Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 19.1.2017
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина

Валеология – салауатты өмір сүрудің негізі
Загрузка...
Валеология – салауатты өмір сүрудің негізі. Қазіргі уақыттағы әлеуметтік – экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экономикалық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде.
Халық денсаулығының жағдайы тек қоғамдық дамудың ғана көрсеткіші емес, сонымен бірге қуатты экономикалық, еңбек, қорғаныс және мәдени әлует болып табылады. Денсаулықты жақсарту үшін дұрыс өмір сүру қалпын қалыптастыру бағдарламалары құрылды. Мұндай бағдарламалар қатарына “Халық денсаулығы”, “Денсаулық баршаға”, “Валеология – қалай ауырмау керек”, “Салауаттану – денсаулықты сақтау” деген сияқты көптеген бағдарламаларды жатқызуға болады.
Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс Салауатты Өмір Салты (СӨС) ұғымында толығырақ айтылады.
Осы заманғы ғылым мен әдістемеде салауатты өмір салты – бұл адамның еңбек әрекетімен, тұрмысымен, материалдық және рухани мұқтаждықтарды қанағаттандыру түрімен, жеке тұлға және қоғамдық мінез – құлық ережелерімен сипатталатын тіршілік әрекетінің белгілі типі туралы түсініктерді біріктіретін биоәлеуметтік санат. Жеке тұлғаның өмір салты алуан түрлі, бірақ негізінен 3 нышанға негізделеді:
- өмір сүру деңгейі;
- өмір сүру сапасы;
- өмір сүрудің өзіндік жолы.
СӨС-ын ынталандыру әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен
айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталған. Салауатты өмір сүру салты адамның денсаулығы үшін қолайлы жағдайларда кәсіптік, қоғамдық және тұрмыстық қызметтерін орындауға себепші болатындардың барлығын бірлестіреді. СӨС жеке тұлғаның және қоғамдық денсаулықтың қалыптасуы, сақталуы және нығаюындағы жеке тұлғаның іс әрекеттеріне бағыт береді.
Жеткілікті құралдар болмай тұрған жағдайда ауруларға қарсы күрес пен денсаулықты нығайту жөніндегі біздің стратегиямыз азаматтарымызды СӨС- наәзірлеуден басталады
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина | Добавил: Admin
Просмотров: 1480 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Жұма күнінің әдептері
Шал Мырза
Дербес компьютер
Дербес компьютерде іс-қағаздарын жүргізу
Өкілетті органдар
Досмұхамедұлы Халел
Нәзір Төреқұлов
Валеология – салауатты өмір сүрудің негізі
Бейімбет Майлин
Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы
Үкілі Ыбырай. Тайгадағы түс. “Қалдырған” әні
Халел Досмұхамедов
Адам экологиясының пайда болуы туралы түсінік
Адам жүрегі
Бетховеннің симфониялық шығармашылығы