Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 21.11.2018
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина

В категории работ: 253
Показано работ: 226-240

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Ал ұлпалар мен мүшелердің оттегіне сұранысынан және денеде жиналған көмір қышқыл газдың организмге әсерінен тыныс алуға мұқтаждық туындап отырады. Бұл қүбылыстың мәнін үғыну үшін тыныс алу процесінің реттелу механизмін талдап өткен жөн.
Читать полностью

Категория: Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина

Тыныс алу жуйесі жануарлар дүниесінің даму жолында әр түрлі өзгерістерден өтеді. Бұл өзгерістер тіршілік ортасының жағдайларымен байланысты болады. Суда тіршілік ететін қарапайым организмдерде (бір торшалы және төменгі сатыдағы көп торшалы арнаулы тыныс мүшелері болмайды. Суда еріген оттегіні олар денесін қаптаған қабықша арқылы сіңіреді. Тыныс алудың мұндай түрі н диффузиялы тыныс алу деп атайды.

Ұйқы - организмшң мезгіл-мезгіл қайталанып отыратын тіршіліктік мәні зор функционалдық күйі. Ол организмнің жалпы әрекетінің бәсендеп, сыртқы тітіркендіргішке жауап-реакцияларының нашарлауымен, ми нейрондарының ерекше белсенділігінің қалыптасуымен сипатталады. Ұйқы организмнің ішкі табиғи мұқтаждығы болып табылады.

Клеткаларда үздіксіз метоболизм (грек. metabole – алмасу, өзгеру) үрдісі, яғни ассимиляция (неғұрлым қарапайым биологиялық молекулалардан күрделі молекулалардың биосинтезі) мен диссимиляция (ыдырау реакциялары) үрдістерінен тұратын зат алмасу жүріп отырады. Диссимиляция нәтижесінде қоректік заттардың химиялық байланыстарында болатын энергия бөлініп шығады. Бұл энергия клетканың түрлі жұмыстарына, сондай-ақ ассимиляция үрдісіне жұмсалады.

Ферменттер (Энзимдер) — тірі ағзаның биохимиялық реакциясын тездететін (катализдеу), ақуыз молекулаларынан (протеиндерден), РНҚ-дан немесе олардың комплексті қосылыстарынан тұратын биологиялық активті органикалық заттар. Аталған «фермент» мен «энзим» терминдерінің мағынасы бір, синонимдер.

Физиологияның негізгі әдісі — тәжірибе жүргізу. Тәжірибе үш нұсқада (вариантта) жүргізіледі: жедел тәжірибе, созылмалы тәжірибе және мүшелердің қызметін модельдеу.

Физиология - биологияның маңызды салаларының бірі. Ол организмнің тіршілік әрекетін, жеке мүшелер мен жүйелердің қызметін зерттеп, олардың ерекшеліктерін, биологиялық маңызын анықтайды, организмнің сыртқы ортамен қарым-қатынастарындағы заңдылықтарды ашады. Физиология медицина мен ветеринария, жалпы биологиялық сипаттағы қоданбалы ғылым салаларының ірге тасы, негізі болып саналады.

Физиологиялық үрдіс дегеніміз тірі организмде жаңа сапалы мазмұнға ие болған физикалық және химиялық өзгерістердің күрделі түрлерінің жиынтығы (ас қорыту, тыныс алу, бөлу т.б.). Ал физиологияпық функция - тұтас организм немесе оның жеке жасушаларының, ұлпаларының, мүшелерінің тіршілік әрекеті, қьгзметі. Организмнің басты қызметі зат алмасу болып табылады. Зат алмасу мен өсу, даму, көбею, қоректену, қимылдау т.с.с. физиологиялық қызметтер тығыз байланысты.

Көздеген мақсаттарына сәйкес физиология бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ дара дамитын бірнеше салаларға бөлінеді. Оларды жалпы, салыстырмалы, эволюциялық, жас, арнаулы жоне экологиялық физиология деп атайды. Жалпы физиология жеке жасушалар мен олардың цитоплазмасының қызметін, жасуша аралық байланыстарды, басқаша айтқанда организм тіршілігінің негізін зерттейді.

Фораминифералар отрядына теңізде тіршілік ететін 4000-нан аса түрлері жатады. Бұлардың дене құрылысы амебалардың құрылысына өте ұқсас, негізгі айырмашылығы денесі сыртынан көп камералы қабыршақпен немесе сауытпен қапталынған. Қабыршағы алғашқы кезде бір камералы болып келеді, бұл камераны ұрық камерасы деп атайды

Фотосинтез (Фото... және синтез) – жоғары сатыдағы жасыл өсімдіктердің, балдырлардың, фотосинтездеуші хлорофилл және басқа дафотосинтездік пигменттер арқылы күн сәулесі энергиясын сіңіруі нәтижесінде қарапайым қосылыстардан (көмірқышқыл газы, су) өздерінің және басқа организмдердің тіршілігіне қажетті күрделі органикалық заттар түзуі. Фотосинтез нәтижесінде жер жүзіндегі өсімдіктер жыл сайын 100 млрд т-дан астам органикалық заттар түзеді

Жеңіл дәрежедегі сәуле ауруы жалпы жағдайдың уақытша нашарлауымен, кейде жемнен бас тартудан, лейкоциттер санының шамалы азайуымен сипатталады. 150 -200 рад доза сәуле алған кезде дамиды. Орташа дәрежедегі сәуле 200- 400 рад сәуле алған кезде хайуанаттарда байқалады.

Соңғы жылдары халықтың салауатты өмір сүруіне көп көңіл бөлінуде. Табиғаттағы өзгерістер және қоршаған ортаның әсері жайлы зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Топырақ, ауа, су – тіршілік көзі екендігі белгілі. Ендеше, тіршілікке әсер етуші биогенді элементтер жайындағы ғылыми-жобалы жұмыстарды өзекті зерттеулердің қатарына жатқызуға болады.

Хромосомада ДНҚ молекуласы тығыз жинақталған. ДНҚ гистон-ақуыздармен бірігіп, хроматиндердің құрылымдық бірліктері болып келетін нуклеосомалар түзеді. Диаметрі 10 нм моншақ тәрізді нуклеосомалар гистонның 8 молекуласынан (Н2А, Н2Б, Н3, Н4 гистон молекулалары екеуден) құралған. Олардың сыртында 146 жұп нуклеотидтері бар ДНҚ бљлімшесі бұралады.

Цитоқаңқа немесе клетка қаңқасы үш компоненттен түзілген. Оларға микротүтікшелер, микрофиламенттер және аралық филаменттер жатады. Микротүтікшелер клетканың бүкіл цитоплазмасын тесіп өтеді. Әрбір микротүтікше диаметрі 20-30 нм іші қуыс цилиндр тәрізді. Олардың қабырғалары 6-8 нм. Микротүтікшелер қабырғасы спираль түрінде бірінің үстінде бірі бұралаңдаған 13 жіпше – протофиламенттерден құралған.

Загрузка...
Предыдущая 1 2 ... 14 15 16 17 Следующая