Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина

Валеология бойынша бағдарламаны енгізу
Загрузка...
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың басты бағыттары мен міндеттерін жүзеге асырудың бірі балалар мен жасөспірімдерге үздіксіз білім беру барысында валеологияны оқыту, яғни, валеологиялық білім беру болып табылады. 1998 жылы Мәдениет, білім және денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы бойынша валеология бағдарламасы жалпы білім беретін мектептерге, орта және жоғарғы оқу орындарына 1998-1999 оқу жылдарында енгізіле бастады. Кейбір объективті қиындықтарға қарамастан, бүгінгі таңда республика бойынша жалпы білім беретін мектептерде валеология бағдарламасы 3,5 млн оқушыларға оқытылуда
- 91,6%, мектепке дейінгі балалар бақшасында
- 96,3%, орта арнайы білім беретін орындарда — 76,2% және жоғарғы оқу орындарында -69,3% оқытылуда.
Республика мектептеріндегі сараптама зерттеу жұмыстарының көрсетіп отырғанындай, оқушылардың жеке бас гигиенасына байланысты ауруларының алдын алу 1998 жылға қарағанда 34%-ға өскен, СӨС нормалары мен ережелерін орындау 60% өскен, дене шынықгыру 18% өскен, шылым шегушілердің саны 20% азайған, спирттік ішімдік ішетіңдердің саны 5%-ке азайған, ал ЖЖБА жөнінде және олардың алдын алу жайлы білімдері 52% артқан. Кейбір аймақтарда оқушылар арасында сары ауру сырқатымен ауыратын адамдардың саны 10%-ға төмендеген (Ақтөбе, Ақмола, Павлодар), асқазан, ішек қарын және тыныс жолы ауруларымен ауыратын адамдардың саны 18% төмендеген (Жамбыл, Батыс Казақстан). СӨСҚ мәселелері бойынша оқушылардың білім деңгейі 65% артқан; дене шынықгыру белсенділігі 3 есеге; ЖЖБИ және ЖТИС алдын алу 45% артқан; спирттік ішімдік пен темекі тартудың зияндылығы жайлы білімдері 30% артқан. Бағдарламаны одан әрі жетілдіре енгізу үшін білім беру бойынша бағдарламалардың Республикалық координациялық кеңесі құрылды, қазіргі уақытта Білім және ғылым министрлігінің техникалық қолдауымен оқу құралдары мен 1-4 сыныптарга оқу бағдарламалары жасалды.
2003 жылы СӨСҚПҰО ҚР Білім және Ғылым Министрлігімен және Алматы калалық білім департаментімен біріге отырып, "Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын қалыптастыру процесіндегі мектеп психологиясы" атты тұңғыш жобасын енгізе бастады.

Профилактикалық бағдарламалар
Ұлттық Орталықта жинақталған тәжірибеге сүйене отырып, жергілікті деңгейде келесі тиімді профилактикалық жұмыстарды жүргізу ұйғарылды:
1. Ақпараттық жұмыстар мен білім беру.
2. Кауіпсіз жауапты іс әрекет пен дағдыны калыптастыру.
3. Салауатты өмір салтын ұстануға баулу.
4. Денсаулық сақтау қызметі мен әлеуметтік қызметтің халық қолы жететіндей дәрежеде болуын камтамасыз ету.
5. СӨС калылтастыруда мемлекеттік саясатты күшейту, нормативтік құқықтық негізді қалыптастыру.
6. Нысаналы топтарды тандаудағы басымдық - балалар, жасөспірімдер, жастар.
Халықтың ақпарат алу деңгейін жақсарту мақсатында, жасаған іс әрекеттеріне жауаптылығын арттыру, оны дағдыға айналдыруды қалыптастыру үшін үйлестірушілер әр түрлі әдістер мен технологияларды пайдаланады: арнайы топтарға акпаратты білім тест материалдарын қолдану, интерактивті әдістерді қолдану; волонтерлік қозғалыстарды дамыту, "теңге-тең" принципі бойынша оқыту; жасөспірімдерге ақпараттық білім беру мақсатында білім беру орталықтарын құру, интернет жүйелерін және тұрмыс дағдыларына үйрету орталықтарын құру көзделуде.
Соңғы жыддары аурудың алдын алу және денсаулықты нығайту мәселелерімен айналысатын халықаралық және қоғамдық ұйымдармен тығыз карым қатынаста жұмыс істеу күшейе түсті: бірігіп республикалық семинарлар мен конференциялар өткізу, кең көлемді акциялар мен халықаралық күндерді өткізу, ақпараттық білім жөне әдістемелік материалдарды басып шығарып, социологиялық зерттеулерді өткізуде.
Бүгінгі таңда профилактикалық бағдарламалар сапалы, жаңа деңгей жетістіктерін көрсетуде. Ғылыми қолдау бар және оны тиімді түрде енгізуге де мүмкіндіктер бар: ДДҰ жобалары -денсаулықгы нығайту мектептері, салауатты университеттер, салауатты қалалар, салауатты жұмыс орындары, ауруханалар салауатты өмір салтын қолдайды; денсаулықты нығайту орталықтары, темекі тартушылықпен күрес орталықгары, тамақтануды реттейтін орталықтар, салауатты өмір дағдыларына үйрететін орталықгар немесе т.с.с. СӨСҚДҰО базасында жасөспірімдердің ақпаратгық білім беру орталығы құрылған, онда 2002 жылдың мамыр айы мен қыркүйек айлары аралығында 50 ерікті түрде жалданушылар (студенттер мен оқушылар), 30 педагог, 10 медицина қызметкерлері білім алып шықты.
Жалпы халық үшін аурулардың алдын алу және денсаулықты нығайтуға арналған барлық бағдарламалардағы білімді алуға қажетті тақырыптарды қамтитын білім стандарттары жасалған.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина | Добавил: Admin
Просмотров: 1336 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Бәйсейітова Күләш (Гүлбаһрам) Жасынқызы
Адам болам десеңіз (білім сайысы)
Неологизмдердің жасалу жолдары
Ақыт қажының Жиһаншаһ дастанындағы Шаһзада бейнесі
Марғұлан Әлкей Хақанұлы
Абайтанушы ғалым Қайым Мұхаметханұлы
Жүрсін Ерман
Бақытжан Қаратаев
Ғабиден Мұстафин
Балалардың сүйікті жыршысы - Мұзафар Әлімбай
Бунақденелілер
Шәмші Қалдаяқов
Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн
Сәбитұлы Асанқайғы
Баймырзаұлы Балуан Шолақ