Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Тіл ғылымы, Филология

Терминнің тілдік сипаты
Загрузка...
Терминді әдетте біз ең алдымен, адам қызметінің белгілі бір арнаулы саланың шеңберінде, негізінен кәсіби мамандар тілінде, арнаулы әдебиеттерде қолданылатын сөз деп ұгамыз. Ал терминтанушы мамандар арасында терминнің тілдік табиғатын танытатын әр түрлі белгілері атап көрсетіледі. Термин жөнінде сөз қозғалғанда "Барлық термин — сөз. Бірақ сөздің бәрі термин емес" деген тұжырым жиі қайталанып жатады. Бұл тұжырымды тілдегі сөз деп танылатын тілдік бірліктерге қатысты дұрыс айтылған деуге болады. Алайда терминнің тілдік бірлік болып табыл-майтын құрамына сандар, графикалық таңбалар кіретін символ-сөз түрлері де болатындықтан, мұндай тұжырымды терминнің барлық типтеріне қатысты жалпы сипат ретінде қабылдауға келе бермейді. Сонымен қатар, терминнің тек қана сөз емес, терминологияда сөз тіркесі түріндегі термин-дердің мол екенін және кейбір тілші-терминолог ғалымдар атап корсетіп жүргеніндей, сөйлем терминдердің де болатынын ескерсек, "Барлық термин – сөз. Бірақ сөздің бәрі термин емес" деген пайымдаудың термин табиғатын жан-жақты ашып тұр дей алмасақ керек. Сондай терминнің тілдік табиғатын түсіндіру кезінде өте жиі қайталанатын тұжырымдардың бірі Н.З.Котелованың "Терминдер - сөздер, тілдік ешнәрсе оларға жат емес" ("Термины — это слова, и ничто языковое им не чуждо") деген сөзі. Ғалым-ның сөзін түпнұсқа тілдегі қалпына байланып жоғарыдағыдай сөзбе-сөз, дәлме-дәл көшірмей, автордың айтпақ ойы мен сөйлем мағынасын сақтай отырып, өз түсінігімізге лайықтап, тілімізге жатықтау етіп сәл басқашалау аударсақ, "Термин деген — сөз, тілдегі сөзге тән қасиеттердің ешқайсысы да оған жат емес" деген болар едік.Термин-сөздің лингвистикалық табиғатын тану тұрғысынан кел¬генде ғалымның пікірі орынды айтылған. Оны соңғы жылдары терминтану саласында жүргізілген көптеген лингвистикалық зерттеулер нәтижелері растап отыр. Бірақтер-миннің жасалуы, қолданылуы, қызметі тұрғысынан жалпы әдеби тілдегі атаулардан өзіндік айырмашылықтары бар екендігін атап көрсетіп жүрген ғалымдар пікірлерін де ескерусіз қалдыруға болмайды.[7,52б]
Жалпы термин жөнінде нақты мыналарды айтуға болады.
Терминдер негізінен сөз немесе сөз тіркестері болады. (кейде сөйлем түрінде де кездеседі.)
Термиңдер негізінен тілдік бірліктер (символ-сөз, сан, географиялық таңба түріндегі терминдер де бар. Бірақ терминологиядағы олардың үлес салмағы термин-сөздерге қарағанда әлдеқайда төмен.)
3. Термин — белгілі бір терминологияның мүшесі (А. А. Реформатский).
4. Термин деген — ұғым аты.
5. Терминнің міндетті түрде дефинициясы болады.
6. Терминдердің негізгі басым бөлігі жалпы есімдер, сөз табына қатысы жағынан зат есімдер болады.
7. Терминдер атауыштық қызмет атқарып, негізінен ғылым тілінде, арнаулы сала шеңберінде қолданылады. [4,21б]
Бұл аталғандарды терминтану саласындағы ғылыми еңбектердің көпшілігінде аталып көрсетілетін, мамандар мойындаған терминнің басты белгілері деуге болады. Терминтану саласындағы зерттеу еңбектерінде, лингвистикалық ғылыми әдебиеттерде терминнің өзге де қасиеттері, өзіндік қырлары мен ерекшеліктері аталып жатады.
Термин құрамы жағынан түбір сөз де, туынды сөз де, күрделі сөз де, терминологиялық тіркес те болуы мүмкін. Мысалы:
Түбір терминдер: сөз (лингв.), тау (геогр.), ән (муз.), тап (тарих), сан (матем.) т.б.
Туынды терминдер: а) айдауыл (әскери), шағылдырғыш (физ.) косынды (мат.) есімдік (лигв.), балқынды (хим.), буландырғыш (машин.) т.б. ә) біріккен атаулар — асқазан (мед.), ішперде
(биол), шымтезек (хим.) сөзжасам (лигв.), қолжазба (әдеб.) т.б.
Терминдер ұлт тіліндегі сөзжасам үлгілерімен қатар шет тілдерінің термин жасаушы терминбөлшектері (терминдік элемент) қатысуы арқылы да жасалады.
Терминбөлшек (терминоэлемент) дегеніміз — терминологиялық мағынасы бар ең кіші бірлік.
Терминбөлшектің мағынасын бұдан да толықырак аша түсетін анықтама бар. Мысалы, В.Ф.Новодранованың терминбөлшекке берген мына анықтамасын айтуға болады:
Терминбөлшек - әдетте терминнің құрамында белгілі бір орынды иеленіп, мейілінше тұрақтаған жалпы мағынаны білдіретін, туынды терминдердің үнемі қайталанып отыратын және жаңа терминдер жасауға қабілетті бөлшегі.
Тең мағыналы терминдер (равнозначные термины) - бір ұғымның атауы ретінде пайдаланылатын мағыналары бірдей (немесе дәл сондай) терминдер.
Лингвистикалық анықтама:
Термин — ғылыми немесе өндірістік-технологиялық ұғым атауы болып табылатын арнайы қолданыстағы дефинициясы (аныктамасы) бар сөз немесе сөз тіркесі.
Терминтанушылық анықтама:
Термин - терминологиялық жүйенің элементі.
Арнаулы мақсаттар тілі теориясы тұрғысынан берілген анықтама:
Термин - адам қызметі мен білімнің арнаулы салаларының жалпы, нақты немесе абстракті ұғымдарын белгілейтін белгілі бір арнаулы мақсаттар тілінің лексикалық бірлігі.
Термин ұғым атауы болса, терминнің дефинициясы деген — сол ұғым атауына берілген дәл ғылыми анықтама. Термин сөздің мағынасы оның дефинициясы арқылы анықталады. [6,84-85б]
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Тіл ғылымы, Филология | Добавил: Admin
Просмотров: 2163 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Ұлытау мұражай қорығы
Әбілғазизұлы Арынғазы
Бейімбет Майлин
Балқаш аңызы
Құранды түсіну
Топырақтың адамзат үшін маңызы
Қастеев Әбілхан
Мұстафин Ғабиден
Қазақстанның географиялық зерттелу тарихы
Наурызым қорығы (Қостанай облысы)
Қазақ халық көне аспаптарының тарихи даму кезеңдері
Денсаулық - басты байлық
Мағжан Жұмабаев
Дербес компьютерде құрылымының функциональді-логикалық негізі
Азаттық жырының ақтаңгері