Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина

Қазақстанда дұрыс өмір сүру қалпын қалыптастыру шаралары
Загрузка...
“Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі және сәттілігі” атты “Қазақстан – 2030” Даму Стратегиясын жүзеге асыру барысында ҚР Үкіметі Қаулысының шешімімен № 1678 бұйрық негізінде 1997 жылы 3 желтоқсанда дұрыс өмір сүру қалпын қалыптастыру Қызметі құрылды. Сол уақыттан бері салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі бойынша аурудың аддын алу мен халықгың денсаулығын нығайтуда айтарлықгай жетістіктерге қол жетті. Өтпелі кезеңдегі экономикалық қиындықгарға, денсаулық сақтау ұйымдарының қаржылық жетіспеушіліктерге қарамастан, ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің қолдауымен салауатты өмір салтын калыптастыру қызметі төмендегі мәселелердің шешімін тапты:
— салауатты өмір салтын (СӨС) қалыптастыру қызметінің құрылымы мен байланыстары құрылып, материалдық-техникалық ресурсы қамтамасыз етілді;
— құқықтық-нормативтік базасы жасалды;
— гигиеналық тәрбие процесіне жаңа технологиялар енгізілді;
— денсаулықты сақтау мен білім беруді ұйымдастыру үшін СӨС қалыптастыратын мамандар даярланды;
— СӨСҚ-дың ұлттық саясаты анықталды, оның концептуалды негізі ретінде "Салауатты өмір салты" атты кешенді бағдарлама жасалды. Бағдарлама жалпы халықты салауатты өмір салтын ұстану жолдарымен хабардар ету, аурудың алдын алып, денсаулықты нығайту, денсаулық сақгау және білім беру мекемелерінің қызметкерлерін жалпы халықгың денсаулығын сақтап, нығайтуға жұмылдыру бағыттарынан тұрады.
ҚР Мемлекет басшысы және ҚР Үкіметі елдегі СӨСҚ саясатын толығымен қолдайды. Оған дәлел - 30.12.01 жылы № 751 бұйрығымен “2002 жылдың Денсаулық жылы” болып жариялануы, ҚР Үкіметінің 2002-2004 жылға арналған бағдарламасы бойынша 28.03.02 жылғы № 827 бұйрығымен “Қазақстан-2030 Даму стратегиясын іске асыру барысында” салауатты өмір салтын қалыптастыру және халықтың денсаулығын нығайту мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болғандығы.
Өткен кезеңді талдай отырып, "Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін" атты республикадағы қозғалысты одан әрі жетілдіру нәтижесінде әрбір жеке адамның салауатты өмірге бет бұруына мүмкіншілік жасау керек.
Қазақстан-2030 Даму стратегиясының республика халқының салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы басымдықтар:
- салауатты өмір салтын қалыптастырудың ұлттық саясатын жасау;
- қауіпсіз және сенімді тіршілік ету ортасын қамтамасыз ету;
- денсаулықты сақтап нығайту үшін әлеуметтік жағдай жасау;
- салауатты өмір салтына септігін тигізу;
- денсаулық сақтау жүйесін реформалау және оны алғашқы профилактикамен АМСК деңгейдегі денсаулықгы нығайтуға бағыттау.
Алға қойған мақсатгы іске асыру барысында ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 7 маусымындағы № 710 шешімімен "Салауатты өмір салты мен тиімді тамақгану концепциясы", 1999 жылғы 30 маусымындағы № 905 шешімімен "Салауатты өмір салты" кешенді бағдарлама" қабылданып бекітілді. Үкіметтің бұл шешімдері 2010 жылға дейін толық жүзеге асырылып, аяқталуы керек.
ҚР Білім, мәдениет және денсаулық сақгау министрлігінің, денсаулық сақгау комитетінің бұйрықгары жарық көре бастады. Мысалы, 1998 жылғы 23 маусымдағы "ҚР салауатты өмір салтын қалыптастыру және дәрігерлік профилактикалық іс-әрекеттерді жетілдіре түсу іс-шаралары жөніндегі" № 282 бұйрық өз кезегінде республикадағы дәрігерлік қызмет көрсететін ұйымдардың бірқатар негізгі қызметтері мен міндеттерін анықтап берді. 1999 жылдың 19 сәуіріндегі "Республика бойынша аудандық, қалалық денсаулықты нығайту орталыктарын құру" жөніндегі № 199 бұйрықта алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек көрсету және ондай ұйымдардың қызметі мен міндеттерін көрсетіп берді. Республика аймақтарында мамандардың жетіспеушілігінен 1998 жылы 4 желтоқсанда "Салауатты өмір салтын қалыптастыратын мамандар даярлау" жөнінде № 594 бұйрық пен 1999 жылғы 22 қаңтардағы "Салауатты өмір салтын қалыптастыратын мамандарды даярлауға мемлекеттік тапсырма" № 83 бұйрықтар негізінде мемлекеттік тапсырыс бойынша үздіксіз мамандар даярлау қамтамасыз етілді. Білім беру саласының қатысуымен Ұлттық Орталықта мектепке дейінгі мекемелерге, жалпы білім беретін мектептерге, орта, арнаулы және жоғарғы оқу орындарына арналған " Валеология — қалай ауырмау керек" атты оқу бағдарламасы дайындалды.
Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі 1998 жылғы 24 қарашасында "Валеология — қалай ауырмау керек" оқу бағдарламасын республиканың жалпы білім беретін мектептеріне енгізу туралы № 572 бұйрығы мен 1998 жылдың 28 желтоқсанындағы "Валеология кешенді бағдарламасын курстық негізде жоғарғы оқу орындарында оқытылуы жайлы" № 620 бұйрығын шығарды. Үгіт насихат жүргізу мақсатында ҚР Денсаулық сақгау агенттігінің 2000 жылы 7 қаңтардағы № 9 және 22 желтоқсандағы "Салауатты өмір салтын қалыптастыру жұмыстарын күшейту және ҚР түрлі аурулардың алдын алу жұмыстарын жүргізуге үгіт-насихат жүргізу" туралы № 834 бұйрықгары (шығарылды) жарық көрді.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру барысында қолданатын, мамандарға арналған түрлі әдістемелік көмекші құралдар даярланып мамандарға таратылды.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина | Добавил: Admin
Просмотров: 1379 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Жиренше шешен
Бетховен. Фортепианолык сонаталар
Қазақ халық аспаптар оркестрін ұйымдастыру
Әлеуметтік қорғаудың түсінігі, құрылымы
Франция мемлекеті
Текстік құжатты редакциялаудың базалық функциялары
Махмұд Қашқари
Жұбанов Ахмет
Паскаль програмдау тілінің қайталау командалары
Қазақстан Республикасы, туризм, туристік нысандар
Алпамыс батыр дастанының зерттелуі
Шәңгерей Бөкеев
Шылым шегудің алдын алу
Сарыбаев Болат (1927-1984) – қазақтың ұлы өнертанушысы
АУДАРМА