабылдау) конкурс ретінде жүргізілетін болды [4,с.119]. 1871 жылы іріктеу комитеті, дипломатиялық қызметте – егерде Оксфорд немесе Кембридждің дипломы бар маман тапсырушы болса, жазба мәдениеттілігі ғана тексерілетін болды. Бірақ бұл ұсыныс қолдау тапппады. Ал 1905 жылы лорд Ленсдаун қызметке тапсыру жүйесін өзгертті. Ол үміткерлер министрлікке немесе шетел мекемелеріне тапсыратын емтихандардан өтуі тиіс, ал ең бастысы француз және неміс тілінің жетік меңгергені болды. Кезекті реформа лорд Греймен жүргізіліп, ол әртүрлі мекемелердің өкілдерінен тұратын комиссия құрып, үміткерлерді тағайындау істерімен айналысатын жеке хатшының жұмысын осы комиссияға жүктеді. 1918 жылға дейін сыртқы істер министрлігі және дипломатиялық қызмет әртүрлі ұйымдар деп есептелді, сөйтіп үміткер екеуінің арасынан таңдай жасауы керек болды. 1918 жылдың шілдесінде лорд Сесиль қауымдар палатасына болашақта 2 бөлім бір ұйым болып бірігеді және ол шетел қызметі деп аталатын болады деп хабарлаған [4,с.119-120]. Сонымен қатар, лорд мүлік цензін алып тасталды деп жариялады. Питтің уақытынан бері британ дипломатиялық қызметіне осындай өзгерістер енгізілген болатын. Англияның дипломатиялық қызметінің қалыптасу және даму тарихы нәтижесінде өзіндік ерекшеліктері қалыптасты. Британ дипломатиялық қызметінің ерекшеліктері:
- дипломатиялық қызмет айрықша мемлекеттік қызмет болып, өзіндік іріктеу ережесі бар, қызмет баспалдағы және жеке кадрлық сипаттамаларға ие қызмет;
- қызметке қабылдану үшін үміткерлер ерекше квалификациялық емтиханнан және міндетті ашық конкурстан өтуі қажет;
- барша үміткерлерге тең мүмкіндіктер жарияланғанына қарамастан, Ұлыбританияның дипломатиялық қызметі өзіне тән тарихи және элитарлық сипатқа ие;
- дипломатиялық қызметкерлердің жұмысы кәсіби негізбен ұйымдасқан, яғни жалдаушымен (мемлекетпен) ұзақ мерзімді контрактіге келіседі және кәсіби даярланған кадрлардың бәсекелік жағдайда қызметімен жоғарылауы қамтамасыз етіледі [5,б.84-85].

1.2. Джордж Каннинг – саяси қайраткер

Джордж Каннинг (1770 ж. 11 сәуір – 1827 жыл 8 тамыз) – ағылшындық саяси қайраткер, тори партиясының либерал өкілі. Еуропадағы Наполеон соғысы жылдарында Англиядағы 1807 жылдың наурызынан қазанға дейін 1809 жылдың Сыртқы істер министрі қызметін атқарған. Өз өмір жолын Англияның премьер-министрі қызметінде аяқтады.
Джордж Каннинг – 1770 жылдың 11 сәуірінде қарапайым заңгер отбасында дүниеге келген. Оның атасы – ауқатты ирландық жер иесі. Жастайынан әкесінен айырылып, жетім қалады. Каннингті өз қамқорлығына жиен ағасы алып, оны жасөспірім кезінде Итонға, кейіннен Окфорд университетінің Крайс-Черч-колледжінде білімін шыңдауға көмектескен [6]. 1791 жылы «Линкольнз Инн» заң мектебіне түсіп, бірақ кейін саяси қызметтті таңдаған. Кіші Уильям Питтке таныстырылып, оның қамқорлығымен 1793 жылы парламентте орын алады. Питтің саясатын парламентте барынша қолдап, оның баспасөзде де шебер қорғаушысы бола білді. Сонымен қатар, «Anti-Jacobin» тори партиясының журналының қызметіне де атсалысқан. Өзін тезарада керемет сөз шебері ретінде көрсетіп, 1796 жылы Питтің кабинеті тұсында Сыртқы істер министрінің көмекшісі қызметіне тағайындалады. Қызмет баспалдығы бойынша көтерілуі басталып, Каннинг – 1799 жылы Үндістандағы департаменттің арнайы өкілі және 1800 жылы біріккен әскери қазынашылыққа тағайындалады.
1801 жылы Каннинг пен Питт қызметтен кетіп, бірақ 1804 жылы үкіметке қайта келеді. 1806 жылғы Питтің өлімінен кейін Каннинг және оның жақтастары қызметтен кететтіндерін жариялап, 1807 жылдың наурызына дейінгі кезеңде оппозицияда болады. 1807 жылдан бастап Каннинг – Португалиядағы елші, екі жылдан кейін бақылау палатасының төрағасы ретінде үкіметке қайта келеді [2,с.152]. Каролина королевасы ісіне байланысты келіспеушіліктер туындап, IV Георг тұсында қайтадан қызметтен кетуге мәжбүр болады. Каннинг ендігі кезекте Үндістандағы Бенгалияға генерал-губернатор қызметімен жүзуге дайындалып жатқанда, 1822 жылдың тамызында сыртқы істер министрі және қауымдар палатасының спикері Каслри қайтыс болады. 1822 жылдың қыркүйегінде босаған қызметке Каннинг тағайындалады [2,с.153].
Каннинг континентальді державалардың саясатына қиыс қарап, 1823 жылы Англияны «Қасиетті Одақтан» шығарады. Каннинг басқа елдердің ішкі істеріне араласпау принципін ұстанды. Ол 1823 жылы VII Фердинандтың билігін қалпына келтіру үшін Испанияның конституциялық партиясына көмектесуге әзір екендігін білдіреді. Алайда консерваторлардың өздері де Каннингті Францияның Испания әскери флотын қолдануға қарсылығын мақұлдап, Оңтүстік Америкадағы азаттық қозғалыстарды басу үшін Испанияға көмектесуге шақырды. Оңтүстік Америкадағы жаңа мемлекеттерге қатысты сәтті саясат Каннингтің 1826 жылы «мен Ескі дүниеде тепе-теңдікті қалпына келтіру үшін, Жаңа дүниеде өмірді жақтым» деген сөздерін айтуға негіз болады [6].
Сыртқы істер министрі қызметін Каннинг 1827 жылдың сәуірі, кабинеттің басшысы болғанға дейін атқарды. 1822 -1827 жылдар аралығында Каннинг ағылшындық мемлекеттік қайраткерлердің ішіндегі ең көрнектісі болды. Өз Отанына өзінің қатаң саясатымен ауқымды қызмет көрсетіп, нәтижесінде Ұлыбританияға халықаралық аренадағы ықпалды жағдайды қамтамасыз етті. Каннингтің сыртқы саясатының ең басты бағыты Еуропаны дүр сілкіндірген грек мәселесін шешуге бағытталды. 1821 жылы Грецияда Турцияға қарсы көтеріліс басталғаны белгілі. Каннинг Ресейдің интервенциясын, гректерге көмектесе отырып алдын алғысы келді. Альтернативтік шешім ретінде ол Ұлыбритания, Ресей және Франция арасындағы үшжақты келісімді ұсынды. Осы саясаттың нәтижесі - 1827 жылдың 6 шілдедегі Лондон конвенциясы болды. Бұл келісім бойынша түрік сұлтаны Грекияға жыл сайынғы алым-салық шартымен автономия берді. Каннингтің тұсында Ұлыбритания Латын Америкасындағы бірқатар испан жерлерінің тәуелсіздігін мойындады. Өзінің сыртқы саясатындағы ең басты міндеті ретінде, Каннинг елдің мәдени күшінің қалыпты дамуын және бейбітшілікті көздеу болды. Каннинг алғаш рет саясатты тұрақты қылып, Ұлыбританияның еуропалық істерге араласпауын және «Қасиетті Одақтан» шығуына атсалысты. Джордж Каннинг - Ұлыбританияның сыртқы саясатын жүргізуде орасан зор еңбек атқарған тарих көрсетіп отыр.

1.3. Форин офис құрылымы және қызметі

Британ дипломатиясының ұйымдастыру формасын жетілдіруде ең маңызды қадам – 1782 жылғы (Солтүстік департамент негізінде) бірегей орталықтандырылған дипломатиялық мекеменің, қазір де өзінің атауын сақтап қалған – Форин офистің құрылуы болды. 1795 жылғы Форин офистің басшысының тұрақты орынбасары қызметінің тағайындалуы, оның административті басқарумен қатар, барлық дипломатиялық кадрларды соның ішінде, «саяси» қызметке және кадрлық аппаратты бөлумен айналысты (1796 жылы штабында небары – 14 адам болса, ал 1832 жылы – 23, 1861 жылы – 37, ал 1913 жылы – 52 адам болған) [1,с.22].
1832 жылғы прогрессивті реформа арқасында, әрі мемлекеттік басқару функцияларының монарх және парламент құзыретіне бөлінуі, кәсіби дипломатиялық шенеуніктердің позицияларын бекіте түсті. Сайлауда жеңіске жеткен саяси партияның лидері өзінің кабинетінің мүшелерін тағайындаумен қатар, сыртқы істер министрі – Форин офистің саяси басшысын тағайындау құқын алды. Сонымен қатар, британдық Сыртқы Істер Министрлігі және оның барлық аппараты (СІМ) «Тақтың (престол) кәсіби қызметшісі» деген статусқа ие болады. Өз кезегінде, Форин офис саяси жетекшілерден біршама тәуелсіздігі, жеке административтік басқаруы әрі ранг бойынша өздерінің табельдерін де бекітетін болды.
Келесі ғасырдың бірінші онжылдығында Форин офистің кәсіби буынының деңгейі беки түседі. 1906 жылғы административтік реформа бойынша министрдің орынбасары Ч.Хардиндж және оның жолын жалғастырушылар осы қызметті атқара отырып, министрдің және үкіметтің атына, СІМ-нің бөлімшелерінен және шетелмекемелерінен келген барлық құжаттарды қарауға құқық алған болатын [1,с.23]. Тек қана қарап шығуға ғана емес, сонымен қатар өздерінің ойларын, ұсыныстарын және бағаларын бере алатын болды. Осылай кәсіби дипломатиялық қызметкерлер өзінің басшысы арқылы сыртқы істер мәселелеріне бастапқы кезеңдерінде дайындалуына және құрылуына ықпал ете алатын болды. Э.Грейден (1905-19165жж.) бастап бірде-бір сыртқы істер министрі, өзінің саяси ықпалы қаншама күшті болғанымен кадрлық дипломаттар ойымен санасуына тура келді. Белгілі, Э.Грей кезінде орыс-ағылшын Антанта блогын құру идеясын министрге 1907 жылғы кадрлық дипломатиялық қызметтің басшысы Ч.Хардиндж және оның қызметкерлері ұсынған болатын. Жақындағы мысалға тоқталсақ – Форин офистің қызметкерлері Г.Вильсон үкіметіне 60-жылдарда АҚШ-қа Вьетнамдағы соғыста әскери көмек көрсетуді қажет емес деп ұсыныс айтқан, бұл ұсыныс өз кезегінде салмақты және қарапайым «Вьетнамдағы соғыс жеңіс таба алмайды» деген ойдан шықты. Дипломаттардың ұсынысы үкімет тарапынан қабылданады. Бірнеше онжылдықтан кейін кәсіби әрі білікті дипломаттардың үкіметке қысым жасауынан Ұлыбритания ЕО-қа (Еуро Одақ) және 1975 жылғы референдум батыс-еуропалық интеграцияға қосылуды қамтамасыз етті [7,с.91-97].
Ұлыбританияның дипломатиялық қызметінің ядросы - Форин офистің қызметтік шенеуніктері ғана емес, британ дипломатиялық өкілдіктерінің қызметкерлері. Бір айта кететін жайт, Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғанға дейін Форин офис пен шетел дипломатиялық кадрлары бір-бірінен тәуелсіз, паралельді түрде өмір сүрді. Шетелдерде тұрақты өкілдіктердің құрылуы орталық дипломатиялық мекемелерден ертерек құрылды (ең алғашқы ағылшындық тұрақты елші – Джон Стайл VIII Генрихпен 1509 жылы испан королі Фердинанд тұсында тағайындалған). Тұрақты өкілдермен қатар XVII- XVIII ғасырларда және одан кейінгі уақыттарда да Ұлыбританияда дипломатиялық белсенділіктің деңгейін көрсететін шетелдерге көптеген төтенше дипломатиялық миссиялар жіберіліп отырған. Осылай, 1509-1688 жылдар аралығында шетелге әртүрлі категориялы 602-ден аса елшілер жіберілген екен [1,с.23-24].
Көпшілік елшілер өз миссияларын екі-үш реттен орындады, бұл өз кезегінде кәсібиліктің басталуының көрінісі. Дипломатиялық қызметтегілер «қызметтік баспалдақ» арқылы жоғары лауазым алуына мүмкіндік туындады. XVIII ғасырдың басында сол кезде қалыптасқан барлық рангтерден өткен елшілер де пайда болды (осындай елшілердің бірі – Ресейдегі I Петр тұсындағы бірінші тұрақты елші Ч.Витворт ). XVIII ғасырдың аяғына қарай 7 дипломатиялық ранг болды [1,с.24].
Басқару міндеттерінің парламент пен үкімет арасында бөлінуі, дипломатиялық аппаратқа аса қатты әсер ете қойған жоқ. Елшінің қызметіне тағайындау құқы әлі де монарх еншісінде болатын және монархтың шешімі талқылауға түспейтін. Елшілердің таққа жақындығын (елші – мемлекеттің шетелдегі жеке өкілі) басқа да фактілер көрсетеді, олар: бірінші дүниежүзік соғысқа дейін барлық елшілер Құпия Кеңес мүшелері болған; олар британ мемлекеттік протоколдық жетекшілігінде басты орындарды алған еді.
XIX ғасырдың екінші жартысына дейін, кіші қызметкерлерді елшілердің өзі және Форин офистің басшылары тағайындаған. 1856 жылдан бері үміткерлерге ауызша емтихан енгізілді. Ал 1906 жылы қабылдау емтихандары міндетті түрде, ауызша және жазбаша тапсырылатын болды. Жалпы конкурстық қабылдау ниет еткендер үшін (әйелдерден басқа) ашық болатын, бірақ мүлік цензі бұқара халықтың орта тап өкілдеріне (жылдық табыс мөлшері – 400 фунт стрелинг немесе 25-30 мың фунт қазіргі уақытпен салыстырғанда) дипломатиялық қызметке жолын жапты. 1919 жылы ғана, шетелдегі елшілерге жалақы төлеу басталғанда, мүліктік цензді алып, орта тап өкілдерін қызметке алу мүмкіндігі туды [1,с.24].

Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



526.0 Kb
Категория: Тарих | Добавил: Admin | Теги: Ұлыбритания, Халықаралық қауымдастық, Лондон, саясат, Әлемдік дипломатия, Ағылшын, курсовой
Просмотров: 2824 | Загрузок: 483 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Елбасы мақсаты- ел мұраты, гүлденген Қазақстан
Астана - әсем қала
Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясы бойынша оқушыларды кескін картам...
Қаржының мәні мен рөлі
Ұлтымыздың Ұстазы - Ахмет Байтұрсынов
Әли Құрманов
Тілепбергенұлы Қазанғап
Төлебаев Мұқан
Жамбылдың ұстазы еді Майкөт ақын
Абыл Тілеуұлы
Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі
Қазақтың демократ ағартушылары
Табиғатты аграрлық мақсатта пайдалану экономикасы
XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті