Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Тіл ғылымы, Филология

Неологизм терминінің мағынасы мен мәні
Загрузка...
Неологизмдер – бұл қазіргі тарихи кезеңге тән түгелімен жаңа лексикалық единица. Мұндай сөздер әлі де болса сөздік қорға ене қойған жоқ, сондықтан халықтың көпшілігіне таныс болмауы мүмкін.
«Неологизм» ұғымының белгілі бір анықтамасын талдау үшін түрлі зерттеушілердің пікірлеріне сүйенсек, екі түрлі көзқарасты аңғаруға болады:
3) «неологизм» термині жаңа сөздің жасалуы ретінде қабылданады, яғни бір тілдің жаңа сөз жасам үлгілерінің модельдерін сақтай отырып, бұрын таныс болмаған жаңа сөзді, жаңа ұғымды білдіретін сөздердің тобы ретінде қарастыру. Мысалы, reactor – ядролы реактор, biocide – биологиялық соғыс және т.б.
4) Сондай-ақ бұрын қолданыста жүрген белгілі бір сөздің семантикалық және стилистикалық бояулары әсер ететін жаңа синонимі ретінде қарастыру. Мысалы, boffin сөзі (құпия жұмыспен айналысатын ғалым, көбінесе әскери мақсатта) scientist сөзінің ең жақын синонимі болып табылады, алайда оның семантикалық бояуы басқаны білдіреді.
Сол секілді лексикалық жаңа сөздердің құрамының біркелкі болмауы да көрініп отырады. Оның себебі неологизмдердің пайда болуына, тілдегі тұрақтылығына қолданыстағы тазалығына байланысты.
Неологизмдердің пайда болуының себебі қоғамдық және ғылыми-техникалық прогресс болып табылады:
- әлеуметтік-экономикалық жаңа сөздердің пайда болуы;
- ғылым мен техниканың қарқынды дамуы мен жаңалықтары;
- мәдениет саласындағы жетістіктер.
Неологизмнің ең басты белгісі көптеген тілдердегі сөздердің жаңа түрі. Сөздер неологизмдік қасиетін көп уақыт сақтай алмайды. Жаңа сөзіміз белсенді қолданысқа түсе бастағаннан өзінің жаңа қасиетінен айрыла бастайды, яғни бірте-бірте жаңалық кейпін жойып, жалпытілдік сөз ретінде лексика жүйесіне енеді. Қазіргі уақытта луноход, космодром, радар, ракета-тасушы, бағдарламалау сияқты сөздерді неологизмдер деуге болмайды. Өйткені бұл сөздер өзінің тарихи кезеңінде жаңа сөз деген атқа ие болғанымен қазіргі уақытта тіл қолданысына еніп, қарапайым сөздер қатарына ауысқан. Көптеген ағылшын лексикографтары қазіргі уақытта «окказиональды» деп аталатын неологизмдерді қолданып жүр, яғни олардың мағынасы өзгеше немесе, аяқ астынан айтылған немесе қолданылған сөздер дегенді білдіреді. [15,24б]
Неологизмдер мен жаңа сөздердің жасалуына қатысты уақытша критерийлерді объективті түрде анықтауға болмайды, сондықтан да жоғарыда айтылғандардан ұғатынымыз - неологизм түсінігі уақытқа байланысты өзгергіш, сөздер қашан өзінің жаңалық кейпін жоғалтпайынша неологизм сөздер болып қала береді.
Қазіргі кезде ағылшын тілі, басқа да көптеген тілдер сияқты «неологиялық жарылысты» бастан кешіруде. Жаңа сөздердің үлкен ағымы және оларды сипаттау қажеттілігі лексикологияның арнайы саласы – неологизмдер жайлы ғылымның пайда болуына себеп болды.
Неологияның теориясын зерттеуде ең үлкен табыстарға қол жеткізген француз лингвистері. А.Дармстетердің классикалық еңбектерінен бастап, француз лингвистикалық мектептері неологияның теориясы мен практикасына елеулі үлес қосты. (Rey, Guilbert, Darbelnet, Deroy, Corbeil). Сонымен қатар ағылшын және американ лингвистері де неологизмдердің лексикографиялық аспектілерін жетілдіру арқылы неологияның практикасына үлкен үлес қосты. Бұл жерде жаңа сөздер сөздіктері мен түсіндірме сөздіктерге қосымшалар жайлы сөз болып отыр.
Соңғы он жылда Барнхарттың екі құнды сөздіктері басылып шықты.
Олардың ішінде 10000 мыңға жуық жаңа сөздер мен олардың мағынасы талданған.
Алайда англистикада неология теориясы лексикологияның дербес саласы ретінде қаралмаған. Сонымен бірге, ағылшын тілінде Берчфильдтің деректері бойынша жылына орташа 800 жаңа сөз пайда болады - әлемдегі басқа кез келген тілдердегіден әлдеқайда көп. Бұл ағылшыншылардың алдына жаңа сөздерді белгілеу ғана емес, сонымен бірге оларды зерттеу міндетін де қояды. Тілге қызметтік әдіс аспектісінде жаңа сөздерді сипаттау айырықша маңызға ие. Бұл әдістің тарихшылары В. Гумбольдт тұжырымдамасынан шығатыны белгілі. Шығармашылық тұрғыдағы неологияның негізгі мәселелері мыналарға жинақталады:
- жаңа сөздер мен мағыналарды тану жолдарын анықтау;
- қоғамның прагматикалық қажеттіктері бар салыстырмалығындағы олардың пайда болуының факторларын талдау;
- олардың қалыптасу модельдерін және оларды қолданылуға шектеулерді зерттеу;
- әр түрлі әлеуметтік-кәсіби, жас мөлшері мен өзге топтарда оларға жатқызу (олардың қабылдауы немесе қабылдамауы ) қағидаттарын әзірлеу;
- тілдің әлеуметтік саралануын есепке ала отырып, әр түрлі қарым-қатынас жағдайларындағы қолдануға прагматикалық шектеулерді көрсете отырып, лексикографиялық өңдеу. [7,15б]
Осы проблемаларды шешу барысында лингвистер жаңа сөздер қандай прагматикалық қажеттіліктерден туындайды деген сұраққа жауап беруге тырысады, "тәжірибенің қандай үзінділері және неге дәл солар лексикалық белгілеуді талап етеді, жаңа сөз жасау қажеттілігі туындау үшін адамның шығармашылық тәжірибесінде не өзгеруі тиіс, ол қалай және қандай шарттарда жасалады, бастапқы морфемалық, үлгілік, лексикалық қорлар қандай, жекелеген тетіктердің нормативтік белсенділігі қалай өзгереді, сөз лексикалық жүйеге қалай енеді, жаңа сөздің бейімделу тетігі қандай». [сілтеме ]
Жаңа сөздің пайда болуы – екі үрдістің – тілді дамыту үрдісі мен оны сақтау үрдісінің күресінің нәтижесі екенін еске түсірейік. Бұл "тілде анағұрлым күшті коммуникациялық жарамдылық күйінде сақталу үрдісінің болуымен негізделген [сілтеме]. Алайда, жаңа идеялар мен ұғымдарды анағұрлым барабар көрсету үшін, жаңғырту және бекіту үшін жалпы тіл, әсіресе лексика қайта құрылуға, жаңа бірліктер туындатуға мәжбүр. Бұл ретте жаңа сөздің пайда болуы жаңа мәндегі қоғамның тікелей қажеттілігіне байланысты бола бермейді. Көбіне неологизм – бұл ауытқуды жою нәтижесі, немесе жаңа шоғырлардың нәтижесі және т.б., яғни неологизмнің жасалуы кезінде көбінесе тек тілішілік стимулдар қолданылады.
Неологизмнің көптеген анықтамасы бар. Әрбір маман бұл терминді өздігінше қорытады. Мысалға тіл эволюциясының бірлігі атаудың өзгеруі, яғни білдіретін мен білдіретіндердің арасындағы қатынас болып табылады деп есептеген В.Г. Гактің анықтамасын келтірейік. В.Г. Гактің пікірінше, атау процесінде төрт қарапайым өзгеріс болуы мүмкін: жаңа объектіні беру үшін осы белгіні пайдалану, тілде бар объектіні беру үшін жаңа белгіні енгізу; жаңаны білдіретін жаңа белгіні енгізу және мағынаны білдіретіндердің қажеттілігінің шамалы болуына байланысты белгінің пайдаланылмауы. Осылайша, неологизм – бұл түрі жағынан, не мазмұны жағынан, не түрі жағынан да және мазмұны жағынан да жаңа сөз. Демек, неологизмдердің вокабулярында мыналарды бөліп болады:
1. неологизмнің өзі (түрінің жаңалығы мазмұнның жаңалығымен бір жерден шығады ):
аudіotypіng – аудио басып шығару;
telecommutіng - электрондық почтаны қолдана отырып үйдегі жұмыс;
2. Түрдің жаңалығы бұрын басқа түрмен берілген мағынамен сәйкес келетін трансноминация:
Bіg C - шаян;
Sudset – көбіршік опера;
Furpһy - тірексіз сыбыс;
3. семантикалық инновациялар немесе қайта мағыналау (жаңа мән тілде бар түрмен беріледі):
sһort – аздаған ішкілік;
іvorіes - тіс.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Тіл ғылымы, Филология | Добавил: Admin
Просмотров: 2365 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Әбілғазизұлы Арынғазы
Қазақстандағы камералық-аспаптың жанрдың қалыптасуы мен дамуы
Microsoft Word редакторы
Қастеев Әбілхан
Өсімдік қорғау және карантин мамандығы бойынша Емтихан билеттері
Германия
Қазақстандағы ұжымдастыруға қарсы шаруалар көтерілісі
Қазақ халық көне аспаптарының тарихи даму кезеңдері
Сәбитұлы Асанқайғы
Магниттік дауыл және ғаламзат
Алпамыс батыр жырын оқыту және тәрбие жұмыстары
Батырлар жыры мен Шахнама дастаны арасындағы сабақтастықтар
Абай Құнанбаевтың әлеуметтік ой-көзқарасы
Азаттық жырының ақтаңгері
Марат Отарәлиев: «Тағдырмын ерте жоғалған...»