Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 18.1.2018
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина

В категории работ: 253
Показано работ: 31-45

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Өкпе қуыс мүше. Ол белгілі мөлшерде ауа сиғыза алады. Мысалы, адам еркін дем алған кезде 500 мл ауа жұтып, дәл осы мөлшерде дем шығарады (жылқы - 5-6 л). Бұл тыныстық ауа.
Читать полностью

Категория: Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина

Ауыз қуысы сүйекті тұлға сүйеніші мен арнаулы мүшелерден тұрады. Бұл мүшелерге ерін, ұрт, қызыл иек, тіс, тіл, таңдай, тілшік, ауыз қуысына бөлу өзектері ашылатын үш жұп сілекей бездері және көмекей бездері жатады. Ауыз қуысының тұлға сүйеніші жоғарғы және төменгі жақ сүйектерден, олардың байланыс сіңірлері мен еттерінен тұрады. Іш жағынан ауыз қуысы көп қабатты жалпақ эпителийден құралған сілекейлі қабықпен астарланады. Осы сілекейлі қабықта көптеген кілегей және сілекей бездері болады.

Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектордың даму деңгейі қашан да қазақстандық қоғамның экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылығын анықтайтын факторы болып келді және әлі де болып келеді.Республика экономикасы дамуының басым бағыттарының бірі бола отырып, ауыл шаруашылығы аса зор әлеует пен үлкен қорға ие.
Ел тұрғындарының 40%-дан астамының қызметi мен тiршiлiк көзi ауылдық жер болып табылады, олардың көпшiлiгi үшiн жер - негізгi өндiрiс құралы.

Қарында өнделген қорек жеке-жеке үлеспен ащы ішекке өтеді. Ащы ішек үш бөлімге - ұлтабар ұшына (жіңішке ішекке), аш ішекке, мықын ішекке бөлінеді. Ащы ішекте қоректік заттар ең соңғы өнімдерге дейін ыдырап, денеге сіңеді. Мұндай күрделі процестердің атқарылуына ішек қуысына ферметтерге бай ас қорыту сөлдерінің бөлінуі және ішектің кілегей қабығының құрылымдық ерекшеліктері әсер етеді.

Организм клеткасының химиялық құрамы аса бай және алуан түрлі. Онда көптеген реакцияларға қатысатын және метаболизм түзетін әр түрлі заттар бар. Мұндай алмасу нәтижесінде заттар үздіксіз өзгеріп, ыдырайды және осының арқасында жаңа заттар түзіледі. Алмасу реакциялары белгілі бір қатаң тәртіппен өтеді және әр түрлі ферменттердің әсерімен реттеліп отырады. Тірі клеткада болатын ерекше жағдайлардың арқасында реакциялар жоғары жылдамдықпен өтеді. Клетканың немесе протопластың химиялық құрамына талдау жасағанда, біріншіден, ондағы заттардың аса көптігі мен алуан түрлілігіне, екіншіден, талдау барысында тірі клеткаға тән емес заттардың пайда болуына байланысты көптеген қиындықтар туады.

Ғылым адамға өз өмірін сақтап калу үшін қажетті білім негізінде пайда болды. Адам шөптерді қоректену және дәрі-дәрмек ретінде пайдалануды үйреніп, жануарлардың мінезін бақылап, оларды қолға үйретті, рудамен тәжірибе жасап, әртүрлі металдарды балқытып шығаруды үйренді. Табиғатпен алуан түрлі тәжірибе жасау барысында адам өзінің өмірін ыңғайлы етуге бағытталған көптеген әдіс – айланы ойлап тапты.

Жас ерекшеліктер физиологиясы мен мектеп гигиенасының пәні, міндеттері, басқа ғылымдармен байланысы, зерттеу әдістері
Физиология – мүшелер мен жүйелердің және тұтас ағзаның тіршілік әрекеттері туралы ғылым. Осы физилогия ғылымының бір саласы жас ерекшеліктер физиологиясы ағзаның бүкіл өмірі бойындағы физиологиялық функциялардың қалыптасуы мен даму заңдылықтарын зерттейді.

Орталық нерв жүйесінің негізгі бөлігі – ми. Ол им сауытында орналасқан. Ересек адамда мидың салмағы 1400-1450 г құрайды. Мидан 12 жұп нервтер тарап, миды көптеген ішкі мүшелермен, беттің, мойынның еттерімен, тілмен, көзбен байланыстырады жєне сезім мүшелерінен келген ақпаратты миға жеткізеді. Бұларға I - иіс, II - көру, III - көз қимылдатқыш, IV - шығыршық, V – үшкіл, VI – бұру, VII – бет, VIII – дыбыс, IX – тіл-жұтқыншақ, X – кезеген, XI – қосымша, XII – тіласты нервтері жатады. Ми артқы ми, (сопақша ми мен варолий көпірі), мишық, ортаңғы ми, аралық ми жєне екі ми сыңарларынан тұрады.

Беттік кешен клетканың сыртқы ортамен қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Ол барьерлік, тасымалдау, рецепторлық, сондай-ақ рецепторлардың қабылдаған ақпараттарды цитоплазманың терең қабаттарына тасымалдаушы қызметтерін атқарады.
Беттік кешеннің негізі клетканың сыртқы мембранасы немесе плазмалемма деп аталатын биологиялық мембрана болып табылады.

Билет №1
1. Зат алмасудың өнімдерін ағзадан шығару. Бұл процесте бүйрек және терінің маңызы.
2. Табиғи бірлестік, оның негізгі топтары, қоректену тізбегі.
3. Бірнеше пробирка ішінен 1-2см тереңдікте егетін тұқымы бар пробирканы таңдап алып, түсіндір.

Қазақстан Республикасының орта және жоғары оқу орындарындағы реформа жаңа оқу технологиясын және оқушылар білімін тексеруде нақты тәсілдерді қажет етеді.Жоғары оқу орындарына қабылдау кезінде 1999 жылдан бастап талапкерлердің білімін бағалауда тапсырмаларды шешуге барынша әділдікті және мемлекеттік білім грантын беру мен мемлекеттік білім есиелерін ұсыну мәселелерінде әлеуметтік әділдікті шешуге мүмкіндік беретін кешендік тестілеу қолданылып келеді.

Организмде белгілі бір әрекетгерді (функцияларды) реттейтін өзіңдік әсері бар органикалық қосылыстарды биологиялық белсенді заттар дейді. Оларды төрт топқа бөледі: гормондар, гормоноидтар, парагормондар, телегрондар .

Биологиялық мембраналардың (лат. membrana – қабықша) неғұрлым толық құрылысын 1972 ж. Г. Никольсон мен С. Сингердің ұсынған сұйықтық-мозаикалық моделі бейнелейді. Мембрана липидтері амфипатикалық молекуларларының екі қабатынан тұрады, мембрана липидтерінің молекулалары бір-біріне паралель орналасады. Оны билипидті қабат немесе биқабат деп атайды. Әрбір липид молекуласының негізгі екі бөлігі – басы және өскіншесі болады.

Тірі табиғаттың өзіндік ерекше қасиеттерінің бірі ондағы өтетін жағдайлардың қайталануында.Жер бетіндегі барлық өмір ,жасушадан бастап биосфераға дейін,белгілі бір ырғаққа бағынады. Табиғаттағы ағзада өтетін билогиялық ырғақтар мына түрлерге бөлінеді

Алғашқы «биосфера» термині француздың белгілі натуралисті Жан Батис Ламарктің (1744 – 1829) еңбектерінде кездеседі. Оның пайымдауынша «биосфера» термині грекше «биос» - тіршілік, «сфера» - шар немесе қабық дегенді білдіреді Олай болса, жер ғаламшардағы тіршілік аймағы бар қабат болып саналады.Бұл туралы кейіннен көптеген зерттеулер шықты, ғылыми деректер жинақталып, түрлі жаратылыстану ғылымдарында қолданыла бастады. Биосфера терминін геология ғылымында кеңінен австрия ғалымы Э.Зюсс 1875 ж. қолданды.

Загрузка...
Предыдущая 1 2 3 4 5 ... 16 17 Следующая