Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 18.2.2018
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина

Хайуанаттардағы сәулелену ауруы
Загрузка...
Хайуанаттардағы сәулелену ауруы
Жеңіл дәрежедегі сәуле ауруы жалпы жағдайдың уақытша нашарлауымен, кейде жемнен бас тартудан, лейкоциттер санының шамалы азайуымен сипатталады. 150 -200 рад доза сәуле алған кезде дамиды.
Орташа дәрежедегі сәуле 200- 400 рад сәуле алған кезде хайуанаттарда байқалады. Бүл жағдайда жағдайдың нашарлауы, уақытша жемнен бас тарту, іш өту, дененің қызынуы, 5-8 жасар қойларда жүнің түсуі байқалады. Лейкоциттер санының 50%-ті, ал лимфатциттердің 75%-ке азаяды. Айтарлықтай ушығу болмай және тиісті емдеген жағдайда мал сауығады, кей жағдайларда шетінейді.
Ауыр дәрежедегі сәуле ауруы 400-600 рад сәуле алған кезде байқалады. Ол қатты нашарлағанда, дененің температурасы кө-терілгенде, кілегейлі қабықтарымен терідегі қан айналымындағы лейкоциттер, эритроциттер, тромбоциттер санының күрт төмендеуінен пайда болады. Малдың іші өтеді, қаны қоюланады, дененің салмағы азайады. Емдеусіз малдың 60%-ке жуығы шетінейді. Емдеу кезінде үзақ уақыт бойында мал өте баяу сауығады.
Өте ауыр дәрежедегі сәуле ауруы 600-750 рад сәуле алған көзде байқалады. Ол мұндай жағдайда жылдам, ауыр өтеді хайуанаттар 10-15 күнде шетінейді, ал өте үлкен доза алғанда одан тезірек шетінейді.
Организмдегі сәулелену жалғасатын болса, қалпына келу процесі өтеді. Осыған байланысты бір әсер тудыратын сәулеленудің жиынтық дозасы сәулелену жалғасқан кезде бір рет сәулеге үшырағаннан гөрі жоғарырақ болады.
Бета-бөлшектерінің сыртқы әсері тері үлпаларында "бета-күйікті" тудырады. Адамдардың мойнының, белінің, басының төңірегі, ал малдардың арқасы, яғни радиоактивті шаң түрып қалған жерлерде күйік пайда болады. Сонымен қатар шөппен қоректенетін малдарда шөп жеген уақытында бета-сәулелену нәтижесінде беттерінің радиациялық зақымдануы жиі байқалады.
Адам мен малдың радиациялық заттармен ішкі зақымдануы организмге ең алдымен олардың тамақпен бірге өтуінен болады. Радиациялық заттардың біршама бөлігі ас қорыту жолына түскен кезде сорылады, ал қалған бөлігі шекке өтіп организмнен бөлінеді. Сөйтіп кілегөйлі қабықты зақымдай отыра, ас қорыту органдарының жүмысын түрақсыздандырады.
Сорылған радиоактивті өнімдер организмге өте ретсіз таралады. Олар әсіресе қалғанша безде жинақталады (басқа үлпалармен салыстырғанда 1000 - 10000 есе артық). Өте үлкен дозалармен сәулеге үшыраған кезде органдар бөлінеді немесе оларда ісік пайда болады (қалқанша без) иә болмаса жүмысы айтарлықтай бүзылады (бауыр).
Қалқанша және сүт бездерінде, мысалы, йод изотоптары, сүйектерде, стронций, барий, цирконий изотоптары, бауырда цезий, прометий изотоптары жинақталады церий, рутөний, рубидий, изотоптары организмде бүкіл үлпалар бойынша бір қалыпты орналасады.
Суға түскен ядролық бөліністің жас өнімдерін оның мекендеушілері жүтады олар қай организмде болмасын әр түрлі таралады. Егер, мысалы, барлық организмдерде жиынтық радиоактивтілікті 100% деп алсақ, оның көлемінің 65% ішкі органдарда, 10,5 желбезекте, 19% жүзу жарқағында, 3% бүлшық етте және 2,5% сүйекте кездеседі.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



13.5Kb
Категория: Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина | Добавил: Аслан
Просмотров: 1783 | Загрузок: 149 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Шоқан Уәлиханов
“Салауаттану – денсаулықты сақтау” бағдарламасы бойынша дұрыс өмір сүр...
Жансүгіров Ілияс
Әбілғазизұлы Арынғазы
Иса Байзақов
Медетбай Тәжіұлы
Домбыра, дамуы, жанрлары
Сүйінішұлы Қазтуған
Жұмабаев Мағжан
Сүйінбай Аронұлы
Наурызым қорығы (Қостанай облысы)
Верный бекінісі негізінің салынуы
Астана - Қазақстанның саяси ерік-жігерінің нышаны
Неологизм терминінің мағынасы мен мәні
Жапония