Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина

СӨСҚ қызметінің негізгі бағыттары
Загрузка...
Қазақстан 2030 жылдарына дейін Даму стратегиясын жүзеге асырудың негізгі бағыттары, "Дұрыс өмір сүру қалпы" кешенді бағдарламасы, "Салауатты өмір салтын үгіттеу және насихаттау" бюджетті бағдарламасын Республикалық және аймақтық деңгейлерде жүзеге асыру үшін келесі міндеттемелерді орындау қажет: білім беретін және аурудың алу, СӨС мамандарын даярлау бағдарламалар, ДДҰ жобаларын кеңейте түсу және іске асыру, аурудың алдын алу бағдарламаларына ғылыми тұрғыдан қолдау көрсету, жаппай халықтық іс-шаралар өткізу, ғылыми практикалық әдістемелік материалдарды, жаңа технологияларды жасау және енгізу, халықгы СӨСҚ мәселесіне байланысты хабардар етіп отыру, аурудың алдын алу және денсаулықгы нығайту.

Білім беретін бағдарламалар
СӨСҚ мамандарын даярлау және қайта даярлау. СӨСҚ мамандарын даярлау негізінен медициналық немесе педагогикалық сала қызметкерлерімен өткізіледі, олардың профилактикалық медицина саласы бойынша білімдері толықтырылады, біліктілігі қарастырылады - бұның барлығы қызметтің дұрыс ұйымдастырылуына қажетті жағдайлар. Осыған сәйкес ҚР Білім, мәдениет және денсаулық сақгау министрлігінің 14.12.98 жылғы № 594 бұйрығына негізделіп СӨСҚПҰО базасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерімен айналысатын мамандарды даярлайтын Республикалық орталық құрылды. Оның негізгі мақсаттары төмендегідей:
1. Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша мамандарды даярлау және қайта даярлау;
2. Мемлекеттік оқу, білім беру ұйымдарына валеология пәнін енгізіп, дамыту.
Міндеттерді жүзеге асыру максатында, салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесімен айналысатын республикалық Ұлттық Орталықта СӨС қалыптастыратын мамандар үздіксіз даярланып, курстар мен семинарлар өткізілуде, аудандық және қалалық білім жетілдіру институттарында басшылар мен ғылыми педагогикалық мамандар оқытылуда, сонымен қатар, Республикалық медицина колледжінде, қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінде, Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясында және Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтында арнайы валеология факультеттері ашылған. СӨС-ның жекеленген аспектілері бойынша медицина және педагог мамандары үздіксіз даярлануда, аурудың алдын алу мақсатында аудандық және қалалық СӨСҚ орталықтарында 1-2 күндік семинарлар үнемі өтеді. Бүгінгі күнге дейін СӨСҚ орталығында 20 мыңнан астам СӨС мамандары дайындалды, олардың 70 пайызы медициналық қызметкерлер. Әйтсе де, мақсатсыз маман дайындау, оларды өз саласы бойынша қызметпен қамтамасыз ету АМСК деңгейіндегі денсаулық сақтау ұйымдарын және мектепті СӨС қалыптастыратын мамандармен қамтамасыз етуде кедергі келтіріп отыр.
СӨС мамандарын даярлауды одан әрі жетілдіре түсу ҚР Үкіметінің 2002-2004 жылдардағы бағдарламасымен қолдау көрсетілуде. Алдағы уақытта АМСК ұйымдары үшін СӨСҚ мамандарын 2002 жылы 40% дейін даярлау, ал 2003 жылы олардың санын 70% дейін арттыру міндеті көзделіп отыр. Бұл көрсетілген міндеттемелерді жүзеге асыру үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тарапынан бірқатар бұйрықгар жарық көрді. Олар: "Медициналық жоғары оку орындарында аурудың алдын алу және денсаулықты нығайту үшін арнайы кафедралар мен курстар ашу" және "Салауатты өмір салтын калыптастыруға кажетгі тренерлерді дайындауға арналған курстар жөнінде" .
СӨСҚПҰО мен Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институты бірігіп денсаулықты нығайту және аурудың алдын алудың Бас кафедрасын құрды, ол кафедрада АМСК болашақ дәрігерлерін диплом алдында дайындайды, тақырыптық циклдар бойынша СӨСҚ ұйымдарының мамандарын даярлауға және қайта даярлауға қатысады. Бас кафедраларды медициналық жоғарғы оқу орындарында ұйымдастыру барысында, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағдарламасы бойынша студенттер арнайы диплом алады, сөйтіп, аурудың алдын алу мен денсаулықты нығайтуға үйретеді. Сонымен барлық медициналық жоғарғы оқу орындарын тәмамдаушы түлектер, институттарда білімін көтерген дәрігерлер 2003 жылдан бастап дипломға дейінгі және дипломнан кейінгі салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары бойынша кәсіби маман болып шығады.
Медициналық колледждерде тұрақгы СӨСҚ бойынша жаттықтырушылар даярлайтын курстар жұмыс істеуде. Сонымен қатар медколледж окушылары мен орта медициналық білімі бар адамдар мен фармацептикалық қызметкерлерден де диплом алды және дипломнан кейінгі треньерлерді даярлау жүзеге асырылуда.
Білім беру саласындағы валеология пәнінің мұғалімдерін даярлау әрдайым өткізілетін семинарлардың тұрақты және ұзақ мерзімді болмауына байланысты айтарлықтай нәтиже берген жоқ. Бүгінгі танда жалпы білім беретін мектептердің тек 20% ғана арнайы дайындалған мұғалім валеологтармен қамтамасыз етілген, ал қалған мектептерде бұл пәнді негізінен биология пәнінің мұғалімдері жұргізеді. Ал олар салауатты өмір салтының кейбір жекелеген аспектілерін толық білмегендіктен, оқу барысында ұмыт қаддырады (мысалы, тиімді тамақтану, зиянды әдеттердің алдын алу, балалардың медициналық хабардарлығы, т.с.с). Осының нәтижесінде оқушылардың салауатты өмір салты туралы білімдері, көзқарастары төмен деуге болады. Осы мәселені шешу үшін ҚР 2002-2004 жылдардағы мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында, яғни білім жүйесіндегі мамандардың осы сала бойынша біліктілігін артгыру үшін салауатты өмір салтын қалыптастыру, аурудың алдын алу және денсаулықты нығайту бағдарламасы бойынша мұғалімдерге арнайы курс ашып оқыту қажет.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина | Добавил: Admin
Просмотров: 1263 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы
Электрокардиограмма
Жасуша теориясы
Мағжан Жұмабаев
Тұрар Рысқұлұлы
Шәмші Қалдаяқов
Абай шығармаларындағы нәзирагөйлік дәстүрдің зерттелу жайы
Валеология бойынша бағдарламаны енгізу
Жүсіп Қыдыров
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Әбділкәрім Сатұқ Қарахан
Германия
Шылым шегудің алдын алу
Неологизмдердің жасалу жолдары
Дербес компьютерде құрылымының функциональді-логикалық негізі