Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Тіл ғылымы, Филология

Терминге қойылатын талаптар
Загрузка...
Тіл мамандары мен терминтанушылардың көпшілігінің еңбектерінде атап көрсетіліп жүрген терминге қойылатын негізгі талаптар мыналар:
1) Терминнің бірмағыналылығы. Термин негізінен бір арнаулы сала ішінде ғана бір мағынаны білдіруі,синонимдерінің болмауы керек. "Бір таңбаланушыға- бір таңба, бір таңбаға - бір таңбаланушы" сәйкескелуі керек деген қағидаттан туындаған бұл талапты орындауға салалық мамандардың қай-қайсысы да мүдделі. Кейде бұл талаптың да орындалмай қалып жататындығын кездестіруге болады.
2) Термин мағынасының дәлдігі. Термин атаудың өзі белгілейтін ұғымның мазмұнын қамтып, ұғымның негізгі басты белгілерінің термин мағынасы арқылы берілуі. Терминологиядағы шарттылық тұрғысынан келгенде бұл талап та үнемі орындала бермеуі мүмкін. Біз термин мағынасының дәлдігі туралы сөз қозғағанда бұл талапты оның дефинициясының дәлберілуіне қатысты қойған дұрыс деп пайымдаймыз.
3) Терминнің қысқалығы немесе ықшамдылығы. Бірнеше сөздің тіркесуінен тұратын көп сыңарлы терминді үғым атауы ретінде, атаусөз ретінде қолдану қолайлылық туғыза бермейді. Атау сөздердің қысқа
да нұсқа болғаны жақсы-ақ. Тіл үнемділікті ұнатады. Тіліміздегі көптеген көп құранды тіркестердің лексикалануы, біріккен, кіріккен сөздердің пайда болуы, күрделі атаулардың ықшамдалуы осы үнемзаңының талаптары. Алайда терминологияда бұл талапүнемі орындала бермейді. Терминологиялық тіркестер, терминдер жүйесінде көптеп кездеседі. Терминнің көпқұрамдылығы оның кемшілігі емес, қайта ондай атаулардың ұғым мазмұнын дәл беру тұрғысынан артықшылықтары бар деп санайтын ғалымдар да бар. Бұл тұрғыдан келгенде "Термин мағынасының дәлдігінің қысқалығынан маңызды. Сондықтан да терминнің көп сыңарлы болуын оның кемшілігі деп есептеуге болмайды. Егер қандай да бір ұғым бір-бірімен өзара жақсы үндескен сөздерден тұратын тіркеспен аталса, онда ол терминнің жүйелілігін және сол ұғымның өзге ұғымдармен байланысын көрсетеді".
4) Терминнің тілдегі сөзжасам заддылықтарына сәйкес келуі. Терминдер де негізінен жалпы әдеби тілдегі атау сөздер сияқты ұлт тілінің сөзжасам тәсілдерін пайдалану арқылы туындайды. Салалық
терминдердің көпшілігі әр саланың ғалымдарының, практик мамандарының қаламынан туындайды.Салалық мамандардың барлығы бірдей ұлт тілінің сөзжасам тәсілдерін, тілдік заңдылықтарды, дыбыстардың тіркесімі мен қосымшалардың жұмсалу ерекшелігін, сөздердің тіркесу қабілетін жетік біледі деп айту қиын. Оның үстіне ұтымды атау жасау үлкен талғампаздық пен шығармашылық қабілетті қажет ететін күрделі жұмыс. Сондықтан да терминологияда сөзжасам заңдылықтарын қанағаттандыра бермейтіни термин-сөздер ұшырасып калып жатады.
5) Терминнің туыңды сөз жасауға қолайлы болуы. Бұл талап терминнің ықшам болуы қажет деген талаппен үндеседі. Қазақ тілі жалғамалы тілдер қатарына кіретіндіктен неғұрлым қысқа, ықшам
атауларға сөз тудырушы жұрнақтарды үсті-үстіне жалғау арқылы бір түбірден немесе негізден бірнеше туынды сөз, жаңа атау жасауға болады. Ал көп құрамды атаулар бұл талапқа жауап бере бермейді. Бұл талапты терминнің сөз тудыруға (деривациялык)қабыеттілігі деп те атайды.
6) Терминде эмоционалдылық пен экспрессиялықтың болмауы. Жалпы ғылым тілі бейнелілікті,образдылықты емес, әр ұғымды өз атымен атауды қажет ететін дәлдікті, нақтылықты қалайды. Сол себептен де ғылым тілінің негізін құрайтынтерминдердің эмоциональдық тұрғыдан бейтараптық танытып, оларға экспрессияның тән болмауы талап етіледі.
7) Эстетикалық талаптарға сай келуі. Терминнің дыбысталуы айтуға қолайсыздық туғызбай, естуге жағымды болуы. Құлаққа қораштау естілетін, айтуға ауыр қарапайым лексика қатарынан, жаргон, арго сөздердің термин ретінде тандалмағаны жөн.
Жоғарыда аталған талаптарды терминнің мағынасына, тұлғасы мен қолданысына қарай –семантикалык талаптар, терминнің тұлғасына қойылатын талаптар және прагматикалық талаптар деп үшке жіктеп қарастыру жиі ұшырасады. [7,57-63б]
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Тіл ғылымы, Филология | Добавил: Admin
Просмотров: 1591 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Неологизмдердің жасалу жолдары
Баймырзаұлы Балуан Шолақ
Алғашқы қазақ газеттерінің тарихы
Атқарушы органдар
Дербес компьютерде құрылымының функциональді-логикалық негізі
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Халел Досмұхамедов
Батыр жырау - Қожаберген
Мұрат Мөңкеұлы
Төле би
Шәмші Қалдаяқов
Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің құрылымы мен жүйесі
Абай шығармаларындағы нәзирагөйлік дәстүрдің зерттелу жайы
Менің Отаным - Қазақстан
Жасуша теориясы