Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 21.1.2018
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Тіл ғылымы, Филология

Грамматика
Загрузка...
Грамматика
1. Грамматика және оның салалары
2. Сөздің морфологиялық құрылымы
Тілдің лексикасындағы сөздер заттар мен құбылыстардың, сапамен белгінің және т.б. атаулары болып саналады. Сөз нені атаса да, оны жеке дара күйінде атайды. М, тұз, ас, кел, сөз деген сөздер – жеке дара атаулар ғана; бұлардың әрқайсысында лексикалық мағына бар және әрқайсысы белгілі ұғымды білдіреді. Бірақ бұл сөздер өзара байланыспай, бір-бірімен тіркеспей, осы қалпында жеке дара тұрғанда ойды білдіруге қабілетсіз.
Демек, тілдің қатынас құралы ретінде қызмет атқару үшін, оның лексикасындағы алуан түрлі сөздердің бір-бірімен тіркесіп, өзара белгілі бір қарым-қатынаста, байланыста қолданылуы және олардың тіркесуінен сөйлемдердің құралуы шарт. Сөйлемдер, әдетте, сөздердің түрленіп, тіркесуінен жасалады. Ал сөздердің түрленуі, өзгеруі, түрлі тәсілдер арқылы сөйлемде тіркесуі тілдің грамматикасы арқылы іске асады. Грамматика – тілдегі сөздердің түрлену, өзгеру ережелері мен сөздерден сөйлемдердің құралу ережелерін белгілейді.
Грамматика – сөздердің бір-бірімен қарым-қатынасын білдіреді. Ол қатынас – белгілі бір сөздердің нақтылы қатынасы емес, ешбір нақтылығы жоқ грамматикалық қатынас. Бірақ грамматика қатынасына ғана сүйеніп қана қоймайды, сонымен бірге мағынаға да сүйенеді. Бұл арада лексика мен грамматиканың арасында мынадай айырмашылық бар: лексикада мағына категориясы ең басты орынға, қатынас категориясы кейінгі орынға ие болса, грамматикада ең алдымен қатынас категориясы, содан кейін барып қана мағына категориясы мәлім болды.
Грамматика өзінің ережелерін жасағанда, сөздер мен сөйлемдердің мағыналық нақтылығынан дерексізденеді, сөздердің өзгеруі мен сөздердің тіркесуінің негізіндегі жалпылық нәрсені негізге алады. Грамматикалық абстракцияның ерекшелігі , міне, осындай.
Қатынас жасау, пікір алысу, ой жұмысы нәтижелерінің сөйлемдердегі сөздер мен сөз тіркестеріне негізделіп, соларға орнығып, тұрақталуы нәтижесінде ғана мүмкін болды. Грамматика ойды материалдық – тілдік қалыпқа енгізуде, өзара пікір алысуға мүмкіндік береді.
Грамматика тілдің грамматикалық құрылысын зерттейді. Грамматикалық құрылыс – белгілі бір тілдегі грамматикалық қатынастардың жүйесі. Грамматика бір-бірімен байланысты екі сала – морфология мен синтаксистен құралады.
Морфология – сөздердің морфологиялық құрылымы мен типтері, морфемалар мен олардың түрлері, сөздердің түрленуі, олардың формалары мен сөздердің лексика-граммтикалық топтары туралы ілім.
Ал синтаксис – сөз тіркесі мен сөйлем, олардың құрылымы мен түрлері, сөздердің сөйлемде тіркесуі туралы ілім.
Тілдің грамматикалық құрылысын, ондағы грамматикалық категориялар мен грамматиканың формаларының пайда болуы мен біртіндеп қалыптасып дамуын тарихи тұрғыдан қарастырып баяндайтын грамматика тарихи грамматика деп аталады. Тілдің өмір сүріп тұрған дәуіріндегі қалпын қарастырып баяндайтын грамматика сипаттама грамматика немесе синхрониялық грамматика деп аталады. Туыстас тілдердің грамматикалық құрылысын, ондағы грамматикалық категориялар мен грамматикалық формаларды және түрлі-түрлі граммамтикалық амал-тәсілдерді өзара салыстыру тұрғысынан қарастыратын грамматика салыстырмалы грамматика деп аталады.
Тіл білімінің әрбір салалсының қарастыратын единицалары бар. Грамматика тілдегі грамматикалық единицаларды (морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлемді) және ол единицалардың басын қосып ұйымдастыратын, қатынас жасауда іске жарататын, әрі олардың бір-бірімен жігін ажырататын тәсілдер мен құралдарды зерттейді.
Сөз тілдің грамматикалық единицасы ретінде грамматикада қарастырылғанда, біріншіден, оның бойында лексикалық мағына мен бірнеше грамматикалық мағынаның ұштасып келуі жағынан, екіншіден, морфологиялық құрылымы мен құрылымының элементтері жағынан, үшіншіден, формалар жағынан, төртіншіден, лексика-грамматикалық топтарға (сөз табына) қатысы жағынан, бесіншіден, сөз тіркесі мен сөйлемнің құралуына қатысы және оларға қызметі жағынан қарастырылады.
Грамматика сөздердің өзгеруін, түрленуін, олардың (сөздердің) сөйлемде тіркесу формалары мен заңдылықтарын зерттейді. Сөздер бір-бірімен грамматикалық қатынасқа түскенде ғана, олардан сөз тіркестері мен сөйлемдер жасалады. Грамматикалық қатынастар сөздердің аралығында ғана емес, сонымен бірге сөз тіркестерінің аралығында да, сөйлемдердің аралығында да болады. Осыған орай, грамматика сөздердің аралығындағы, сөз тіркестерінің аралығындағы, сөйлемдердің аралығындағы грамматикалық қатынастарды зерттейді. Грамматика үшін тілдік единицалардың аралығындағы грамматикалық қатынастар ғана емес, сонымен бірге, тілдік единицалардың (сөз , сөз тіркесі, сөйлем) құрылымы да маңызды мәселе болып саналады. Осы жағын аңғарта келіп, профессор Р.А. Будагов былай дейді: «...грамматикада 1) сөздің құрылымы, 2) сөз тіркестерінің құрылымы және 3) сөйлемнің құрылымын зерттейді ».
Грамматиканың морфология саласында қарастырылатын мәселелердің бірі- сөздің морфологиялық құрылысы туралы мәселе.
Сөздер өзара байланыспай, бір-бірімен тіркеспей тұрғанда ойды білдіре алмайды. Егер олар сөйлем ішінде бір-бірімен байланысса, онда ойды білдіре алады. Сөздердің бір-бірімен байланысуы, тіркесуі грамматика арқылы іске асады.
Грамматика, ең алдымен, сөздердің бір-бірімен қатынасын білдіреді. Ол қатынас – грамматикалық қатынас. Яғни сөйлемдегі сөздер грамматикалық формалар (жұрнақтар, жалғаулар) арқылы бір-бірімен байланысып грамматикалық қатынасқа түседі. Сөйтіп, грамматика ойды түсінікті етеді. Грамматиканың екі саласы бар: морфология және синтаксис. Морфология – сөздердің морфологиялық құрылымы мен типтері, морфема мен оның түрлері, сөздердің түрленуі, олардың формалары, сөз таптары туралы. Ал синтаксис – сөз тіркесі мен сөйлем, олардың құрылымы мен түрлері, сөздердің сөйлемдегі тіркесімі туралы ілім.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



31.0Kb
Категория: Тіл ғылымы, Филология | Добавил: Admin
Просмотров: 2403 | Загрузок: 317 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Ахмет Байтұрсынов - әдебиеттанушы
Жер планетасының эволюциясы
Абайша сүйіп, Абайша күйіп жүрміз бе?
Абай шығармаларындағы нәзирагөйлік дәстүрдің зерттелу жайы
Адам болам десеңіз (білім сайысы)
Мұқанов Сәбит Мұқанұлы
Мұрат Мөңкеұлы
Қазақ халқының үрмелі аспаптары
Бумын қаған
Карнавал
Мұхтар Әуезов
Биологиялық ырғақтар. Тіршілік формалары. Биотикалық қатынастар
«Бақытты сәт» математикалық ойын сабағы
Бағдарлама - Әлем музыкасы
Бейімбет Майлин