Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 23.10.2014
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина

Өсімдіктің тыныс алуына әсер ететін әр-түрлі процесттер
Скачать удаленно
Өсімдіктің тыныс алуына әсер ететін әр-түрлі процесттер

Өсімдіктердің тыныс алуы үнемі өзгеріп отыратын процесс, ол көптеген ішкі және сыртқы жағдайларға байланысты. Тыныс алу субстраттары, физиологиялық процестердің жалпы активтілігі, өсімдіктердің жасы, тканьдердің түрлері және олардың орналасуы, өсімдіктердің географиялық шығу тегі осындай жағдайлар болып табылады. Сыртқы жағдайлардың ішінен оттегінің болуы, температура, жарық түсу жағдайлары, ортаның ылғалдылығы тыныс алуға елеулі әсер етеді.

Клетка тіршілік әрекетінің деңгейі тыныс алу процесінің деңгейін анықтайтын аса маңызды фактор болып табылады. Клетка тіршілік әрекетінің деңгейі протопластың мөлшері мен күйіне байланысты. Ішіне жас және тіршілік етуге қабілетті протоплазма толған камбий клеткаларының тыныс алу қарқындылығы аса жоғары болады. Саңырауқұлақ мицелийлері мен бактериялар жедел өсе бастаған кезде де тыныс алу қарқындылығы жоғары болады. Бұл жағдайлардың бәрінде де тыныс алу қарқындылығының жоғары болуы клеткалардың активті түрде өсетіндігіне байланысты, өйткені клеткалардың өсуі органикалық заттардың күшті синтезделуіне, протоплазманың жаңа түзінділері пайда болуы мен клеткалардың бөлінуіне байланысты. Бұл процестердің барлығына көптеген маңызды органикалық қосылыстар қажет болады. Ол қосылыстар тыныс алудың аралық өнімдері және энергиясы арқылы түзіледі.

Тыныс алу процесінің деңгейі көп жағдайда тканьдердің орган-дарда орналасу ретіне де байланысты. Органдардың сыртқы бетіне жақын орналасқан және оттегімен жеткілікті қамтамасыз етілген тканьдердің тыныс алу қарқындылығы едәуір жоғары болады. Картоптың тыныс алу қарқындылығын 1 г құрғақ салмағына бөліп, тәулік ішінде өлшесек, ол жұмсақ түйнегінде 3,8 мг, қабығында 11,3 мг, көзшелерінде 13,8 мг СО2-ге тең болады. Лимон жемісінін, тыныс алу қарқындылығында да осындай айырмашылықтар бар. Тұтас жемісінің тыныс алу қарқындылығы 12,4 мг СО2, жұмсақ етінде—10,6, ал қабығында — 69,3 мг СО2 болады. Тканьдер қаншама тереңдікте орналасса, оттегін соншама аз қабылдайды және тыныс алу қарқындылығы соншама төмен болады.

Онтогенез барысында өсімдіктің дамуына байланысты оның тыныс алу қарқындылығы да өзгеріп отырады. Тыныс алу қарқындылығы өсімдіктің есе бастауынан оның толық қалыптасуына дейін үздіксіз арта береді. Өсімдіктің гүлдеу кезеңінде ол максимум шамаға жетеді де, одан соң біртіндеп кемиді.

Өсімдіктің тіршілігін қамтамасыз ету шегінде оның температурасының артуы тыныс алу процесін күшейте түседі. Мұнда тыныс алуға қажетті минимум, оптимум және максимум температураны ажыратуға болады. Өсімдіктің түріне, оның генетикалық табиғатына және экологиялық бейімделушілігіне қарай аса маңызды бұл нүктелердің жағдайы түрліше болып келеді.

Суық климатқа бейімделген өсімдіктер денесінің қалыпты тыныс алу процесі ететін минимум температурасы жылу сүйгіш өсімдіктер денесінің минимум температурасынан едәуір төмен болады.

Өсімдіктердің шығу тегі мен бейімделушілігіне байланысты тыныс алуға қолайлы жағдай туғызатын тиімді темепратура да түрліше болып келеді. Алайда өсіп жетілу кезеңдеріне қарай ол бір өсімдіктің өзінде де өзгеріп отырады. Мысалы, лимонның пісіп келе жатқан жемістерінде тыныс алуға қажетті тиімді температура жемістер түзіле бастаған кездегіге қарағанда айтарлықтай төмен болады. Лимонның толық піскен жемістері үшін тиімді температура бұдан да төмен. Мұны ортаның температура режиміне жемістердің адаптациялануымен (бейімделуімен) түсіндіруге болады. Жемістер ауа райы ыстық болып тұратын жазда қалыптасатын болса, олардың пісуі ауа райы салқын болатын күз айларында өтеді. Тыныс алу процесінің барысына басқа да кептеген факторлар бір мезгілде әсер етеді, сондықтан тыныс алу қандай да болмасын бір фактордың өзгерісіне тәуелді болмайды. Тыныс алу процесі үшін маңызды болып табылатын көптеген факторлардың тиімді ұштасып келуі де осындай себептерге байланысты тұрақсыз болады.

Осы тараудың басында айтып өткеніміздей, жоғары сатыдағы өсімдіктерге аэробтық, сондай-ақ анаэробтық тыныс алу процесс тән. Эволюциялық тұрғыдан алғанда ертерек пайда болған анаэробтық тыныс алу толығымен жойылып кетпестен, негізі сақталып, құрамдас бөлігі ретінде аэробтық тыныс алудың құрамына өтті. Алайда, өсімдік ұзақ уақыт анаэробтық жағдайда бола алмайды: қоршаған ортада оттек жоқ болса, аэробтық тыныс алу да болмайды, сөйтіп өсімдік анаэробтық тыныс алуға көшеді. Тканьдерде анаэробтық тыныс алу өнімдері — этил спирті мен СО2 жиналады да, біртіндеп өсімдікті уландырады. Анаэробиоз едәуір ұзаққа созылғанда цитоплазма структурасы бұзылады да, одан сон, толық ыдырайды. Дегенмен, оттегінсіз ортаға едәуір бейімделген өсімдіктер де бар. Оларға батпақты жерлерде немесе оқтын-оқтын су басып кететін жерлерде өсетін өсімдіктер жатады. Тал тұқымдастардың кейбір түрлері, жолжелкен, күріш өскіндері оттек жетіспеушілігіне айтарлықтай төзімді келеді.

Органдардың ішкі және беткі жағына орналасқан тканьдерді оттегімен қамтамасыз етуде де үлкен айырмашылық бар. Жемістің жұмсақ етінің тканьдерінде ерекше ішкі газды орта болады. Лимон, алма жемісінің жұмсақ етінде және картоп түйнегінде ауаның мөлшері түрліше болады. Мұндай ішкі ауадағы оттегінің концентрациясы 11 проценттен 14 процентке дейін, ал көмір қышқыл газының концентрациясы 7 проценттен 8 процентке дейін ауытқып отырады. Жемістің пісу дәрежесіне қарай бұл құрам өзгеріп түрады. Сыртқы ортадағы ауа құрамынан бұл құрамнын, көп айырмашылығы бар. Өсімдіктердің ішкі тканьдері аэробтық тыныс алумен қатар, шамалы болса да, анаэробтық тыныс алуды да жүзеге асырады деген жорамал бар.

Өсімдіктердің тыныс алу процесіне жарық айтарлықтай әсер етеді. Қараңғыдан жарыққа көшіргенде кептеген өсімдіктердің тыныс алуы күшейе түседі, ал өсімдіктердің енді бір тобында жарық бұл процесті баяулатады. Мұндай жағдайға әсіресе көлеңкеде өсетін жапырақтар сезімтал келеді, жарық әсер еткен кезде олар тыныс алу процесін тез арада күшейтеді. Басқа органдармен салыстырғанда жапырақ жарықты өте сезгіш болады. Олар жарықта оттегін қарқынды сіңіріп, көмір қышқыл газын бөліп шығарады, бұл процесс сэуле арқылы тыныс алу деп аталады. Сәуле арқылы тыныс алу клетканың бірқатар органоидтарының — хлоропластарының, пероксисомдары мен митохондрияларының өзара әсер етуінің нәтижесінде жүзеге асырылады деп есептеледі. Сәуле арқылы тыныс алу кезінде хлоропластарда фотосинтез есебінен түзілген гликол қышқылы СН2ОН • СООН пероксисомға өтіп бірнеше өзгерістен кейін митохондриялардын, құрамында серин амин қышқылы мен СО2 газы ретінде ақырғы өнім береді. Бұл жағдайда бөлініп шығатын СО2 сәуле арқылы тыныс алу өнімі болып саналады.

Тканьдердің сумен қамтамасыз етілу деңгейі белгілі дәрежеде тыныс алу процесіне әсер етеді. Өсімдіктердегі су мөлшерінің азаюы мен олардың солуы көптеген өсімдіктерде тыныс алуды күшейтеді. Тұқым ылғалдылығының ерекше зор маңызы бар. Астық тұқымдастар тұқымының ылғалдылығы 12% болғанда олардық болар-болмас тыныс алатындығы байқалады, мұнда өсу процесі тежелген, тұқым тыныштық күйде болады. Көп жыл бойы сақталатын тұқымдардың тыныс алу процесі өте баяу өтеді. Тұқымнын, ылғалдылығы өскен сайын, оның тыныс алу қарқындылығы күшейе береді.


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина | Добавил: Admin | Теги: жарық түсу, оттегінің болуы, СО2, температура, Өсімдіктер, СН2ОН
Просмотров: 3449 | Загрузок: 17 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/1

Это может Вас заинтересовать:
Айдың табиғатқа және тіршілікке тигізетін маңызы
Жамбыл деген жәй атым, Халық менің шын атым!
Магниттік дауылдың адам қанына әсері
Бағдарлы сыныптардағы информатиканы оқыту үрдісі мен оқу әдістемелік ж...
Қазақ философиясы қалыптасуы
БАЙБЕКҰЛЫ ӘЙТЕКЕ БИ
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың түрлері және қызметі
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ РЕСЕЙ
Қазақстан ғарыш айлағы
Құқық қорғау органдары
Көркем мәтіндердегі диалектизмдердің этномәдени мәні
Георг Фридрих Гендель
3 АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ
Маркетингтің мақсаттары, принциптері, қызметтері және түрлері мен сала...
Ар түзейтін бір ғылым табылмаса