Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 26.4.2018
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина

Ішкі секреция бездерінің қызметін зерттеу әдістері
Загрузка...
Ішкі секреция бездері қызметін бірнеше арнаулы әдістермен зерттейді.

1) Клиникалық бақылау - жеке бездердің қызметінде ауытқу байқалған организмге бақылау ұйымдастырылып, ауытқулар айқындалады.

2) Безді сылып тастау (экстирпация). Арнаулы операция жасап,
безді алып тастайды да, организмде болатын өзгерістерді анықтайды.

3) Безді алмастырып отырғызу (трансплантация). Бұл әдіс үш нұсқада қолданылады ауто-, гомо- және гетеротрансплантация. Алғашқы нұсқада без өзінің қалыпты орнынан сол организмнің басқа жеріне қондырылады. Гомотрансплантацияда бір түлікке жататын малдың безі бір организмнен екінші организмге кондырылады. Ал, гетеротрансплантацияда бір түлік малының безі екінші түлік өкіліне қондырылады.

4) Организмді қосарлау, немесе парабиоз. Арнаулы операция жасап, бір түрге жататын екі организмнің қан тамырын жалғастыра тігу арқылы ортақ қан айналым жүйесі қалыптастырылады.

5) Ішкі секреция бездері сығындысын немесе гормондар егу. Бұл әдіспен жасанды түрде бездің гиперфункциясы тудырылады.

6) Радиоактивті изотоптар қолдану арқылы гормондардың түзілу құпиясын, олардың организмде таралуын, езгерістерін, бөліну жолдарын анықтайды.

7) Радиоавтография әдісі. Организмге молекуласында радиоактивті атомы бар гормон егіліп, белгілі бір мерзім өткен соң оның ұлпасынан тілім алады да, одан жұқа қиынды дайындайды. Осыдан кейін қиындыны радиоактивті сәулеге сезімтал фотографиялық эмульсияға салады. Өңделген пленкада гормон шоғырланған жерде қара дақ байқалады.

8) Гормондарды химиялық және биологиялық әдістермен анықтау әдісі де практикада кең қолданылады.

Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



30.5Kb
Категория: Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина | Добавил: Admin
Просмотров: 2354 | Загрузок: 181 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
Тілендіұлы Нұрғиса
Марат Отарәлиев: «Тағдырмын ерте жоғалған...»
Әбу Наср әл-Фараби
Абайтанушы ғалым Қайым Мұхаметханұлы
Әлихан Бөкейханов
Көкбай Жанатайұлы
Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы
Ақыт қажының Жиһаншаһ дастанындағы Шаһзада бейнесі
Валеология бойынша бағдарламаны енгізу
Қаратау күйшілік мектебі
Жер планетасы
Шыңғысұлы Жошы хан
Бақытжан Қаратаев
Төлеген Айбергенов