Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 26.2.2017
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Тіл ғылымы, Филология

Неологизмдер
Загрузка...
Неологизмдер – бұл қазіргі тарихи кезеңге тән түгелімен жаңа лексикалық единица. Мұндай сөздер әлі де болса сөздік қорға ене қойған жоқ, сондықтан халықтың көпшілігіне таныс болмауы мүмкін.
«Неологизм» ұғымының белгілі бір анықтамасын талдау үшін түрлі зерттеушілердің пікірлеріне сүйенсек, неологизмдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару процесінің екі сатысы бар: екі түрлі көзқарасты аңғаруға болады:
1. неологизм мағынасының түсінігі;
2. қазақ тілінің көмегімен жекеше аударма жасау, соның ішінде транскрипция, транслитерация, калькалау және т.б

Неологизмдердің пайда болуының себебі қоғамдық және ғылыми-техникалық прогресс болып табылады:
- әлеуметтік-экономикалық жаңа сөздердің пайда болуы;
- ғылым мен техниканың қарқынды дамуы мен жаңалықтары;
- мәдениет саласындағы жетістіктер.
Неологизмнің ең басты белгісі көптеген тілдердегі сөздердің жаңа түрі. Сөздер неологизмдік қасиетін көп уақыт сақтай алмайды. Жаңа сөзіміз белсенді қолданысқа түсе бастағаннан өзінің жаңа қасиетінен айрыла бастайды, яғни бірте-бірте жаңалық кейпін жойып, жалпытілдік сөз ретінде лексика жүйесіне енеді. Қазіргі уақытта луноход, космодром, радар, ракета-тасушы, бағдарламалау сияқты сөздерді неологизмдер деуге болмайды. Өйткені бұл сөздер өзінің тарихи кезеңінде жаңа сөз деген атқа ие болғанымен қазіргі уақытта тіл қолданысына еніп, қарапайым сөздер қатарына ауысқан. Көптеген ағылшын лексикографтары қазіргі уақытта «окказиональды» деп аталатын неологизмдерді қолданып жүр, яғни олардың мағынасы өзгеше немесе, аяқ астынан айтылған немесе қолданылған сөздер дегенді білдіреді.
Неологизмдер мен жаңа сөздердің жасалуына қатысты уақытша критерийлерді объективті түрде анықтауға болмайды, сондықтан да жоғарыда айтылғандардан ұғатынымыз - неологизм түсінігі уақытқа байланысты өзгергіш, сөздер қашан өзінің жаңалық кейпін жоғалтпайынша неологизм сөздер болып қала береді.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Тіл ғылымы, Филология | Добавил: Admin
Просмотров: 2534 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Шоқай Мұстафа
Сәрсен Аманжолов
Ақыт қажының Жиһаншаһ дастанындағы Шаһзада бейнесі
Гендельдің клавирлік музыкасы
Шал Мырза
Шәңгерей Бөкеев
Дулатов Міржақып
Аристотель
Компьютерлік Вирустар
Абай Құнанбаевтың әлеуметтік ой-көзқарасы
Ар жақта дүмбірлеген Арынғазы...
Денсаулық - басты байлық
Домбыра философиясы
Валеология бойынша бағдарламаны енгізу
Италия Республикасының Конституциялық құқығы