Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина

“Салауаттану – денсаулықты сақтау” бағдарламасы бойынша дұрыс өмір сүру қалпын қалыптастырудың көкейтестілігі
Загрузка...
Қазіргі уақыттағы әлеуметтік – экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экономикалық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде.
Ел Президентінің “ Қазақстан - 2030” жолдамасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – “Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл – ауқаты” тармағында “... азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін азаматтарымызды салауатты өмірсалтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Сондықтан елімізде салауатты өмір салтының пайдасына пәрменді білім беретін және ақпаратты науқан үдетіле түсуі қажет”.
Қазақстанда соңғы жылдары демографиялық көрсеткіштер нашарлап, туу, халықтың табғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық және өлім – жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығы қауіп тудыруда. Созылмалы дертпен ауыратын 2 млн. Балалар мен жасөспірімдер диспансерлік есепте тұр. Алматы қаласындағы мектеп оқушыларының денсаулығын зерттегенде, олардың 85% - і созылмалы дертпен ауыратыны, ал Өскеменде сырқаттану деңгейінің 91% - ке дейін жеткені анықталды.
Ресей Федерациясының балалар мен жасөспірімдер физиологиясы ғылыми – зерттеу институтының (ҒЗИ) мәліметтеріне қарағанда, 1 – сынып оқушыларының денсаулығында 30% - ға дейін физиологиялық ауытқу болған жағдайда, бұл ауытқудың шамасы 10 – 11 сыныптарда 80 – 85% - ға жетеді екен. Тап осындай зерттеулердің деректері біздің республикамызда да ұқсас болып шықты. Мектеп оқушыларының 67% - ының озбырлық, жабығу, ішкі және сыртқы әсерлерге қайтаратын жауаптарының бұзылуы арқылы білінетін “мектептік абыржу” байқалады. Соған байланысты мектеп оқушылары организмінің ауруға қарсылық қасиеті төмендеп, иммундық жүйеден азап шегеді де балалардың аурушаңдығының артуына себепкер болады.
Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі құмарлық және уытты заттарға әуестік, адамгершілікке жат мінез – құлық, ерте жыныстық қатынас кеңінен таралуда.
Дұрыс өмір сүру қалпын қалыптастыру проблемалары Ұлттық орталығының мәліметтері бойынша, жасөспірімдердің 40% - дан астамы темекі тартады, 39% - ға дейінгілері ішімдік пайдаланады, 17% - ға дейінгілері есірткілік заттардың дәмін тартады, 41% -ға дейінгілері жыныстық қатынасқа ерте тәуелді. Осыған байланысты жіңішке аурулар, соның ішінде ИТИС (СПИД) саны 10 есе өсті. Кәмелетке толмағандар арасында туу және түсік тастау саны жоғары деңгейде (жылына 9 мыңнан астам түсік) қалып келеді.
Көпбағытты медицина кезінде нарықтық экономикаға көшу жағдайларында сақтандыру шараларын білу, ісмерлік көрсету және оны бұзбау, салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру денсаулықты сақтап, нығайтуда ең маңызды ерекше белгі болып табылады. Бұл көрсеткіштер көкейтесті әлеуметтік мәнділікке ие болады да, балалар мен жасөспірімдердің дұрыс өмір сүру қалпын қалыптастырудың белсенді стратегиясын, олардың әлеуметтік бейімделуі мен өз денсаулығын сақтау жауапкершілігін арттыруды, пайдалы қажеттілікке уәжділікті талап етеді.
Санитарлық – гигиеналық сауаттылық деңгейін жоғарылатуда, адам денсаулығын сақтап, нығайту үшін дұрыс өмір сүру қалпын қалыптастыруға түбірлі өзгерістер жасау және Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының оқу жоспарына салауаттану негіздерін енгізу керек. Академик Н.М.Амосов айтқандай: “Денсаулығың мықты болу үшін тұрақты да, мәнді өз күшің болуы қажет, оны еш нәрсемен ауыстыруға болмайды”.
“Салауаттану – денсаулықты сақтау” тұжырымдамасының өзекті мәселесі “бірегей біртұтастық” ұғымы болып табылады, яғни денсаулықты өзара байланысты бөліктерден құралатын бүтін дүние ретінде түсінуге тура келеді. Адам денсаулығы негізгі үш: құрылымдық- функционалдық, физикалық – химиялық, психикалық – эмоциялық – рухтық қасиеттерден құралып қалыптасады.
Дұрыс өмір сүру қалпын қалыптастыру тұжырымдамасының мақсаты – Қазақстан Республикасында салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудың тұжырымдамалық негіздерін жасау. Бұл мақсат төмендегідей нақты міндеттерді шешу арқылы жүзеге асырылады:
- салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған қазіргі бағдарламаларды талдау;
- аурудың пайда болу факторларының өте таралғыштығын зеттеу, қауіп – қатер тобын айқындау;
- салауатты өмір салтын қалыптастырудың тұжырымдамалық негіздерін жасау, т.б.
Тұжырымдаманың мақсаты, мазмұны және құрылымы ең алдымен қоғамның әлеуметтік тапсырысына, салауаттану тұрғысындағы ғылыми білім жүйесіне және әдіснамалық ұстанымдарына сәйкес анықталады. Тұжырымдаманың негізгі қағидалары “Салауаттану – денсаулықты сақтау” бағдарламасы негізінде алынды.
Жас ұрпақтың салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудан алған білімдері Қазақстан Республикасы болашақ азаматтарының денсаулығын сақтап қалуға берік тірек болады. Осы тұрғыдан қарағанда, дұрыс өмір сүру қалпын қалыптастырудың әдіснамалық негізін жасау, салауаттануға арналған бағдарламаларды, оқ у - әдістемелік кешендерді жетілдіру ел Президентінің “Қазақстан - 2030” Жолдауына үндес алынған маңызды мәселелер және сақтандыру медицинасы мен білім беру жүйесінің ғылыми бағыты болып табылады.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина | Добавил: Admin
Просмотров: 1757 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Электрокардиограмма
Рысқұлов Тұрар
Германия
Қазақстанның географиялық зерттелу тарихы
Қазақстандағы ұжымдастыруға қарсы шаруалар көтерілісі
Сапарғали Бегалин - халықтың сүйікті жазушысы
Өсімдік қорғау және карантин мамандығы бойынша Емтихан билеттері
Италия Республикасының Конституциялық құқығы
Наурызым қорығы (Қостанай облысы)
ЖИТС-21 ғасыр дерті
Қазақ фольклористикасы
Қастеев Әбілхан
Балқаш аңызы
Адам болам десеңіз (білім сайысы)
Компьютерлік Вирустар