Главная » Работы » Рефераты на казахском » Тарих |
Загрузка...
және менеджмент колледжіне 90 жыл 2008 жылдың 28 қазан айында Мәсімхан Бейсебаев атындағы Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің құрылғанына 90 жыл толғалы отыр. Оқу орны Жетісу жұмысшы және солдат депутаттарының 1918 жылы 12 қыркүйектегі Қаулысымен Верный төменгі ауылшаруашылық мектебі негізінде Жетісу ауылшаруашылық училищесі болып құрылған. 1936 жылдан бастап Талғар ауылшаруашылық техникумы болып аталынды. 1997 жылы 3 қарашадағы Қазакстан Республикасы Өкіметінің №1485 Үкімімен Талғар агробизнес және менеджмент колледжіне Мәсімхан Бейсебаевтың есімі берілді. Колледж тарихы өте бай және қызықты. Бұл тарихтың ішіне Ұлы отан соғысы жылдарының беттері де жазылған. Атап айтсақ, сұрапыл 1942 жылы осы техникум қабырғасында Бауыржан Момышұлы соғысқан 8- гвардиялық Панфилов двизиясының 1073 Талғар полкы жасақталған. 1942 жылы Бауыржан Момышұлы басқарған полк Мәскеуге 31 шақырым қалғанда, неміс басқыншыларын талқандап, кері қайтарғандардың алғашқылары болған. Соғыстың соңына қарай Бауыржан Момышұлы Гвардия дивизиясын басқарды. Осы дивизия құрамында біздің түлектеріміздің бірі техникум директоры А. Н. Нүсіпбеков соғысқан .Ұлы Отан соғысы жылдары техникумнан 150-ден астам оқушылар және оқытушылар мен қызметкерлер арасынан 23 адам майданға аттанған. Бұлардың барлығы Ұлы Отан майдандарында ерлікпен соғысып тың және тыңайтқан жерлерді игеруге өз үлестерін қосты. Ірі мемлекеттік қызметтерге, ғылым саласына, ел басқару ісіне белсенді араласқан және алдыңғы қатарлы ауылшаруашылығы өндіріс орындарында аянбай еңбек етіп жүрген колледжіміздің түлектерін әрқашан да мақтан тұтамыз. Атап айтқанда, Ұлы Отан соғысының ардагерлері: • Мәсімхан Бейсебаев - Ұлы Отан Соғысының ардагері, 2 Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерінің, Ұлы Отан соғысы және СССР – дің көптеген медальдарының иегері. 1933 – 1936 жылдары осы техникумның директоры. 1964 жылдан бастап, зейнетке шыққанға дейін Қазақ КСР – і Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметін атқарған. • Ақай Нүсіпбеков - Ұлы Отан Соғысының ардагері, тарихшы, тарих ғылымдарының докторы, Ғылым Академиясының вице – президенті. 1932 – 1933 жж. Алматы ауылшаруашылық техникумында оқытушы, директорлық қызметін атқарған. Ақай Нүсіпбековтың соғыстан кейінгі барлық қызметі тарихпен байланысты болған. • Заманбек Батталханов – Жетісу өңіріндегі ауылшаруашылық аудандарының қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан ұйымдастырушылардың бірі (1954- 1994 жж.) ал, 1994 жылдан облыстық Ардагерлер Кеңесінің төрағасы. • Қ. А. Қалдыбаев - Ұлы Отан Соғысының ардагері, 3 – дәрежелі Даңқ орденінің иегері. • К. А. Асанов – ВАСХНИИЛ академигі, Социалистік Еңбек Ері. • Қ. А. Әбдіғұлов, Ж. Молдасанов, Ы. Әбдіғұлов және С.К. Бурдин – Социалистік Еңбек Ерлері. • И. С. Сүлейменов – Ауылшаруашылық ғылымдарының докторы. • С. Қ. Қасымов – Алматы облыстық қаржы басқармасының бастығы. • Т. Ж. Қалмақбаев – «Республикалық әдістемелік санитарлық диагностикасы мен Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің Болжау орталығының » Алматы филиалы мекемесінің директоры, т.б. Талғар агробизнес және менеджмент колледжі еліміздің ең байырғы оқу орны ретінде Қазақстанның Гиннес кітабына енгізілді. Бір ғасырға жуық ғұмыры бар оқу орнының негізгі мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Бәсекеге қабілетті дегеніміз – бүгінгі күн сұранысына сай болу, ал бүгінгі күні сұранысты – компьютерлік сауаттылығы жоғары, өз кәсібінің шебері, бірнеше шетелдер тілін меңгерген, бірнеше мамандықтың тізгінін ұстаған, ата – анасының аялап, үмітін ақтайтын, еліміздің кетігіне жарайтын білімді де білікті азамат. Бүгінгі күндері елуліктің көкжиегін аңсаған колледж ұжымы келесі 11 мамандықтар бойынша мамандар даярлауда. - 4409002 – Өсімдікті қорғау және агроэкология - 4406012 – Агрономия - 4405002 – Жерге орналастырушы - 4832002 – Жемістер мен көкеністерді сақтау және қайта өңдеу - 4412002 – Фермер шарушылығын құру және жүргізу - 4402002 – Ауыл шаруашылығын механикаландыру - 3706002 – Есептеуіш техниканы және автоматтық жүйелерді бағдарламамен қамтамасыз ету. - 3002002 – Автомобиль транспортының техникалық қызметі және жөндеу Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ. Желаем успехов! | |
52.5Kb
| |
Категория: Тарих | Добавил: Admin | |
Просмотров: 2023 | Загрузок: 222 | Рейтинг: 0.0/0 |
Это может Вас заинтересовать:
Астана - әсем қала |
Ақыт қажының Жиһаншаһ дастанындағы Шаһзада бейнесі |
Ислам - әлемдегі бейбітшіліктің кепілі |
Әлкей Марғұлан |
Домбырамен ән айту арқылы жас ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыру |
PowerPoint 2007 бағдарламасы |
Қазақстандығы сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер |
Мұрат Мөңкеұлы |
Досмұхамедұлы Халел |
Даргомыжскийдің вокалдық шығармашылығы |
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның құқықтық дамуы |
Есенғали Раушанов |
Иоган Себастьян Бах |
Тастанбекқызы Сара |
Жүрек ырғағы |