Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 20.6.2018
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина

Микроорганизмдерді мал азығын дайындауда қолдану
Загрузка...
Жоспар

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім.
А) Мал азығын даярлау
Ә) Ашытқы саңырауқұлақтарға байланысты азықтарды өндіру.
Б) Мал азығын химиялық жолмен консервілеу.

ІІІ. Қорытынды.

Жасыл өсімдіктер сыртында, вегетация кезінде эпифит микроорганизмдер тіршілік ететінін жоғарыда айтып өткенбіз. Олар негізінен топырақтан түседі де, өсімдіктер сыртынан қоректік заттар тауып, тіршілік етеді; жыл маусымына, ылғалдылыққа және өсімдіктердің түріне байланысты сандар мөлшері өзгеріп отырады. Бұлардың ішінде көбірек таралғаны – спора түзбейтін таяқша сапрофит бактериялар. Олардың ішінде: сүт қышқылы бактериялары, ішек таяқшалары, зең саңырауқұлақтары мен ашытқы саңырауқұлақтар кездеседі.
Шырынды мал азығын даярлау үшін сүрлеу әдісін қолдалады. Сүрлеу дегеніміз – микробиологиялық және химиялық факторларды пайдалана отырып, жемшөпті маңызды биологиялық қосылыстармен байыту және сақтау. Сүрлеудің артықшылығы ылғал жемшөпті ауа райының жағдайларына байланыссыз шырынды күйінде сақтауға мүмкіндік береді. Пішенге арнап жиналған шөпке қарағанда сүрлеу процесі шөптегі қоректік заттардың шығынын кемітеді. Соныен бірге мұнда микробтар көмегімен түрлі органикалық қышқылдар, витаминдер, амин қышқылдары түзіліп, азық сапасы едәуір жақсарады. Онда кейде спирт те кездеседі. Сапалы сүрлемде сүт қышқылы - 15%-тей болады. Осы сүт қышқылының көмегімен азық ұзақ уақыт бұзылмай сақталады, яғни конвервіленеді. Әрине сүт қышқылының қажетті мөлшерде түзілуі үшін сүрленетін азықта жеткілікті мөлшерде қант пен оның эпифит микроорганизмдерінің құрамында сүт қышқылы бактериялары мол болуы тиіс.
Жалпы сүрлем даярлаудың екі әдісін ажыратады: салқын әдіспен жемшөпті сүрлегенде онда температура +30°,+35°-тан аспайды. Бұл үшін көк шөпті шауып, турап, тез арада сүрлем қоймасы – орға салып, әбден нығыздайды, үстінен ауа енбейтіндей етіп, қымтап жабады. Сонда сүрлемде тез арада органикалық қышқылдар, соның ішінде басым көпшілігі сүт қышқылы түзіледі. Сапалы сүрлемде аз мөлшерде болса да сірке қышқылы болатыны анықталды. Бірақ сірке қышқылы бактериялары аэробты микроорганизмдер болғандықтан, сүремде тіршілік ете алмайды. Сонда сірке қышқылының түзілу себебі неде? Сүрлемде тіршілік ететін сүт қышқылы бактерияларының ішінде гетероферментативті топтары қанттан сүт қышқылымен бірге сірке қышқылын түзуге бейім келетін де түрлері бар екен. Салқын әдіспен даярланған сүрлем 8-10 күн ішінде даяр болады. Оның түсі жасыл-сары, иісі тұздалған овощ немесе жеміс иісіндей болады. Мал оны сүйсіне жейді.
Ғалымның анықтауы бойынша сүрленетін жемшөпте рН-ты 4,2 жеткізуді қамтамасыз ететін сүт қышқылының түзілуіне қажетті қанттың проценттік мөлшерін «қант минимумы» деп атайды. Бұл теорияның көмегімен өсімдіктердің сүрленгіштігін алдын ала анықтауға болады және ол барлық өсімдіктерді сүрлену дәрежесіне байланысты үш топқа бөлуге мүмкіндік береді.
Оңай сүрленетін өсімдіктер. Бұл өсімдіктердегі қант мөлшері, сүрлемге қажетті қышқыл түзуге керекті қант мөлшерінен әлдеқайда көп болады. Екінші сөзбен айтқанда, азықтардағы қант мөлшері «қант минимунынан» артық. Оларға: жүгері, сорго, судан шөбі, күнбағыс, капуста, қарбыз, сұлы т.б. жатады.
Сүрленуі қиын өсімдіктер. Мұнда сүрлемге қажетті сүт қышқылы түзілетін қант мөлшері өсімдіктердің сүрленуіне жеткілікті мөлшерде ғана болады. Оларға: сиыржоңышқа, қызылбас беде, картоп және қант қызылшасы, сабақ-жапырақтары, қамыс, жусан т.б. өсімдіктер жатады. Өсімдіктердегі қант толық сүт қышқылына айналады. Өйткені сүт қышқылы бактериялары да сүрлемдегі қантпен қоректеніп, өсіп дамиды. Демек екінші топтағы өсімдіктерді сүрлегенде, оны шіруден сақтап тұра алатындай сүт қышқылы түзілмейді. Сондықтан бұл топтағы өсімдіктерден сапалы сүрлем алу үшін сүрлеудің арнаулы тәсілдерін (химиялық консервілеу, бұқтыру, бактериялы ашытқылар қосу т.б.) қолданылады.
Жеке сүрленбейтін өсімдіктер. Бұл өсімдіктерге сүрлемді шіруден сақтап тұратын сүт қышқылын түзуге қажетті қант жетіспейді. Оларға жантақ, мия, қалақай, соя, помидор, қауын және қарбыздың жапырақ-сабақтары жатады. «Қант-минимумы» теориясының дұрыстығын еліміздің көптеген ғылыми мекемелерінде жүргізілген тәжірибелер дәлелдеді. Әдетте өсімдіктердегі қант минимумы, ондағы нақты қант мөлшеріне сай келмегенде сапалы сүрлем алуға болмайды. Сондықтан бұл екі көрсеткіштің арасында бір байланыс болу керек.
Бактериялардың ылғалды жерде ғана тіршілік етіп, дами алатыны мәлім. Сондықтан өсімдіктің бойында ылғал неғұрлым аз болса, соғұрлым ашу процесі де баяу жүреді. Сапалы сүрлем алуға қажетті ылғалдылық 70-75%-тен артпауы тиіс.
Сүрлемдегі органикалық қышқылдардың арақатынасы мен мөлшері
Сүрлеми сапасы рН Органикалық қышқылдар мөлшері, %
Сүт қышқылы Сірке қышқылы Май қышқылы
Сапалы сүрлем
Орташа сапалы сүрлем
Сапасыз сүрлем 4,0-4,2
4,3-4,6
4,7 және одан да жоғары 2,2-2,4
1,3-1,5
1,0-1,2 0,6-0,80
1,0-1,2
0,8-1,0 Жоқ
0,1-0,15
0,8-1,1
Бұл – органикалық қышқылдардың тез арада жиналып, азықтың оңай консервілеуіне көмектесетін жағдай. Ылғал артқан сайын сүрлемде май қышқылының мөлшері артып, сүрлемнің сапасын нашарлатады.
Мал азықтық ашытқы саңырауқұлақтарды өсіру үшін әдетте ағаш ұнтақтары және өсімдік қалдықтары (жүгері тамыры, сабан, мақта қауашағы) қолданылады. Сонымен қатар бұл мақсатқа қамысты, шымтезекті пайдаланады. Әдетте бұл қалдықтарды күкірт, азот т.б. минерал қышқылдармен гидролиздейді, яғни қантқа айналдырады. Мал азықтық ашытқы саңырауқұлақтардың ішінде торула утилис қолданылады, өйткені онда белок пен «В» тобындағы витаминдер едәуір көп болады.
Мал азықтық ашытқы саңырауқұлақтарды көбінесе құрама азықтарға қосып малға, құсқа береді. Сонда оның бұл азықтағы мөлшері 3-5%-тей болу керек. Іс жүзінде малдың бір килограмм тірілей салмағына бір грамдай ашытқы құлақтар пайдаланылады.
Ашытқы саңырауқұлақ азықтық дәмін жақсартады және түрлі витаминдерге байытады. Сонымен қатар мұндай азықтарда белгілі мөлшерде сүт қышқылы да жиналды. Соның нәтижесінде мал қышқыл азықты аса сүйсініп жейді. Азыққа ашытқы саңырауқұлақтарды қосу барысында құрғақ затқа шаққанда белок мөлшері 13-17%-ке артатыны дәлелденеді.
Мал азығын химиялық жолмен консервілеу. Жемшөп қорын молайтумен қатар, оның сапасын арттыру мәселесі де қазір ғылыми тұрғыдан шешіледі. Соңғы жылдары еліміде бұл салада да бірқатар жұмыстар әстелді. Мұндағы негізгі бір мәселе – жемшөпті жинау мен сақтау барысында олардағы қоректік заттардың ысырабын азайту болып табылады.
Азық даярлаудың басқа әдістермен салыстырғанда (кептіру, сүрлеу т.б.) химиялық жолмен консервілеудің негізгі артықшылығы – азықтарда жүретін микробиологиялық және биохимиялық процестерді тез арада тоқтататындығында. Сөйтіп, азық спасы жойылмай, ұзақ сақталады. Ғылыми мекемелердің мәліметіне қарағанда, химиялық жолмен консервілеуді қолдана отырып, елімізде проеин қорын шамамен 6 миллион тоннаға арттыруға болатыны анықталды. Мұның өзі 4-5 миллион тоннадай қосымша ет өндіруге болады деген сөз.
Жемшөпті, әсіресе қиын сүрленетін өсімдіктерді анорганикалық қышқылдармен консервілеудің мәнісі мынадай: осындай қышқылдар көмегімен азықтағы pH-ты 3,6-3,7 жеткізгенде шіріту, май қышқылы бактериялары және төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар тіршілік ете алмайды. Сөйтіп, азық бастапқы қалпында сақталады.
Елімізде астық өндіру – ауыл шаруашылығының барлық салаларының қарқындап жамуына жол ашады және сонымен бірге оның негізгі бір көзі болып саналады. Астық өнімдері мейлінше көбейтілмейінше мал шаоуашылығының және шаруашылықтың басқа салаларының етек алып дамуы мүмкін емес. Бірақ дәнді жинау және сақтау барысында олардың едәуір мөлшері ысырапқа ұшырайды. Астықты жинау науқанында жауын – шашынның болуы, алынатын дән сапасының төмендеуіне әкеліп соқтырады. Үймедегі ылғал да тез қызып кетеді. Онда микроорганизмдердің бірқатар топтары тіршілік ете бастайды. Сөйтіп, ылғал дән өте күшті “тыныс алады” да, онда едәуір мөлшерде көмір қышқыл газы бөлінеді. Мәселен, ауа бармайтын жерде сақталған дәннің әрбір 100г. Құрғақ затына шаққанда бөлінетін көмір қышқыл газының мөлшері 1,02г болады. Егер осы дәнді натрий метабисульфитімен өңдесе, онда газ мөлшері 0,008 г-ға дейін азаяды.
Республикамыздың дән балансында мал азығына арналған мал азақтақ дәндердің мөлшері жыл санап артуда.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Микробиология. Москва. 1987ж.
2. Микробиология негіздері. Дарқанбаев., Шоқанов. Алматы. 1996ж.
3. Ауылшаруашылық Микробиология. Құлдыбаев, Шоқанов. Алматы. 1987ж.
4. Микробиология. Шоқанов. Алматы. 1997ж.

Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



51.0 Kb
Категория: Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина | Добавил: Аслан
Просмотров: 1489 | Загрузок: 217 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Мұрат Мөңкеұлы
Құнанбайұлы Абай
Дулатов Міржақып
Бәйсейітова Күләш (Гүлбаһрам) Жасынқызы
Астана - әсем қала
Микроорганизмдерді мал азығын дайындауда қолдану
Итальяндық концерт
Шопеннің фортепианолық шығармашылығы
Тоныкөк (Тоңыұқық)
Шылым шегудің алдын алу
Паскаль програмдау тілінің көмекші программалары
Шуберттің вокалдық лирикасы
Адам болам десеңіз (білім сайысы)
Исламтану және ислам философиясы
Гендельдің клавирлік музыкасы